Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантомимика– қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге болады.
2. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері, технологиясы, ерекшеліктері Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей параметрлерді жетілдіреді:
басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді үйлестіру;
ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру.
Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің тиімділігін анықтайды.
Ықпалдастық (интегративтік) құзырлық – тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында білім, білік, дағдыны ықпалдастыра алу қабілеті.
Менеджердің ықпалдастық құзырлығы төмендегілерді білдіреді:
менеджердің басқару процесінің табиғатын түсінуі, негізгі ұйымдастыру құрылымдарын білуі, басқару деңгейлері бойынша жауапкершілікті сезіне білуі және міндеттерді нақты көре алуы, басқару тиімділігін арттыру қабілеті;
басқаруға қажетті ақпараттық технология мен қатынас құралдарын білуі;