Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Мемлекттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде



бет25/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

5. Мемлекттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде. Билік жүргізу әдістері рухани және материялдық болып бөлінеді.
Рухани әдістер: саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, заң , норма, ереже, білім, саяси сөз, саяси әдістер, саяси өнер;
Материялдық әдістер: саяси жобалау, есеп бақылаудың техникалық әдістері, күштеу тәсілдері, билік жүргізу кадрлары, саяси институттар, органдар, билік ұйымдары саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқылы да, екіншілері бағынуға міндетті.Бұл теңсіздіктің туу себебі мына төмендегі әдіс құралдарға байланысты.
1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы қаражат керек.
Мысалы: сайлау науқанын өткізу үшін онддаған миллион ақша жұмсайды. Мемлекет тарапынан берілетін ақша жетіспеуінен өздерін өздері қаржыландырады (спонсор). Билеуші аппаратты ұстау үшін қыруар ақша жұмсалады.Оның үстіне билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Оларды жүзеге асыру үшін көптеген қаржылар керек.
2.Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған адамдар немесе өзін қолдайтын
сақтайтын адамдар топтарын іздейді.Бұл рөлді көбінесе сол қоғамда, сол билік тұсында белгілі бір артықшылықтарға, мәртебеге, абыройға ие, жалақысы мол қызметкерлер орындайды.
3.Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды,ішкі тәртіпті сақтайды,саяси
билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді, оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.б. Тарихи тәжірибеге сүйенсек саяси билік оларды өз мақсаттарына, әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар негізінде жиі пайдаланады.
4.Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып саяси өмірге ықпал ету жағынан
биліктің белгілі бір артықшылықтарға ие болуы. Демократиялық елдерге сөз, баспасөз бостандығы беріледі.
5.Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да маңызы
зор. Біліммен ғылыми мағлұмат алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда кейбір ғалымдардың айтуынша информация кімнің қолында болса, ХХI ғасырда билік соның қолында болады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік дегеніміз белгілі бір топтар мен таптардың мемлекеттік органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемділігі.Ал мемлекеттік органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемділігі. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.
Мемлекеттік билік пен саяси билікті салыстыратын болса, саяси билік мемлекеттік билікке қарағанда кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттік көлемде ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдар көлемінде де жүргізіледі.Кез-келген мемлекеттік билік ол саяси билік, ал кез-келген саяси билік мемлекеттік бола алмайды. Мысалы: алғашқы қауымдық құрылыста саяси билік болған (ақсақалдар кеңесі) ал билік аппараты, мемлекет болмайды. Демек мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет