Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша


ІІ Модуль. Тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі проза бағдары



бет16/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
Практикалық сабақтар (1)

ІІ Модуль. Тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі проза бағдары.
8 лекция.


Тақырыбы: Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының құрылымдық ерекшеліктері, өлеңдік өлшем – 1 сағ.
8 апта
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда қазақ прозасында әр бағытта жазылған туындылардың басым көпшілігінің негізгі арқауы ретінде тарихи тұлғалардың: хандарымыз бен батырларымыздың, билеріміз бен шешендеріміздің, ақындарымыз бен жыршыларымыздың қатарында өнер адамдарының, яғни күйшілеріміз мен әншілеріміздің де образдары сомдалды. Ұлттық өнеріміздің, ұлттық руханиятымыздың тарихындағы осынау ірі-ірі тұлғалардың әдебиетімізде, оның ішінде қазақ прозасында кеңінен орын алуы тегін емес.
Қаламгерлер белгілі бір дәуірдің шындығын ашып көрсету үшін сол кезеңнің белгілі тарихи тұлғасын шығармасына арқау ете отырып, қалған оқиғаларды сол тұлғаның айналасына топтастырып қоғам шындығын көрсетуге тырысты. Яғни елдің, халықтың рухани тарихын, өткен өмірін, әлеуметтік-қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңіндегі тағдырымызды өнер иелерінің туындылары, тереңірек айтсақ, олардың шығармашылық тағдыры терең танытады. Сондықтан да осы шығармашылық тұлғалардың жеке өмір тарихы, олар өмір сүрген нақты қоғамдық-әлеуметтік орта қаламгерлер назарын өзіне көбірек аударды. Осы топтағы қаламгерлерді атағанда, қазақ тарихындағы әр кезеңде өз өнерімен халық тағдырын терең таныта алған тұлғалардың өмір-тіршілігін өз шығармаларының негізгі арқауы еткен Т. Әлімқұлов, С. Бақбергеновтың, Ә. Кекілбаевтың, С. Жүнісовтің суреткерліктері әрқайсысы өзінше дара көрінеді. Т.Әлімқұловтың туындыларына Махамбеттің, Тәттімбеттің, Ақан серінің, Сәкеннің, Ықыластың, Сүгірдің, Әбікен Хасеновтың, Төлеген Момбековтың бейнелері негіз болса, жазушы С.Бақбергеновтың шығармасында Дина Нұрпейісова, Шоқан Уәлиханов, Кенен Әзірбаев, Әсет Найманбаев, Жаяу Мұса, Дәнеш Рақышев сияқты өнер тарландарының күрделі бейнесі сомдалған.
Жаңа романдардың жарық көруі. Көркемдік ерекшелігі. С.Сматаев, С.Елубай, Б.Мұқай, А.Жақсылықов, т.б.
Прозалық шығармалардағы ұлттық құндылықтар мәселесі - Ә. Кекілбаев, О. Бөкей, М. Мағауин, Ә. Тарази т.б.
Прозалық шығармалардағы этнографиялық өрнектер - І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Қ.Жұмаділовтың, Д.Досжановтың, т.б. ғасырлар сырына тереңдеген тарихи тақырыптағы шығармалары атақты роман-эпопея «Абай жолы» негізін салған, тереңдеткен құнарлы шеберлік мектебінен нәр алғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Әсіресе, қазақ, қырғыз және тағы да басқа түркі тілдес әдебиеттердегі тарихи тағдыр кешкен ақын образын, немесе ірі өнер иесінің тұлғасын арқау еткен прозалық шығармалардың барлығы да «Абай жолы» романын аттап өтпегені анық.
Осы топтағы туындыларды атағанда алдымен бүгінгі өмір тақырыбына қалам тербеген бір топ қазақ қаламгерлерінің есімін атауға болады. Бұл қаламгерлер әсіресе қазақ прозасындағы өнер тақырыбын, яғни сол өнерді дүниеге әкелетін өнерпаз тағдырын сол кезеңдегі тарихи, әлеуметтік-қоғамдық шындықпен сабақтастыра бейнелеу мақсатындағы айтулы, салмақты көркем туындыларымен оқырман жүрегіне жол таба алды. Олар: қазақтың дарынды, суреткер қаламгерлері –Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, С.Сматаев, Ә.Сарай, І.Жақанов, М.Ысқақбай т.б.
Соңғы жылдары әдебиетте ой еркіндігімен, талғам биіктігімен танылып үлгерген бір топ жас буын өкілдері бар. Сол топтан шыққан Асқар Алтай, Жүсіпбек Қорғасбек, Талаптан Ахметжан, Нұрғали Ораз, Жаңабек Шағатай, Роза Мұқанова т.б. сынды суреткерлердің соңғы жылдары жазған әңгімелері мен повестері нарықтық тарихымызға да, қоғам өміріне де ықпалы болғандықтан, бүгінгі қазақ прозасының мазмұнына айналды. Әр жазуның өзіндік ерекшелігі. Әдебиеттегі орны.
Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңашыл ізденістер модернистік және постмодернистік сарындағы көркем шығармалар. Мұхтар Мағауин, Төлен Әбдіков, Асқар Алтай, Дидар Амантай, А. Кемелбаева т.б.

9 лекция.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет