Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»



бет13/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Әдебиеттер тізімі
1 Исхан Б. Түркі тілдері. Алматы: 2015.
2 Ş.H. Akalın, a.g.m., s.30. ; Ahmet B. Ercilasun, Bugünkü Türk Alfabeleri, c.I, Kültür Bakanlığı Yayınları, Ankara, 1977, s.55.
3 Ahmet Tecemer, Rus Egemenliğindeki Türklerin Alfabelerini Değiştirmeleri, Kayseri, 1994, s.37.
4Bilal N. Şimşir, Azerbaycan’da Türk Alfabesi Tarihçe, Türk Dil Kurumu Yayınları, Ankara, 1991, s.16.
5Alimcan Şeref, Harflerimizin Müdafaası, İstanbul, 1926, s.18–19.
6 Osman Şerifoğlu, Kültürümüz Açısından İslam Harflerinin Müdafaası, İstanbul, t.y., s.158.; B.N. Şimşir, a.g.e., s.18.
7 Фазылжанова А. Латын әліпбиіне көшу Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде қалай жүргізілді? \\ Ана тілі, 2013, № 43


Әзірбайжан республикасындағы тілдік реформа

Ф.ғ.к., доцент Оспанова Б.Р.


Әрбір ұлттық тілдің даму тарихы ұлт тарихымен тығыз байланысты. Ол өзінің ішкі даму заңдылығы бойынша дамып жетіле келе, белгілі бір дәуірде өзге елдер тілдерімен де қатынасқа түседі. Басқа одақтас республикаларға қарағанда Әзірбайжан Республикасының да төл тілі мемлекеттік тіл ретінде ресми түрде ертерек танылды.


1978 жылы Әзірбайжан КСР Конституциясына түзету (151 бап) енгізілді, онда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тілі әзірбайжан тілі болуы керек» деп айтылды. [1,7-31 б.]. Кейінірек, 1989 жылдың тамызында, Кеңес Өкіметі билігі шеңберінде шығарылған Жарлық әзірбайжан тіліне жоғары баға беріп, оны мемлекеттік тіл деп жариялады. Мұның өзі 1991 жылдың 30 тамызындағы Егемендік туралы Декларациямен, 1991 жылдың 5 қазанындағы Тәуелсіздік туралы Декларациямен бекітілді. Бұл құжаттарда байырғы халық тілінің рөлі ерекше көрсетіліп, кейінірек әзірбайжандық деп аталатын халықтың негізгі құндылығы анықталды.
Ал Кеңес Өкіметі құлағаннан кейін Әзірбайжан Республикасы алғашқылардың қатарында өз Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік алған жылдары Әзірбайжан мемлекеті қайтадан латын әліпбиіне көшуді қолға алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бір бөлігі латын әліпбиімен жаза бастады. Әзірбайжанда латын графикасына көшуге саяси, экономикалық, мәдени, лингвистикалық, қоғамдық-әлеуметтік мәселелер себеп болды. Осы аталғандардың ішінде алғашқысы саяси, одан кейінгі кезектегісі экономикалық және тілдік мәселелер болған.
1991 жылы 25 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының Президенті А.Муталибов «Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіру туралы» заңға қол қойды [2]. Бұл заң бойынша Әзірбайжанда 1940 жылға дейін қолданылған 32 әріптен тұратын латын графикасындағы әліпбидегі кейбір әріптердің таңбалануына өзгерістер енгізе отырып қолдану ұсынылды. Кеңес Өкіметі құлағаннан кейін оның құрамында болған түркі мемлекеттері егемендік алып, ұлттық саналары көтеріліп, өз рәміздерін, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді қолға алды. Бұл бағытқа алғаш болып бет бұрған елдің бірі – Әзірбайжан Республикасы болды. Әзірбайжан мемлекетінің шекаралас әрі туысқан Түркия мемлекетімен тығыз мәдени, саяси, қаржы саласындағы қарым-қатынасы да осындай шешімдер қабылдауға өзіндік тұрғыдан үлкен ықпал жасады.
Әзірбайжан халқы үшін ХХ ғасырдың 90 жылдары үлкен отаншылдық серпіліс, ұлттық сананың көтерілген кезеңі болды. Осының негізінде елде графика реформасы жасалды. Оған әзірбайжан тілінің кирилл әліпбиі негізіндегі жазудың екіжақтылығы дағдарысқа әкелді. Себебі орыс тілінен енген сөздерді өзгеріссіз жазуға арнайы жасалған кирилл графикасы олардың тұрпатын өзгертуге мүмкіндік берген жоқ.
Сонымен қатар, ұлттық рухтың көтерілуінің әсерінен орыстану саясатын жою, көршілес мемлекеттермен теледидар, сауда, БАҚ құралдары арқылы ақпарат алу мақсатында ұлттық жазуға негізделген графикаға деген қажеттілік туындады.
Әзірбайжанның латын қарпіне өткенге дейінгі жағдайы посткеңестік дағдарыс кезеңінде елде көптеген саяси ағымдар мен діни секталар көбейіп, ұлттық отаншылдық сезімінің көтерілу үдерісімен бірге үлкен саяси пікірталас, тартыс кезеңі қатар жүрді. Осындай жағдайда ұлттың басын біріктіретін шаралар қолға алынуы керек болды. Ол – тіл мәселесі болды. Бұл мәселенің бірден бір шешімі мемлекеттік тілді мемлекеттің барлық тұрғындарының мүддесіне қызмет еткізу еді.
Ал орыс тілінің жазылу заңдылығына негізделген кирилл графикасы тілдің осындай қызметіне жауап бере алмады. Халық арасында латын жазуымен өркендеп өсіп жатқан Түрік мемлекетінің мәдениетіне, экономикасының дамуына бет бұру керек деген сияқты көзқарастар күшейді. Әзірбайжан тілінің өз ішінде де диалектілік тармақтар мен айырмашылығы бір-бірінен алшақ сөйленістердің болуы жалпыға ортақ басым әдеби тілдің қалыптасуына кедергі жасады. Ол дегеніміз тілдің өзіндік дамуына әсерін тигізді. Әзірбайжан мемлекетінде қабылданған реформа негізінде елде орыс тілінің беделі күрт төменде­ді, мұның себебі Әзірбайжан халқының ең көп пайызын әзірбайжан тілділер құрады.
Мемлекеттің құрамында ұлттың пайызы үстем болғандықтан, басқа ұлт өкілдерінің арасында да мемлекеттік тілді білмейтіндер аз болды. Ұлттық мүддені көздейтін «Народный фронт» атты саяси басым күштердің ұйымы белсенділік танытып, қоғамдық өмірдің өзгерістеріне қатысып өз үлестерін қосып отырды. 1991 жылы Әзірбайжанда түрік тілінің нұсқасындағы әліпби қабылданды. Алғашқы заң қабылданғаннан кейін ел ішінде осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар болды. Осыны ұзаққа созып, аяғын ушықтырып жібермес үшін Үкімет қатаң қадағалау саясатын ұстанды. Артық-ауыс пікір білдіруге теріс қарады.
Тіпті агрессиялық қатаңдықпен барлық қарсылықтарды ­тыйып отыруды ұстанды. Біржақтылықты ұстанған саясат өз жемісін берді. Қазіргі кезде Әзірбайжанда латын графикасына өту процесі заң жүзінде аяқталды. Осы кезеңге дейін аталған мәселе бойынша айтарлықтай наразылық болмағанымен, қоғамда, әсіресе орыс тілді басылымдарда әр түрлі пікірлер қызу талқыланып жатты. Әзірбайжан Республикасының 1991 жылғы 25 желтоқсандағы «Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпын келтіру туралы» № 33 Заңында Әзірбайжанда 1940 жылға дейін қолданылған 32 әріптен тұратын латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиі кейбір толықтырулармен қалпына келтірілсін деген қаулы шығарылды.
Аталған құжатпен қатар Заңды қолданысқа енгізу тәртібі бекітілді. Заңда латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіруге қатысты жұмыстар және олардың орындалу кезеңдері көрсетілді.
-1992 ж. қыркүйектен бастап орта мектептердің 1-сыныптарындағы сабақтар жаңа әліпбимен жүргізу;
- орта мектептердің жоғары сыныптарында, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында латын графикасы негізіндегі әліпбиді оқыту бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру;
- барлық оқу орындарында оқытушылар мен басқа да қызметкерлер үшін латын графикасы негізіндегі әліпбиді үйрену бойынша дәрістер ұйымдастыру;
- елдегі барлық қызметкерлердің латын графикасы негізіндегі әліпбиді меңгеруін қамтамасыз ету бойынша шаралар ұйымдастыру мәселелерін қолға алу; елдегі газеттер мен журналдардың орыс әліпбиімен қатар латын графикасы негізіндегі әліпбиді қатар қолдануын жандандыру;
-1993 жылдан бастап орта, орта арнаулы және жоғары мектептерге арналған оқулықтарды латын графикасы негізіндегі әліпбимен басу; латын графикасы негізіндегі әліпбиді енгізуді аяқтау;
- баспаханалардың жұмысын латын графикасы негізіндегі әліпбиге сәйкес жүргізу бойынша іс-шаралар кешенін қабылдау [3] туралы шараларды ұйымдастыру қажеттігі қамтылды.
Тіл туралы Ереже 1992 жылдың 16 қыркүйегіндегі жарғымен бекітілді, онда ресми шешімдерді өмірдің барлық салаларында жүзеге асыруге аса көңіл бөлінді.
Аталған ережелер сонымен қатар Мемлекеттік тіл туралы Заңмен, оның 1992 жылғы 22 желтоқсанындағы қайта қаралған редакциясымен, кейінірек 1995 жылғы 12 қарашасындағы Конституциясымен де бекітілді [4,114-115 б.]. Осы жарлықтарда, басқа да ресми құжаттарда тілді қолдануда – білім алуда, жұмысқа орналасуда, өз мәдени деңгейін арттыруда – үлкен және кіші халықтар үшін тең құқықтар жарияланды [5, 27б.].
Іс жүзінде бұл шаралар жартылай ғана орындалды, себебі әзірбайжан тілі қоғамдық өмірде кеңірек таралып, парламентте, ресми басылымдарда, қарулы күштерде басқа тілдерді ығыстыру есебінен қолданыла бастады. Әзірбайжан мемлекеті латын графикасына көшуінеге не түрткі болды деген мәселеге келсек, біріншіден, басқа мемлекеттер секілді Кеңес Өкіметі құрамынан шыққан соң тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды осының әсерінен өз рәміздерін, ұлттық нақышын, ұлттық рухын көтерді.
Тәуелсіз мемлекет ретінде ұлттық құндылықтарын зерттеуге, жас ұрпақтың бойына сіңіруге қол жеткізді. Көрші мемлекеттермен тығыз мәдени-экономикалық қарым-қатынаста болды осы мәселе де өз ықпалын жасады. Осы аталған мәселелердің негізінде орыстану саясатын жою мақсатында отаншылдық сезімнің дамуына жауап беретін саяси шешімдер қабылдау қажеттігі туындады.
1995 ж. Конституциясы қабылданбастан бұрын зиялылар ортасында мемлекеттік тіл атауын таңдаумен байланысты: әзірбайжан тілін (azerbaican dili) немесе түрік тілін (turkce) таңдау туралы белсенді қоғамдық саяси пікір таластарқызу жүрді.
Бұл екі тіл өте ұқсас және ортақ түбірлерге ие, дегенмен, қазіргі әзірбайжан тілі көптеген араб және парсы сөздерін сақтап қалған, сонымен қатар лексикалық қоры көптеген орыс терминдерімен толыққан.
Ал қазіргі түрік тілі парсы және араб сөздерінен айтарлықтай арылған. 1992 жылғы Мемлекеттік тіл туралы Заң мемлекеттік тілді бірізді «түрік тілі» деп атады.
Алайда 1995 жылғы Конституцияның 23-бабында тілді әзірбайжан тілі деп өзгертті. Мұның өзі Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасының 1978 жылғы Конституциясындағы атауға сай еді.
Осынай атау басым бағыт алды. Бірақ пікірталастар бір қатар уақыт тыйылмады, себебі тіл атауын жас тәуелсіз Республиканың атына сәйкес келтіру қажет болды [6, 48-58 б.].
2001 жылы мемлекеттік тілге қатысты қаулылыр жаңа Заңға енгізілді, ол 2002 жылдың қыркүйегінде парламентте қабылданып, оған президент Гейдар Алиев қол қойды. Заң күшіне 2003 жылы 1 қаңтарда енді. Әзірбайжан латын әліпбиін қайтып енгізді.
Бірінші рет бұл 1920-шы жылдары орын алды. Әзірбайжандықтардың әліпбиді өзгертуге қызығуы тарихи дерек, латын әліпбиіне көшу талпынысы Әзірбайжанда Түркияға қарағанда жеті жыл бұрын басталған [7, 349 б.]. Тәуелсіздікті жарияланғаннан кейін жаңа әріптерді жазу үлгісі және латын графикасына көшуге қатысуға қатысты ұсыныстарды қарастыру жөнінде комиссиялар қатар тағайындалды.
Жаңа үкімет құптап, 1991 жылғы 25 желтоқсанында парламент бекіткен латын әліпбиін таңдау, мүмкін, ұлт сәйкестілігін іздестірудің айқын айғағы болған шығар. Кейінгі жылдары алфавитті таңдау баспа беттерінде кеңінен талқыланды.
Тәуелсіздіктің он жылынан соң әзірбайжан тілі мемлекеттік тіл ретінде көп салаларда табысты пайдаланылды. Бірақ бұл жеткіліксіз деп саналды. 2001 ж. 18 маусымында президент Гейдар Алиевтің «Әзірбайжан тілін қолдануды жетілдіру туралы» Жарлығы шықты.
Жарлық Мемлекеттік тіл туралы Заңды неғұрлым тиімді де толық орындауды көздеді [8, 301-313 б.]. Онда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда латын әліпбиін пайдалану талабы қойылды. Құжатта әзірбайжан тілінің қысқа тарихы (көне заманнан – б.д.д. төртінші, бесінші ғасырлардан тәуелсіздіктің осы шағына дейін) келтірілді, Тәуелсіздіктің он жылы ішіндегі жетістектері баяндалды.
Әзірбайжан тілінің мемлекеттік мәртебесін бекіту ісіндегі, латын әліпбиіне көшудегі кемшіліктер талданды. Аталған құжатта сонымен бірге мемлекеттік тіл саласындағы өзекті мәселелер айқындалды, тұтастай алғанда сыни әділ баға берілді. Жарлық жақын арада орындалатын он қаулыны қамтыды, оның ішінде Әзірбайжан Республикасы Президенті жанынан Тіл жөнінде Мемлекеттік комиссия құру жөнінде және «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң жобасын дайындау туралы шаралар да болды [8, 301 б.].
Әзірбайжан Республикасы латын графикасын негізіндегі әліпбиге құжат түрінде түбегейлі көшіп алғаннан кейін, мемлекеттік тілдің қолданылу мәселесіне айрықша мән берді. Мысалы, «Мемлекеттік тілдің қолданылуын жетілдіру туралы» Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 18 маусымдағы № 506 Жарлығында мынандай тапсырмалар беріледі:
1) Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанында Тіл бойынша Мемлекеттік комиссия құрылсын, бір айлық мерзім ішінде осы комиссия туралы ереже даярланып, Президентке ұсынылсын;
2) бір айлық мерзім ішінде «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Заңның жобасын даярланып, Президентке ұсынылсын;
3) Әзірбайжан Республикасы министрліктерінің, мекемелерінің, ұйымдарының және кәсіпорындарының басшылары өздеріне бағынышты ведомстволық құрылымдарда мемлекеттік тілді және латын графикасын қолдану бойынша жұмыстарды жетілдірумен байланысты ұзақ мерзімді кешенді жоспар даярлап, жүзеге асыру және алдын ала нәтижелері туралы Президентке 2001 жылдың 1 тамызына дейін хабарласын;
4) Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі орта және жоғары оқу орындарында әзірбайжан тілін оқытудың түбегейлі жақсартуға және Әзірбайжан тілінде оқыту сапасын арттыруға бағыталған түпкілікті шаралар қабылдап, бір айлық мерзім ішінде осы мәселе бойынша тиісті іс-шаралар бағдарламасын даярлап, Президентке ұсынсын;
5) Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы және Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі Жазушылар одағымен бірге бір айлық мерзім ішінде латын графикасында қайта басып шығаруға ұсынылатын ғылыми және көркем әдебиеттердің, сөздіктер мен оқулықтардың тізімін даярлап, Президентке ұсынсын;
6) Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы бір айлық мерзім ішінде Әзірбайжан тіл білімінің әртүрлі салаларындағы ағымдағы және болашақтағы ғылыми зерттеулер жоспарын қайта қарап, бекітсін және олардың орындалу барысы туралы Президентке әр алты ай сайын хабарлап отырсын;
7) Республиканың қалалары мен аудандарының атқарушы билігінің басшылығына: жергілікті жерлерде маңдайшалардағы, жарнама қалқандарындағы, ұрандардағы, плакаттардағы және басқа да көрнекі құралдардағы жазуларды әзірбайжан әдеби тілінің нормасына келтіру бойынша шаралар қабылдау және Әзірбайжан Республикасының Президентіне 2001 жылғы 1 тамызға дейін осы тапсырманың орындалуы туралы есеп беру; жергілікті жерлерде әзірбайжан тілінің және латын графикасының қолданылуын бақылауды күшейту және әзірбайжан Республикасының Президентіне 2001 жылғы 1 тамызға дейін атқарылған жұмыстар туралы хабарлау тапсырылсын;
8) Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Мемлекеттік телерадио тарату компаниясы бір айлық мерзім ішінде шетелдерде шығарылған және Әзірбайжанда көрсету үшін сатып алынған кино және телевизиялық өнімдерді Әзірбайжан тілінде дубляждау бойынша, сонымен қатар шетелдік кино және телефильмдерді әзірбайжан тілінде демонстрациялау бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындап, Президентке ұсынсын;
9) Әзірбайжан Республикасының Министрлер кабинетіне:
2001 жылғы 1 тамызға дейін елімізде шығарылатын барлық газеттер, журналдар, бюллетеньдер, кітаптар және басқа да баспа өнімдердің латын графикасына көшуін қамтамасыз ету; бір айлық мерзім ішінде Әзірбайжан Республикасында мемлекеттік тілге қарсы жасырын немесе ашық насихат жүргізгені, Әзірбайжан тілінің қолданылуы мен дамуына қарсылық көрсеткені, оның құқықтарын шектеуге әрекет жасағаны, латын графикасының қолданылуына кедергі келтіргені үшін жауапкершілік шараларын анықтайтын заң жобасын даярлап, Әзірбайжан Республикасының Президентіне ұсыну;
2001 жылғы 1 тамызға дейін орталық және жергілікті атқарушы билікте ісқағаздарын жүргізуді латын графикасына көшіру қамтамасыз ету; осы Жарлықтан туындайтын басқа да мәселелерді шешу тапсырылсын [9]- деп көрсетілген.
1991-2001 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды: ең бірінші орта білім беретін мектептің бірінші сыныбы мен басқа сыныптары латын графикасында білім алды;
-5-6 жылдың ішінде барлық ісқағаздары кезеңімен жаңа қаріпке көшірілді; осы аралықта барлық мемлекеттік мекемелер латын жазуына көшірілді; соңында барлық БАҚ латын әліпбиіне көшірілді. Сөйтіп, өту кезеңінің соңында Әзірбайжан Республикасының Президенті Г.Әлиев 2001 жылдың 18 маусымында «Мемлекеттік әзірбайжан тілін қолдануды жетілдіру туралы» Жарлық шығарады [10]. Процестің аяқталғанының белгісі ретінде Республика Президентінің 2001 жылдың 9 тамызындағы «Әзірбайжан тілі мен әзірбайжан әліпбиінің күнін өткізу туралы» Жарлық қабылдады [11]. 1991-2015 жылдар аралығында жүргізген реформалар негізіндегі латын әліпбиінің алдынғы жазуға қарағанда артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық.
Әзірбайжан жазу-сызуы үшін қазіргі әзірбайжан әдеби тілінің латын әліпбиі мен оған көшу кезеңі­нің артықшылығын ғалымдары былай деп көрсетті: латын графикасы әзірбайжан тілінің дыбыстық қорындағы фонемаларды бел­гілейді, ал орыс графикалы жазу әзірбай­жан тілінде жоқ, бірақ орыс, басқа тілдерден енген ғылыми-техникалық терминдер бөтен фонемаларды да таңбалайды; латын графикасына көшкен кезде түркі тілдес басқа халықтар да латын әліпбиін қабылдаған болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы болды; графемалық жүйесі ықшамды әрі қолайлы болғандықтан, әзірбайжан тілінен сауат ашу процесі жеңілдеді.
Жастар латын қаріпін тез үйреніп алып, оның таралуын қолдап отырды; көршілес мемлекет Түркияның ресми әрі коммерциялық телеарналары Әзірбайжанда еркін көрсетілетіндіктен, латын графи­касы негізіндегі бейне ақпарат легі әліпбидің игеріліп, қолданылуына дұрыс бағыт жасады. Әзірбайжан мемлекетінде латын әліпбиіне көшу кезеңінде ұтымды жақтарынан бөлек кемшіліктері де кездесті: мектептер латын қарпіне көшірілген алғашқы жылдары оларды оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау ісі бірден алға баса алмады, мұғалім тапшы болды. Кирилл графикасында білім алған мұғалімдер үшін латын әліпбиін оқып-үйрену қиынға соқты; балаларға арналған латын қарпіндегі әдебиеттер тапшы болды; ересектерге арналған латын жазуын оқытатын курстардың аздығынан ұрпақ арасындағы түсіністік қиындап қалды; кирилл графикасына негізделген бір ғасырлық мұралардың барлығын толықтай халық пайдалана алмады бірақ ол мәселені шешу қазіргі таңда да жүргізіліп жатыр.
Қазақстандық ғалымдар: «латын графикасын қабылдау егемендік алған жаңа мемлекетте ұлттық сананың көтерілуі, өз рәміздері мен ұлтық нақышын белгілеуі секілді жемісті үдеріс ретінде қаралып, бұған қарсылық танытқан әртүрлі саяси топтардың әрекеттері мемлекет тарапынан тойтарылып отырады» [12, 3-4 б.] – деген мәлімет келтірілген.
Алайда, бұған қарап Әзірбайжанның латын графикасына көшу реформасы кемшіліксіз болды деп айта алмаймыз. Латын графикасы негізіндегі Әзірбайжандардың жаңа әліпби алты жаңадан диакритикалық символдардың енгізілуіне орай электрондық жағынан тиімді болып саналмай отыр.
Десек те, бұл кемшіліктерді түзетудің мүмкіндіктері жоқ деп айта алмаймыз. Әзірбайжан халқының тоталитарлық жүйе ұсынған әлипбиден арылуы арқылы ұлттық сәйкестілігін орыстық негізден ұлттық бағытқа бұруы үлкен жетістік болып саналады. Филолог А.Фазылжанова: «Әзірбайжандағы графика реформасына себеп болған. Саяси факторға Әзірбайжанның тәуелсіздік алуын, бауырлас Түркиямен шекаралас жатуын және 1990 жылдары отаншылдық серпілістің, ұлттық сананың өсуін айтады. Ал лингвистикалық факторға Әзірбайжан тілінің кириллица бойынша екіжақты болғандығын, қолданыстағы әліпбидің орыс тілінен енген сөздердің тұрпатын өзгертуге қауқарсыздығы мен ислам шеииттік ағымын ұстанған Әзірбайжандар үшін кирилицаның діни жаттығын жатқызса, мәдени-әлеуметтік факторға елдегі ұлттық жазуға негізделген графикаға деген сұраныс пен көршілес Түркиямен саудасаттық және БАҚ арқылы орныққан қарым-қатынасқа қолайлы жазудың қажеттілігін айтады» [12, 141 б.].
Әзірбайжан жазуының латын графикасына негізделген жаңа әліпбиі 32 графема мен 1 апострофтан тұрады. Лингвистикалық сипаты жағынан бұл әліпби ұлт тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес келеді деп бағаланды.
1-кесте - Әзірбайжан жазуының латын графикасына негізделген жаңа әліпбиі

A a

B b

C c

Ç ç

D d

E e

Ə ə

F f

G g

Ğ ğ

H h

X x

I ı

İ i

J j

K k

Q q

L l

M m

N n

O o

Ö ö

P p

R r

S s

Ş ş

T t

U u

Ü ü

V v

Y y

Z z









Шетелдік атаулар мен адам аттары Әзірбайжан графикасына сәйкес транслитерацияланады: мысалы, George Bush (Джордж Буш) – «Corc Buş», Gerhard Schröder (Герхард Шрёдер) – «Gerhard Şröder», Jacques Chirac (Жак Ширак) – «Jak Şirak» және т.б. [13].


Н. Ахундоватың айтуынша, Әзірбайжан университтері мен мектептерінде орыс тілінде оқыту сөзсіз бұрынғы деңгейде қалдырылды [9, 34-35б.] деген пікір келтірген. Ал, 2001-2010 жыл аралығындағы статистикалық мәліметтерге зер салып барлық деректерді жан-жақты тексеріп, орыс тілін оқитындар санының азаюы туралы қорытынды жасадық [14]. Оған дәлел төмендегі кесте.
2кесте – 1989/1990-2009/2010 оқу жылындағы түрлі тілдерде оқытылған Әзірбайжан республикасының мектеп оқушыларының саны өзгеруі көрсеткіші:



Оқытылған тілдер

оқу жылы

1989/1990

1995/1996

2000/2001

2005/2006

2009/2010

Азербайджан тілі

1106,0

1359,0

1537,7

1461,4

1313,7

Орыс тілі

255,0

121,9

108,7

105,5

94,7

Грузин тілі

2,6

2,6

2,6

2,0

1,6

Барлығы:

1363,6

1483,5

1648,5

1571,6

1410,0

3 кесте – Әзірбайжан мектептеріндегі 1989/1990-2009/2010 оқу жылындағы түрлі тілдерде оқытылған оқушылардың пайыздық өзгеру көрсеткіші %



Оқытылған тілдер

Оқу жылы

1989/1990

1995/1996

2000/2001

2005/2006

2009/2010

Азербайджан тілі

81,1

91,6

93,3

93,0

93,2

Кестенің жалғасы

Оқытылған тілдер

Оқу жылы

1989/1990

1995/1996

2000/2001

2005/2006

2009/2010

Орыс тілі

18,7

8,2

6,6

6,9

6,7

Грузин тілі

0,2

0,2

0,1

0,1

0,1

Барлығы:

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

4-кесте – 1989/1990-2009/2010 оқу жылындағы түрлі тілдерде оқытылған Әзірбайжан республикасының мектептерінің саны



Оқытылған тілдер

Оқу жылы

1989/1990

1995/1996

2000/2001

2005/2006

2009/2010

Азербайджан тілі

3882

4008

4117

4146

4149

Орыс тілі

93

44

31

19

17

Грузин тілі

6

6

6

6

6

Азербайджан, орыс, грузин тілдірінде оқытатын мектеп

456

404

374

346

336

Барлығы

4437

4462

4528

4517

4508

5-Кесте – Мемлекеттік Жоғарғы оқу орындары (оқу жылы)



Көрсеткіштері

1990
-1991

1991-1992

1992-1993

1993-1994

1994-1995

1995-1996

1996-1997

1997-
1998

1998-1999

1999-2000

2000-2001

2001-2002




Оқу орнының саны

17

18

22

23

23

23

23

25

25

25

25

25




Оқуға түсуші студенттердің жалпы саны (мың.)

105,1

107,9

99,6

94,3

89,2

86,3

82,4

79,8

82,3

88,5

91,0

999,0




Оның ішінде :





Күндізгі оқу түрі

60,4

62,4

57,4

55,3

55,6

58,6

61,6

61,2

68,2

72,4

74,7

80,4




Кешкі оқу түрі

16,7

15,2

12,6

10,2

8,1

6,2

4,2

2,8

0,5

0,2

0,1

0,1




Сырттайғы оқу түрі

28,0

30,3

29,6

28,8

25,5

21,5

16,6

15,8

13,6

15,9

16,2

18,5




10 000 тұрғынға шаққандағы студент саны

148

150

136

127

119

113

107

103

105

112

114

123




Жалпы бірінші курсқа түскендердің саны (мың.)

19,5

20,5

12,2

13,6

13,4

15,4

16,9

18,9

18,8

19,9

20,5

23,5




Оның ішінде:





Күндізгі оқу түрі

12,3

12,6

8,5

11,0

11,7

13,2

14,5

15,9

16,2

16,9

17,6

19,6




Кешкі оқу түрі

2,7

2,3

1,0

1,0

0,9

0,5

0,4





0,0

0,1

0,1




Сырттайғы оқу түрі

4,5

5,6

2,7

1,6

0,8

1,7

2,0

3,0

2,6

3,0

2,8

3,8
































































6-кесте – Мемлекеттік оқу орындарын бітірген түлектер

Көрсеткіштер

1990

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Жалпы бітірушілер саны (мың)

18,2

18,2

20,2

18,8

16,1

17,3

18,7

22,3

17,1

16,4

19,6

19,9

Мамандық бойынша:

Индустрия және инженерлік

6,8

6,3

6,7

7,4

5,5

5,1

5,0

5,4

4,3

4,4

5,3

5,6

Транспорт















0,2

0,1

0,1

0,2

0,2

Ауыл шаруашылығы

1,2

1,7

2,0

2,1

1,5

1,1

1,3

1,2

0,7

0,9

0,8

0,8

Экономика

1,2

1,3

1,7

0,8

1,4

1,5

2,0

3,1

2,7

2,2

2,5

2,7

Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт

1,3

1,5

2,0

1,9

1,9

1,9

1,6

1,7

1,8

1,7

2,0

1,9

Педагогика

7,2

6,9

7,2

6,1

5,3

7,2

8,2

9,9

7,0

6,5

8,2

8,2

Өнер және кино

0,5

0,5

0,6

0,5

0,5

0,5

0,6

0,8

0,5

0,6

0,6

0,5

10000 тұрғынға түлектерінің саны

26

25

28

25

21

23

24

29

22

21

25

25

7-кесте – Мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы


(Оқу жылының басында)

көрсеткіштері

1990

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны(штаттағы қызметкерлері)

8541

8954

9342

9831

9936

10511

10200

10615

11468

10726

10786

11216

Ғылыми дәрежедегілері

Ғылым докторы

581

659

803

795

816

849

843

881

879

894

868

823

Ғылым кандидаты

4301

4743

4784

4937

4896

5092

5068

5114

5075

5259

5140

5159

Ғылыми атақпен:

Профессор

612

662

814

870

872

971

907

995

964

963

1065

914

Доцент

3021

3105

3096

3327

3172

3498

3299

3723

3372

3592

3654

3662

8-кесте – Мемлекеттік емес оқу орындары (Оқу жылының басында)



Көрсеткіштер

1995-1996

1996-1997

1997-1998

1998-1999

1999-2000

2000-2001

2001-2002

Жеке оқу орындарының саны

20

23

16

17

17

18

15

студенттердің жалпы саны. (Мың)

12,5

20,3

20,4

24,2

27,6

28,7

21,5

Оның ішінде:




Күндізгі оқу түрі

10,8

16,0

16,5

20,0

22,0

21,5

16,6

Кешкі оқу түрі

0,2

0,3

0,2

0,2

0,1

0,1

0,0

Кестенің жалғасы

Көрсеткіштер

1995-1996

1996-1997

1997-1998

1998-1999

1999-2000

2000-2001

2001-2002

Сырттайғы оқу түрі

1,5

4,0

3,7

4,0

5,5

7,1

4,9

Мамандықтар бойынша білім алған студенттердің саны:




Өнеркәсіп

1,3

2,8

0,5



0,7





Экономика

3,1

5,0

3,7

6,2

6,8

6,7

6,5

Денсаулық сақтау

0,5

0,3



0,5







Педагогика

4,6

6,6

1,9

3,8

17,9

22,0

15,0

Ауыл шаруашылығы



1,2

0,7

0,8

2,2





Құқық

3,0

4,4

13,6

12,9







Оқуға түскендердің саны (мың.)

3,9

5,2

4,6

8,0

4,7

5,9

3,4

Бітірушілердің саны(мың.)

0,1

0,7

2,0

4,0

3,6

4,9

4,0

(Мәліметтер http://sci.house/russkiy-yazyik/azerbaydjanskaya-respublika-70026.html сайтынан алынды).


Мемлекеттік тіл маңызын ұлттық сана мен мақтаныш деп түсінетін элита өкілдері арасында орыс тілі дегенмен өз әлеуетін жоймаған, олар тіпті өз балаларына орыс тілінен жеке жаттықтырушылар жалдап, осылай мектептердегі орыс тілі сағатының азаюының орнын толтырды [15, 24 б.].
2007 ж. жүргізілген сауалнама Әзірбайжанда орыс тілін үйренуге, пайдалануға қызығушылық Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға қарағанда төмен екенін көрсетті [16, 19-30 б.].
Соңғы жылдары әзірбайжан мәдениеті орыс немесе түрік тіліне бағдар алуы тиіс пе деген дау өзектілігін біраз жоғалтты. Әзірбайжандықтардың басым бөлігі түрлі көне нышандар мен мифтер көрініс тапқан төл тіл мен мәдениетке негізделген сәйкестілікті қолдап отыр. Әзірбайжан латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдаған алты республиканың біріншісі болды, Әзірбайжанның Тіл туралы бірінші Заңы оны жүзеге асырудың өте қысқа мерзімін орнатты [17,33-48 б.]
Әзірбайжан тілі үшін дайындалған жаңа латын әліпбиі 1920-шы жылдарындағы әзірбайжандық латын графикасының лингвистикалық өміршең нұсқасы болып табылды. Ол әзірбайжан тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне бейімделген болатын. 1990-жылдары мәдениет сласында түрікшіл бағыт айқын білінді, дегенмен Әзірбайжан жалпы түрік графикасын толық көлемде қабылдаудан бас тартты. Behar-дың 1993 жылдары өткізген зерттеу деректері бойынша, тұрғын халықтың 86 пайызы латын графикасын қолдады деп көрсетілген [18, 51 б.]. Кириллица негізінде білім алған аға буын өкілдері тарапынан шағымдар да болған, алайда, Thomson Jones пікірінше, латындануға шынайы қарсыластық байқалмады [19, 74б.] деген пікір келтірген. Гарибованың айтуынша, басында жаңа әліпбиге қатысты белгілі бір қарсыластық болған, бірақ жазу жаңа графикасына ресми көшкен соң пікірталас басылған [15,7б.]. Айта кететін жай, латындану Әзірбайжанда басқа сөз болған мемлекеттерге қарағанда неғұрлым қатты қолданған. Аға буын кезіккен қиындықтардың бірі – 2001 ж. тамызынан кейін негізгі басылымдардың, дүкен атауларының және т.б. бейтаныс жазуда берілуі болды.
Кеңес одағының құрамында болған кезде 1956 жылдың 21 тамыздағы «Әзірбайжан КСР-інің Конституциясын (Негізгі Заңын) Әзірбайжан КСР-інің Мемлекеттік тілі туралы баптармен толықтыру туралы» Заңында «Әзірбайжан КСР-інің Мемлекеттік тілі Әзірбайжан тілі болып табылады» деп нақты көрсетілген [20, 3 б.].
Бұдан кейінгі құжат – «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Әзірбайжан Республикасының 2002 жылғы 30 қыркүйектегі Заңы мемлекеттік тілдің мәртебесін толыққанды нақтылауды, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда мемлекеттік тілдің қолданылу ережелері нақты көрсетілген.
Заңның 13-бабының 13.1-тармағында: «Әзірбайжан тілінің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын ақтарушы биліктің тиісті органы бекітеді. Заңды, жеке және лауазымды тұлғалары осы нормаларды сақтауға тиіс», 14-бабында: «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тілінің әліпбиі – латын графикасы негізіндегі Әзірбайжан әліпбиі», 15-бабының 15.2-тармағында: «Әзірбайжан Республикасын мемлекеттік тілде шығарылатын баспа өнімдері латын графикасы негізіндегі Әзірбайжан әліпбиінде шығарылуға тиіс», 15.3-тармағында: «Әзірбайжан жазба мәдениетінің тарихында маңызды рөл атқарған араб әліпбиі мен кирилл қарпі ерекше жағдайларда (сөздіктерде, ғылыми басылымдарда әдебиет көрсеткіші ретінде және т.б.) пайдаланылуы мүмкін» делінген [21]. Бір әліпбиден екіншісіне көшу мемлекеттік ісқағаздарын жүргізуде, жарнамаға, баспа басылымдарына және коммерциялық маңдайшаларға өзгерістер алып келді. Сонымен қатар алғашқыда компьютерлік бағдарламаларды пайдаланушыларға да қиындық туғызды. Сондықтан үкімет жаңа әліпбиге көшуге байланысты техникалық проблемаларды шешу үшін www.latin.az вебсайтын ашты.
Мысалы, «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Әзірбайжан Республикасының Заңын қолдану туралы» Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 қаңтардағы № 835 Жарлығында Әзірбайжан Республикасы Министрлер кабинетіне бір айлық мерзім ішінде қолданыстағы заңнамалық актілерді «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Әзірбайжан Республикасының Заңына сәйкестендіру туралы ұсыныс жасап, Әзірбайжан Республикасының Президентіне ұсыну; Министрлер кабинеті мен жергілікті биліктің тиісті орталық органдарының нормативтік-құқықтық актілерін аталған Заңға сәйкестігін қамтамасыз ету және ол туралы Әзірбайжан Республикасының Президентіне хабарлап отыру; аталған Заңды бұзғандығы үшін жауаптылықтың түрлерін белгілейтін заңнамалық актінің жобасын даярлап, Әзірбайжан Республикасының Президентіне ұсыну және т.б. тапсырылады. (2004 жылғы 25 мамырдағы № 71 Жарлыққа сәйкес түзетулермен) [22]. Одан кейін 2003 жылғы 27 қыркүйекте «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Әзірбайжан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз ету туралы» Әзірбайжан Республикасы Президентінің № 923 Жарлығы шықты [23].
Төменде келтірілген құжатта да аталған мақсат көзделді. «Бұқаралық баспаларды латын графикасы негізіндегі Әзірбайжан тілінде жүзеге асыру туралы» Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы № 56 Өкімінде: «2004 жылдың бастапқы кезеңінде латын графикасында басып шығаруға жататын шығармалар тізімі бекітілсін (тізімі қоса берілген)» делініп, осы мақсатта әртүрлі құрылымдарға тапсырмалар беріледі (2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 466 Жарлыққа сәйкес түзетулермен) [24]. 2008 ж 18 қыркүйектегі № 3051 құжатта көрсетілген тізімдегі кітаптардың 9-ы сөздіктер мен энциклопедиялар, 15-і Әзірбайжанның халық әдебиеті, 100-ден астамы классикалық және қазіргі Әзірбайжан әдебиеті, 30-дан астамы әлемдік әдебиет үлгілері азербайжан тіліне аударуды қаржыландыру туралы құжат қабылданып қаржы мәселесі дұрыс жолға қойылды.
Жаңа жазуға көшу үшін, сөзсіз, сөздіктер қажет болды. Әзірбайжан жазушылар Одағы басылымдарын тек латын графикасында шығаруға және жаңа сөздіктер құрастыруға нұсқау алды [25].. 1998 жылы Oruj Musaev латын әліпбиі негізінде жаңа әзірбайжан-ағылшын сөздігі шығарылды, (Azerbaijani-English Dictionary in the New Latin Alphabet) [26].
Келесі жылы Стамбулда басқа сөздік - Azerbaijan Turkesinden Turkiye Turkesine buyuk sozlik- әзірбайжандық түрік тілінің Түркияда пайдаланатын сөздігі жарық көрді, оны Yasar Akdogan құрастырған. Латынданған әзірбайжантілінің жаңа орфографиялық сөздігі 2004 жылы шықты. «Әзірбайжан тілінің түсіндірме сөздігі» («Azərbaycan dilinin izahlı lüğəti», 1 том, 2005, 744б ., «Әзірбайжан-орыс тілі сөздігі» («Azərbaycanca-rusca lüğət», 1 том, 2006, 896б., «Парсы-орыс тілдері сөздігі» («Farsca-azərbaycanca lüğət», 2007, 640б., «Әзірбайжан - ағылшын тілдері сөздігі» («Azərbaycanca-ingiliscə lüğət», 2006, 288 б., «Араб-орыс тілі сөздігі» («Ərəbcə-azərbaycanca lüğət», 1 том, 2007, 440 б. аталған сөздіктер латын әліпбиінде дайындалды. Сонымен қатар Роженің (Rogers Thesaurus) синонимдер мен антонимдердің тезаурусы үлгісінде дайындалған жаңа әзірбайжандық тезаурусты (15000 сөз) Shaig Jabirogly 2005 жылы құрастырған болатын.
Мұның өзі тіл қорын дамытуға елеулі үлес болды. Автор сонымен қатар орыс тілінен енген сөздер орнына жаңа әзірбайжан сөздерін кіргізуге талпынды. Ақыры 2010 жылы бірлескен түрік-әзірбайжан ғалымдарының күшімен жаңа төрт тілді медициналық терминдер сөздігі шықты.
Сөздікті баспаға Murat Yurdakok, Nasib Guliev, Naila Rahimova дайындады. Бұл еңбек ағылшын тілінде Turkish-English-Azerbaijani- Russian Dictionary of Medical Terms деп аталды. Сөздікте 2 956 термин қамтылған. Қазіргі кезде Әзірбайжан Ұлттық ғылым Академиясының И.Насими атындағы Тіл білімі институты басылымға сөздіктер қатарын дайындады. Мысалы, екі тілді және үш тілді сөздіктер Ғаламтор арқылы қол жетімді болды.
Оның ішінде, мысалы, мұнай өнер кәсібінің арнайы сөздіктері. Дегенмен, мұндай сөздіктер толық жинақ ретінде шықпайды, сондықтан тұтынушылар үшін қолайсыз. Мысал ретінде кеңес заманындағы және кеңес заманынан кейінгі Әзірбайжандағы Afaq Rustamova шығарған буклетті алуға болады. 92б бетті қамтыған бұл еңбекте этнолингвистикалық үдерістердің салыстырмалы шолуы берілген.
Бакудағы «Хазар» университетінің ректоры Гамлет Аблулла Оглы Исаханулы елде кітап шығару ісі Америка Құрама Штаттары мен Еуропаның баспа үйлеріне көмегінің арқасында жетіліп келеді деген пікір айтылған. Бұл ұйымдар жаңа әзірбайжан графикасына көшуге, қоғамдық ғылымдар, юриспруденция, білім, журналистика, экономика және бизнес бойынша жұмыстар басып шығаруға елеулі қаржы жұмсаған.
2004 ж. көктемі мен қысында президент жарғысы бойынша әзірбайжан әдебиеті мен әлем классика туындылары, сөздіктер, энциклопедиялар көп данамен шығарылып, кітапханаларға таратылды. Бұл латын графикасындағы әзірбайжан тіліндегі кітаптарды қол жетімді ету мақсатында жасалды. Жастар әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді, себебі жаңа графикаға көшу оқушыларға қажетті материалдарды тапшы етіп, жалпы сауаттылық мәселесін ушықтырды.
Сонымен қатар 2007 жылға Әлем әдебиетінің 150-томдығын шығару жоспарланды. 2007-2008 жылдары латын әліпбиін қайта енгізуге байланысты туындаған қиындықтарды жеңу үшін ЮНЕСКО қолдауымен «Әзірбайжан тілінің қазынасы» жобасы басталды. Жоба мақсаты болып әзірбайжан әдебиеті шығармаларын және әлем классика туындылары аудармаларының толық мәтіні базасын «Әзірбайжан тіліндегі әлем классика үлгілері» және «Әзірбайжан тілінің қазынасы» айдарымен шығару болды. Khabar және Dunya әdәbiati басылымдары да жергілікті оқырмандар арасында әзірбайжандық және халықаралық әдебиетті кеңінен таратуға арналған.
2011 жылғы 4 шілдеде «Әзірбайжан Республикасының тіл бойынша Мемлекеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» Әзірбайжан Республикасы Президентінің Өкімімен Мемлекеттік комиссия тағайындалды. Оны Әзірбайжан Республикасының Президенті Г.Алиев басқарды. Түркияның ресми ұстанымы және осы елдегі қоғамдық пікір Әзірбайжанда қалыптасқан жағдаятқа аса қызуғышылық танытты. Оның себебі, біріншіден, екі елдің тілі мен мәдениетінің жақын туыстығы, екіншіден, Түркияның аймақта басымдылық орнатып Ресей ықпалына қарсы тұруға ұмтылысы. Түркия Әзірбайжан экономикасына, оның технологиялық дамуына, қатысым құралдарына, оның басқа елдермен халықаралық қатынастарының орнығуына елеулі үлес қосқан. Түркия мен Әзірбайжанның жаңа өзара түсінісуінің шеңберінде білімге ерекше көңіл бөлінді. Түркияның жоғары оқу орнындарында білім алу үшін стипендиялар тағайындалды, Әзірбайжанның өзінде түрік мектептері мен басқа оқу орындары ашылды. 2001-2002 оқу жылында Бакуде 452 оқушысы бар 2 түрік мектебі, 40 студенті бар Түрік тіл орталығы істеді. Бұл оқу орындарын Түркия Ұлттық білім министрлігі түрік тілі мен мәдениетін насихаттау мақсатында ашқан болатын. 1992 жылдан көптеген жекеменшік түрік мектептерін мемлекеттік емес ұйымдар, мысалы, Түрік әлемі зерттеулері қоры, Turk Dunyasi Arastirmalari Vakfi аша бастады. Осы ұйымдардың арқасында 2001 жылы Бакуде Менеджмент институты мен әзірбайжан және түрік тілдерінде әзірбайжан және түрік мұғалімдері беретін бірнеше орта мектеп ашылған.
Гюлен қозғалысы, Түркияда орныққан діни ұйым,Әзірбайжандағы және басқа мұсылман, мұсылман емес елдердегі «орнықты ислам» мен пантүркизм тақырыбындағы дискурсқа бастамашы болды. Фетхулллах Гюлен бастаған қозғалыс өзара байланысты ресми емес ақпарат желілерін пайдаланып, Түркия мен басқа мұсылман елдерін мұсылмандыққа жыққысы келгісі келді. Бұл Гюлен қозғалысы діни және біліми сипатымен қатар қоғамдық та ұйым болып табылады деген сөз. 1992 жылдан бастап «Гюлен Zaman» газетін шығарды, ол Бакуде түрік және әзірбайжан тілдерінде алдымен апта сайын, кейін, 2004 жылдан бастап, күн сайын шығатын болды, сонымен қатар Ғаламторда да қол жетімді болған. Әзірбайжанда және Орталық Азияның басқа бірнеше мемлекеттерінде білімге ерекше көңіл бөлінді. Осы ұйым ашқан мектептер ағылшын, түрік және төл тілдерде жоғары сапалы білім берді [27]. 1997 жылдың ақпанында қозғалыс Әзірбайжанда ашылған 16 бастауыш және орта мектептерін мақтанышпен айтты, онда 397 мұғалім 2 653 оқушыға дәріс берді. 2002-2003 жылдары 338 мұғалім мен 3023 оқушыны қамтыған 12 мектеп істеген. 2009 жылдың шілдесінде қозғалыс 12 мектепке - 1 бастауыш және 11 орта – демеушілік көрсетті. Сонымен қатар Кавказ университеті құрылды, онда 102 оқытушы 1 407 студентті оқытты (htpp//www.qu.edu.az). Ол 1993 жылы ашылып, екі жылдан кейін ресми тіркелді, Qag Ogretim Isletmeleri түрік компаниясымен қаржыландырған.
Тағы бір маңызды құжат 2008 жылғы 18 қыркүйекте «Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын Әзірбайжан тілінде басып шығаруды қаржыландыру туралы» Әзірбайжан Республикасы Президентінің № 3051 Өкімі шықты [28].Жоғарыдағы құжаттардың орындалуының негізінде Әзірбайжан Республикасы он жыл ішінде латын қарпіне көшіп бітті. Осы жалдар аралығында бірқатар пікірлер көзқарастар болды қиындықтарда болды, дегенмен Әзірбайжан халқы жаңа әліпбиді меңгерді ғылыми, көркем әдебиеттер, әлем әдебиеттері осы әліпбимен басылды. ЖОО, мектеп және орта білім беру жүйесінде қолданылатын оқулықтарда латын әліпбиімен басылды оларды уақытымен қаржыландырды. www.latin.az веб сайты өз дәрежесінде осы мәселелерді шешуде өз үлесін қосты. Онлайн аударма ісі де өз дәрежесінде қызмет істеді. Ойымызды қортындылай келе мынандай тұжырым жасадық: ең бірінші кезекте «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Әзірбайжан Республикасының Заңы қабылданып, қолданыстағы заңнамалық актілерді осы Заңға сәйкес жүргізілді; латын графикасы негізіндегі Әзірбайжан әліпбиі, Әзірбайжан тілі күні заңмен бекітілді және оның орындалуы қатты қадағаланды осының негізінде олар тез көшті; латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіруге қатысты жұмыстармен олардың орындалу кезеңдері нақты болды; Тілдік нормаларды бекітуші органдар белгіленіп, бұл нормалардың сақталуын орындалуын заңдық түрде қадағаланды. Көркем әдебиеттерді латын әліпбиіне аудару үшін қаржы жүйелі түрде бөлініп оның орындалуы қадағаланды. Жалпы біз аталған мәселені зерттеу барысында байқаған бір ерекшелігіміз заң шығарылады осы заңның орындалуы үшін нормативтік құқықтық актілер қабылданған құжаттардың орындалуын бақылауға арналып отырады. Әрине бастапқы кезде өзіндік қиындықтар болды мысалы, латын әліпбиіне көшуде мұғалімдер үшін латын әліпбиін үйренудің қиынға соғуын, жаңа әліпбимен басылған балалар әдебиетінің тапшы болуын, ересектердің жаңа әліпбиді игерудегі қиындықтарға ұшырауы мен орыс жазуына негізделген мұраларды пайдалану мүмкіндіктерінің аздығы болды және қоғам белсенділерінің қарсы топтары да болды бірақ жиырма бес жылдан астам уақытта олар осы қиындықтарды түзетумен болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет