Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды


мыз! –  Қазақстан  біртұтас  жəне  бөлін-



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

мыз!
–  Қазақстан  біртұтас  жəне  бөлін-
бейді!
–  Халықтар  арасына  сына  қағыл-
масын! 
Көше кезген кейбір қала тұрғындары 
да қызық көру үшін шерушілердің қата-
Думан РАМАЗАН. Алаң

№2    2015    А И АТ
69
69
рына  қосылып,  адам  қарасын  молай-
та  түсті.  Жастардың  ащы  айғайын 
естігендер де бірдеңеден құр қалатындай 
орталық алаңға қарай аяңдады. 
Күткендеріндей, орталық алаңда облыс-
тық  білім  қызметкерлерінің  мерекелік 
іс-шарасына  қызу  дайындық  жұмыстары 
жүргізіліп  жатыр.  Арлы-берлі  сабылы-
сып,  əзірлік  қамымен  шапқылап  жүрген 
бі лім  басқармасының  мамандары  қара 
құрт ша  қаптаған  бейтаныс  адамдарды 
көріп,  таң-тамаша  қалды.  Шерушілердің 
оларға қарауға мұршалары болған жоқ, 
келе-сала  іске  кірісіп  кетті.  Əй-шəй 
жоқ,  дайын  тұрған  мінберге  шығып, 
микрофонды  қолдарына  алған  жастар 
барынша  дауыстап,  облыстық  партия 
комитетінің  басшыларын  көпшіліктің 
алдына шығып, халықтың талап-тілегін 
тыңдауға шақырды. 
Көп  ұзамай  алаңның  шетіне  ақ 
волга  келіп  тоқтады,  одан  Целино-
град  облыстық  партия  комитетінің 
екінші  хатшысы  Зейнолла  Шайдаров 
бастаған  атқамінерлер  түсіп,  жиналған 
жұртшылыққа  қарай  беттеді.  Аяғын 
алшаң басып келіп, мінберге көтерілген 
хатшы ыңырана сөз бастады: 
– Немістердің жағдайын түсінгеніміз 
жөн.  Кезінде  қиянат  жасалды,  еріксіз 
жер  аударылды.  Тілін,  əдет-ғұрпын, 
салт-дəстүрін,  тарихи  жадын  сақтауға 
қы сымшылық жасалды. Енді, сол олқы-
лықтардың орнын толтыру үшін өкімет 
автономия  мəселесін  шешпек.  Бұған 
қарсылық  жасамайық.  Ми тин гілеп, 
улап-шулап ештеңе шеше алмай сыңдар. 
Пи ғылымызды тарылт пайық, совет хал-
қына тəн кеңпейілділік танытайық, – дей 
беріп  еді,  оның  ішіне  қулық  жасырған 
құйтұрқы  сөзіне  қанағаттанбаған  жа-
стар  онан  сайын  даурығып,  айғай-
ұйғайға  басып,  ыс қырып-пысқырып, 
сөйлетпей қойды. 
Хатшының  сөзін  облыстық  атқару 
комитетінің  төрағасы  Абылайхан  Жол-
мұхамедов іліп əкетті: 
– Облыстық кəсіподақтар ұйымының 
клубына  кіріңдер,  сонда  сөйлесейік, – 
деп мəйпаздай жөнеліп еді, оның сөзін де 
ешкім құлағына қыстыра қоймады.
–  Біз  бөлініп-жарылып  ешқайда 
бармаймыз!  Айтатындарыңды  көптің 
көзінше айтыңдар! – деп шулап қоя берді 
шерушілер. – Ойымызды айтуға, шағы-
мымызды жеткізуге мұрсат беріңдер! 
Ашу-ызалары  бойларына  сыймай  тұр-
ған  халықтың  ау-жайын  аңдады  ма,  қас-
қағым сəтте облыс басшыларының арыны 
басылып қалғандай кейіп танытты. Жынын 
алдырған бақсыдай жуасып, табан астында 
өздері де, сөздері де өзгеріп шыға келді:
–  Сөйлеңіздер,  айтарларыңызды  ашық 
айтыңыздар,  ол  өз  еріктеріңіз! – деді  хат-
шы майлы ішектей жылпылдап. – Құқық-
тарыңызды ешкім де шектейін деп жатқан 
жоқ!  Осындай  оңтайлы  сəтті  күтіп 
тұрған  Қазақбай  мінбеге  атып  шығып, 
Орталық  Партия  Комитетінің  атына 
жазылған үндеуді оқыды:
–  Кеңес  Одағы  Компартиясының 
Сая си  бюросы  Қазақ  КСР-інің  терри-
ториясында неміс автономиялық облы-
сын  құру  туралы  қаулы  қабылдапты. 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Ко-
ми тетінің  екінші  хатшысы  Коркин 
бастаған біршама министрлік басшыла-
ры осы мəселені пысықтау мақсатымен 
облыста болып, Ерейментау қаласымен 
танысып қайтыпты. 
Қазақстанда  неміс  автономиялық 
облысын  құруға  еш  негіз  жоқ!  Бұл 
ұланғайыр  атырап  қазақ  халқының 
ежелгі  мекені,  атақонысы.  Найзаның 
ұшы,  қылыштың  жүзімен  қорғап, 
бүгінгі  ұрпаққа  аманат  еткен  ата-баба-
ларымыздың  табанының  ізі  қал ған, 
асқақ  рухы  сіңген,  қорымдары  жатқан 
қасиетті  жеріміздің  немістерге  берілуі 
тарихи əділетсіздік, халқымызға жасал-
ған  қиянат!  Біз  ұлттық  мəдениет  пен 
халықтық  салт-дəстүрлер  сақталған 
осы нау  шежірелі  өлкені  біреулерге 
бөліп  беруге,  бөлшектеуге  қарсымыз! 
Қазақ  жерінде  жүзден  аса  ұлт  пен 
ұлыс  өкілдері  тату-тəтті  өмір  сүріп  жа-
тыр,  ешкімнің  құқығы  шектелмеген, 
арамызда  ешқандай  түсініспеушілік 
жоқ! 
Партиямыздың 
бастауымен 
коммунистік  құрылысқа  бəрі  бірдей 
белсенді түрде атсалысып келеді. 
Біз,  Қазақстан  халқы  неміс  автоно-
миялық  облысын  құруға  үзілді-кесілді 
қарсымыз,  оған  ешқашан  келісім  бер-
мейміз!  Бұған  тек  қазақ  халқы  ғана 
емес, елімізде тағдырлары тоғысқан өзге 
ұлт өкілдері, тіпті, неміс ағайындардың 
өздері  де  қарсы.  Сондықтан,  Орталық 
Ащы да болса...

№2    2015    А И АТ
70
70
Комитет  пен  Жоғарғы  Кеңестен  біздің 
мəлімдемемізге  құлақ  асып,  оңтайлы 
шешім  қабылдауын  табанды  түрде  та-
лап етеміз! 
Қазақбай  үндеуді  оқып  болды  да,  оны 
облыстық  партия  комитетінің  екінші  хат-
шысы  Зейнолла  Шайдаровтың    қолына 
тапсырды: 
–  Мына  үндеу-хатқа  мыңға  тарта 
адамның  қолы  қойылған.  Талап  біреу-
ақ:  Қазақстанда  неміс  автономиясы 
құрылмасын! – деді  сөзін  салмақтап. – 
Соның нақты жауабын беріңіздер!
Осы  кезде  мінбеге  жүгіріп  шыққан 
қызыл  көйлекті,  сары  шашты  толық  бой-
жеткен микрофонды жұлып алып:
–  Мен  Оралдан  келіп,  осында  оқып 
жатқан  орыс  қызы – Анна  Копылова 
боламын.  Біздің  де  талабымыз  сол – 
Қазақстанда  неміс  автономиясы  болма-
сын! – деді жұлқына сөйлеп. – Бəріміз де 
қазақ  жерінде  емін-еркін  ғұмыр  кешіп, 
алаңсыз білім алып жатырмыз. Ешкімге 
қысым жасалып жатқан жоқ. Бəріміз тең 
құқылымыз!  Қазақстан – біздің  ортақ 
Отанымыз.  Кімге  жаман,  өтірік  бол-
са  айтыңдаршы,  өздерің?!.  Бəрі  жақсы 
ғой!
Жан-жақтан:
– Əп, бəрекелді! Дұрыс-ақ!
– Дұрыс айтады!
– Неміс автономиясына жол жоқ!
– Қазақ жері бөлшектенбесін!
–  Біз  Кремльдің  шешімін  айыптай-
мыз!
– Қандай жолмен болсын автономия-
ны құрғызбауға күш саламыз, бұл жолда 
ештеңеден тайынбаймыз!
– Аянып қалар ештеңеміз жоқ! Керек 
болса,  жеріміздің  тұтастығы  үшін  қан 
төгеміз, жан береміз! Бірақ, ешкімге отау 
ішінен отау тіктірмейміз!
–  Бұл  əлі  нақты  шешілген  мəселе 
емес.  Əлі  жарлық  жоқ.  Кім  біледі, 
мүмкін автономия басқа жерден берілер. 
Ақырын  күтейік... – деді  Абылайхан 
Жолмұхамедов жиналғандарды сабырға 
шақырып. – Мына  хаттарыңа  көп 
кешіктірмей ресми түрде жауап береміз!
– Бұлардың сөзіне сенім жоқ, өтірік ай-
тады!
– Алдап тұр, қызталақтар!
–  Сенбеңдер  оларға!  Беті  қалың 
бұлардың, ертең іс насырға шапса, ештеңе 
білмедік-көрмедік  деп,  айтқандарынан  та-
нып шыға келеді. 
–  Біз  талап-тілегіміз  орындалмай,  бұл 
жерден ешқайда кетпейміз!
Халықтың  айғай-шуы  тіпті  күшейіп 
кетті.  Істің  насырға  шауып  бара  жат-
қанын сезе қойып, көпшіліктің ығына жы-
ғылғандай кейіп танытқан облыстық атқару 
комитетінің төрағасы:
–  Айналайындар-ау,  айтқанға  құлақ 
ассаңдаршы,  бұл  біз  шеше  салатын,  бүгін 
шешіле  қалатын  мəселе  емес  қой, – деді 
шарасыздығын  мойындап. – «Сабыр  түбі 
–  сары  алтын»  деген,  ақылға  келіңіздер, 
шыдамдылық  танытыңыздар!  Бəрі  ретте-
леді,  орнына  келеді.  Əзірше  үйлеріңізге 
тараңыздар, алаңдауға ешқандай негіз жоқ.
–  Онда  қашан  жауап  беретіндеріңді 
нақты айтыңдар! – деді Қазақбай онан сай-
ын  тықсыра  түсіп. – Күтумен  құр  босқа 
уақыт өткізіп, алданып қалып жүрмейік! 
– Екі-үш күн дедік ғой, əрі кетсе 19-ына 
дейін нақты жауап аласыңдар!
– О, жарандар, сенейік! Егер, өтірік ай-
тып, түлкібұлаңға салса, 19-ы күні дəл осы 
жерде  қайта  жиналамыз,  бүкілхалықтық 
шеру  ұйымдастырамыз! – деді  қасарысып 
ештеңе өндіре алмасын түсінген Қазақбай 
жиналғандарды мəмілелесуге шақырып. 
– Одан əрі күте алмаймыз!
– Жөн!
– Жөн сөз!
– Адамша айтып тұр ғой! Тыңдайық!.. 
Сенейік!..
–  Алдаса,  өздерінің  ар-ожданына 
қалдырайық!
Жұрттың  ашу-ызасы  тарқай  бастады 
ма, алғашқы арындары басылып, біртіндеп 
сабаларына түсе бастады. Тек əскери киім 
киіп,  кеудесіне  орден-медаль  таққан  бір 
соғыс ардагері қаһарына мініп:  
– Əй, айтыңдаршы, сонда біз  немістерге 
жерімізді  беру  үшін  соғыстық  па?  – деп 
облыстық  атқару  комитетінің  төрағасына 
қарай қолындағы таяғын ала жүгірді. – Сол 
үшін қан төктік пе?
Амалсыздан  артқа  қарай  шегіншектей 
берген Абылайхан Жолмұхамедов:
–  Ақсақал,  сабыр  етіңіз,  алаңдауға  еш 
негіз  жоқ!  Бəрі  шешіледі  жайлап, – деп 
сырғақсытты.  Жыпылық  қаққан  көзі  мен 
жарықшақтана  шыққан  сөзінен  қобалжу 
байқалады. – Орталықпен  байланысқа 
шығып  жатырмыз!  Қолдан  келгенше  оң 
шешім қабылдауға ықпал етеміз! 
Думан РАМАЗАН. Алаң

№2    2015    А И АТ
71
71
Ақсақал айылын жияр емес, қалтыраған 
қолдарымен таяғын көкке көтеріп:
–  Егер,  немістерге  жер  берілетін  бол-
са,  алдымен  сендердің  ауыздарыңа  қан 
қаптырамын, – деді облыс басшыларын ала 
көзімен атып, – Қолымыздағы қан əлі кебе 
қойған жоқ!
–  Қойыңыз,  бұныңыз  не?!  Одан  да 
жастарға  ақыл  мен  басу  айтпайсыз  ба! – 
деді  Зейнолла  Шайдаров  мырза  қабағын 
кіржитіп. – Əлі бүлінген дəнеңе жоқ!
– Бүлінбесе, бүлінгелі тұр ғой! – Ақса-
қалдың  түксиген  қабағы  жазылар  емес, – 
Жастардың  талабы  орынды,  не  деп  ақыл, 
қалай басу айтарсың! 
«Саған  дауа  жоқ  екен!»  дегендей  маң-
дайларын  тыржитқан  облыс  басшылары 
қарт жауынгерді іштерінен жақтырмаса да, 
сырттарынан  сыр  алдырмастан  жөндеріне 
кете барды. 
Шерушілер  екі-үш  күннен  кейін, 
яғни, 19-маусым күні қайта жиналуға сөз 
байласты. Осы уақыт ішінде тоңмойын 
билік  автономияға  қатысты  нақты 
жауабын  беруі  тиіс.  Осындай  тоқтамға 
тоқтасқан  жұртшылықтың  қатары  
біртіндеп  сетіней  бастады.  Ешкімнің 
ескертуінсіз-ақ бір жерге топтаса қалған 
студенттер  қайтадан  сарбаздардай  сап 
түзеп,  Бейбітшілік  көшесінің  бойымен 
темір жол вокзалына қарай аяңдады. Жол 
бойы көп қабатты үйлердің балкондары-
нан əлдекімдер шеруге қатысушыларды 
суретке түсіріп жатты. Алдыңғы жақта 
келе жатқан Қазақбай анда-санда дауы-
сын қаттырақ шығарып:
–  Əр  қадамымыз  аңдулы,  əне  көр-
діңдер  ме,  тіпті,  суретке  түсіріп  алып 
жатыр.  Арандап  қалып  жүрмейік! 
Ештеңеге  соқтықпаңдар,  тəртіп  сақ-
таңдар! – деп  жанұшыра  айғайлап 
қояды. – Егер, ши шығарып алсақ, ал-
ға  қойған  мақсатымызға  жетпей-ақ 
желкеміз  қиылады.  Соны  естеріңнен 
шығар маңдар!
Жол бойы ұрандарын қайталап, желпіне 
түскен жастар вокзалдың алдына келгенде 
бір-ақ  іркілді.  Сол  жерде  шағын  митинг 
болып,  онда  да  орталық  алаңда  айтылған 
талап-тілектер  қайталанды.  Сөз  алған  ше-
шендер  өз  ойларын  ірікпей,  ашық  айтып 
жатты.  Оған  əр  тарапқа  сапарлап  бара 
жатқан жолаушылар да қатысып, мəн-жайға 
толық  қанықты.  Ұйымдастырушылардың 
көздегені де осы еді. Алдын ала жасалған 
жоспар  бойынша  листовкалар  таратылды. 
Жүргіншілер бұл хабарды өздерімен бірге 
жан-жаққа ала кетті.
***
Келесі  күні  Қазақбай  бастатқан  он 
бес  студентті  ректоратқа  шақыртты. 
Ректордың  кең  кабинетіндегі  ұзын 
үстелді  жағалай  жайғасқан  бес-алты 
адам ыздиып отыр. Қабақтары қатулы, 
жүздерінде  ызбар  бар.  Студенттер  инс-
титутқа  ара-тұра  келіп-кетіп  жүретін 
облыстық  қауіпсіздік  басқармасының 
қызметкері Марат Байтасовты ғана та-
ныды, қалғандары бейтаныс. 
– Мына кісілер сонау Мəскеуден арнайы 
келіп отыр, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 
орталық  аппарат  қызметкерлері.  Кешегі 
шеруді  кім  ұйымдастырғанын  білгілері 
келеді,  ештеңені  жасырып-жаппай,  шын-
дық тарыңды жайып салыңдар! Егер, бірде-
ңені бүгіп қалатын болсаңдар, арты жақсы 
болмайды! – деп  бастады  сөзін  институт 
ректоры. – Кəне,  кім  не  біледі,  кезекпен 
айта беріңдер!
Ешкім  серкедей  суырылып  шығып, 
сөз  бастай  қоймады.  Алдын  ала  келісіп 
алғандай, бедірейіп-безерген қалыптарында 
үн-түнсіз тұра берді. Кескін-келбеттеріне 
қарағанда, Мəскеуден келген із кесушілер 
тым  ашулы  секілді.  Алдымен  шеттеу 
отырған көк көз, шикіл сары капитан ор-
нынан баяу көтеріліп,  алаңға шыққан
митингіде сөйлеген, ұрандар мен транс-
паранттар көтерген жастардың фотосын 
өздеріне жағалай көрсетіп шықты. Орта-
да жауар бұлттай түнеріп отырған ақ шаш-
ты  полковник  үстелдің  үстінде  шашылып 
жатқан  суреттердің  ішінен  біреуін  жұлып 
алды да, тұп-тура Қазақбайға жетіп барып, 
оның алаңда сөз  сөйлеп тұрған суретін көз 
алдына көлбеңдетіп:
 – Мынау кім? – деді сайқалдана.
– Мен. – Бұлтаруға дəрмен жоқ.
–  Иə,  сен...  Немістерге  неге  сонша 
өшіктің?
– Немістерге өшіккен кім бар? 
Мырс етіп миығынан күлген полков-
ник сұрақты нақтылай түсті: 
–  Онда неге алаңға шықтың?
–  Мен  алаңға  немістерге  өшіккен-
діктен  емес,  қазақ  жерінде  неміс  ав-
Ащы да болса...

№2    2015    А И АТ
72
72
тоно миясының  құрылуына  қарсы  бол-
ғандықтан шықтым.
– Оған неге қарсы боласың? 
– Мен Ерейментаулықпын. Бұл – ата-
бабаларымның  тарихи  мекені,  құтты 
қонысы.  Неге  бұл  жер  неміс  автономи-
ясына  берілуі  тиіс?  Соны  түсіне  алар 
емеспін.
– Онда сенің не хақың бар?
–  Неге  хақым  жоқ!  Керсінше,  жері-
мізді біреулерге бөліп беруге кімнің қан-
дай хақысы бар? 
–  Əй,  жігіт,  партия  шешімі  талқы-
ланбайды,  мүлтіксіз  орындалады.  Ал, 
оған  қарсылық  білдіріп,  алаңға  шы-
ғудың  аяғы  неге  апарып  соғатынын 
білесің бе, өзі?
– Мен бар болғаны өз көзқарасымды 
білдірдім.  Аузыма екі елі қақпақ қойыла-
тындай абақтыда отырған жоқпын ғой!
Орталықтан келген шенділер бір-біріне 
қарай қалысты. Жап-жас жігіттің сөз сапта-
сы ұнай қоймағаны сұстанған сұрларынан-
ақ ап-айқын көрініп тұр.
– Сен əлі жассың. Көп нəрсені аңда-
мауың мүмкін. Біреулердің ықпа лымен, 
айтақтауымен  сөйлеген  шығар сың. 
Шыныңды айт! Жағдайды онсыз да біліп 
отырмыз.  Плакаттарды,  транспарант-
тарды  кімнің,  қашан,  жатақхананың 
қай  бөлмесінде  жазылғанын,  матаны, 
сырды  кім  əкелгенін – бəрін  білеміз. 
Сондықтан,  жасырып-жабудың  қажеті 
шамалы. Одан да сені бұндай іс-əрекетке 
кім  тартты,  шеруге  шығып,  сөз  сөйле 
деп кім үгіттеді? Соны айт.
– Ешкім үгіттеген жоқ!
–  Демек,  алаңға  барып,  өз  еркіңмен 
сөйледің.  Бəрін  тындырып  жүрген  өзім 
дейсің ғой.
– Дəл солай!
–  Сен  қасарыспа,  ақылға  кел,  келе-
шегіңді ойла. Өмірің алда...
– Мұнымен не айтқыңыз келеді?
–  Қазір  институтта  тегін  білім  алып 
жатырсың.  Өзің  ойлап  көрші,  пар-
тия  саясатына  қарсы  шыққан,  оның 
шешімінің  орындалуына  наразылық 
білдірген  студентті  мемлекеттік  оқу  ор-
нында  қалдыруға  бола  ма?  Егер,  сені 
шығарып  жіберсе,  болашағыңа  түп-
тамы рымен  балта  шабылмай  ма?!  Ар-
ман-мақсаттарың  шіріген  ағаштай  от-
алмай ма?! Осыны ойладың ба?
– Менің митингіде айтқаным – айтқан. 
Оған өкінбеймін. Сол үшін оқудан шы-
ғарт саңыздар – шығартыңыздар. Бірақ, 
айтқанымнан ешқашан қайт паймын!
–  Сонда не істейсің?
–  Не  істеймін?!  Ерейментауға  кетемін. 
Ел іші ғой. Бір жөні болар...
Ол  Қазақбайға  сөзін  өткізе  алмасын 
сезді ме, оның сол жағында состиып тұрған 
Ерлікке қарай бұрылып:
– Ал, саған алаңға шық деп кім айтты? – 
деді қатқыл үнмен.
– Ешкім! – Қысқа қайырды.
Полковник  оған  ала  көзімен  ата  бір 
қарады да, Мақсатқа тақап келіп:
– Мүмкін саған біреу айтқан шығар? – 
деді қабағын кіржитіп.
– Айтты! – деді ол күмілжіңкіреп.
– Кім?
Үстелді  жағалай  отырған  шенділер 
де  құлақтарын  түре  түсті.  Студенттер  де 
жапатармағай  Мақсатқа  қарай  қалысты. 
Бірақ,  сабазың  сасар  емес,  айтатын  жа-
ңа  лы ғын  бұлдағандай  ерекше  маңғаз 
қалыпқа енген. Кімнің атын атар екен деп 
тағатсыз дана түскен полковник шыдай 
алмады:
–  Айта  ғой,  қорықпа! – деді  аузына 
түсіп  кететіндей  тықыршып.  Осы  кез-
де  ғана  есіне  бірдеңе  түскендей  кейіп 
танытқан Мақсат аспай-саспай:
– Өз жү-р-егім! – деді оң қолын жүрек 
тұсына апарып.
Жастар  ду  күлді.  Мазаққа  айнала 
бастағанын  сезген  полковниктің  жүзі 
қабарып, түтігіп кетті. Сонда да бір құ-
пия-сырдың  шеті  шығып  қала  ма  де-
ген  дəмемен  езулерін  жиып  үлгермеген 
студенттерді жұлқылай бастады:
– Əкең айтты ма? Əлде, ағаң үгіттеді 
ме?  Мүмкін,  шешең  бар  деген  шығар? 
Оқытушыларың жұмсады ма? Жоқ əлде, 
басқа біреулердің саяси тапсырмасы ма? 
– деген сықылды құйтұрқы сұрақтарды 
қойып  жатты.  Бірақ,  олардан  «Алаңға 
өзіміз  шықтық!»  дегеннен  басқа  мар-
дымды жауап ала алмады.
Өз ойын жүзеге асыра алмаған полков-
никтің жүйкесі сыр беріп, талағы тарс айы-
рылды:
– Сендерді құрту керек, көздеріңді жою 
керек! – деді зірк-зірк етіп.
– Олай бізді қорқыта алмайсыз! – деді 
Қазақбай оған отты жанарын тура қадап, – 
Думан РАМАЗАН. Алаң

№2    2015    А И АТ
73
73
Керек болса, ертең тағы алаңға шығамыз!
– Қазақ жері бөлшектенбейді, оған жол 
бермейміз! – деді Талап та тартынбай.
– Неміс автономиясын құрғызбаймыз! – 
деді Жігер де жігерленіп.
– Оқудан шығарсаңдар – шығарыңдар, 
жазаласаңдар – жазалаңдар, соттасаңдар – 
соттаңдар! Бірақ, жерімізді немістерге беріп 
қоймаймыз! – деді  Қайсар  да  қайсарлық 
танытып.
Амалы  құрыған  полковник  бұдан  əрі 
уақыт  созудың  құр  бекершілік  екенін 
түсініп, қолын бір сілтеді де:
–  Боссыңдар! – деді  дауысы  қатқыл-
данып, – Кімнің  ұйымдастырғанын  сен-
дерсіз-ақ  бəрін  біліп  аламыз.  Бірақ, 
ол  кезде  кеш  болады.  Егер,  ойларыңа 
бірдеңе  түсе  қалса  немесе  ойлансаңдар 
хабарласарсыңдар.  Еңбектерің  ескерусіз 
қалмайды, жазаларың да жеңілдей түседі. 
–  Біз  өзімізді  қылмыскер  санамаймыз! 
Жазамызды жеңілдететіндей, кімнің басын 
жарып, көзін шығарыппыз?!
Студенттер  қандай  құқайға  болсын 
дайын  екендіктерін  ұқтырып,  арттарына 
айтарлықтай  айбар  тастап,  кеуделерін  тік 
ұстаған қалпы шығып кетті. 
***
Сырттай  сыр  бермегендерімен,  жас-
тардың  жүрек  түкпірінде  «ертеңгі  күніміз 
не  болар  екен»  деген  күдік-күмəн  да 
жасырынып жатқан еді. Көңілдерінде алаң 
болғанымен, алған беттерінен қайтар түрлері 
жоқ. «Шешінген судан тайынбас» дегендей, 
«неде  болса  уақытында  көріп  алармыз» 
деген оймен белді бекем буынған. 
Əр күн санаулы. Абырой болғанда, 18-
маусым  тыныш  өтті.  Биліктен  ешқандай 
жауап  болмағандықтан,  студенттер  қарап 
жата  алмады.  Қимыл-қаракетсіз  ештеңе 
өндіре  алмасын  түсініп,  алға  қойған  мақ-
саттарына  жету  үшін  қолға  алған  істерін 
жалғастыра берді. Үгіт-насихат жұмыстарын 
тынбай  жүргізіп,  халықты  тағы  да  алаңға 
бастап шығуға даярланды.  
***
19  маусым  күні  сағат  тоғыздар 
шама сында  Ленин  көшесіндегі  «Мело-
дия»  дүкенінің  алдына  жұрт  біртіндеп 
жинала  бастады.  Шерушілерді  орта-
лыққа  жібермес  үшін  автобустар  мен 
жүк  көліктерін  кесе  көлденең  қойып 
тастаған.  Көпшілік  жабылып  кеп  ал-
дарында  тұрған  бір  машинаны  əрмен 
қарай күшпен итеріп жіберіп еді, аралық 
ашылды.  Сол-ақ екен, əупіріммен əрең 
тұрған халық облыстық партия комитеті 
ғимаратының алдындағы алаңға қарай 
лап  қойды.  Осы  кезде  «Есіл»  қонақүйі 
маңынан  қатары  қалың  тағы  бір  топ 
көрінді, қос қолдарына көтерген плакат-
тары мен транспаранттары бар. Əскери 
киім  киініп,  кеуделерінде  орден-медаль 
таққан ақсақалдар да бой көрсетеді. Дау-
ыс күшейткіш микрофонмен «Қазақстан 
бөлінбейді!», «Неміс автономиясы болма-
сын!» – деп  ұрандатып-ақ  келеді.  Олар 
жиналған жұртшылықты айналып өтті 
де,  тұп-тура  Кеңестер  үйінің  алдына 
келіп тоқтады. 
Алаңға 
халық 
лек-легімен, 
топ-
тобымен  келіп  жатыр,  жиналып  жатыр. 
Рес публиканың  түкпір-түкпірінен  осы 
қарсылық  шарасына  арнайы  ат  сабылтып 
келгендер  де  болды.  Целиноград  облысы-
на  қарайтын  Ерейментау,  Сілеті,  Целино-
град,  Атбасар,  Қорғалжын  аудандары  мен 
Павлодар,  Көкшетау,  Қарағанды  облыста-
рынан  ұйымдасқан  түрде  адамдар  келді. 
Олардың  басым  көпшілігі  қазақ  жастары 
болғанымен, өзге ұлт өкілдерінің де қарасы 
аз болған жоқ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет