ЭПИТЕТ (грекше- epіthetіon-қосымша). Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрін э п и т е т дейді.
Мысалы: Сұр бұлт, түсі суыққаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
(Абай ).
Алатау қаусырма өркеш шөгіп жатты,
Алабын ақ шудамен бүркеп жауып.
Арда өскен асауаңдар аясында,
Асыр сап ойнап жатты ауық-ауық.
( Ә.Тәжібаев).
Тұрақты эпитет. Тұрақты эпитет деп, көпшілігіне сол нәрсеге тұрақталып бекілген эпитеттерді айтады
Мысалы: Қызыл ту, шұбар төс , сұр жебе, бүлкілдеген бұлшық ет,
қызыл сырлы жебе.
Эпитет болатын сөз таптары: 1. Сын есім (ақшыл бұлт, ащы дауыс, қыпша бел, қарақат көз)
2. Зат есімдер: (күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз )
3. Есімше: (қайнаған қан, жайнаған күн, күрсінген жүрек)
4. Көсемше: (гүлденіп өскен, аймалап сүю, тістеніп сөйлеу)
Нәрсенің жай қалпын, сынын білдіру үшін қолданылған сөздер эпитет емес, сын есім не анықтайтын сөздер ғана болады.
Эпитет сияқты көрінсе де, эпитет болмайтын сөздер:
Әуеде ұшып жүрген қара қарға,
Үй жанында жүретін ала қарға.
... Ішінде көп сиырдың қасқа сиыр.
Осындағы қара, ала, қасқа деген сөздер - сын есімдер.
Осы аталған сөздер екінші бір жерде эпитет болады.
Мысалы: Ақ қағаз, қара сия, қалам алдым...
Жұп - жұқа ала бұлттар күнді ұзартты.
Мұндағы ақ, қара, жұп-жұқа сөздері жай қалыпты білдіру үшін емес, сол нәрсенің әсерін күшейтіп, көріністі көзге елестету үшін, образ жасау үшін қолданылып отыр.
Адасқан күшік секілді,
Ұлып жұртқа қайтқан ой.