Лекция № 9
Тақырыбы: «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқыту әдістемесі
Лекция жоспары:
1.«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.
2.Тұлға туралы заманауи психологиялық теориялар тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеудің рөлі.
Лекция мақсаты: Болашақ мамандарды даярлау көбінесе арнаулы пәндерді оқытуға және білім берудің тиімді әдістерін тандап алуға дағдыландыру.
Лекция мазмұны: Педагогика бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасы «Педагогиканы оқыту әдістемесі» курсы бойынша Типтік оқу бағдарламаға негізделеніп беріледі.
«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің құрылымы бірден қалыптаса қойған жоқ. Педагогиканы оқытудың жалпы негіздері педагогика бойынша 20-30 жылдарда XX ғ. жарық көрген типтік бағдарламаларға, оқулықтарға, оқу құралдарына назар аударғанда «Педагогикаға кіріспе» курсының аясында өткенін көрсетті. Бұлай оқыту «Дидактика» және «Тәрбие теориясы» деп аталатын екі үлкен бөлімнің ортақ негіздерімен байланыспай, әрқайсысының жеке оқытылуына әкеп соқты, сол себепті мұғалімдерді педагогикалық даярлаудың тұтастығы бұзылды. Бұл кемшілік 50-жылдары түзетіліп, П.Н. Шимбирев және И.А. Каировтардың авторлық етуімен педагогика институттары студенттері үшін жарық көрген «Педагогика» оқулығында жойылды. Осы кезеңнен бастап «Педагогика» курсы өзара байланысқан «Педагогиканың жалпы негіздері», «Тәрбие теориясы», «Дидактика» және «Мектептану» деп аталатын төрт бөлімнен тұрды.
Бұл бірінші тақырып болғандықтан педагогиканы оқыту жүйесінде үлкен мәнге ие, өйткені бірінші сабақта студенттердің мұғалімдік мамандыққа, педагогикаға, балалармен жұмыс істеуге қызығушылықтарын оятуға себеп болатын кәсіптік-педагогикалық бағыттың негіздері қалыптасады. Сонымен қоса бірінші тақырып ғылыми педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыратын іргетас ретінде негізін қалаушы болады десек артық айтпаймыз.
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: педагогикалық ғылымдар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, педагогиканы ғылым және өнер ретінде меңгеруге студенттердің қызығушылықтарын арттыру.
Осы тақырып аясында педагогика ғылым және өнер ретінде екі аспектіде қаралады. Бұл амал студенттерге ғылым мен өнердің өзара байланыстылығын байқауға мүмкіндік береді, материалды «құрғақ» беруден сақтап, пәнді шығармашылық тұрғыдан игеруге септігін тигізеді. Тақырыпты қарастырудың келесідей нұсқалары бар:
1) педагогика – ғылым: оның нысаны, пәні, қызметі, категориялық аппараты, құрылымы, басқа ғылымдармен байланысы;
2) педагогика – өнер: өткен дәуірлер педагогтарының ретроспективасы, педагогикалық шеберлік педагогикалық өнердің негізі ретінде, педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық өнерді жүзеге асыру шарты.
Аталған тақырыпты меңгеру барысында кіріспе-дәріс, визуалдау-дәрісі және т.б. дәріс типтерін қолдануға болады.
Семинар сабағы сұрақ-жауап, семинар-пікірталас, тақырыптық семинар түрінде ұйымдастырылады.
Тақырып бойынша СӨЖ орындау қарастырылған. «Кітаптан түскен бетбелгі...» жеке тапсырмасы ретінде П.Ф. Каптеревтің «Педагогика – ғылым немесе өнер», К.Д. Ушинскийдің «Адам тәрбие нысаны ретінде» кітаптарын оқып, сол бойынша студенттік топтарда конференцияға қатысу болады.
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері – тұтас педагогикалық үдеріс теориясының білімдерін қалыптастыру.
Аталған тақырып меңгеруге өте күрделі болғандықтан, жекелеген ережелерін түсіндіріп, талдау қажет. Дәріс басында педагогикалық үдеріс, қарама-қайшылық, қызмет, заңдылық, принцип деген негізгі ұғымдарды ажыратып алған жөн. Философиялық мәні бар ұғымдарды толық өңдеу педагогикалық үдеріс тиімділігінің мәнін, құрылымын, негізгі сипатын, заңдылықтарын, принциптері мен критерийлерін қарастыруға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыпты меңгеруде тұтас педагогикалық теория негіздерін ашуға ерекше көңіл бөлінеді. Оның авторы Қазақстандағы атақты ғалым Н.Д. Хмель (1928-2007жж.). Профессор Н.Д. Хмельдің тұтас педагогикалық үдеріс (ТПҮ) оқытушы іс-әрекетінің нысаны деген ойын өзектендіру қажет. Осыдан келіп педагог тек өз пәнін, тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін жақсы ұйымдастыруы және басқаруы ғана емес, ТПҮ теориясын да білуі керек. Аталған тақырыпты дәрістің дәстүрлі типі ақпараттық-дәрісті визуалды оқыту құралдарымен бірге (мультимедиялық презентация және т.б.) өткізуге болады.
Семинар сабақтарын «дөңгелек үстел» формасында ұйымдастырылып, белгілі бір теориялық сұрақтарды негізгі баяндамалар бойынша хабарламалар мен өз сөздері арқылы талдауға болады. Студенттерге тақырып бойынша хабарлама жасап, сөз сөйлеуді «жинақталған түрде» жүзеге асыруға нұсқау беріледі, олар стендтік баяндамалар, сызбалар, суреттер және т.б. жасайды. Хабарламаны осылай безендіру академиялық уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және негізгі ойды сақтай отырып «ақпаратты жиыстыруға» («свертывание информации») үйретеді.
СӨЖ үшін студенттердің өзіндік жеке көзқарасын танытатын өз ойларын еркін жеткізіп, оларды дәлелдей алатын эссе жазу ұсынылады. Бұл тапсырмаларды студенттер асқан ыждахаттылықпен орындайтындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Олардың пікірлері мен пайымдаулары қате және нақты болуы мүмкін. Осындай жағдайда педагогика оқытушысының міндеті қаралып отырған педагогикалық құбылыстың шынайы мәнін ашып түсіндіру болып табылады.
Бұл тақырып бірнеше пәндердің (философия, әлеуметтану, психология, физиология және т.б.) тоғысында оқылатын болғандықтан студенттердің қабылдауына қиындықтар туғызады. Осындай пәнаралық амал айқындалған, өйткені тұлғаның даму эволюциясын биологиялық, психикалық және әлеуметтік қырынан қарастыруға болады. Бұның барлығы студенттерге тұлға – тұтас құбылыс, оны барлық құраушылардың бірлігінде қарастыру керек деген тақырыптың негізгі идеясын түсінуге мүмкіндік береді.
Дәріс ұғымдар аппаратымен жұмыс істеуден басталады: адам, индивид, объект, субъект, тұлға; даму, әлеуметтену, тәрбие; фактор, тұқым қуалаушылық, орта, өзін-өзі тәрбиелеу; іс-әрекет, қарым-қатынас; концепция, парадигма. Жаңа ұғымдарды енгізу барысында әр түрлі әдебиеттерден алынған анықтамаларды салыстырып қолдану студенттердің аналитикалық іскерліктерін дамытуға септігін тигізеді.
Тұлға құрылымы
Дәрістің негізгі бөлімі әрбір фактордың (тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие) тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы рөлін және мәнін ашып көрсетуге бағытталады. Әрбір фактордың ықпалы туралы атақты философтар (Демосфен, Платон, Аристотель, Конфуций және т.б.), жазушылар (А.С. Пушкин, Ф.М. Достоевский, А. Құнанбаев және т.б.), композиторлар (А. Моцарт, И. Бах және т.б.), ғалымдар (М.В. Ломоносов, Д.И. Менделеев, Ш. Уәлиханов және т.б.), сонымен қатар әдебиет және кинофильм кейіпкерлерінің өмірі мен қызметін мысалға ала отырып көрсетуге болады.
Аталған аспектіні жүйелілік-құрылымдық талдау принципі бойынша қарастыруға болады.
Тұлғаның даму проблемасы философия, психология, әлеуметтану, саясаттану, педагогика саласының зерттеу пәні болған. Тұлғаның дамуындағы қарама-қайшылықтың рөлі туралы материалдарды жинақтай отыра мынандай қорытындылар жасауға болады: тұлға ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды шешу арқылы жетіледі. Олар оның қалыптасуының барлық кезеңдерінде туындайды; қарама-қайшылықтар жаңадан туындаған қажеттіліктер, сұраныстар мен оларды қанағаттандыру жолдарын меңгеру арасында, жаңадан туындаған жағдай мен бұрынғы тәжірибе арасында, тұлғаның өз мүмкіндіктері мен әлеуметтік шынайылық талаптары арасында, адамның белсенді қызметтік негізі мен өмірлік жағдайының арасында туындайды.
Ғылыми және анықтамалық әдебиеттерден аталған ұғым туралы бірнеше анықтамаларды алуға болады:
-амал – зерттеудің принциптік әдіснамалық бағыты;
-амал – істі жүргізуде, бір нәрсені оқуда кімге болсын әсер ететін тәсілдер үйлесімділігі;
-амал – негізгі ойды құрайтын, әлеуметтік жүйені көрсететін немесе ғылыми-ізденіс іс-әрекетіне бағытталған теорияның, концепцияның, парадигманың ерекше негізі;
-амал – педагогикалық үдеріс тиімділігін арттыру2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттерінда ізделіп отырған сапаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми-негізделген тәсілі.
Студенттер амал ұғымы мағынасын көпмағыналылық деп ғалымдардың түрлі көзқарастары мен зерттеу пәніне байланысты түсінуі керек.
Амал ұғымының мәнін нақтылап алған соң, әдіснамалық амал ұғымының анықтамасын беруге болады. Әдіснамалық амал – философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық теориялардың негізгі жүйесі, олардың үйлесімділігі ғылыми зерттеу бағытын анықтайды.
Педагогикалық зерттеулер туралы айтқанда онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, антропологиялық, тарихи-философиялық, әлеуметтік-философиялық, құрылымдық, функционалдық, жүйелілік, құрылымдық-жүйелілік, синергетикалық, интеграциялық, пәнаралық және т.б. амалдар туралы айту керек.
Педагогикалық зерттеулерде әдіснамалық амалдардан басқа теориялық амалдар ерекше орын алады. Теориялық амал дегеніміз былайша сипатталады:
-теорияларға негізделген, теорияға қатысты сұрақтардың ережелері;
-табиғат, қоғам мен ойлаудың заңдылықтарын бейнелейтін, практикалық тәжірибені жинақтайтын ғылыми принциптер, ойлар жүйесі;
-кез келген бір ғылымның бөлімін бейнелейтін жинақталған ережелер үйлесімділігі;
-практикалық іс-әрекеттің негізін құрайтын және шынайылықтың әр қырын түсіндіруге бағытталған білімдер жүйесі.
Зерттеушілер теориялық амал мен концептуалдық амалды өзара синонимдес деп есептейді. Терең зерттеулер барысында олардың айырмашылықтары анықталып отыр. Сонымен, концептуалдық амал дегеніміз:
-көзқарастар жүйесі; құбылыстар мен үдерістерді әр түрлі ұғыну;
-зат немесе құбылысқа деген көзқарас, негізгі ой; әр түрлі іс-әрекет түрлеріндегі құрылымдаушы принцип.
Теориялық амал мен концептуалды амал ұғымдарының негізгі айырмашылықтарын түрлі философиялық негізден іздеу керек, бірін «базис», екіншісін «қондырғы» түрінде алып қарастырайық.
Теориялық амал зерттеудің тірек бөлігі, олай болса базис – ғылыми принциптер, ойлар, практикалық тәжірибені жинақтайтын және қоғам заңдылықтарын бейнелейтін жүйе. Теориялық амал мәнінің сипаты зерттеліп жатқан нысанға (құбылысқа, үдеріске) басқа альтернативтік амалдың болмайтынын, білім мен практиканың тұрақты түрде интеграциялануын көрсетуінде жатыр. Теориялық амал – жаңа теориялық қағиданы құрудың негізі.
Концептуалдық амал – базис қондырғысы. Оның мағыналық мәні «негізгі идея», «негізгі көзқарас», «жетекші ой» сөздерімен ерекшеленеді. Осылардың барлығы кез келген бір құбылысты не үдерісті басқа альтернативтік амалмен қарап, автор мен авторлардың көзқарастары тұрғысынан зерттелініп отырған пәнге (үдеріске, затқа) өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Концептуалды амалдар ғылымдағы заманауи талаптарға және қоғам мен практиканың сұраныстарына байланысты болады. Теориялық және концептуалды амалдар әр түрлі мағынаны білдіреді, сонымен қатар өзара байланыстысты болғандықтан зерттеудің бағыты бола алады.
Педагогикалық зерттеулерде бір-бірімен үйлесімді болып келетін теориялық амалдарды пайдалану керек, олар бір-бірін толықтыра отырып, зерттеу үдерісін ұйымдастыруда және оның пәнін зерттеуде бағыттылық қызметін атқарады. Педагогикалық құбылыстарға әдіснамалық амалдардың үйлесімділігін пайдалану мүмкіндігі мына ойдан туындаған: «Түрлі табиғи және әлеуметтік нысандар теориялық және практикалық мәселелерді шешуде кешенді түрде қарастыруды қажет етеді, өйткені оны өмір қоғамдық үдерістер интеграциясының жоғары деңгейімен басқарады, бұл жерде «барлығы барлығымен байланысты», яғни бір мәселені шешу басқа да көптеген мәселелерді шешуге тәуелді, онда мәселелердің өзі жүйелі кешенді сипатқа ие болады».
Педагогикалық мәселелерді зерттеу үдерісі
Теориялық амалдарға іс-әрекеттік, тұлғалық, субьектілі-дамытушылық, полисубьектілі, мәдениеттанушылық, этнопедагогикалық, контекстік, гуманистік, феноменологиялық, модельдеуші, мәндік, профессиографиялық, біліктілік, құзіреттілік, технологиялық және т.б. жатады. Бұлардың барлығы әмбебап сипатқа ие, өзара байланысты және зерттеу міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Тақырыпты оқытуды «Педагогикалық мәселелерді зерттеу үдерісі» блок-сызбасы бойынша жалғастыруға болады.
Ғылыми аппаратты (мәселе, нысан, пән, мақсат, міндеттер, болжау, зерттеу базасы мен әдістері, теориялық және практикалық мәні), толығымен қарастыру, сонымен қатар зерттеу қисыны мен үдерісімен танысу студенттерге ғылыми зерттеудің тұтас бейнесін ұғынуларына мүмкіндік береді.
Студенттердің әдіснаманы ғылыми теориядан айыра білулері, зерттеу нысаны мен пәнін анықтаулары, болжауды қалыптастырулары, педагогикалық жобалар мен бағдарламалардың тиімділігін бағалай білуге үйренулері аса маңызды.
Аталған тақырып бойынша тірек сызбалар мен кестелер түріндегі белсенді үлестірмелі материалдар көмегімен ақпарат-дәрісті таңдап алуға болады.
Білім беруді жаһандандыру – жалпыға ортақ заңдардың білім беру қызметінің саласына әрекет етуінің обьективті үдерісі.
Аталған тақырыпты оқу білім берудің отандық жүйесінің дамуын заманауи халықаралық тенденциялар контекстінде қарастырудың обьективті қажеттілігімен анықталады. Өзекті, жаһандық мәселе ретінде үздіксіз, қашықтықтық, тұлғалық-бағдарлық білім беру, үлкендердің білім алуы (образование взрослых) және т.б. танылады. Аталған тақырыпты меңгертуде жұптасқан дәріс типін қолдануға болады, өйткені тақырып пәнаралық сипатқа ие бола тұра саяси, идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, этникалық, ұлттық, діни аспектілік қырынан танылады.
Семинарды «дөңгелек үстел» түрінде ұйымдастыруға болады, жаһандану үдерісі мәселесінің көпаспектілілігін, сол арқылы мәселенің ауқымдылығын, білім беру саласын дамытудың жалпыға бірдей заңдылықтарын ұғынуға мүмкіндік береді. Студенттердің өзіндік жұмыстары оқытылып жатқан тақырып бойынша дереккөздердің аңдатпалық тізімін жасау Internet арқылы жұмыс істеуге бағытталады.
Жеке тапсырма ретінде студенттерге «Қазіргі заманда мұғалімге қандай педагогика қажет?» деген тақырыпта эссе жазуды, топтық тапсырма ретінде тест шешуді ұсынуға болады.
Осылайша, «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқи отыра студенттер қарастырылған тақырыптар кәсіби педагогикалық іс-әрекетке педагогикалық дайындықтың негіздерін қалайтынын білулері керек.
Тұлға - біріншіден, дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады; екіншіден, адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.
Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары:
психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;
қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;
белсенділігі.
Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын көздейді. Белсенділігі оынң өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |