Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары


Ірі қуысты бетон және гипсті бетон



бет39/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Ірі қуысты бетон және гипсті бетон
Ірі қуысты (құмсыз) бетонның құрамына іріліг 5-тен 20 мм-ге дейінгі қиыршық шағал, 300-400 маркалы портландцемент немесе шлакты портландцемент, су енеді. Құрамында құм болмағандықтан оның көлемдік салмағы шамамен 600 кг/м3-қа азайып, 1700-1900 кг/м3-ты құрайды, ол кәдімгі кірпіш қаламға жақын. Құмның болмауы және цемент шығынының шектелуі (70-150 кг/м3) жылу өткізгіштігі бойынша маркасы 15-75 бос қуысты бетонды, қиыршыққа немесе шағал, суға қажетті табиғи тастарға бай аудандарда пайдаланған жөн. Ірі қуысты бетоннан үйлердің сыртқы құйма қабырғаларын тұрғызуға, ірі қабырғалық блоктар жасауға болады. Ірі қуысты бетоннан тұрғызылған қабырғаларды желге қақтырмас үшін екі жағынан әрлеу керек.
Бос қуысты толтырғыштағы ірі қуысты бетон (керамзитті қиыршық т.б.) асумақтық салмағы шағын (500-700 кг/м3), әрі жылу оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады.
Гипсті бетонды құрылыс гипсі, беріктігі жоғары гипс немесе суға төзімді бұйымдар (блоктар, панельдер) алуды қамтамасыз ететін гипсті-цементті пудцоланды тұтқыр негізінде жасайды. Гипсті бетоннан жасалған бұйымдардың аумақтық салмағын және дыбыс өткізуін азайту үшін бос қуысты толтырғыштар (отын шлагы, керамзитті қиыршық, шлакты пемза т.б. сондай-ақ кварц құмы мен ағаш ұнтағының аралас толтырғышын пайдалануға тырысады. Осы мақсатпен гипсті бетонның салмағын төмендетуге мүмкіндік беретін көбік түзгіш үстемелер енгізеді. Июге беріктігін арттырып, нәзіктігін төмендету үшін гипсті бетон құрамына талшықты үстемелер (ағаштық немесе синтетикалық талшықтар, майдаланған қағаз т.б.) қосады.
Гипсті бетоннан жасалған бұйымдарды шайқап тығыздағышты пайдалану немесе қысу жолымен дайындайды. Ірі өлшемді бұйымдарды арнайы қондырғышта үздіксіз шайқап прокаттау әдісімен шайқау тиімді болып табылады. Қалыптан алынған қатқан бұйымдардың беріктігін артыру үшін кептіру камераларында кептіреді.
Гипсті бетондардың аумақтық салмағы қолданылған толтырғыш түріне және су қатынасына байланысты, 20-50 марка кезінде 200-1600 кг/м3 аралығында болуы мүмкін.
Гипсті бетонды қалқаның тұтас және бос денелі плиталарын жасауда (соның ішінде «бөлмелік» өлшемдегісін) кеңінен пайдаланылады. Плиталардың сылақтап жаңыршақпен, қамыспен т.б. арматуралауға болады. Болат арматура (сым) таттанудан арнайы маймен (казейнді цемент, битумин немесе синтетикалық шайыр негізінде) қорғалуы тиіс. Суға төзімді гипстіцементті пуццоланды тұтқырды пайдаланып тұрған, өндіріс (бөлмелерінің салыстырмалы ылғалдылығы 75%-ке дейін), ауылшаруашылық үйлерінің майда тастары мен ірі блоктарын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет