3. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері..Этциони билік ресурстарын-утилитарлы, мәжбүр ету, нормативті деп бөледі. А) Утилитарлы ресурсы- бұл материялдық және әлеуметтік игілік, адамдардың күнделікті мүдделерімен тығыз байланысты. Оның көмегімен билік, әсіресе мемлекет жекелеген саясаткерлерді ғна емес, бүкіл тұрғындарды сатып алуға қабілетті.Бұл ресурс мадақтау немесе жазалау формасында қолданылады (мысалы, жалақыны қысқарту,көтеру) . б) мәжбүр ету ресурсы-ретінде әкімшілік шаралар, жазалау, күштеу қолданылады. В) Нормативті ресурс-өзіне сыртқы әлемге ықпал ету құралдарын,құндылықтық бағдарды,адам әрекетінің нормаларын қамтиды.
2.Экономикалық ресурс-материялдық құндылықтар, ақша,техника,құнарлы жер,пайдалы қазбалар.
3.Әлеуметтік ресурс-әлеуметтік статусты көтеру немесе түсіру қабілеті, әлеуметтік стратификация.
4. Мәдени- ақпараттық ресурстар-білім, ақпарат,оны тарату құралдары,ғылым институттары,БАҚ-ы жатады.
4. Саяси биліктің түрлері. Билік легитимдігі теориясының дамуына М.Вебер үлкен үлес қосты. Ол билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті.
1.Дәстүрлі легитимділік,ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген әбден бойлары үйреніп дұрыс деп тапқан салт –дәстүрлерге сүйенеді.Сондықтан мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша,шах, әмір т.б. Билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата салтымыз деп мойындап отырады.
2.Харизматикалық легитимділік,мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттермен көре түскен адамды басшы етіп жариялап , соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жеткен. Харизма деген сөздің өзі де көсемге мемлекеттік басқарушы жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимділігі.Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұнда легетимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.
Легитимділіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимді болу үшін мынадай шарт қажет:
*ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғнимемлеекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс:
* мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Соңғы кезде легетимділіктің идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәні билікті халықтың санасына енгізілген идеология арқылы ақтау. Билікті сәйкес келетінидеологиямен негіздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идиологиялық легитимділік топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкін. Кеңес Одағында топтық легитимділік кеңінен қолданылады.ХХ ғасырда ұлтшылдық легитимділік көп елдерде басымдық танытты.