Тақырыбы: Театр және уақыт. Драматургия жанрындағы
заман шындығының көрінісі– 1 сағ.
14апта
Ақан сері көптеген ақын, жазушылардың шығармаларына арқау болған. Барлық шығармада ақын шығармашылығы тарихи шындықпен астарласып, әр қырынан ашылды. Қазақ әдебиетінде ақын өмірі туралы бір емес, бірнеше көлемді эпикалық шығармалар бар. Олардың бірқатары кіші және орта эпикалық шығармалар болса, бірқатары – үлкен көлемді эпикалық шығармалар. Бұл туралы көптеген зерттеу мақалалар да жарық көрді. Мысалы Т.Әлімқұловтың «Көк қаршыға» повесіне Ақан сері өмірі арқау болған. Т.Әлімқұлов өз кейіпкерінің осындай тарихи-әлеуметтік маңызы жоғары өмірбаянының өзін суреткерлік биік талап тұрғысынан сұрыптап, өз шығармасына ең ерекше сырлы, сазды әрі трагедиялы күйге толы бір ғана сәтті таңдап алады.
Өмірінде зорлық-зомбылықтың ащы уын аяусыз ішіп келген, білегі жуан күштілердің, қалтасы қалың атқамінерлердің қиянатынан, қараңғылығынан торығып, әбден тарыққан Ақан серінің маңы даладағы оңаша тіршілігінің өзінен автор көп сыр аңғартады.
Шығармада Ақанның қым-қуыт айтыс-тартыспен, мұң-наламен, бір қуаныш, бір өкінішпен өткен аумалы-төкпелі өмірін кең қамтыған. Ең соңғы тұлпары – Құлагерден, жүйрік тазысынан, соңғы қаршығасы – Көкжендет, ең соңғы қыраны – Қараторғайдан айрылған ақынның оңашада ойлайтын, өкінетін дүниесі көп екендігін, асықпай, тарам-тарам ойлармен оқырманына әсерлі жеткізеді.
Ал С.Жүнісовтің «Ақан сері» романын ақын өмірінің өзі үшін де, ортасы үшін де маңызды болғанбарлық белесін бар қырымен тұтастай, жан-жақты суреттеп берген шығарма санатында қабылдауымыз керек.
Эпикалық қарым, романға тән мол тыныс, қатар жарысып отыратын бірнеше арналы сюжеттік желілер, мейлінше дараланған кейіпкерлер шоғыры төгілген, шайырлы тіл барлығы, түптеп келгенде Ақан сері образының әр қырынан жарқырап, шынайы танылуына жол ашады.
Арқалы ақын І.Жансүгіров те поэзия жанрында екі қаламгерден бұрынырақ Ақан трагедиясының ең бір шырқау тұсын, яғни Құлагердің қазасына қатысты туындаған ақын қайғысын әлеуметтік орта шындығымен өріп отырып, өресі биік поэзиялық туынды қалдырды.
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері образы да әр қырынан көрінген тұлға деңгейіне көтерілген болатын. Қуатты поэзия тілінде ақын бейнесін бар қайғы-қасіретімен, күллі трагедиясымен қопарып көрсетіп, сол кезеңнің әлеуметтік, қоғамдық тартыстарының бел ортасына алып барып сомдай алғандығы алдымен Жансүгіровтің суреткерлік шеберлігін танытты.
№15 лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |