2. Билік тұжырымдамалары. Демократиялық қоғамдарда билікті тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье болды. Билік заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінеді.
1. Заңшығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады.Олзаң қабылдайды, салық салуды анықтайды,үкіметті тағайындайды,бюджеті бекітеді,соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді,сауданы реттейді,сотты ұйымдастырады,халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды.Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар бақылау жасайды.
2.Атқарушы билікке үкімет пен әкәмшілік жатады. Оларды заңшығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.Атқарушы билік заңшығарушыбиліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді.Оныңжұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде әрекет етуі керек. Сырттай қарағанда ол заңшығарушы билікке тәуелді.Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек).Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
3.Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды,парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.Оны халық немесеөкілетті мекемелер қалыптастырады.Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз.Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алды. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органнның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық,айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе,екіншілері кеміткісі келеді.
Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын айтады.Олардың кәзіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор.Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарларды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады.Мұнда сайлаушылардың еркі,талап-тілектермен қатар кейбір елдерде сайлаушшылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады.Кейбір елдерде қарамағында аппараты бар бас бақылаушы да болады.
Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы,француздың белгілі саясаткерлері Р.Арон, Ж.Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді.Сот билігін жоққа шығармайды,бірақ оны әкімшілік билікке қосады.
Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан.Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық және жергілікті билік болып бөлінеді.