Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті.
Тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет. Олар өзара байланысты және бір-біріне бағынышты. Бұл оқыту мен тәрбиенің бірлігі идеясының көрсеткіші. Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екіжақты сипаттамасы. Олардың арасындағы шекараны белгілеу мүмкін емес. Сондықтан олар біртұтас процесс ретінде қарастырылады.
Оқыту мазмұнын, яғни сабақ беру логикасын қатаң түрде жоспарлауға болса, ол тәрбие жұмыснда мүмкін емес.
Сонымен қатар, дәріс барысында білім алушыларға «Педагог тұлғасының негізгі кәсіби маңызды қасиеттері» атты тақырыпта шағын эссе жазуы тапсырылады. Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктеріне педагогикалық процессте, тәрбие жетістігі де бағынышты. Мұғалімді негізінен педагогикалық бағытталу ерекшелейді. Мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметте бірізділікпен жүйелілілікті, өз еңбек нәтижесін дұрыс бағалау қабілетін талап етеді. Мұғалім баланың шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына сенуі қажет. Педагог оптимистік көзқарасқа ие болуы тиіс. Оптимистік көзқараста болуы үшін гуманистік баығтталу қажет. Бұл:
баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену;
балаларға деген сүйіспеншілік;
балаға тіл тигізуден аулақ болу және т.б.
Мұғалім мінезіндегі салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі ситуацияларда шыдамдылық, жинақылық, төзімділік, бірқалыптылық танытуға міндетті.
Келесі маңызды қасиет – талап қоя білуі. Өзіне және өзгеге қойылатын талап адамгершілік бастамаларын, моральдық ережелер мен нормаларды қалыптастырады.
Оқушылардың оқуға деген ынтасы көбінесе тәрбиешінің беделімен анықталады. «Бедел» - барлығына танымал мәнділік, ықпал, оқытушының тәрбиелік әсерінің күші.
Терең арнайы білім, бала және педагогикалық психологияны жете меңгеру, кәсіби іскерлікті меңгеру, адамгершілік көзқарас, жоғары мәдениеттілік – мұғалім беделін қамтамасыз етеді.
Осыған сәйкес педагогикада мұғалімның түрлі модельдері ұсынылады.