Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Горизонтальдарды салмас бұрын жер рельефінің моделін ойша көз
алдымызға елестетуіміз керек. Ол үшін топографиялық беттегі рельеф,
учаскелердегі негізгі сызықтарды жақсылап оқып зерттеу қажет. Палетка арқылы
графикалық интерполяция жасау жолын мысал арқылы келтірейік. Жұқа қағазға
аралары 5 мм болатындай етіп бірнеше параллель түзулер жүргіземіз де, әрбір
түзуді рельеф қимасына сәйкестендіріп белгілеп қоямыз.
Біздің мысалда, һ = 0,5 м. Интерноняция жүргізіліп жатқан нүктелердегі белгі
палеткадағы белгілермен сәйкес келіп отыруы қажет. Берілген түзу мен палетка
түзулерінің қиылысқан жері бізге 211,5; 211,0; 210,5; 210,0; деп белгіленген
горизонтальдардың ізін көрсетеді.
Көршілес түзулердегі біраттас іздерді өзара қосып отырып, планға
горизонтальдар жүргізіледі. Горизонтальдар өте байыпты түрде жіңішке түзулер
арқылы көрсетілуге тиіс.
Дәріс 10 Геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру. Бөлу жұмыстарын тағайындау және ұйымдастыру. Бөлу жұмыстары дәлдігінің принциптері мен нормалары Дәріс жоспары
1.
Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жобасы туралы жалпы мәліметтер
2.
Геодезиялық бөлу жұмыстарының түрлері
3.
Бөлу жұмыстарының дәлдігі
Бас жоспарды жобалаумен бір мезгілде геодезиялық жұмыстарды жүргізу
жобасы (ГЖЖЖ) әзірленеді. Жобада құрылыс алаңында геодезиялық жұмыс-
тарды ұйымдастырудың жалпы принциптері көрсетілген: геодезиялық өлшеу
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені