3. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары. Саясаттанудың заңдары - Өзге ғылымдар секілді саясаттануға да обьективтілік заңдар тән. Саясаттанудың заңдары категориялармен үйлесіп, саяси жүйеде обьективтілік және субьективтілік арасындағы қатынас формаларын белгілейді. Сондай – ақ билеуші қатынастар түрлері мен қызметінің әртүрлі сәттерін көрсетеді. Тағы бір назар аударатын нәрсе, бұл баптың аясындағы тақырып бойынша саясаттануды зертттегенде обьективті екі заң бар. Олар мынау: саяси жүйенің барлық түріне қолдануға болатын жалпы заңдар және белгілі жүйе түрінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеретін заңдар.
Жалпы заңдар - қатарына - әлеуметтік таптық сипатқа тәуелді саяси биліктің түрі, саяси және экономикалық биліктің өзара кірігіп кетуі және т.б. жатады.
Өзіңдік ерекшеліктер – ескерілетін заңдарға саяси жүйеде қажетті байланыстармен негізделген саяси биліктің тұтастығы мен бөлінісі, саяси биліктің легитимациясы кіреді.
Саясаттану заңдарын терең ұғыну үшін саяси биліктің маңызы мен тенденцияларын бейнелейтін зандылық жүйесінің сипаттамасын жасауға жол ашады. Назарға алынатын айқын сипатына орай оларды мынадай үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Бірінші топқа – экономикалық базис пен әлеуметтік – саяси биліктің арақатынасын көрсететін саяси - экономикалық заңдылықтар.
Екінші топқа - өзінің ішкі логикасы және құрылымы мен биліктің тұрақтылығын нығайтатын негізгі әлеуметтік жүйе секілді дамитын саяси билікті бейнелейтін саяси - әлеуметтік зандылықтар.
Үш інші топқа - саяси - психологиялық заңдылықтар жатады. Олар билік пен жеке адамның қатынастарын көрсете отырып, саяси лидердің билік тұтқасын ұстап және оған жете білуінің маңыздылығын паш етеді.
Жинақтап айтатын болсақ , саясаттану барлық өзінің заңдарымен, оның категориялары арқылы саяси ғылым ғимараттың тұғыры мен керегесін құрайды. Саяси құбылыстар мен процестердің ерекшеліктері мен торабының пункті секілді әсер етеді.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіне тән категориялары бар. Оның категорияларына төмендегі ұғымдар жатады саяси, саясат, саяси қатынас, саяси жүйе, саяси мүдде, саяси сана, саяси процесс, саяси мәдениет пен адамдардың саяси қызметті, қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру білімдерінің тұтас, жүйелі жиынтығы.
Саяси деген сөз – бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Олардың саяси қызметіндегі ортақ индивидтермен немесе бірлестіктермен интегралданған тап, партия, ұлт, мемлекет, әлеуметтік топ іс - әрекеттері ықпалдастықтарының ерекшеліктері саясилықтың маңызды элементтері – саяси бостандық, демократия, жариялылық түсініктері болып саналады. Бұл жерде «саяси» ұғымы саясат аясындағы осындай жайлардың болмаса басқа құбылыстар мен процестердің ықпалды қызметі ретінде көрініс береді.
Тағы бір тоқталатын нәрсе, саясат категориялары саяси қатынас, саяси шындық , саяси сана деген түсініктемелермен де айқындалады. Саяси қатынас пен қызметтің түйіні болып мемлекет пен саяси жүйені құрайтын өзге де саяси институттар болып есептеледі. « Саяси жүйе » ұғымы « азаматтық қоғам » түсінігімен қабыса отырып, өзіне қанаттасқан ұғымдармен – саяси институт, саяси партия, қоғамдық ұйым және қозғалыс бюрократия, саяси режим, басқарушы элита, диктатура т.б. атаулармен толыға түседі. Осыған байланысты саяси жүйенің қызметі мен динамикасын қарастырғанда « саяси процесс » түсінігінде көрсеткіш компоненттері мен аспектілерінде функцияланған саяси жүйелер, саяси реформалар, саяси революция, саяси шиеленіс және дағдарыс т.б. көрініс табады.
Бұл шоғырланған ұғымдар саяси қызмет пен қатынаста, саясаттағы субьект пен обьекті, саяси қажеттілік пен мүдде, саяси басқару әдістері мен түрлері, стратегия мен тактика, саяси басшылық пен мінезі және тағы басқаларын атап айтқан жөн.
Егер саяси шындықтың саналы жақтарын, яғни « саяси мәдениетін » сипаттайтын түсініктер жүйесін көрсетіп бермесе, саясаттанудың категориялық ерекшеліктерін байқату толыққанды болмаған болар еді. Бұл деген сөз, саяси сана, саяси құндылық принциптер, дәстүр мен нормалар, позиция, саяси социология, саяси белсенділік, саяси шеттетілу, сондай – ақ, саяси мәдениет түрлерінің маңзды жақтарын көрсететін ұғымдар.