Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша


Тақырыбы: М. Әуезов эпопеясындағы Абай қарасөздері -1 сағ



бет20/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Практикалық сабақтар (1)

Тақырыбы: М. Әуезов эпопеясындағы Абай қарасөздері -1 сағ.


12 апта
Абайдың өмірбаяны мен өскен ортасын, дүниетанымы мен саяси-әлеуметтік, азаматтық, эстетикалық көзқарасын, шығармашылығы мен шығармаларын жете білетін М.Әуезов оның дін исламиятқа көзқарасы мен қатысын «Абай жолы» эпопеясында ашық айта алмады. Халқы айтқанын ұқпай, жақын-жорасы мен дос, құбылары күйбең өмірдің күйкі тірлігі кезінде ұсақ-түйекпен жаралаған сәтте қасіретке батқан Абайдың дінге көңіл қойғанын, қайғы-бұлты көңілін торлағын кезде қалтырағын жанына жұбанышты содан іздегенін ол кезде М.Әуезов жаза алмайтын еді. Бұл социалистік реализм мен совет үкіметі идеологиясының қасаң қағидаларына мулде кереғар келетін. Автордың өзіне тиер «қырсығын» былай қойғанда, шығармашылығы туралы қилы-қилы сөз айтылып жүрген ұлы Абайға да кесірін тигізетін. Мұны М.Әуезов жақсы білді.
Абай қарасөздерін оқыған адам туған халқы үшін жүрер жол, ақиқат шындық, әділет іздеген ұлы ғұламаның терең тебіреністі ойларының, иірімдерінен қайшылықтары мол кереғар шешімдерге де жолығар еді. «Абай жолын» жазу барысында М.Әуезовті толғандырған талай жайлар болды. Құнанбай мен Шәкәрім бейнелерін жазу барысында қаламгер қанша қиналса, Абайдың Абайдың дінге қатысын айтуда да сонша қиналды. Бұл қиын заманда халқы үшін жол іздеген, соған көмектеспек болған ғұлама ойларының тереңдігін көрсету үшін ғана емес, Абайдың кім екенін бейнелеу үшін де аса қуатты фактор еді.
Қарасөздер Абай өмірінің соңғы қиын жылдарында жазылды, сондықтан да онда осы жағдай, психологиялық күй табының болатыны анық.
Халқының басындағы шындықты айтқаны үшін артына түскен Абай патша үкіметінің қазақты шоқындыруды мақсат еткен пиғылын да жазбай таныды.
Патша үкіметінің қазаққа болсын, осы халықты өркениетке жеткізейін деген мақсатының жоқтығын да білді. Шындықты айтқаны үшін патша үкіметі оның артына түсті. «Ақылдың азабын» тартып жаны қиналған сәтте, қалтыраған жанына дауа іздеп шартарапқа үңілген Абай қайта-қайта дін-исламиятқа, дін философиясына келе берді.
Абай өмірінің қайшылықты мәліметтерін оның шығармаларында сақталған сезім табымен салыстыра, оның астарына үңіле отыра М.Әуезов Абайдың исламият туралы ойларын жанды процесс тәрізді қозғалыс, тебіреніс үстінде көркем мазмұнға көшіре көрсетеді.
Ресей қоластындағы исі мұсылман халықтар бір мүптилікке (муфтий) қарауы қажет деген әңгіме шыққанда Абайдың ойланатын, толқитын кезін маңайындағылармен ақылдасу, кеңесуін суреттеу арқылы жеткізеді.
Осы мәселеге байланысты алқалы жиындағы Абай сөзінде дінге қарсылықтан гөрі (бұрыңғы зерттеулерде осылай талданған), осы негізде топтасып өзгелерден, басқа діндегілерден оқшауланамыз, ислам негіздеріне қарай біржола бұрыламыз деушілерге Абайдың қарсылығы анық сезіледі:
-Ең әуелі ислам дінінің қауымы болмақ дейді. Дін қарындас деп, мысырдың арабынан, Үндістанның мұсылмандарынан, Стамбулдың халфе-сұлтандарынан, Шайхұлісламнан Россияда, Сібірде жатқан қазаққа қарындас тауып бермек. Туысқан таппақ болысады. Ең алдымен осының өзі жалаған. Әр халықтың қалың қауымын алсақ, күнделік тірлігінде сыбайлас көршісімен келісіп күн кешеді. Бізді Халифенің мұсылманымен жақындатам деушілер ең алдымен қасымыздағы көршіміз орыс халқынан алыстатам дейтін болды.Айтпаса да айдан анық. Ал сол орыспен сен қайтып алыс боласың, қазақ халқы? Жеке адам да, тұтас қауым халық та жанды тірлік етеді. Тірлік дегеніміз мынау ішкен су, жеген тағам, киген киім, өмір сүрген үй- ортаң. Өзгені қойып Семейдің қазағы, сені айтайын; мынау Ертіс, сенің өзенің емес, орыс халқының өзені. Ендеше, ең әуелі Семей қазағы – сенің ішіп отырған суың орыс халқының суы. Екінші, жеп отырған наның өзің егін екпейтін, еңбек саумайтын елсің, орыс мұжығының өсіріп беріп, диірменіне тартып әкеп беріп отырған ұны. Одан қала берсе киген киімің, кірген үйің, барша бұйымың мен жиының – бәрі-бәрі орыс халқының қаласынан, өнерінен келіп отырған дүниең!... Сен осыдан алыстамақсың ба? Алыстасаң тырдай жалаңаш кетіп бар да қарындас таба ғой! Екіншіден, қараңғыда жатқан, қалың тұман басқан, соры басынан асқан қараңғы елміз. Бізге ең алдымен не керек? Білім жарығы керек. Өзіміз надан өтсек, ендігі нәсілімізді болса да тез оқытып, дүние танытып, көзін ашуымыз керек, асығуымыз керек бұл жолда! Сол жөнінде де бар жарығын ала білсең аямай беретін досымыз – орыстың өнері, орыстың үлгілі қауымы» /М.Әуезов. 20т. шығ.жинағ., 6-т., 371-372 бб/.
Абайдың бұл сөзі «пәнисләмдік» идеяларға қарама қарсы.
«Қазақтың қара заңынан, ата-баба надандығынан алыса жүріп құтылу оңай, ал муфтиге қарап, дін-қарындас іздейміз деп қараңғы түнекке тақы апарып, өзі жабайы жұртты қамау, ол бұл күнде адасқандық. Аяп айтсам адасқандық, қадап айтсам қастық».
Абайдың бұл сөзі «Ресей мұсылмандарына ортақ Мүфтиге қазақ халқының қарауының қажеті жоқ» деген ойға негізделген. Туған халқына Абай іздеген жол, Абай көз тіккен көкжиек өнер, оқу-білімге апаратын жол болуы керек. Оны үйрететін жер керек, сол арқылы өнерлі, өркениетті елдер тобына қосылу. Бұл ой-идеяның Абай шығармашлығымен өзектес екені дау туғызбаса керек. Әсіресе, Абайдың қарасөздерінде.
Демек, бір қарағанда дінге қарсы тәрізді көрінетін Абай сөзінде, дін атаулыға емес, осы негізде оқшаулануға, топтасуға, сепаратизмге қарсылық бар. Әрбір халық қалай болса да қатар отырған көршісімен санасуға, тату болуға тиіс, керегін алуға, оның тәжірибесін үйренуге, қарым-қатынас жасауға тиіс дегенге саяды.
Ресейдің орыстандыру саясатына қарсы тұруда мұсылман, қазақ дінбасылары Абайдан үлкен үміт күтеді. Бұл мәселеде Абай да үлкен толғаныс үстінде болған. Романда М. Әуезов оқиғаларды Абайдың Павловпен қарым-қатынастары арқылы көрестеді.Қазақстанда күшпен жүргізіле бастаған осы саясат кезінде Абай өз толғамы бола тұра Павловпен пікірлеседі. Неге Павловты таңдаған? Осы кейіпкерді таңдауда да М.Әуезов ізденістерінде мақсаттылық бар. Павлов – озық ойлы, оқыған, өзге діндегі адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет