Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет31/37
Дата17.02.2023
өлшемі1,51 Mb.
#68752
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
лекция

Басылым: бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 
түрлерін көрсету арқылы жұмыстарды жүргізудің технологиялық сұлбасы мен 
күнтізбелік жоспары, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану графигі, сметалы-
қаржылық есептеулер және ГЖЖЖ техника-экономикалық негізделуі 
келтіріледі. Жобада негізгі геодезиялық жұмыстарды орындау туралы мәлімет-
тер бар: құрылыстарды бөлу үшін жоспарлық және биіктіктік тірек желілерін 
құру сұлбасы және олардың пункттарын бекіту тәсілдері, өлшеудің талап 
етілетін дәлдігін есептеу, өлшеу әдістерін негіздеу және олардың нәтижелерін 
теңестіру. Жобаның үшінші бөлігінде құрылыстың нөлдік цикліне 
геодезиялық қызмет көрсету қарастырылады. Соңғы бөлімде құрылыстың
жер бетіндегі бөлігін тұрғызу кезінде геодезиялық қамтамасыз етумен 
байланысты мәселелер қарастырылады. Алғашқы және құрастыру 
горизонттарында геодезиялық негізді құру әдістемесі және теңестіру 
тәсілдері. 
Мазмұны мен әдістері бойынша бөлу жұмыстары түсіру жұмыстарына 
қарама-қарсы. Түсіру кезінде ара қашықтықтар мен бұрыштар өлшенеді, ал
бөлу жұмыстары кезінде оларды жергілікті жерде салады, сондықтан бөлу 
жұмыстары күрделірек орындалады. Бөлу кезінде екі кезеңді ажыратады: а)
оның жергілікті жерде жалпы орналасуын анықтау үшін құрылыстың бас 
осьтерін шығару; б) құрылысты тұрғызу үшін бөлшектеп бөлу. Бөлшектеп
бөлу үлкен дәлдікпен орындалу керек, өйткені құрылысты тұрғызу алдын ала
дайындалған тетіктерімен және бөліктерімен бірге индустриялық әдістермен 
орындалады. Геодезиялық дайындау құрылыстың барлық бөліктерінің қатаң
түйісуін қамтамасыз ету керек. Сондықтан бөлшектеп бөлу дәлдігін есептеу
өте маңызды міндет болып табылады және қателіктер теориясының негізінде 
орындалады. 
Бөлшектеп бөлу дәлдігі бірқатар факторларға байланысты болады, олардың ең 
бастысы келесілер: технологиялық есептеу дәлдігі, құрылыс-жинақтау 
жұмыстарының дәлдігі және геодезиялық бөлу дәлдігі. 
Бөлшектеп бөлудің орташа квадрат қатесі мына формуламен анықталады 
мұнда mг - геодезиялық бөлу жұмыстарының қателігі
mт – технологиялық есептеулер қателігі; 
mқ.ж. – құрылыс жұмыстарының қателігі. 
Формула геодезиялық бөлу жұмыстарының қателіктері тұрғызылатын 
құрылыстардың беріктіктік сипаттамаларына елеусіз әсер етуі шартында
геодезиялық бөлу жұмыстарының дәлдігін есептеудің жалпы принциптерін 
есепке алады. Сондықтан нақты жағдайларда бөлу дәлдігі құрылыстың 
жұмыстық жобасының бір бөлігі болып табылатын, геодезиялық жұмыстарды
жүргізу жобасында негізделген болу керек. 
Ұсынылатын әдебиеттер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет