Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды


жарлы бол,  ол кемшілік емес. Өнерлі ақын



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

жарлы бол,  ол кемшілік емес. Өнерлі ақын, 
асқақ əнші  болсаң – ел көңіліндегі  мұңды 
айтып, көзіндегі жасты тапсаң, сенен зор, 
сенен  қадірлі  болмасқа  тиісті»  –  деген 
сөздермен жеткізеді.  Бұл – ұлы Абай арманы, 
бұл – ұлы Мұх тар мақсаты. Уақыттың көшімен, 
ақыл-ойдың  аласапыран  ағынымен  жеткен 
сөз қадірі. Адамзат ғұмырының əділетсіздікке 
қарсы қолданар көп қарудың бірі, бас қаруы. 
Эпопеядағы өнер иесінің жұрт тəрбиесіндегі 
мəн-маңызын танытудың бір қыры да осында 
жатыр.
Роман-эпопеяда, жоғарыда айтқанымыздай, 
халықтың  ғасырдан  ғасырға  жалғасқан 
тұрмыстық, шаруашылық, дүниетанымдық,т.б. 
да сөздік қорының мол мұрасы қолданылған. 
Кемеңгер  жазушы  қазірде  архаизмге  айнала 
бастаған  сол  сөздерді,  олардың  мағыналық 
мəндерін ұлттық дəстүрмен, салтпен байланыста 
пайдалана отырып, ұрпаққа үлгі етіп ұсынған. 
Осының өзі-ақ қазақ халқының  бір ғасырлық 
мəдени дəстүрлері мен  салттарының əртүрлі 
даму  тарихын  қамтитын  роман-эпопеяның 
өлшеусіз құндылығын танытары анық. Өйткені, 
көркем мəтін өнердің бір түрі ретінде  – адамға, 
оның сезіміне əсер етеді. Көр кем шығарма 
–  автордың  өзі  үшін,  айналаға    өзін дік 
көзқарасын айқындаумен қатар, шығарма  
бастан-аяқ  «хабарлар  тасқыны»  ретінде 
оқушыға  жеткізіледі.  Көркем  мəтіндегі 
сөз – мəлімет, ақпар берудің негізі. Көркем 
дүниенің  эстетикалық  əсері  үнемі  бүкіл 
шығарманың өн бойынан табылуы қағида, 
аксиома.
Енді,  роман-эпопеядағы  осы  мəселеге 
қатысты мысалдарға назар аударсақ, ең алдымен 
байқалары,  қаламгердің  өз  туындысында 
тек  кейіпкер  бейнесін  ғана  сомдап  қоймай, 
сонымен  бірге  заттық  əлем  келбетін 
алдымызға  жайып  салатын  этнографиялық 
таным байлығының молдығы. Жалпы, мұны 
əдебиеттану  мен  фольклористикада    нақты 
қандай терминмен атау керектігі туралы мəселе 
енді-енді  көтеріле  бастады.  Сөйтіп,  əзірге, 
материалдық игіліктердің  əдеби шығармада 
таңбалануы ғылымда үш түрлі терминмен 
аталып  жүр:  интерьер  (фр.interieur-ішкі), 
пейзаж (жабайы табиғаттан басқасы) жəне 
портрет  (оның  құрамдас  бөлігі  болып 
табылатын: киім-кешек, сəндік бұйымдар, 
т.б.). Заттың көркем əдебиетте бейнеленуін 
орыс  əдебиеттанушысы    А.И.Белецкий  
«натюморт»  деп  атауды 1864 жылдары 
ұсынған  болатын,  бірақ,  бұл  термин  өз 
қолдаушысын таппады. Соңғы зерттеулерде 
табиғи  жəне  адам  қолымен  жасалған 
заттарды  бірлікте  алып  қарастыруға 
талпыныс жасалуда. Фольклордағы заттық 
əлемнің, яғни, шындық өмірдегі материалдық 
мəдениеттің  суреттелуі  «Қыз  Жібектегі» 
көштің, «Манастағы»  киіз  үй  жабдығының, 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосындағы 
этнографиялық этюдтердің реалистік тұрғыда 
Қ. МЫРЗАХАНҚЫЗЫ. Əуезов шығармашылығындағы ежелгі жыр-аңыздар

№2    2015    А И АТ
108
108
берілуінен  көрінсе, «Абай  жолы»  роман-
эпопеясында  осындай  заттық  атаулар  өте 
мол  ұшырасады.  Мəселен,  роман-эпопеяда  
ыдыс-аяқ  атауларынан  табақ,  кесе,  ожау, 
шөміш атауларының қолданылуының  өзінде 
тұрмыстық ерекшелік бар. Сондай-ақ, бауырсақ, 
еттің нанын сүзіп алатын ожаудың кəкпір, сүзгі, 
тесік ожау деген атттары болса, тұтқасы бар 
үлкен ожау түрінің қолбақыр, жаулау, бақыр 
деген атаулары да  шығармадағы тұрмыстық 
лексиканы құрайды. Табақ атаулының үлкен 
табақ,  ағаш  табақ,  тегеш,  леген  түрлерімен 
бірге  тостаған,  кішкене  тостаған,  шынаяқ, 
шелек, қасық,  жəне тағы басқа ыдыс атаулары 
шығармаға  арқау  болған [99]. Ыдыс-аяқ 
атаулының көптігі мен сан алуандығына қарай 
«Абай жолындағы»  кейіпкерлердің əлеуметтік-
тұрмыстық деңгейі анықталады. «Абай жолын-
да»  күйбең  тірішіліктің  сан  алуан  белестері 
естен  кетпес  сурет  қалдырып  отырады.  Сол 
тұмысты тану, білу арқылы кейінгі ұрпақ ұлттық 
тəрбие  алады.  Мəселен,  ыдыс-аяқпен  қатар 
сан алуан қазақтың ұлттық тағам атаулары да 
тұрмыстық  лексиканың  санатынан  шығады. 
Оларды сүттен жасалған тағам атаулары, еттен 
жасалған тағам атаулары, ұннан жасалған тағам 
атаулары деп өзара жіктеуге де болады. Сүттен 
жасалған  көптеген  тағам  атаулары  «Абай 
жолы» мəтінінде жиі кезігіп отырады. Олардың 
кейбірін атасақ: ірімшік, құрт, май, балқаймақ, 
қымыз, шұбат, сүзбе, қатық, торта май жəне 
т.б. Ұннан жасалатын тағам атауларынан: нан, 
күлше, жаппа нан, қиықша, бауырсақ, бəтер, 
жайма нан, кеспе, қаттама, шелпек деген атау-
лар қолданылады. Қазақ халқының тұрмысы, 
күн  көрісі  мал  шарушылығына  байлаулы 
көшпенді  халық  болғандықтан,  оның  бүкіл 
өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланы-
ста өтті.  Сол себепті автор шығармасындағы 
ет тағамдары, оларды  мүшеге бөлу жəне тағы 
басқа тұрмыстық атаулар ерекше мол пайда-
ланылады. 
Қорыта айтсақ, М.Əуезовтің «Абай жолы» 
роман-эпопеясында  фольклорлық  сюжет-
тер,  халық  мұрасының  ұлт  дəстүріндегі 
көріністерімен қатар, ұлттық құндылықтардың 
ел  өміріндегі  барлық  сипаттары  айшықты 
көркем тілмен жан-жақты бедерленген. 
Құралай МЫРЗАХАНҚЫЗЫ,
Абай атындағы Қазақ  ұлттық 
педагогикалық университетінің 
2-курс магистранты.  
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Əуезов М. Халық əдебиеті туралы// Жас 
қайрат, 1924, №3,4.
2.  Əуезов М. Əдебиет ескілігін жинаушыларға// 
Қазақ тілі, 1925, 23-көкек.
3.  Ташкентский  период  Мухтара  Ауэзова//
Панорама Шымкента, 1999, 25 ноября.
4. Ауэзова В. Первые годы //кітапта: М.Ауэзов 
в воспоминаниях современников. Алматы: «Жазу-
шы», 1997, -432 стр.
5. А.Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар 
жинағы. 1-том. Алматы: «Алаш», 2003, -380- бет.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ  МҮМКІНДІКТЕРІ
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашақтың 
іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Жолдауында 
[1]:  «Сапалы  білім  беру  Қазақстанның 
индустриалдық-инновациялық дамуының 
негізі  болуы  тиіс»  деп  атап  көрсетілгендей 
қазіргі  кездегі  білім  беру  жүйе сі  əлемдік 
өр ке ниет  көшіне  сай,  жан-жақты,  ақ парат-
тық-коммуникациялық, соның ішінде мульти-
медиалық  технологиялармен  қамтамасыз 
етілуі керек. Қазiргi таңда дидактикалық оқыту 
жүйе лерiн қалыптастырудың  перспективалық 
бағыттарының  бiрi – мультимедиалық  тех-
нологияларды  оқыту  процесiнде  пайдалану. 
Оқытуда  мультимедиалық  технологияларды 
пайдаланудың  теориялық  жəне  практикалық 
аспектiлерiн  Ю.Н.Егорова [2], дидактикалық 
аспектiлерiн Н.В.Клемешова, тұжырымдамалық 
аспектiлерiн  О.Г.Смолянинова, орта мектептiң 
информатика,  математика  пəндерiн  оқытуда 
мультимедианы  пайдалану  əдiстемесiн 
С.С.Кравцов, Т.Г.Пискунова, жоғары оқу орын-
дарында  студенттердiң  өзiндiк  жұмыстарын 
дамытудағы мультимедианың мүмкiндiктерiн 
Д.Э.Френки,  студенттердiң  болашақ  кəсiби 
iс-əрекетiнде  мультимедиалық  технология-
ларды  пайдалану  даярлығын  қалыптастыру 
мəселелерін  О.Г.Смолянинова,  О.В.Лобач, 
А.И.Гридюшко,  Е.Я.Шипнягова,  жоғары  оқу 
орындары оқытушыларының оқу-əдiстемелiк  iс-
əрекетiнде мультимедианы пайдалану əдiстемесiн 
Т.Ю.Волошинова,  В.Г.Казаков,   мультимедиалық 
оқыту кешендерiн бағдарламалық  жабдықтау  
жолдарын   И.В.Голубятников секілді ғалымдар 
өз  еңбектерiнде зерттедi.
Бiлiм  беру  жүйесiнiң  жаңа  талаптары 
мен  жоғарыдағы  ғалымдардың  зерттеу 
Ғалым мінбері

№2    2015    А И АТ
109
109
еңбектерiнiң  нəтижелерiн  ескере  отырып, 
мынадай тұжырымға келуге болады: үздiксiз 
бiлiм  беру  жүйесiн  жетiл дiрудiң  негізгі 
бағыттарының бiрi ретiнде муль тимедиалық 
технологияларды  қолдану  бүгiнгi  күннiң 
басты талабы. Сондықтан да, оның техни-
калық жəне дидактикалық мүмкiндiктерiн 
дамыту,  онан  əрi  зерттеу  маңызды  болып 
табылады.
Ең алдымен, ұлы дидактик Я.А.Коменский 
«Алтын ережеге» балаған көрнекілік ұстанымы-
ның  талаптарына  толық  жауап  бере  алатын 
мультимедиалық  технологиялар  ұғымдарын 
қарастырайық.  Олай  болса  мультимедиа 
ұғымына талдау жасап көрейік. Мультимедиаға 
зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi: 
Мультимедия – əр түрлi типтi ақпараттарды 
компьютердiң ұсыну мүмкiндiгiн дамытатын    
жəне  адамның  мультисенсорлық  табиғатына 
негiзделген технология (D.Little).  Мультиме-
дия - екi не одан да көп типтi ақпараттарды 
интерактивтi формада бiрiктiру (D.H.Jonassen). 
Мультимедия - əртүрлi формада ұсынылған 
ақпараттарды  бiрiктiруге  мүмкiндiк  беретiн 
ком пьютердiң аппараттық жəне бағдарламалық 
құралдары кешенi (И.И.Косенко). Мультимедия 
-  графика,  гипермəтiн,  дыбыс,  ани мация, 
бейнемəлiметтердi  пайдалануға  мүм кiн-
дiк  туғызатын  аппаратты-бағдарламалық 
құрал  (И.Вернер).  Мультимедия  терминi 
латын  тiлiнiң «multy» (көп)  жəне «media» 
(орта) деген сөзде рiнiң бiрiгуiнен құралған. 
Сондықтан  да,  мульти медиалық  жүйеге 
арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi 
саралай келе  бұл   терминге «ақпараттық 
орта»  деген  мағына  беруге  болады.  Ал, 
ақпараттық орта түсiнiгiн белгiлi бiр ортада 
ақпараттық  технологияларды  пайдалану 
арқылы  ақпаратты  ұсыну  мен  өңдеуге 
бағытталған  арнайы  ұйымдастырылған 
процесс деп қабылдай аламыз. 
Мультимедиалық  технологиялар  –  əр 
түр лi  типтi  мəлiметтердi  дайындау,  өңдеу, 
бiрiк тiру, ұсыну əрекеттерiн аппараттық жəне 
бағдар ламалық жабдықтарды пайдалану арқылы 
жүзеге асыратын технологиялар (əдiстер мен 
тəсiлдер) жиынтығы.
Бiлiм берудегi мультимедиа – бiрiншiден, та-
ным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, 
екiншiден, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi 
формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-
бағдарламалық  құрал.  Мультимедианың 
бағдар ламалық құралдары – кез келген типті 
ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға 
мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық 
жабдықтары. Мультимедиалық ресурстар – 
мультиме диалық құралдар жəне арнайы бағдарла-
малық  жабдықтар  көмегiмен  дайындалған 
ақпараттық өнімдер. Мультимедианың дамуы 
бейнетехникалық  жəне  дербес  компьютерлiк 
технологиялардың  өркендеуi  нəтижесiнде 
жүзеге  асуда.  Мультимедиа  статикалық 
(мəтiндiк, кестелiк, графиктiк), дина ми калық 
(анимациялық,  бейнелiк)  жəне  дыбыстық 
ақпараттарды талапқа сай дəрежеде ұсынуды iске 
асырады. Мультимедиалық технологияларды 
пайдалану негiзiнде жүргiзiлетін оқыту əдiсi 
оқытудың  тео риясы  мен  технологиясын  бiр-
бiрiмен байла ныс тырып отыруды қажет етедi. 
Əрбір  оқытушы  өзінің  педагогикалық 
қызметін  жоғары  деңгейде  көрсетуі  үшін 
мультимедиалық технологияларды пайдалана 
білуімен  қатар,  сол  аталған  технологиялар-
ды  тікелей  оқыту  процесінде  қолданудың 
қажеттіліктерін анықтай білуі керек. Бірінші 
қажеттілік – дəстүрлі оқыту əдісінде тəжірибелік 
дəлелдеулері  жүзеге  асырылуы  мүмкін  емес 
заңдылықтар  мен  теорияларды,  ұғым дарды, 
макро жəне микроəлем жөніндегі түсініктерді, 
пəнаралық  байланыс  сипатындағы  күрделі 
оқу  материалдарын  оқыту  үшін  студенттер 
мен оқушыларда қажетті білімдер жүйесінің 
болуы.  Екінші  қажеттілік – студенттер  мен 
оқушыларда репродуктивті дағдының қалып-
тасуы. Мұндай қажеттілік оқу экспе риментін 
жобалау, оқу мазмұнына қатысты мəліметтерді 
жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау секілді іс-əре-
кеттер кезінде байқалады. Үшінші қажеттілік 
–  студенттерде,  оқу шыларда  шығармашалық 
(креативтілік)  дағ дының  қалыптасуы.  Бұл 
қажеттілік күрделі есеп терді шешу, зертханалық 
эксперименттерді жүргізу, объектіні модельдеу,  
қандай да бір про цестің өтуіне əсер етуші фак-
торларды анықтау кезінде байқалады. Төртінші 
қажеттілік – студенттер  мен  оқу шыларда 
белгілі бір тұлғалық сапаның қалып тасуы. Бұл 
қажеттілік əлеуметтік мəселе лерді шешу арқылы 
жас жеткіншектерді адамгер шілік ке, ізгілікке 
тəрбиелеу  кезінде  көрініс  береді.  Жастар да 
тұлғалық сапаның болуы оның қоғам алдында 
жауапкершілігін күшейтеді.
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде 
əртүрлі  типті  ақпараттарды  ұсынушы  кез 
келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. 
Атап  айт қанда:  дыбыстық  құралдар (CD-
ойнатқыш, магнитофон т.б.); телерадио жүйелері 
(телеқабылдағыш,  радио қабылдағыш,  оқыту 
теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.); проекциялық 
құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық 
проектор,  оверхед  проектор,  бейнепроектор, 
интерактивті  проектор);  интерактивті  тақта; 
ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу 
құралдары, ксерокс, ризограф); компьютерлік 
құралдар; телекоммуникациялық жүйелер мен 
желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық 
желілер т.б.) [7]. Сонымен қатар, мультимедиалық 
технология лардың таным процесін жетілдірудің 
тиімді құралы ретінде қарас тырып кетейік.
А. ЗƏБІРОВА. Білім берудегі мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері

№2    2015    А И АТ
110
110
Білім беруде қолданылатын тиімді əдістердің 
бірі – ақпарат  берудің  сөздік-логикалық 
жəне  көрнекілік  тəсілдерінің  үйлесуі,  яғни, 
оқытушының  сөзбен  түсіндіруінің  сəйкесті 
көрнекі  құралдармен  бекітілуі.  Үздіксіз 
монотонды  əңгіме  тыңдап  отыр ған  адамның 
назары  тітіркендіргіштің  бір кел кілігінен – 
сөйлеушінің  даусынан 20 минуттан  кейін-ақ 
басқа  жаққа  ауа  бастайды  екен. Егер, əңгіме 
қандай да бір объектілерді көрсетумен қатар 
жүрсе,  естумен  қатар  көру  анализаторы  да 
жұмыс жасайды.  Адамның көз алдына көр некі 
образдың пайда болуы ұсынылған мате риалды 
толықтай меңгеруге септігін тигізеді. Көрнекілік 
əдіс «жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» 
деген  нақылдың  бекер  айтылмағандығын 
айқындай түседі. 
Мультимедианы пайдаланудың артық-
шы лығы мынада: мысалы, кескін немесе 
сурет – адамның ой-санасында белгілі бір 
бейнені,  ұғым-түсінікті  қалыптастыруға, 
мəтін жəне дыбыс – қозғалыстағы бейнелік 
əрекетті онан əрі дамыту негізінде образдың 
ішкі  болмысын  аша  түсуге,  музыка – 
эмоционалдық  көңіл-күйдің  көтерілуіне 
əсер етеді.
Қорыта айтқанда, таным процесінің заңды-
лық тарын зерттейтін таным теориясының атқа-
ратын мынадай міндеттерін оқыту процесінде 
мультимедиалық технологияларды пайдалану 
арқылы  түсіндіруге  болады:  объектінің 
болмысын,  даму  заңдылықтарын  ашып 
көрсету; объектінің ішкі табиғатын ашу арқылы 
оның  болашақтағы  даму  бағытын  айқындау; 
объектілерді зерттеу жөніндегі ғылыми сала-
ның дамуына ықпал жасау; заңдылықтардың 
практикада қолданылуын ұғын дыру т.б. [8].
Зерттеу шілердің пікірі бойынша дəстүрлі 
оқу əдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру 
арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал, 
мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарла-
масы көмегімен берілген материалдың 75%-ы 
есте сақталады екен. 
Қорытындылай  келе,  мультимедиалық 
техно ло гиялар: əрбір пайдаланушының қабілеті 
мен ерекше лігін ескере отырып, олардың оқу 
мотивациясын  арттыруға  септігін  тигізеді; 
түрлі  типті  ақпараттарды  біріктіріп  ұсыну 
арқылы оқытудың интерактивтілік ұстанымын 
қамта ма сыз  етеді,  өйткені,  əр  түрлі  типті 
ақпаратты пайдалану адамның əр түрлі сезім 
мүшелері арқы лы оқу материалын жан-жақты 
қабылдауына ықпал етеді; нақты, күрделі де 
қиын, белгілі көлемде шығын мен ұзақ уақытты 
қажет ететін экспериментті модельдеуді жүзеге 
асырады; құбылыстар мен процестерді динами-
када көрсету арқылы  абстрактілі ақпараттарды 
көрнекі тұрғыда ұсына алады; макро жəне микро 
əлемдегі  нысандарды  визуалдауға  мүмкіндік 
береді;  бiлiм  беруге  жұмсалатын  шығынның 
азаюына ықпалын тигізеді.
Аяулым ЗƏБІРОВА,
      Қазақ Халықаралық қатынастар 
жəне əлем тілдері университетінің 
магистранты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашақ тың 
іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы.
2. Егорова Ю.Н. Теоретические и практические 
аспекты мульти-медиа-технологий: монография.-
Ч.:НАНИ ЧР, 2000. -189 с.
3. Little D. Іnteractive video and the control of 
learning. Educational technology. 1991. P.7-15.
4. Jonassen D.H. Computer in the classroom. 
Englewood cliffs: Prentice Hall. 1996.
5.  Косенко  И.И.  Изучение  мультимедии  в 
процессе подготовки учителя информатики: дисс. 
канд.пед.наук. -Москва, 1999, -119с.
6.  Вернер И. Все о мультимедии. Уч.пособие.-
Киев:BHV, 1996. -157c.
7.  Досжанов  Б.А.  Тұлғаның  танымдық  іс-
əрекетін  мультимедиалық  технологияларды 
пайдалану арқылы дамыту. Қ.А.Яссауи атындағы 
халықаралық қазақ-түрік университетінің хабар-
шысы.  –Түркістан. 2007. -№3. –Б.176-180.
8. Досжанов Б.А. Мультимедиа жəне оның тех-
ни калық құрамы. Оқу құралы. –Қызыл орда: ҚМУ, 
2004, -81 б. 
КҮҢ  ОҚИҒАСЫ
Ұлы Жаратушының жаршысы Мұхаммед  
ислам  ақидасының  негізін,  мəн-мағынасын, 
мақсатын, діндегі алар орнын баяндап толық 
жеткізді. Үзеңгілес серіктері – сахабалары да 
ислам ақидасының саф күйінше сақталуына, 
толық, əрі дұрыс насихатталуына бар күшін 
салды.  Олардан  кейінгі  ақжал  толқын 
табиғиндер жəне таба-табиғиндер, сондай-ақ, 
ислам ғұламаларының да ат салысуымен осы 
хақ  сенім  құдыретімен  бүгінгі  күнге  дейін 
сақталып, «əһлү сүнна уал жамаға» ақидасы 
болып бекіді. Ал, Хақ Елшісі  қалыптастырған 
ақида  шеңберінен  шығушылардың  пайда 
болуына  əртүрлі  саяси  топтардың  ортаға 
шығуы, ислам қоғамы шекарасының кеңеюі, 
сан алуан ұлттардың исламға кіруі əсер етті. 
Мұн дай келеңсіздік һижраның алғашқы жүз 
жылдығында пайда болды. Мұсылмандардың 
арасында  көтерілген  халифат  мəселесі  де 
олардың  өзара  бөлінуіне  жол  ашты.  Бұл 
Ғалым мінбері

№2    2015    А И АТ
111
111
бөлінушілік саяси жағымен шектеліп қалмады, 
мұсылмандардың сенімі тұрғысынан да бөлінуге 
əкеп соқты. Осы орайда қазіргі таңдағы өзекті 
мəселеге  айналған  күң  оқиғасы  туралы 
хадистегі  «Алла  қайда?»  деген  сауалдың 
ас та рын,  қан дай  мəнде  айтылғандығын, 
сондай-ақ, сол хадистің өзін хадис ғылымы 
тұр ғысынан кеңі нен тоқталмақпыз. «Күң 
оқиғасы» туралы хадисінің 7-түрлі тізбекпен 
келіп, хадис іліміндегі дінімізді таза сақтап, 
жалған хабарлардың еніп кетуінен қорғау үшін 
негізделген  «Ғилму  риуаяһ»  жəне  «Ғил му 
дираяһ» шарттарына сəйкес – əлсіз «дағиф», 
рауилерге қарама-қайшы «Шəз» жəне «Мұд-
тариб» хадис болып табылады. 
Ислам ғұламаларының күң оқиғасы туралы 
хадис мəтінінің жеткізу жолдарына көз жүгіртіп, 
хадистің дəрежесін зерттеп, саралай отырып, 
салыстырып көрелік: Муслимнің жинағында 
Мағауия Ибн əл-Хакам əс-Сулламиден: 
1.  «Қойларымды  Ұхұд  пен  əл-Жаууания 
таулары арасында жаятын бір күңім бар еді. 
Бір күні жайып жүрген қойларының біреуін 
қасқырдың сүйреп бара жатқанын байқадым. 
Мен де адам баласымын ғой, ел секілді мен 
де ашуланып, қайғырамын. Əлгі күңімді бір 
қойдым. Содан соң Пайғамбарымыздың жаны-
на келдім. Болған оқиғаны айтып бергенімде, 
Ол маған бұл істің үлкен күнə екенін айтты. 
Мен: «Уа, Алланың Елшісі! Күңімді азат етейін 
бе?», – дедім.  Ол маған: «Күңіңді алып келші», 
– деді. Сөйтіп, мен күңімді Пайғамбарымызға 
алып  келдім.  Пайғамбарымыз    оған: «Алла 
қайда?», – деп  еді,  ол: «Аспанда», – деп 
жауап берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?», 
–  деді.  Ол: «Сіз  Алланың  Елшісісіз»,-деп 
жауап берген болатын. Бұл рауилерге қарама-
қайшы «Шəз» хадис тұрғысында Əбу Фадл 
Бин  Сиддиқ  «Əл-Фауаид  əл-Мақсуда  фи 
Баян  Ахадис  əш-Шаза  əл-Мардудə»  атты 
еңбегінде:
Ислам  ғұламалары  бұл  хадисті  «Шəз» 
деп  қарастырған-ды.  Өйткені,  бұл  хадистің 
мағынасы  пайғамбарымыздың    жолмен 
жеткізгендеріне қайшы келеді. Пайғамбарымыз 
Исламды  қабыл дағысы  келген  адамнан – 
кəлима  шаһадатты  сұрайтын.  Егер  де,  осы 
екі сөзді қабылдаған кезде, онда ол Исламды 
қабылдағаны дейтін.
2.  Муаттада  келген  Убайдауллаһ  Ибн 
Утба Бин Масғудтан
Ансарлардан  болған  бір  кісі  пайғамба-
рымызға қара күң əйелді алып келіп: «Маған 
бір құлды азат ету міндет», – деді. Сонда: «Егер 
де, оның мұсылмандығына көзің жеткен болса, 
онда босат», – дейді. Сонда Алланың Елшісі 
құлға:  Алладан  басқа  тəңір  жоқ  екендігініе 
күəлік етесің бе? Йə,–деді. Мұхаммед Алланың 
елшісі екеніне күəлік етесің бе? Йə,–деді.
Сонда,  Алланың  елшісі: «Оны  босат»,-
деді.
Əл-Хафиз  Əбу  Исмағил  əл-Һарауи 
«Арбағин  фи  Дəлəил  Таухид» (Таухиттің 
40  дəлелі)  атты  еңбегінде  Сағид  Бин  əл-
Марзабаннан, Икримадан, Ибн Аббастан:
Бірде  пайғамбарымызға  қара  күң  əйелді 
ертіп  алған  бір  кісі  келіп: «Бір  құлды  азат 
қылуым керек, мына құлды азат етсем, міндетім 
мойнымнан түсе ме?»,–деп сұрады. Сонда Ол: 
Алла қайда?,–деп сұрады. Аспанға саусағын 
қаратып  тұрып: «Аспанда»,–деген  болатын. 
Сосын: «Мен кіммін?». Сіз Алланың елшісісіз,–
деген болатын.  Сосын пайғамбарымыз: «Оны 
босатыңдар»,-деді.
Бұл «Шəз» жəне «Дағиф» (Əлсіз) хадис. 
Өйткені, тізбектегі Сағид Бин əл-Марзубан – 
мəтрук хадис, яғни жалған хадиспен айыпт-
алғандықтан  хадисі  қабылданбайды.  Ал, 
мə трук дегеніміз – тізбегінде жалған дықпен 
айыпталған рауиі бар хадис [1/266-б.]. Ха-
дистану  ғылы мына  сай  хадис  жеткізуші 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет