Курстық ЖҰмыс пәні: «Педагогика» Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – оқыту әдістемесінің негізін қалаушы



бет4/5
Дата17.03.2023
өлшемі69,39 Kb.
#75101
1   2   3   4   5
ҚОРЫТЫНДЫ

Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) Алаш зиялыларының көсемі,тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы,ақын,әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог,аудармашы,қоғам қайраткері.5-қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы,Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы-8 желтоқсан 1937,Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы,қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі,мемлекет қайраткері,қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушу ғалым,ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы,Алаш-Орда үкіметінің мүшесі.


Ахмет Байтұрсынов жаңа әдебиеттің пайда болуы туралы пікірлерін дамыта келіп,әдеби байланыс,әдеби ықпал орайында дәлді,нақты тұжырымдар жасайды.Мұсылман діннің күшімен енген араб,парсы әдебиеттері әсерінен туған мазмұн,оқиға ауысуы,шығарманың жаңа түрлерінің пайда болуы,бұрынғы үлгілердің тақырыпқа қызмет етуі тұжырымды дәлелденді.Ал, қазақ жерінің отарлануынан кейінгі орыс әсері,Еуропа ықпалы өмірдің барлық саласынан көрінгенін,әсіресе көркем әдебиеттегі өзгерістердің туғанын Ахмет Байтұрсынов жаңа бағыттар,жаңа жанрлық үлгілерді талдау арқылы айқындап береді.
«Әдебиет танытқыштың» үлкен бір тарауы жазба әдебиет мәселелеріне арналған.Ахмет негізінен «жазу әдебиет»деген терминді қолданады,кейде «жазба әдебиет» деп айтады.Жазудың қазаққа дін арқылы келгенін кеңінен ұқтыра отырып,осы істегі қожалардың,ноғай молдалардың дін шарттарын,шариғат бұйрықтарын өлең арқылы тарату әрекеттерін көрсетеді,олардың ақын болмағандықтан,әңгіменің қисынымен қызықтырып,тамұқ азабымен қорқытып,жұмақ рахатымен үміттендіргенін ескертеді.
Қазақ әдебиетінің дамуына,әсіресе,әсері күшті болған Абайшығармалары екенін,сындар дәуірдің басы Абайдан басталатынын кесіп-пішіп тиянақтайды.Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы,араб жазуына кіргізген реформасы,қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып,оларға тұңғыш анықтама бергені,дыбыс жүйесін қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын.
Қорыта айтқанда,қазақ тіл білімі мен әдебиеттану теориясының негізін салушы,ұлт мектебінің ұлы ұстазы Ахмет әліпбиін «ұлттық мұрамыз»деп мақтан тұту – ұрпақ парызы екенін есте сақтай жүрейік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет