Курстық жұмыстың жетекшісі келесі міндеттерді атқарады


Қолданылған қайнар көздер тізімін рәсімдеуге



бет7/7
Дата03.03.2022
өлшемі18,97 Kb.
#26954
1   2   3   4   5   6   7
Қолданылған қайнар көздер тізімін рәсімдеуге ерекше назар аудару қажет. Қайнар көздер туралы мәліметтерді курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелердің орналасу тәртібіне сәйкес жазу керек және номерлеу араб цифрларымен нүктесіз жазылады.

Егер оқулық бір автормен немесе үш адамнан аспайтын авторлармен ұжымымен жазылса, оның библиографиялық сипатталуы автордың немесе авторлардың тегі мен иннициалдарын көрсетуден басталады. Содан кейін кітаптың толық атауы; нүкте; тирэ; кітап шығарылған қаланың атауы; қос нүкте; кітапты басып шығарылған баспа атауы, үтір; кітаптың шығарылған жылы; нүкте; тирэ; жалпы парақтың саны беріледі. Егер кітап үлкен авторлық ұжыммен жазылса немесе автор мүлдем көрсетілмесе, кітаптың атауы көрсетіледі.

Егер жұмыста мерзімді басылымдарда немесе жинақтарда жарияланған мақала материалдары пайдаланылса, ол мынадай тәртіпте рәсімделеді: автордың тегі және инициалдары; мақала атауы; екі көлбеу сызықша (//) ; мақала жарияланған мерзімді басылымның немесе жинақтың атауы; тирэ; басылым жылы; нүкте; номер; нүкте; тирэ; мақаланың бірінші және соңғы беттері

Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, қайнар көздің сілтемесі жазылуы тиіс:

Курстық жұмысты қорғауға дайындау

Курстық жұмыстың жетекшісі жұмысты тексеріп, мақұлдағаннан кейін қолын қояды. Жетекші пікірінде жұмыстың әрбір бөлімі бойынша студентпен жүргізілген жұмысқа сипаттама беріледі, тақырыптың ғылыми жаңалығы, кемшіліктері көрсетіледі.



Жұмысқа ұқыпты қарау, қорғаудың оң нәтижесін мақсат тұту, жетекшімен тығыз іскерлік байланыс – студентге жұмысты табысты дайындауға, қорғауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет