Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


Түріктердің латын графикасына көшуі реформасы



бет12/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Түріктердің латын графикасына көшуі реформасы

Ф.ғ.к., доцент Cултанова Б.


Мұстафа Кемал Ататүрік ХХ ғасыр басында Түркияда мемлекеттің негізін қалап, жауларды Түркияның жерінен тазартты. Əскери адам болса да, жаңа мемлекетті заманауи, зайырлы, өркениетті, ұлттық мемлекет ретінде қалады. Ататүріктің идеялары осы күннің өзінде əлі күшін жоймай келеді. Əуел баста мемлекеттің негізін дұрыс қалағандықтан болар, жасаған реформалары мен еңбектері бүгінде Түркияны əлемде экономикасы дамыған, мəдениеті жоғары, мұсылман ел деңгейіне жеткізді. Ұлттық мемлекетті білмейтін, діни феодалдық, таптық негізде қаланған Осман империясының негізінде Түрік ұлтының мəдениеті мен рухани құндылықтарына негізделген біртұтас унитарлық, ұлттық мемлекеттің негізін жасады. Оның айналасында тілшілер, фольклортанушылар, тарихшылар көп болған. Түртіп, жазып қойған кітаптарының өзі 4 мыңнан асқан [1]. Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік ұлты үшін жасаған ең маңызды реформаларының бірі жазу (əліпби) ауыстыру болды. Дегенмен Осман империясы кезіндегі түріктік тіл мен əдебиеттің өз заманына сəйкес дамып жетілгенін, қазіргі түрік əдеби тілі мен жазба əдебиетінің кемелденуіне зор үлес қосқанын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Соңғы жылдарда осы əлемдік империяға қарсы, түрік жəне мұсылман тарихындағы осы ең үлкен əрі ең ұзақ билік жүргізген мемлекетке қарсы саясатшылар тарапынан ауыр кінəлар тағылуда. Алайда тарих саяси баяндамаларға емес, мұрағатқа сүйенеді. Ұлт тарихын, ұлттық тіл тарихын зерттеп-зерделегенде сол кезеңде өмір сүрген басқа мемлекеттермен салыстыру керек екені ғалымдар тарапынан мойындалған. Стамбул, Анкара қалаларындағы ғалымдармен кездесу барысында анықталған ақпараттар бойынша Түркияда латын графикасына көшуге саяси, экономикалық, мәдени, лингвистикалық, қоғамдық-әлеуметтік жайттар себеп, түрткі болды. Түріктің араб графикасына негізделген жазуына реформалар жасау мәселесі, оның қолайсыздығы туралы пікірталастар Түрік Республикасы жарияланбай тұрғандағы Осман империясының кезінен бастап көтерілген. Кейіннен осы идеяны ұстанған басқа ғалымдар да түрік тілінің араб графикасын реформалаудан гөрі одан мүлде бастартып жаңа жазу латын жазуына көшуді оңтайлы деп табады.


Түркияның министрлер кеңесі 1928 жылдың 28 маусымында «Алфавит жөніндегі комиссия» құрып, ол 8 және12-шілдедегі өзінің отырысында латын графикасына негізделген жаңа түрік әліпбиін қабылдайды. Бұл «Әріп революциясы» деп аталатын қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы М.К.Ататүріктің жүзеге асырған маңызды реформаларының бірі болды деуге болады. Оның басты себебі Түркия Республикасының өз даму бағытында батысты бағдарға ұстағанынан, яғни батыстың мемлекеттік моделін негізге алғанынан және көршілес Еуропа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынасты орнатуды көздеуінен шығады. Дәстүрлі жазу графикасын жаңа әліпбиге ауыстыруға саяси факторлар басым себеп болды. Мұның дәлелі ретінде профессор Ертем Рейкін «Біз тек әліпбиде ғана араб дәстүрінен батыс дәстүріне өткен жоқпыз, біз бұл бағытты жүйелі ұстандық, күнтізбемізді де, уақытты өлшеуді де (сағатты), өлшем бірліктерді де, тіпті кейбір атауларды да араб үлгісінен батыс үлгісіне ауыстырдық» дейді (мысалы, түрік тілінде «мәдениет» еді, қазір «кültür»). Түркі дүниесінен алшақта Еуропаның ортасында отырған жаңа республиканың экономикасының қарқындап дамуы үшін көршілес батыс елдерімен тығыз қарым-қатынас орнату үшін латын негізді жазуға көшудің маңызы зор болды. Бұл жаңа әліпбиге көшудің экономикалық жағын анықтайды.
Ататүріктің тілдік реформасының арқасында араб-парсылық дыбыстардан арылып, түрік тілінің табиғи дыбыстық жүйесіне негізделген жаңа əліпбиі жасалып, түрік халқының ежелден келе жатқан ауызша əдеби тілдік нормаларын қайтадан қалпына келтіру арқылы дамудың жаңа бағытына түсті. Осман империясы кезіндегі түрік жазба əдеби тілінің қазіргі түрік əдеби тіліне екі жақты əсерін тигізді. Жағымды əсері дегенде – ерте кезден бері ауыз əдебиеті үлгісінен қол үзбей келе жатқан алуан түрлі сөз өрнектерінің, сөз қолданыстарының османдық түрік əдеби тілі арқылы қазіргі түрік халқының жазба əдеби тіліне ауысып орнығуы болса, теріс əсер дегенде – түсініксіз, түрік тіліне сіңбеген араб-парсы сөздерін ретсіз көп қолдану жəне соның зардабының күні бүгінге дейін сақталып келе жатуын айтуға болады. Османдық түрік жазба əдеби тілі элементтерінің қазіргі түрік əдеби тіліне ауысып орнығуының ең негізгі себебі – сол дəуірдегі əдеби жазба материалдарда сақталған дəстүрді тарихи мұра ретінде пайдалануға еріксізден-еріксіз баруға тура келетіндігімен түсіндіре аламыз. Ал бұл əрекет сол кезеңдегі қолданыста болған сөздердің ғылыми айналысқа түсіп, жалпыхалықтық түрік əдеби тілінен өз орнын табуына мүмкіндік берді. Оған кейбір сөздердің əуелде көнерген сөздер (архаизмдер мен историзмдер) ретінде тіркеуге алынып, кейін жаңа ұғымға атау болып, жаңаша қолданысқа ие болуы дəлел. Сондай-ақ Осман империясы кезіндегі түрік əдеби тілінің ықпалын қазіргі Түркия Республикасының ресми іс қағаздары мен эпистолярлық жазба тілінен, солардағы сөз саптау үлгілерінен, əсіресе көркем əдебиет тіліндегі көркемдеуіш тəсілдер жүйесінен айқын аңғаруға болады. Осман империясы кезіндегі əдеби шығармалардың тілі мен көркемдігіне жəне мазмұнына тереңірек бойлап қарасақ, дін-ислам ұстанымының басым күйін байқаймыз.
Тілдік фактор. Әрине, қазіргі ақпараттар заманында жазу-сызу тілдің ең бір күрделі мәселесі болып саналады. Осыны сезінген түрік ғалымдары семит-хамит тобындағы араб тілінің ерекшеліктерін толық көрсете алатын араб графикалы жазудың түрік тілі дыбыстық жүйесіне икемсіз екенін, оның үстіне осы жазу тұрғанда, олар ешқашан Осман империясының реакциялық әсерлі құбылыстарынан құтыла алмайтынын сезінді. Елдегі саяси, экономикалық жағдайлардың қыспағымен аталған тілдік проблемалардың шешімі радикалды түрде жүзеге асырылып, тіптен жаңа әліпбиге көшу туралы көзқарастар жеңіп шықты.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде түрік тіліне, əдебиеті мен мəдениетіне, жалпы түріктік рухани дамуға Мұстафа Кемал Ататүрік пен ол бастаған жас түріктердің ықпалы күшті болды. Олар оған `(түріктік рухани əлемге) реформа жасап, дамудың жаңа бағытын қалыптастырды. Солай дегенімізбен, османдық жалпыхалықтық əдеби тіл мен жазба əдебиет қазіргі түрік поэзиясы мен прозасынан жаңғырық тапты. Оған өзінің көркем-эстетиканың əсерін тигізіп, қазіргі түрік əдеби тілінің қалыптасып өркендеуі мен жазба əдебиетінің шыңдала түсуіне ықпал етті. Қандай ұлттық тіл мен əдебиеттің кемелденуі жазба əдебиеттің дамуымен тығыз байланысты екені шындық. Ұлттық тіл мен əдебиеттің жаңа деңгейге көтерілуі, кемелдікке жетуі – көне заманнан бері көптеген ойшылдарды толғандырып келген мəселе. Ұлттық əліпби мен жазуды дамыту арқылы жаңа сапаға ауысу, жаңа сипаттағы əдебиетке көшу – көптеген саяси-экономикалық, қоғамдық-əлеуметтік факторларға байланысты. «Тіл – тарихи категория. Ол өзінің ішкі даму заңдылығы бойынша өрбиді, дамиды, жетіледі. Ешқандай саяси əлеуметтік формацияның ықпалына бағынбайды, бірақ əрбір заман-дəуірде өз халқының өмірімен бірге өседі, онымен бірге қайнасып, бірге күн кешеді. Ел басынан өткен өзгерістер таңба басқандай болып жазылып қалады. Тіл – халықтың тарихы, халық – тілдің анасы» [2, 5 б.] деген пікірдің алғашқы екі жолымен санасcақ та, тілдің ішкі даму заңымен қатар, сыртқы сан алуан себептердің де тілге тигізер əсерін жоққа шығаруға боламайды. Түрлі сыртқы себептердің ықпалынан ұзақ уақыт өте келе, кез келген тіл өзгеріске ұшырайды. Сондай сыртқы əсерлердің ықпалын басынан өткерген тілдердің бірі қазіргі түрік тілі екені рас. Көп зерттеушілер айтып-жазып жүргендей, ұзақ жылдар бойы, əсіресе Осман империясы кезінде түрік тілі араб-парсы тілінің зор ықпалында болғаны кімге де болсын жасырын емес. Оның ең басты себебі, сол дəуірде түріктік ұлттық əліпби мен жазудың (графика) араб жазуына негізделгендіктен еді. Жазу қай елдің əліпбиіне (алфавитіне) негізделсе, сол елдің білімғылым сөзі (ғылыми-техникалық терминдер), саяси-қоғамдық лексикасы азды-көпті жұғысты келетіні де шындық. Қай ұлт, мейлі, кімнің əліпбиін қабылдаса да, өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тілдік зандылықтары бойынша төл дыбыстарын, дыбыс тіркесімдерін (сөздерін) таңбалау, жазу, оқу, айту үшін алады. Бұл – заңдылық. Осыны дер кезінде пайымдаған Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, «Дұрыс еміле (графика мағынасында) мен қате емілені айыруға, менің ойымша, былай қарау керек шығар: тіл табиғатына қарай емілені ыңғайлау ма? Жоқ еміле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, еміле – жазу үшін шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса, тілді бұзып емілеге ыңғайлау емес, емілені тілге ыңғайлау керек, тілдің табиғатына қарамай зорлап, емілеге таңып байласа, қытай қатындарының аяғы болып шығады» [3, 395 б.]. Қытай əйелдерінде аяғым кішкентай болса, ақсүйектілікті білдіреді деген түсінік бар. Соған байланысты қытайдың қыздары сəби шақтан тар аяқкиім киіп, өзін-өзі ұзақ жүре алмайтын кемтарлыққа ұшыратады екен. Ахмет Байтұрсынұлы соны меңзеген. Əдетте, қай тілге болсын жат дыбыстар өз бетімен жеке-жеке кіре алмайды. Олар тек бөтен сөздер арқылы сол сөздердің түпкі иесі қалай айтып-жазса, сол қалпында екінші тілде де солай болуы талап етілген жағдайда ғана орныға алады. Осыны ескермеген түрік қоғамы сан ғасырлар бойы өздеріне мүлтіксіз қызмет етіп келген тілдерін Осман империясы дəуірлеп тұрған кезде арабшалап, парсышылап алып, өздерінің жазған-сызғандарын жалпыхалықтық түрік тілінен алыстатып алғаны тарихтан белгілі.
Латын әрпіне дайындық, өту кезеңі және одан кейінгі тілдік жағдаят. Дайындық кезеңінде Ататүріктің басшылығымен 1928 жылдың 28 маусымында «Алфавит жөніндегі комиссия» құрылып, ол: латын графикасына негізделген жаңа түрік әліпбиін қабылдайды; жаңа грамматиканың жобасын жасайды; осы жобаларды қолданысқа енгізу жолдарын көрсетеді.
Мұстафа Кемальдың тарапынан жасалған өтінішке сай, Паша әліпбиге өзгерістер енгізгісі келді. Мемлекеттің бастапқы жылдарынан бастап 1928 жылға дейін бұл тақырып үздіксіз талқыланды. Осы процесте қысым әсерінен тартыстар көбейгендіктен Туналы Хильми Бей Мәжіліс бастығына «Түрік заңдары» атты 10 мақалаға 1923 жылы 26 тамызда ұсыныс берді. Бұл ұсыныста Түрік коммиссиясы құрылымында оқу кітаптарында және басқа да ресми жазуларда, газеттерде де түрікше құралдарға қарап жазылуы тиіс болатын. Осыған сәйкес осы заңдарды дайындау кезеңі 1924 жылы бітпей тұрып көрсетілгенін қалады. Бірақ бұл ұсыныс Ислам бірлестігін құртады деген оймен қайтарылды.
Латын алфавитін қабылдау туралы Түркия 1926 жылы Бакуде 26 ақпанмен 6 наурыз аралығында өткен Түркітану конгресінен кейін шешім қабылдағандары белгілі. Бұл жиында Азербайджанның басшылары Латын жазбасын қорғады, Түрік делегациясы бұны қолдады. Баку түріктанушылары конгресте қабылдаған бұл шешімдерді Фалих Рыфкынын “Латын әріптері “ мақаласында “өте маңызды бір оқиға “ екенін жазады. Юнус Нади, “Түрікше және Латын хуруфу “ атты мақаласында бұл мәселеге егжей-тнгжейлі тоқталған.
Түркияда латын әліпбиіне өту кезеңі бар-жоғы 1 жылға ғана созылды. 1928 жылдың 1 қарашасында М.К.Ататүрік «Жаңа түрік әріптерінің қабылдануы мен қолдануы туралы» Заң шығарды. Бұл заң бойынша 1929 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің латын әліпбиіне өтіп, араб графикасын қолдануына рұқсат берілмеді. 1929 жылдың 1-маусымына дейін ғана қатар қолданылып келген араб графикасына ісқағаздар жүргізуде мүлдем тыйым салынды. Латын әліпбиіне өту кезеңінде негізгі күш әкімшілік жүйеге салынғаны анықталды. Осының нәтижесінде жаңа әліпбиге өту кезеңі қысқа болды. Сондай-ақ Анкара қаласы муниципалитет басшысының айтуынша, 1928 жылы Ономастика жөнінде бірыңғай мемлекеттік ереже қабылданып, Стамбул, Анкара қалаларындағы маңдайшалар, содан кейін басқа аудандар мен орталықтардағы көше, қала, алаң, ауыл аттары сол бойынша латын әріптеріне ауыстырылды. Ол ереже бүгінгі күнге дейін мүлтіксіз орындалып келеді. Жоғарыда аталған комиссия түрік тілін араб-парсы сөздерінен тазарту, сонымен бірге еуропа сөздерін өз тіліне икемдеп игеру ісімен де айналысты. [4, 16-б. ]. Олар:
а) араб-парсы сөздеріне түрік тілінен балама тауып, бекітті;
ә) Еуропа елдерінің тілінен келген сөздердің өзгеріссіз қолдануына тосқауыл болды, ол үшін енген сөздерге түрік тілінен балама тауып бекітті не шет тілді сөздерді өз тілдерінің дыбыстық заңдылықтарына қарай икемдеп, тұрпатын түркілендіріп, өзгертіп отырды;
б) осы сөздердің барлығын және оларды игеруге қатысты ережелер дайындап, сөздіктер жасады.
Түркия республикасының латын графикасына ауысуының негізгі себептері ретінде мыналарды көрсетеді:
Араб әліпбиі заманында Түріктер тілдерін жоғалту алдында болды, Араб және Иран-парсы тілдерінің ықпалында болды.
Араб әліпбиінде дауысты дыбыс жоқ. Түрік тілінде 8 дауысты дыбыс бар. Осыған байланысты Араб тілі түріктер үшін қиын болып табылады.
Математика, Физика, Химия ғылымдарында латын әліпбиінің қолданылуы. Осман империясының соңғы замандарында түріктердің білім және технологиядан артта қалуы.
«Түрік тілі құрамының» қазіргі төрағасы Шүкру Халық Акалиннің саралауынша, «араб графикасын пайдаланған Осман империясы тұсында түрік халқының сауаттылығы 10 пайызды ғана құрайтын, ал латын әліпбиіне өту кезеңі аяқталғаннан кейінгі сауаттылық деңгей 60 пайызға өсті. Себебі жаңа әліпбиге үйретуді көздеген ең алғашқы ұлттық мектептер мен курс­тар ашылды. Ол кезде Түркия халқының саны 15 млн. болды, 1 жылда осы курстардан 3 млн. адам диплом алып шығатын, курстар 3-4 жыл бойы жұмыс жасады, сонда осы мерзімнің ішінде 10-12 млн. адам сауат ашып шықты. Қазіргі кезде Түркия халқының 90 пайызы сауатты. Ал қалған 10 пайызының көп бөлігін ауылды жерлерде діни наным-сенімдерімен оқымай қалған қыз балалар құрайды».
Қазіргі түрік тілінің латын әліпбиіне негізделген жазуының артықшылығын түрік ғалымдары былай деп көрсетеді:
1) әрбір әріп бөлек-бөлек таңбаланады, ал араб жазуында бірге жазылады;
2) әлемнің көп бөлігіндегі дәстүрге сәйкес латын жазуы солдан оңға қарай жазылады, ал араб жазуында оңнан солға жазылатын;
3) латын графикасы түрік тілінің дыбыстық қорындағы негізгі дыбыстарды белгілейді, ал араб графикалы жазу түрік тілінде жоқ, бірақ араб-парсы сөздеріндегі бөтен дыбыстарды да таңбалайтын;
4) латын графикасына көшкен кезде түркі тілдес басқа халықтар да латын әліпбиін қабылдаған болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы болды;
5) экономикасының батыстық даму бағытына латын графикалы жазу тиімді болды;
6) латын графикалы жазу-сызу сауат ашушылар үшін әріп саны аз болуына байланысты ыңғайлы келді.
Түрік жазу-сызуы үшін қазіргі түрік тілінің латын әліпбиінің кемшіліктерін түрік ғалымдары былай деп көрсетті:
1. Жаңа әліпби жасалған тұста түрік әдеби тілінің жалпыхалықтық негізде қалыптас­пағандығы мен түрік тілінің негізгі дыбыстық қорының толықтай айқындалмағандығы салдарынан қазіргі графикада жалпыхалықтық тілдің дыбыстық қорындағы үш негізгі дыбыс­ты таңбалайтын әріптер әліпби жүйесіне енбей қалғандығы. Олар: Q [Қ], W [дауыссызУ], Ŋ [Ң];
2. Араб графикасына негізделген сан ғасырлық мұралардың барлығын толықтай халық пайдалана алмайды[5, 9-б.].
Жаңа әліпби жасалған тұста дәуірдің ең маңызды бұқаралық ақпарат құралдары газеттер болды. Осыған байланысты газеттер, жаңа тарихтың үлкен бұқараға жайылуы және қабылдануы тұрғысынан маңызды болып табылды. Ұлт газетінде, маусым айында Латын әріптерімен екі шағын хабар беретін тәжірибе жұмысы жасалды және 2-тамыз күні де екінші бетінде Латын әріптерін үйретуді бастады. Республика газеті де 7-8 тамызда Латын әліпбиін енгізуді бастады. Негізінде 9-тамыздың кешінде Стамбұл/ Сарайбурнуда Президент Мұстафа Кемальдың сөйлеген тарихи сөзінен кейін газеттерде кейбір жаңалықтар мен мақала тақырыптарын Латын әріптерімен жазу кездеседі. Латын әліпбиімен жазылған кейбір жарнамалар да болды. Газеттер, Президент Мұстафа Кемальдың қалауымен Презденттік Оркестрдің Басшысы Зеки Беймен ұсынылған Әліпби Әнұраны ноталарымен жарияланды[6, 43-б].
Түркияда жаңа әліпби жобасын енгізудің жетістіктері ретінде әкімшілік жүйенің белсенді жұмысын айтуға болады. Себебі М.К.Ататүріктің саясатымен негізгі күш осы әлеуметтік топқа түсті. 1928 жылдың орта шенінде қабылданған заң бойынша барлық ісқағаздар мен әкімшілік мекемелер 5 айдың ішінде латын графикалы жазуға көшті. Кемшіліктері ретінде, ғалымдардың пікірі бойынша халықтың талқысына салынбай, психологиялық дайындыққа аз уақыт беріп, бірден жаңа жазуды енгізіп жібергенінде деп есептейді. Дегенмен, бұны өздері заман өткеннен кейін кемшіліктен гөрі көреген саясат жетістігі деп бағалайды. Сонымен бірге дәстүрлі діні исламның канондарының бірі ретіндегі араб жазуынан латынға ауысу көп халықтың наразылығын тудырды.
Жаңа жобаны таңдаудың негізгі критерийлеріне түрік ғалымдары, ең алдымен, оның
– түрік тілінің Стамбул диалектісінің дыбыстық жүйесіне негізделуін;
– араб-парсы тілдерінің дыбыстарын белгілейтін әріптердің болмауын;
– әрбір бөлек дыбысқа бір таңба болуын;
– латын әліпбиі жүйесіндегі негізгі таңбалардан тыс әріп болмауын;
– тіл жүйесіндегі ерекше дыбысқа латын қорының графемалары жеткіліксіз болғанда, негізгі латын графемаларына қосымша белгі қою арқылы түрік графемасын жасауды;
– жазуға оңтайлылық принципіне жауап беруін алға тартты.
Әріп революциясының нәтижелері:
Әрі революциясының болғандығын халыққа Мұстафа Кемал өзі жариялады.
Әріп революциясынан кейін мемлекеттік мектептер жұмысын бастады және Мұстафа Кемал мұғалім ретінде латын әріптерін халыққа үйретті.
Әріп революциясымен Түрік тілінің даму мүмкіндігі артты.
Әріп революциясымен жаңарту жолында үлкен зерттеу жұмысы басталды.
Латын әріптерін қолданып бастаудың арқасында шет тілдерді үйрену оңайға түсті.
Сауатты деңгейдегі жарияланған шығармалар көбейді.
Түрік тілі Араб және Парсы тілдерінің ықпалынан арылды [7].
Түрік жазуының латын графикасына көшу тәжірибесінің нәтижесі.
1 Негізгі күшті әкімшілік жүйеге салу арқылы мемлекеттік басқару саласы мен ісқағаздар жүргізу жаңа әліпбиге қысқа мерзімде көшірілді (1928 жылдың маусымы – қарашасы).
Қазіргі Қазақстанның мультимәдени қоғамының әрбір әлеуметтік, конфессиялық, ұлттық және т.б. ерекше топ өкілдерінің арасынан осы процеске қатысты пікір қайшылығы шығып, талас-тартыс, талқының соңы қайтымсыз процестерге әкелу қаупінің алдын алу үшін, түріктердің ұзаққа созбай, жаңа жазуға бірден көшіру тактикасы тиімді.
2 М.К.Ататүріктің табандылығы мен өзінің белсене кірісуі халықтың жаңа жазудың болашағына деген сенімін күшейтіп, рухтануына түрткі болды (М.К.Ататүрік Стамбулдағы Халық паркіне үлкен қара тақта қойдырып, халықты латын қарпімен жазуға үйретті).
Қазақстан үшін ұлттық сананың көтерілуі, патриоттық сезімнің артуын жаңа жазу жүйесіне өту процесімен байланыстыру жазу реформасының жеңіл өтуіне сеп болады.
3 Жаңа әліпби негізіндегі түрік жазуы кірме сөздерді игерудің күшті механизмінің негізіне айналды. Ұлттық тілге қызмет ететін жазу жүйесі қалыптасты (шет тілінен енген сөздер түрік айтылымы бойын­ша жазылады).
Қазіргі қазақ тілінің қосамжар орфографиясы мен орфоэпиясының проб­лемасын шешіп, ұлттық сипаттағы жазу жүйесін қалыптастыруда қажетті тәжірибе.
4 Жаңа әліпбиге үйрету арқылы халықты жалпы сауаттандыру проблемасы шешілді (түріктердің сауаттылығы Осман империясы кезеңінде жаңа жазуға өткенге дейін 10 пайызды, латынға өткеннен кейін 63 пайызды құрады).
Латын графикасы негізді жазуға оқытуды міндеттеу арқылы Қазақстандағы орыстілді халықты, соның ішінде мемлекеттік тілді білмейтін өзге ұлт өкілдері мен қазақтардың өздерін де қазақ тілінде жазу-сызумен қатар сөйлеуге біршама үйретіп алуға болады.
Түріктер кең географиялық таралу тарихына байланысты көптеген елдерін құрды, әрине, ол елдердің тарихта елеулі орны бар, дәстүрлері мен мәдениеті қабылданған. Олар сондай-ақ,түркі мәдениетінің ықпалында отыр. 10 жыл бойы түріктер қарамағындағы елдердің өзара мәдениетімен етене жақын болды. Ислам дінін қабылдағанға дейiн түріктер өз Көктүрк жазуын, сондай-ақ Көктүрк (Гөктүрік) және Күлтегін ескерткіштерінде пайдаланылатын қаріпті қолданған. Сондай-ақ, түріктер грек, кириллицамен жазбаша жазу, Maни жазуы, көп ұзамай армян, грузин жазуларын жазбаша және одан да көп коммерциялық мақсатта қолданған.
Ислам дінінің әсерінен түркілер мыңға жуық жыл араб мәтінін қолданған. Селжұқ империясы, Анадолы,Мысыр, Алтын Орда Мемлекеттерінде, селжұқ империясы Князьдігінде, белгіленген спортшылар араб жазуын пайдаланды. Ұзақ уақыт бойы Осман империясы, әсіресе Ыстамбұлда осы араб жазуын пайдаланды.Араб Халифатының жаулап алуына байланысты Осман империясында араб және парсы тілдерінің сабақтастығы аса маңызды орын алды, сондықтан медреселер араб тілінде оқытылды, сондай-ақ әдебиеттің қалыптасуыпарсы тілінің пайда болуына әкелді. Бұл жағдай Осман империясының соңғы кезеңіне дейін жалғасты.
Осман империясы батысқа қарсы соғыста әскери жеңіліске ұшырап, ұлы жерлерінің біраз бөлігін жоғалтты, мемлекеттің жаңа реформалар қабылдауына байланысты батыстың әскери сарапшылары батыс аудандары стиліне жаңа инновациялар енгізуді қолға алды. Бірақ ұзақ уақыт бойы батысқа қарсы соғыста жеңіліске ұшырап келген империяға ІІІ Селим мен ІІ Махмұт қосымша қоғамдық және экономикалық реформалар қабылдады. Батыс өңірінің реформациясынан кейін Осман империясының мәдениет және ғылым саласында бірнеше өзгерістер орын алды. Сонымен қатар жаңа мектеп ашу, оларды пайдалануға беру арқылы осы кезеңде, Түрік тілінееуропалық-стиль ғана емес, араб, француз, латын әріптері өнертабыстар беру үшін жұмыс істей бастайды, Осман империясында аудармалар жасалады. Осы аударманы оқу барысында 109 мәтін дәл латын әріптерімен жазылған кейбір сөздер бар екені анықталды.
Латын қаріпі, негізгі мәселелердің бірі - білім беру, осы дәуірдегітиісінше инновациялар, оқу және жазу стиліне жәрдемдесуге септігін тигізді, тіпті белгілі уақыт аралығында өзгеріп идеялар ұсынылады және 1862 жылы талқылау ие болды. 1862 жылы Осман империясының әліпбиіне баспасөзде өзекті талқылау мен бастамалар жүргізілді.Tanzimat кезеңнің ең маңызды ерекшелігі Münif Паша, 1 мамыр Лигасының бірі, 1862 Ilmiyye-і Osmaniye берді.Ол конференцияда араб әліпбиін оқу және жазу, әліпби бойынша мәселені қозғады. Бұл идея араб әліпбиін жетілдіруге ықпал болуы тиіс екенін мәлімдеді.Мәслихатында Münif-Паша қаріпті пайдалану үшін әр түрлі нысандарда сөздер, құндылықтар құрамы мен оқу аттары белгілі емес кейбір сөздерді оқуға болады деген. Осы жағдайдың бұл мүмкін болса, біздің тілімізде араб және парсы болып табылатын құнды кітаптар басып шығару идеясын ұсынды. Münif Паша пікірін дәуірдің зиялы өкілдері қолдады. Бірақ бұл бастама сәтсіз аяқталды. Осы мерзім аралығындаБатыстың әріптерін латын әріптерімен ауыстыру туралы идеялар пайда болды[1, 54-б].
Республикалық кезеңде ұзақ уақыт бойы осы мәселе төңірегінде хаттар талқыланды. 1923 жылы Измирде Әли Nami екі Измир еңбекшілер өкілдерінің ұлттық экономикалық конгресін өткізді.Олар конгресстің президенті Karabekir Пашаны көрместен, конгрессте: «осы ұсыныстар негізінде латын әліпбиіне көшуді қабылдауды ұсынамыз» деген тоқтамға келеді. Бірақол қабылданбады. Содан кейін Karabekir Паша латынша сұхбат берді: «бұл әріптерді қабылдау мүмкін емес еді, ол ислам одағын бұрмалауға әкеледі, біздің жазу оңай және жағымды», - деген болатын сұхбатында. Бірақ ол әріп мәселесін реформалау қажет екенін атап өтті. Kazim газетінде Karabekir паша берген сұхбатқа Хусейн Cahit былай деп жауап берді: «араб тілінде оқи және жаза білу қиын болады және латын әріптері қабылдануы тиіс дейді». Мырза Hüseyin Cahit құқықтарын Kılıçza қолдайды. Бір жылдан кейін Парламентте Измир орынбасары Şükrü (пятидесятитысячном) Bey 110 Бюджет заң жобасы бойынша сөз сөйледі. Бұл заң жобасы араб сауаттылығын, мәселелерін талқылауға бағытталған. Ол адамдардың түрік тілі мен сауаттылық деңгейінің құнсыздануына себеп: араб әліпбиін білу үшін әріп сабақтарын оқып бастамай тұрып хат жазуы; және ол бұның дұрыс емес екенін айтты. Şükrü Bey кеңесте өзіне үлкен жауапкершілік алды. Мистер Sukru сынаған мәселе жайында баспасөз өкілдерінің мақалалары көптеп шыға бастады.
1925 жылы істі баяу талқылау кезеңі болды. Шейх Шығыс үкіметінің дамуы мен тарату кезеңінен бастап көтеріліс қатаң жүргізіледі деді.Бірнеше газеттерді жабуға үкім шығарды, білім көздерін біріздендіру туралы заң шығарды, көптеген шаралар қабылдады. Латын әліпбиінің сұрапыл қорғаушылары, соның ішінде Hüseyin Cahitпен журналистер, ондаған адам тұтқынға жіберілді[1, 78-б.].
1926 жылы Бакуде әріптер мәселесі жайында съезд өтті.Ол съезде араб әріптерін қайтарып алу мүмкін емес жайында келіссөздер жүргізілді және түріктер үшін ең қолайлы Латын әліпбиі екені айтылды. Латын әліпбиі Түрік қоғамы мен Батыс өркениеті арасындағы қарым-қатынасқа қол жеткізуге өз септігін тигізеді. Съезд соңында латын әліпбиін қабылдау туралы шешім қабылданды. Бакуде өткен Түркология конгресінде қабылданған шешімдер Түркиядағы істі талқылау үшін жаңғырту болды. Авторлардың латын әліпбиіне көшуі жайлы өз пікірлері пайда болады. Конгрессте ғалымдарға: «латын әліпбиін көшу керек пе?» - деген сауалнама жүргізілді.Халит Зия (Uşaklıgil), Necip Әсима (Yazıksız), Veled Челеби (İzbudak), Әли Canibar (әдісі), Avram Галанти,
Gombates Золтан, Ибрахим Неджми (Dilmen), Халил Nmetullah (Öztürk) секілді ғалымдар латынға көшуді жақтамайтындарын мәлімдеді, ал Джевдет (İnançalp); Абдулла Джевдет,Rafet Авни (Арас) және Мұстафа Хамид олар латын әліпбиіне көшуді жақтап, оның пайдасын дәлелдеуге тырысты.
1927, 1928 жылдары латын әліпбиіне көшуге дайындық кезеңі болды, Гази Мұстафа Кемал Республикалық халық партиясымен ұйымдастырылған және қатысуымен өткен Seraglio саябағында 1928жылы 9 тамыз күні латын әріптерінің қабылданатынын жариялады. Гази, барлығына бас мұғалім ретінде оның шетелде сапарда жүргенде жаңа түрік әліпбиін қолданғанын және жаңа түрік әліпбиі арқылы тәлім, қоғамдық, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік кеңселерде жұмыс жүргізе алғандығын айтқан.
Латын әріптері ақырында, 1928 жылы 3 қарашада қабылданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет