Кристаллогидраттар


Ерітіндіні араластыруға арналған есептер



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#18277
түріҚұрамы
1   2   3
Ерітіндіні араластыруға арналған есептер







Химия пәнінен қиындығы жоғары есептер шығарудың тәсілдері
Сан есептерін ойдағыдай шешу үшін белгілі дәрежеде химиялық және математикалық даярлық болуы керек. Химия пәнінің сан есептері мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың жиі кездесетіндері:

1. Тәжірибе мәліметтеріне және химиялық заңдарға негізделген есептеулер (құрам тұрақтылық заңы, масса сақталу заңы, эквивалент заңы және т.б.).

2. Газ заңдарымен байланысты есептер (молекулалық салмақты табу, қалыпты жағдайда газдың көлемін және массасын табу т.б.).

3. Химиялық формуланы табу және құру есептері.

4. Химиялық формулалар бойынша есептеулер.

5. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

6. Ерітінділермен байланысты есептеулер.

7. Аралас есептер.

Бұл саналғандардан басқа периодтық заң және периодтық система, атом құрылысы, химиялық реакциялардың жылдамдығы және тепе-теңдік, химия және электр тогы тақырыптарымен байланысты көптеген есептер бар. Химия есептерінің мазмұны көп түрлі болуымен бірге, шығару әдістері де сан алуан. Математикалық амалдарына қарай химия есептерін шығару әдістері бірнешеге бөлінеді: пропорция құру тәсілі, бірге келтіру тәсілі, алгебралық тәсіл, дайын формуланы пайдалану, алгоритмді қолдану және графикалық тәсіл.

Қандай да болмасын химиялық есепті шығару оның мазмұнына жан-жақты талдау жасаудан, берілген шамалар арасындағы тәуелділікті ашудан басталады. Талдау нәтижесінде есептің түрі, соған лайық шығару әдісі белгіленеді. Бұл арада есептің мазмұнын физикадағы сияқты қысқа және дәл жазып үйренудің де маңызы зор. Ол үшін физика мен химияда жиі қолданатын қысқартуларды білу керек.

Жалпы химияны меңгеруде есептер шығару маңызды рөл атқарады, себебі жоғарыда айтып өткендей бұл оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін және алған білімімізді өз бетімізбен қолданып, игеруге үйрететін әдістің бір түрі. Бұл туралы әйгілі ғалым – әдіскер Д.Пойа:

"Есеп шығара білу практика жүзінде алынатын өнер", – деп айтқан екен. Есепті шығара білу біліктілігін тек қана бір жолмен – жай есептен күрделі есепке жылжи отырып, тұрақты және жүйелі түрде дамыту қажет.

Сандық есептердің шығарылу жолдары 9-10 сынып оқулықтарындағы және есептер жинақтарындағы тараулар бойынша берілген есептерден жүйелеп ұсынылды.
А-1 Берілгені: Шешуі:

SKI=160/100г H2O 260 г ер-ді -----160 г ер.зат

mер.=500г

500 г ер-ді -----х г ер.зат х=307,7г ер.зат

т/к m(KI),m(H2O)-? m H2O=500-307,7=192,3 г H2O

Жауабы: m(KI)=307,7 , m(H2O)=192,3 г


А-2 Берілгені: Шешуі:
SPb(NO3)2=90г/100г H2O

190 г ер-ді ----90 г ер.зат

т/к ω-? 250 г ер-ді ----х г ер.зат х=47,37%

Жауабы:47,37%




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет