түсіндіруде шығарма кейіпкерлерінің суретіне, бейнесіне үлкен мəн
бере отырып, сол тəсілдер арқылы жазушының белгілі бір мақсат
көздейтінін, тыңдаушысы мен оқырманын нақты бағытқа бағдарлай
отырып, оқушының көркемдік танымын дамытуға, сезімталдығын
жетілдіруге үлкен мəн беретіндігін ұғындыруға кірісетіні айқын. Сол
жолда көркем шығарма мəтінін кең пайдалану, мысалдар келтіру
арқылы кейіпкер ерекшелігін білдіретін сипаттаулардан үзінділер
келтіретін болады. Сөздік көрнекіліктің мұндай түрін деп атағанымыз
жөн.
Мысалы, - Қозы Көрпеш жырындағы Баян бейнесін, оның
сипатын мұғалім өз сөзімен жырдағыдай келістіре суреттеп бере
алмасы белгілі. Жырдың сол үзіндісін мұғалім өз мəнінде мəнеріне
келтіре отырып, оқушыға жеткізе білсе, оның əсері, ықпалы ерекше
болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: