Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша


Тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарындағы сын жанрының дамуы



бет23/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Практикалық сабақтар (1)

Тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарындағы сын жанрының дамуы
және қазақ әдебиетінің зерттелуі– 1 сағ.


15 апта

Шығарма негізі аңызға, естелікке немесе болған оқиғаға құрылатыны белгілі. Қай шығарманың болмасын астарында қандайда бір шындық жатады. Жазушы замана шындығын ашуда, ондағы адам тұлғасының орны мен рөлін анықтауда өзіне дейінгі және өз заманындағы әлемдік әдебиеттану мен қоғамтанудың озық дәстүрлеріне сүйенеді. Жазушы әдеби дәстүрлер жалғастығын кейіпкер тұлғасын шығармасында кескіндеуді, талдауды үнемі жаңару, жетілуде болатын күрделене беретін әдеби процесс ретінде қарастырады.


Жазушы – жеке адамның, тұлғаның қоғамдағы орнын, атқаратын рөлін, қызметі мен мен қоршаған ортаға ықпалын терең сезіне білген ойшыл. Оның осындай терең түсінігінің арқасында шығармаларының мазмұны мен түрі, ондағы кейіпкерлер болмысы соғұрлым күрделене түседі. Жазушы кейіпкерлерінің сомдалуы шығарманың көркемдік сапасын арттырып, мазмұн мен оқиғаны ширықтыра, шиеленістіре түседі.
Ұлттық әдебиетімізде тарихи ірі құбылыстарды, тарихта болған ірі қайраткерлер өмірінің шындығын қаншалықты дәрежеде шығармашылықпен меңгеруге болатындығын және оны бұлайша игерудің қаншалықты абыройлылығы М.Әуезовтің суреткерлік данышпандығынан туған «Абай жолы» арқылы кеңінен танылды. Мұның өзі қазақ әдебиетінде үлкенсерпіліс жасады: М.Әуезов дәстүрі туып, қалыптасты. Бұл дәстүр бүгінде әр салада, әр тармақта жалғасуда. Мысалы: қоғамдық өмірдің немесе бір халықтың, ұлттың қоғамдық-әлеуметтік дамуына, өркендеуіне байланысты туындайтын мәселелерді жалпы гуманистік, адамгершілік қасиеттер тұрғысынан бейнелеп беруге, соның шынайы көркемдік шешімін табуға өмірінің соңғы кезеңінде М.Әуезовтің де мол дайындықпен кіріскенін нақты білеміз. Өзінің ең соңғы романв «Өскен өркенге» деректер жинау үшін, болашақ кейіпкерлердің тыныс-тіршілігін зерттеу мақсатындағы қаламгер тәжірибесінің өнегелік маңызы аса жоғары. Өмірдің барлық саласын, барлық арналарын түгелдей қамтып бейнелеп беру үшін ең алдымен бас кейіпкерді, яғни бүгінгі заманның жиынтық бейнесі бола алатын кейіпкерді талмай іздеу қажеттігін ұлы суреткер баса айтады.С.Мұқановтың «Мөлдір махаббаты» болған оқиғаға құрылса, сол автордың «Құралай сұлу», «Сұлушаш» поэмалары халық аузында жүрген аңыз-әңгіме негізінде жазылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет