Курстық ЖҰмыс пико docx


Ж.Б.Қоянбаев жəне Р.М.Қоянбаев



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата07.06.2023
өлшемі1,38 Mb.
#99498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ж.Б.Қоянбаев жəне Р.М.Қоянбаев былай дейді: «Оқыту
процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты
болады. Əр түрлі көрнекілікті қолданудың нəтижесінде сабақ əрі
түсінікті, əрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда
сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді жəне нəтижелі болады.
Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге əсер етеді. Сонымен,
көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, əсіресе теориялық
ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше»
• 
А.Е.Əбілқасымова, А.К.Көбесов, Д.Рахымбек, Ə.С.Кенеш былай
дейді: «Оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау жəне
жалпылау үрдісінің мəнінен туындады. Оқу барысының əр түрлі
кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды.
Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға
бағытталған арнайы құрал-жабдықтар жасауды қажет етеді
(геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу
диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар т.
б.). Ескеретін бір нəрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана
бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің
маңызы зор.
• 
Дидактикада көрнекілік принципінің негізін салушы деп чех
педагогы Я.А.Коменскийді (1592– 1670) айтады. Ол
«Дидактиканың алтын ережесі» деп аталатын көрнекі оқыту
принципінің негізін қалады.Я.А.Коменский көрнекілікті адамның
əр түрлі сезім мүшелері көмегімен қабылдайтын объекті немесе
құбылыс жайлы сенімді ақпаратты алуға мүмкін болатын
компонент ретінде түсінеді, «....барлығын тек сезімдік
қабылдаулармен, атап айтар болсақ: көруді көру сезімдерімен,
естуді есту мүшелерімен, иісті иіс сезу мүшелерімен, дəмді дəм
сезу мүшелерімен, жанасуды сипау арқылы сезінуге болады. Егер
қандайда затты бірнеше сезім мүшелерімен қабылдауға болатын
болса, онда ол бірден бірнеше сезімдік қабылдауларды
қамтиды».Чех педагогы табиғаттағы заттарды тікелей қабылдау
арқылы үйренуден бастауды, ал егер мұндай зат (құбылыс)
болмаса, онда оны оның кескінімен немесе көшірмесімен


алмастыруды ұсынды. Я.А.Коменский адам білімді өзіндік бақылау
жасау жолымен алуы тиіс деп үйретеді.Я.А.Коменский көрнекілік
мəселесіндегі негізгі орынға көру қабілетін қойды. Оның
«Суреттердегі сезімтал заттар əлемі» оқулығы көрнекілік принципі
негізінде жазылған алғашқы кітап болды (оны тілді оқытуда ұзақ
пайдаланды).Осылайша, Я.А.Коменский көрнекілікті сезімдік
таныммен байланыстырса, ал бақылауды кез келген білімді алудың
негізі деп есептеді.
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет