Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Егер ab базисі полигонометриялық жүрістің АВ қабырғасына перпендикуляр болса
және онымен екіге бөлінсе, онда АВ қабырғасының ұзындығын анықтау үшін ab-
базисін және φ1 мен φ2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткілікті.
I класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында созылған жүріс
түрінде кұрылады, олар бірінші класты периметрі 700-800 км полигонный
буындарын құрады, 2 класты полигонометрия I класты триангуляция мен
полигонометрияның ішінде периметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі
ретінде дам иды. 3 және 4 класты полигонометриясы торапты пункттері бар
жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялык жүйенің
пункттеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде кұрылады. Полигонометрияның
негізгі сипаттамалары 9-кестеде келтірілген.
Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пункттерінің
биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. I класты нивелирлеу
жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады.
I класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша
жетілдірілген аспаптар мен бакылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады.
Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кездейсоқ қателігі 1 км
жүрісте mh 0,5 мм болады. И класты нивелирлеу сызығы I класты нивелирлеу
пункттерінің арасында периметрі 500-600 км полигондар түрінде салынады. II
класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа
квадраттык кателігі 1 км жүрісте mh =0,8 мм-ден аспауы керек. III класты
нивелирлеу жүйесі I және II класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе
II кластык полигонды периметрі 150-200-ден 6-9 полигонға бөлетін жеке жүрістер
түрінде жасалынады (1км жүрісте mh=1,6 мм-ден аспауы керек). III класты
нивелирлеу жүйесін одан ары жиілендіру IV класты нивелирлік жүрістер
жүйелерін құру аркылы орындалады. Олар топографиялық түсірулердің тікелей
биіктік негізі болып табылады. Оларды салу жиілігі түсіру масштабымен және
жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады. Барлық кластағы
нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұракты
реперлер және таңбалармен бекітіледі.