Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Сабақтың көлденең кесіндісінің пішіндері



бет48/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
78-сурет. Сабақтың көлденең кесіндісінің пішіндері.
А-жұмыр; Б-қабысыңқы; В-үш қырлы; Г-төрт қырлы; Д- алтықырлы; Е- кырлы; Ж- ойлы; 3- қанатшалы; И- қабысыңқы қанатшалы.

Қанатты жемісте буын аралығының ұзына бойымен енді өскінше созылып жатады. Қабысынқы сабақ кактустар (опунциялар) мен кейбір астық тұқымдастарға тән.


Өсімдіктер сабағының ішкі орталық өзегі өсімдіктердің бірінде қуыс (бидай, қара бидай, сұлы және т.б.), екіншісінде жұмсақ (күнбағыс, ырғай және т.б.), үшіншісінде сүректі шымыр (бұталар), кейбіреулеріңде ет-женді болады. Бұларды сырттай емес тек жас сабақты көлденең кесіп көру арқылы ажыратамыз.
Өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне байланысты олардың сабағының тіршілік ету ұзақтығы, консистенциясы және көлем өлшемі әр қилы. Солтүстік Америкадағы мамонт ағашы дінінің биіктігі 140 метр, диаметрі 10 м-ге жетсе, Орта Азияның сазды шөлдеріңде өсетін қисық бөденешөптің биіктігі не бары 1,2 см-дей ғана. Сол сияқты тропикалық зонада есетін Ротанг пальмасы сабағының биіктігі 280—300 м болса, сол зонадағы су өсімдігі вольфияның сабағы 1,5 мм-дей.
Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін бо­лып бөлінеді. Сүректі өсімдіктер сабағының сүрек (ксилема) жасушаларының қабықшасына лигнин сіңіп қатайған. Сүректі сабақты өсімдіктерге ағаштар және бұталар, бұташықтар мен жартылай бұталардың көбі жатады. Шөптесін өсімдіктер сабағы, негізінен, қатаймаған жұмсақ шөптесін қалпын сақтайды.
САБАҚТЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сабақтың алғашқы түзуші ұлпалардан тұратын ұшы (апексі) бой конусы немесе өсу нуктесі деп аталады. Өйткені, өркен құрамыңың (сабақ, жапырақ) тұрақты ұлпалары осы бой конусынан қалыптасады. Сабақтың бой конусының көлемі орта есеппен 1-1,5 мм (ең ірі апекс саговниктерде ұзындығы 3,5 мм). Сабақ апексі жұқа қабықшалы, ірі ядролы, көлемі біркелкі жасушалардан тұрады,


Гофмейстердің (1851) теориясы бойынша жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер апексінің жоғары қабатында бір ғана инициалды жасуша немесе жасушалардың шағын тобы орналасады. Инициалды жасуша басқа жасушалардан гөрі көлемі ірірек және тетраэдра пішіңдес болып келеді. Осы жасушаның бөлінуінен жапырақ бастамалары және өркеннің алғашқы құрылысының түпкілікті ұлпалары түзіледі.
Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктердің бой конусының құрылымы мен қызметі туралы болжаулар, теориялар бар. Соның бірі — Ганштейннің (1868) гистогеңдер теориясы. Бұл теория бойынша бой конусы түзуші ұлпаның үш қабатынан — дерматоген, периблемадан және плеромадан тұрады. Дермато­ген — бірқатар жасушадан құралған бой конусының сыртқы қабаты, бұл эпидерманың бастамасы болып саналады. Плерома — қуатты қабат. Одан орталық цилиндр мен өзек қалыптасады. Периблемадан алғашқы қабық пайда болады. Қазіргі кезде бұл теорияның мәні төмендеді.



79-сурет. Сабақтық бой конусы
құрылысының сызба-нұсқасы: 1 – 80-сурет. Прокамбийдің сабақтың
туника; 2 - корпус; 3 - негізгі мерис- ұзына бойына жіктелу сызба-нұсқасы:
тема; 4 - бүйірлік меристема – шеткі 1-бастапқы қалпы; 2-прокамбийдің
аймақ. Стрелка жасушалардың бөліну ұзына бойына, ал оны қоршап жатқан
бағытын көрсетеді. ұлпа жасушаларының көлденеңінен
бөлінуі; 3-бөлінгеннен және ұзына
бойы созылғаннан кейінгі көрінісі.

А. Шмидтің (1920) теориясы бойынша, бой конусы (тебе меристемасы, апексі) түзуші ұлпалардың туника және корпус қабатынан тұрады. Сыртқы туника қабатының жасушалары бой конусына көлденең, яғни ангаклиналды бағытта бөлінеді, соның нәтижесінде төбе меристемасы беттік қалыпта өседі. Корпус — төбе меристемасының негізгі орталық бөлігі. Оның жасушала­ры барлық бағытта бөлініп, бой конусы көлемін ұлғайтады. Туника көп қабатты болғанда эпидерманы, алғашқы қабыктың екі-үш субэпидермальды қабатын, ал корпус негізінен алғашқы қабық пен орталық цилиндрді қалыптастырады (79-сурет).


Тебе меристемасы корпустан төмен жатқан негізгі және шеткі аймаққа жіктеледі. Негізгі түзуші ұлпа жасушалары өс бағытында, ал шеткі меристема жасушалары майда болғандықтан, барлық бағытта белінеді. Сейтіп бұл екі аймақ түзуші ұлпа жасушаларының, сабақтың, жапырақтың және бүйірлік өркендердің қалыптасуына едәуір ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет