5. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет құбылысы саяси зерттеу объектісі ретінде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш рет “саяси мәдениет” ұғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгізген XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы–философы Иоганн Гердер болып табылады.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениеттінің даму қарқынымен тікелей байланысты. Қазіргі саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттің қырықтан астам анықтамасы бар. Бұл осы түсініктің өте күрделі екендігін көрсетеді.
Поляк саясаттанушысы Е. Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет – ол үкімет пен азаматтар арасында қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мінез-құлықтардың жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады:
а) саясат туралы түсінік, оған құштарлығы;
б) саяси оқиғаларды бағалай білу;
в) саяси мақсаттың сезімдік жағы, мысалы, отанды сүю, оның жауларына өшпенділік;
г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгілері.
Ағылшын саясаттанушылары Р.Карр мен М.Бернштейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді деп есептейді
Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек деп есептейді. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді деп есептейміз.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән
саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Ерте дүниеде саяси ойшылдар
саяси өмірге адамдардың ой ойлауы,олардың құндылықтары мен көңіл күйінің ықпал етуін байқалады.Кезінде Аристотельдің өзі адамның “ақыл-күйі”, оның қоғам тұрақтылығына ықпалы туралы айтқан.
Саяси ғылымда саяси процестердің түрлі “субьективтік” элементтерін көрсету үшін түрлі түсініктермен бірге “саяси мәдениет”терминін қолданады. Саяси мәдениет күнделікті санада саясаткертердің “мәдениеттілігі” немесе “өркениеттілігі” ретінде ұғындырады.
Саяси мәдениеттің түрлерін құрастырушы бағдарланулар жүйесінің құрылымы туралы мәселенің тек теориялық емес, сондай-ақ эмприкалық зерттеу мәселелері үшін де маңызды болады. Бүгінгі саяси ғылымда “саяси мәдениет”түсінігін операционолизациялаудың көптеген вариянттары кездеседі.
Альмонд және С.Вербаның пікірінше саяси мәдениетті құрастырушы бағытталулардың өз құрылымы болады. Ал мұндай құрылымның түрлі бағытталуларыбар:
-”когнитивті бағытталу” --саяси жүйе туралы,оның ролі мен саяси ролді кім атқаратыны туралы мәліметтілік білім және сенім;
-”аффектипті бағытталу” --саяси жүйе,оның ролі мен саяси рольді кім атқаратынын сезіну.;
-”бағамдық бағытталу”--саяси обьектілер туралы наным ,пікір(бұл бағамдық стандарттар мен аффектипті бағытталудың өзіндік комбинациясы).
Саяси мәдениеттің құрылымын құрастырушы бағытталулардың басқа типологиясын Г. Альмонд және С.Вербадан кейін американдық зерттеуші В.Розенбаум ұсынды. Ол саяси мәдениетті құрастырушы саяси бағытталудың бірнеше тобын обьектімен байланыстыра жасады.
1) мемлекеттік басқару институттарына байланысты бағытталулар; мұндай топтың өзі бірнеше типтен тұрады:
а) индивиттің мемлекеттік институттар,ресми нормалары мен рәміздері, ресми адамдар туралы өзінің бағасы;
б) саяси жүйенің “кіріс”, “шығысы” және оларға деген түрлі талаптар мен мемлекеттік биліктің шешімдері туралы баға беруге бағытталу.Сонымен мұндай тип, саясатқа қанағаттылықты немесе қанағатсыздықты және билік алдына қандай талаптарды қоюға болатындығы, мемлекеттік билік қаншалықты тиімді екені туралы адамдардың өз пікірі жайлы түсінік.
2) саяси жүйеде “басқаларға” байланысты бағытталу ;
а)өзін басқалармен саяси ұқсастыру, белгілі бір топқа немесе саяси құрылымға (ұлт,мемлекет, қала,саяси партия т.б.) жататындығын ұғыну;
б)саяси сенім,-индивиттің,саяси өмірдің,саяси өмірдің басқа субьектілері өзі үшін игілікті немесе игіліксіз екені туралы нанымы;
3)өзіндік саяси әрекеттерге байланысты бағытталу;
а)саяси компоненттік-саяси өмірге ұдайы немесе анда- санда қатысу (сайлауға немесе басқа да саяси белсенділік түрлерінде қатысу жиілігі, саяси оқиғалар туралы жетік хабардар болу,саясатқа қызығушылық);
б)саяси тегеуірінділік –билік орындарының өз әрекеттері үшін жауаптылығы азаматтық белсенділік пен саяси өмірге қатысудың маңыздылығын, саяси шешімдерге қатысу арқылы ықпал жасау мүкіндігі туралы көзқарас.
Саяси мәддениеттің қалыптасу, орнатылу және өміршеңдігінің бірден бір маңызды факторы—тіршілік жасап тұрған жүйе мен саяси режимнің легитимділігі нақты айтқанда, саяси мәдениетті құрастырушы құндылықтар жүйесінің бағдарлануларының, мақсаттардың, таптарының ішінен, саяси жүйені қалыптастырып сақтауға себепші болған элементтері орталық орын алады. Қоғамның барлық мүшелерінің қолдайтын позитивті құндылықтар санын оның жеке компоненттері арасындағы консенус дәрежесі,тұрақтылығы мен өміршеңдігі анықтайды. Солай бола тұрса да,саяси мәдениетті қоғамға кеңінен қолдаған құндылықтар,сенімдер мен рәміздер жүйесі деп қарастыру,оны жұмыс істеп отырғансаяси жүйеге қатысты тек позитивті мақсаттармен шектеу дұрыс емес. Себебі, оларды қоғам мүшелерінің көпшілігі қолдамаған жағдайдың өзі,саяси мәдениет пен жалпы саяси жүйенің мәні мен даму үрдісінің маңызды көрсеткіші.Сондықтан әрбір саяси жүйе шеңберінде түрлі топтардың саяси көзқарасының арақашықтығын анықтаудың принциптік маңызы бар.