Курсовая работа ( проекта) Издание /басылым 03/2018 Стр/бет из



бет15/17
Дата03.05.2023
өлшемі148,38 Kb.
#89491
түріКурсовая
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Меруерт курсовая послед

ІІI. Қорытынды бөлім
Жаңартылған білім беру мазмұнында қушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамытудың маңызы.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы: оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қурс барысында қарастырылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі және табиғи тәсіл «өмірмен байланыс» ұғымына негізделуі.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу – уақыт талабы. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы:
• дүниетанымы, қабілеті жоғары;
• дарынды, өнерпаз;
• ізденімпаз, талапты, ойы ұшқыр;
• еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын;
• өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет. Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М. Көпейұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген. Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін «шығармашылық» термині кең қолданылған.
Қорыта келгенде, оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстары өздiгiнен орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану тиiмдi болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өз бетінше орындау бiлiктiлiгi, олардың белсендiлiгiн арттырып, ұқыптылыққа, ұстамдылыққа, өз бетінше іздене білуге үйренеді.
Өздік шығармашылық жұмыстарды орындау оқушылардың бiлiктiлiгiн қалыптастыру моделi компоненттер, ерекшеліктер мен көрсеткіштерден құралады. Модель оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру барысында бiлiм, бiлiктiлiк, дағды деңгейiн анықтауға негiз болады.
Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өз бетінше істейтін шығармашылық жұмыстары дегеніміз - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс.
Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш – жігерін жұмылдыра отырып шешуші және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек, оқушылардың өзіндік істетейтін шығармашылық жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өз бетінше жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой, күш-жігер, білімі мен қабілеті жұмсалады.
Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көз жеткізуге болады. Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады – қайталанып тұр, басқа жаз
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өз бетінше орындайтын шығармашылық жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Өз беттерінше жұмыс жасауға үйретуде негізінен кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру және тапсырманы өзіндік жұмыс істей біуге, орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге ерекше жағдайлар жасау болып табылады.
Жаңа материалды игерумен байланысты әр алуан жаттығулар жүргізу сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу. Сондықтан ондай тапсырмаларды үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Бұдан шығатын қорытынды:
1) Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек.
2) Оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары ой-әрекет дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
Енді осы қорытындыға байланысты мынандай екінші мәселе туады: оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарының бәрі бірдей оның ой дербестігін дамыта, қалыптастыра ала ма? Мысалы, У-УІІ сыныптарда оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді, жасалған жоспар бойынша цитаттар, үзінділер жаттайды, оқыған мәтінінің мазмұнын айтып береді, жолдастарының жауаптарын толықтырады, сұрақтар береді т.б.
Оқушының бұл сияқты оқыға қатысы өзі істейтін жұмыстары оқу процесінде олардың белсенділігін туғызып, сол арқылы сабақтың әсерлілігін арттырады, оқушының қабілеті ұштап, жұмыс дағдыларына үйренеді.
Біздiңше, өзіндік істелетін шығармашылық жұмысты есепке алудың жолдары болуға тиiстi: сынып бойынша қысқаша байқау әңгiмесiн өткiзу және оқушылардан ауызша сұрау, көлемi ықшам жазбаша бақылау жұмыстарын өткiзу немесе жаттығулар орындату т. 6.
Оқушылардың бұл жөнiндегi бiлiмi мен жаттығу дағдыларына бағалар қойылып отырады. Бұл жұмысты оқушы ешкімнің көмегінсіз, жеке өзінің күшімен ғана орындап шығарады. Міне, бұл шын мәнінде оқушының өздігінен істеген шығармашылық жұмысы болып табылады.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де 
шығармашылық туралы толық мағлұматты болуы керек. Сол себепті 
психологиялық және педагогикалық деректер де негізге алынды.
Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет, әлеует ретінде сипатталады. Оның іске қосылуы ішкі қажеттілікті қанағаттандырудан туындайды. Өмір сүру барысында қабілет әр түрлі деңгейде, әртүрлі деңгейлік пен жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол «жасырын» жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады. Психология ғылымында шығармашылық жалпы тұлғалық категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді. Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-шығармашыл ойдың иесі». Шығармашылық туралы көптеген пікірлер бар. Психолог А.Лернер «Шығармашылық әрекет - білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жаңғдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі» - деп баға береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет