Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет44/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Бос немесе капилярлық су. Клеткалар мен түтікшелердің бос жерлері мен клеткааралық кеңістіктерді толтырады. Байланысқан немесе гигроскопиялық су, клетка қабырғалары мен ағаш түтікшелерінде, клетка қабырғасын құрайтын негізгі элементтердің үстінде су қабыршығы ретінде кездеседі.
Клеткалардың қабырғалары сумен қаныққанда (гигроскопиялық ылғалдың шекті болуы) тесіктер мен клеткааралық кеңістіктер сусыз болған жағдайда (капилярлық судың болмауы) гигроскопиялық ылғалдың шегі деп аталады (бұрын талшықтың қанығу нүктесі). Әр түрлі ағаш тектері үшін бұл шама ағаштың кебу массасымен салыстырғанда (23-тен 35%-ке) орташа 30% дейін жетеді.
Гигроскопиялық су клетка қабырғаларында өте майда бөлшектердің үстін су қабатынан бүркеп, оларды өсіреді және жылжытады. Бұл ретте ағаштың көлемі мен массасы өседі де беріктігі төмендейді. Бос сулар клетка қуыстарында жиналып қалады да, ағаш элементтерінің ара қашықтығын анау айтқан өзгертпейді. Сондықтан ағаштың беріктігі мен көлеміне әсер етпейді, тек қана оның массасы мен жылу өткізгіштігін ғана өсіреді.
Кебу мен ісіну. Аталып өткендей ағаш ылғалдылығының нольден гигроскопиялық шекке дейінгі өзгеруі, оның сызықтық өлшемдері мен көлемінің өзгеруіне – ісіну мен кебінуге әкеп соғады. Ісіну мен кебінудің шамасы ағаш талшығының бағыты; булану мен сорылған ылғал санына байланысты (ХІІІ.6-сурет). Талшық бағытымен сызықтық кебіну көптеген ағаш жыныстары үшін 0,1%-тен аспайды, ал радиалды бағытта 3-6%, тангенталды бағытта – 7-12%, мұның өзі ағашта ішкі кернеудің пайда болуына әкеп соғады да, оның жарылуына, сызатталуына себеп болады. Тақтайдың бүйір шеттері жылдық қабаттың дөңестігі жағына иілуге тырысады; енді тақтайлар мен бөрененің сырт жақтары көп иілуге ыңғайлы (ХІІІ.7-сурет).
Тығыздық пен көлемдік салмақ. Барлық ағаш тектерінің құрамында целлюлозаның басым болуына байланысты ағаштың тығыздығы бір шамада, оның мағынасы орташа 1,54 г/см3. Әр түрлі ағаштың, тіпті біртектес ағаштың көлемдік салмағы оның құрылысы мен өскен ағаштың қуыстылығына, өзгеріп тұрған ауа райына, өсіп тұрған топыраққа, көлеңкеленуіне және басқа табиғи жағдайларға байланысты. Көптеген ағаш түрлерінде, абсолютті кебу жағдайында олардың көлемдік массасы 1 г/см3 - тен аз.
Ылғалдылықтың өсуімен ағаштың көлемдік салмағы көбейеді, сондықтан ағаштың көлемдік салмаққа байланысты сипаттамаларын біркелкі ылғалдылықта анықтайды. 164831-70 ГОСТ бойынша ағаштың көлемдік салмағын оның 12% ылғалдылыққа сай келетін уақытта және абсолютті кебу жағдай, тағы да шартты көлемдік салмақ деп аталатын жағдайда үлгінің абсолютті кебу жағдайындағы масса қатынасының оның гигроскопиялық шекке тең немесе одан үлкен мағынасына сай келетін ылғалдылықтағы көлеміне қатынасымен анықтау келісілген. Көрсетілген жағдайда анықталған көлемдік салмақ 12% ылғалдылыққа қайта есептелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет