Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі. Ым-ишара (жест)



бет77/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90
Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантомимика – қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге болады.


2. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері, технологиясы, ерекшеліктері
Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей параметрлерді жетілдіреді:
  • басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді үйлестіру;


  • ұжымның барлық мүшесін педагогикалық процесті басқаруға қатыстыру;


  • ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту;


  • басқару шешімін қабылдау тиімділігін арттыру;


  • ұжымдағы жанжалды дұрыс шешуге бағыттылық;


  • ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру.


Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің тиімділігін анықтайды.


Ықпалдастық (интегративтік) құзырлық – тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында білім, білік, дағдыны ықпалдастыра алу қабілеті.
Менеджердің ықпалдастық құзырлығы төмендегілерді білдіреді:
  • менеджердің басқару процесінің табиғатын түсінуі, негізгі ұйымдастыру құрылымдарын білуі, басқару деңгейлері бойынша жауапкершілікті сезіне білуі және міндеттерді нақты көре алуы, басқару тиімділігін арттыру қабілеті;


  • басқаруға қажетті ақпараттық технология мен қатынас құралдарын білуі;


  • өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізе алуы;


  • адамдардың басқару құзырлығы, мамандарды дұрыс таңдау және даярлау, көшбасшылыққа қабілетті қарым-қатынастың үйлесімділігі;


  • мекеме мен қызмет көрсету арасындағы өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктерін білу;


  • ресурстарды басқару қабілеті;


  • мекеменің іс-әрекетін бағалай алу қабілеті, дұрыс шешім қабылдай алуөз біліктілігін көтеруге талпынысы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет