Қара Жусан(лат. Artemisia fragrans) Бөрте жусан(лат. Artemisia austriaca)
Іле жусан
Себет гүлдері сыпыртқы гүл шоғырын құрайды, әр бір гүлдің ұзындығы 3 мм. Гүлі қос жынысты, әр себетте 3-5 гүлден аналық гүлдері болады. Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Солтүстік Америкада жусанның 500-дей, СССР – де 170-тен астам, оның ішінде Қазақстанда 81 түрі бар. Жусан Республиканың дала, шөл, шөлейт аймақтарда өседі. Көптеген түрлерінің шаруашылықта, парфмерияда, меицинада маңызы бар. Мысалы: кібірсіген топырақтың бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, шағын құмның жылжуын тоқтатады, қар ұстайды.
Жусан өсімдігін Жапония мен Құрама штаттардағы сияқты шетел ғалымдары қолдан өсіруге тырысты. Бірақ оларынан ештеңе шыға қойған жоқ. Себебі олардың құрамында сантонин заты табылмаған.
Күнбағыс – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік.
Шыққан жері — Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық күнбағыс.
Биологиялық сипаттамасы Күнбағыстың биіктігі 0.6-дан 2,5 м-ге дейін, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет.Қаптама 2 немесе одан да көп қатарлы жапырақтардан тұрады.Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайлардан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.
Жералмұрты
Бір жылдық күнбағыс