Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты


Оқытушыны және бірге оқитын жолдастарын ұната білуді әдетке айналдыру



бет31/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
5. Оқытушыны және бірге оқитын жолдастарын ұната білуді әдетке айналдыру. Жағымды сөзім оқу процесіндегі өзара қатынастың ойдағыдай болуына, білімді, іскерлік пен дағдыны меңгеруге ерекше ықпал етеді. Шат көңілділік, болашаққа сенім, өзін оқуға ынталандыра білу, оқу еңбегін "азапты жұмыстан" қызықты іске айналдырады.
Әрбір студентке қарапайым ақиқатты меңгеріп алу қажет, адамның кәсіби шеберлігін, адаммен қарым-қатынас жасай алуын, оның белсенділігін, әлеуметтік жарамдылығы мен мазмұндылығын, оның ақылы мен мінезін күнделікті тексеріп тұратын ең қатал талғампаз емтихан қабылдаушысы ол - өмірдін өзі болып табылады. Бұл емтихан өмір бойы жалғасады. Осында адамның шын, ақиқат бағасы анықталады. Сондықтан, оған ертерек адалдықпен, шын ниеттеніп дайындалу қажет.


Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

  6. Подзорова Т.С. Научная организация педагогического труда студентов. -М., 1975.



23-24 лекция. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстары



  1. СОЗЖ, оның әдістері мен мазмұны

  2. Семинарлық және зертханалық сабақтарға дайындалу

  3. Студенттердің ғылыми қоғамы, ғылыми конференциялар

Жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-оқу қызметтеріне, олардың зерттеу жұмыстары дағдыларын дамыту жатады. Жоғары оқу орнында тәжірибелі профессорлар мен доценттердің жетекшілігімен үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын студенттердің ғылыми қоғамы құрылған.


Студенттердің ғылыми жұмыс дағдылары оқу жұмысы барысында қалыптасады. Сондықтан, әрбір студенттің жоғары оқу орнында өзінің калауы бойынша табандылығына, ұйымдастыру қабілетіне қарай және мақсатына байланысты ғылыми тапсырмаларды дербес шешу дағдыларына, өз мамандығы бойынша өткізілетін зерттеулердің қарапайым тәжірибелерін үйренуіне мүмкіндік болады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары олардың тек шығармашылық қабілеттерін дамытуға себепші болумен қатар, өзінің мамандығы негізін толық және тереңірек меңгеруіне көмек береді. Жоғары мектептегі оқу процессі - бұл терең ойлы қызмет.
Студенттердің ғылыми жұмысы кафедраның және жоғары оқу орнының жалпы ғылыми жұмыстарының жоспарына енеді. Ол әрқилы түрде ұйымдастырылады, оларға кафедра жанындағы студенттердің ғылыми жұмыстары, студенттердің кафедраның, зертханалардың ғылыми-зерттеу тақырыптарын ендеуге қатысуы, студенттердің іс-тәжірибе көзінде ғылыми-зерттеу түріндегі тапсырмаларды орындауы, жалпы зерттеу жоспары немесе арнайы тақырыптар бойынша орындалған зертханалық, курстық, дипломдық жұмыстары жатады. Жоғары оқу орнында студенттердің жалпы ғылыми жұмыстары мен студенттердің ғылыми қоғамына (СҒҚ) жалпы жетекшілікті ректор жүзеге асырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына тікелей жетекшілікті кафедра меңгерушілері жасайды. Жоғары оқу орнында СҒҚ студенттер арасынан төраға, ал жалпы оқу орнынын студенттер ғылыми қоғамына - алдыңғы қатарлы профессордың бірі жетекші болып сайланады.
Ереже бойынша, студенттердің ғылыми үйірмелері алдыңғы қатарлы профессорлар мен оқытушынар жетекшілігімен ұйымдасады және жұмыс жүргізеді. Студенттер үйірмелерде мамандық бойынша отандық, шетелдік әдебиеттерден реферат пен мазмұндамалар құрастырады; кафедраның ғылыми жұмыстары тақырыптарына байланысты сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді, тәжірибе жасау дағдыларын меңгереді; бүкілқазақстандық және жоғары оқу орындарыаралық, жалпы жоғары оқу орны ғылыми-ілімдік конференцияларда, кафедра отырыстарында ғылыми хабарлармен шығын сейлейді.
Студенттер ғылыми қоғамының (СҒҚ) ең басты міндеттері мына төмендегідей:
- кафедраларға көмек көрсету, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға тарту;
- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрін дамытуға атсалысу;
- студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурстары мен көрмелерін, ғылыми конференцияларын өткізуге белсенді түрде қатысу;
- ең таңдаулы, нәтижелі жұмыстардың жарық көруіне және қолданылуына ықпал ету.
Студенттердің ғылыми қоғамы өз жұмысын жастар және кәсіподақ комитеттерімен тығыз байланыста жүргізеді. Жоғары оқу орнын студенттердің ғылыми жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты үйлестіріп жүрген студенттерге кафедра ұсынысымен оқу жоспарын дербес орындауға кесте белгіленеді, кітапхана қорынан әдебиеттерді оқытушылар, магистранттар мен аспиранттар сияқты пайдапануға құқык беріледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып жүрген озат-студенттер ректордың және қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен атаулы стипендия беруге ұсынылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына ең қабілетті деген студенттерге, ереже бойынша, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін магистратураға, аспирантураға жоғары оқу орны кафедрасында қалуға ұсыныс беріледі.
Студентке қай уақыттан бастап ғылыми жұмыстармен шұғылдануға болады? Көпшілік жағдайларда студенттер ғылыми жұмыспен екінші курстан бастап шұғылданады. Бірақ, ғылыми жұмыстармен бірінші курстан бастап айналысуға нақты мүмкіндіктер бар. Қандай да бір кафедрада ғылыми жұмыстармен айналасып жүрген студент, жоғары оқу орнының бірінші курсынан бастап ғалымдардың, магистранттардың, аспиранттардың қалай жұмыс істеп жатқандарын көреді, ол біртіндеп ғылымның даму жолдарының мәнін түсінеді, жана ойдың, пікірдің қалай туындағанына куә болады, кафедраның өмірін сөзінеді. Ол ғылыми шығармашылықтың поэзиясына, жаңалықты жасау сияқты қиын да, қайырымды еңбекке тартылады.
Қазіргі замандағы көптеген ғалымдардың ғылымға деген жолы CFK басталған. Студенттік жылдардан бастап, олар қандай-да бір қызықты мәселелермен айналысып, сол тақырыптарға курстық немесе ғылыми жұмыстар жазды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, осы мәселелермен айналысуды жалғастырып, кандидаттық емтихандарды тапсырды және кандидаттық диссертацияны қорғады. Содан соң, ізінше сұрақтар ауқымын кеңейтіп, ғылыми ізденістерін тереңдетіп, ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғады, профессор атағына ие болды, ал кейде олардың бірқатары сол мәселелер бағытындағы ғылыми мектептің жетекшісі болып жатады.
Бірақ, студенттердің ғылыми қызметі тек ғалымдарды қалыптастыруға бағытталған деп қысқа ойлауға болмайды. Осы заманғы жаттықтырушыға, ұстазға үнемі қажетті материалдарды оқуы және талдап қорытуы, құбылысқа терең кіруі, оның кәсіби міндетін орындайтын, деңгейін кетеретін аралас ғылымдардың сұрақтарын зерттеуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, осы заманғы мұғалімнің, педагогтың, жаттықтырушының еңбегінде ғылыми-зерттеу түріндегі элементтер аз емес, сондықтан да студенттік шақтағы ғылыми жұмыстармен шұғылданудағы тәжірибелер осы міндеттерді тиімді шешуге көмек береді.
Студент, ғылыми жұмыстар процесінде педагогикалық медико-биологиялық, спорттық-техникалық зерттеу әдістерін меңгереді, материалды өңдеуде математикалық және басқа тәсілдерді қолдануды үйренеді, зерттеу үшін дұрыс тақырыпты таңдаудағы қиын да, маңызды өнерін меңгеріп алады. Көптеген ірі ғалымдар кейде мәселені шешуден гері, оны табу қиынға соғатынын айтады. Зерттеу тақырыбы көкейкесті, түсінікті әрі студентке жақын болғаны жөн, оны студенттің әсіресе өзі күшті, өзі өте жақсы көретін ғылыми білім саласында іздеу керек.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарынын тақырыптарына оқыту мен тәрбие, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау, спортшылардың тұлғалығын қалыптастыру, спорттық жаттығу негізі, оның мәні, жоспарлау, міндеттері, мазмұны, қалпына келтіру процесі, спорттағы әдістері мен тәсілдері, сапаларды, дағдыларды дамыту және т.б. енуі мүмкін.
Студенттің ғылыми жұмысы - келешектегі педагогтың, психологтың жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын жасайтын ойының жан-жақты дамуының ең маңызды қозғаушы күштері мен шарттарының бірі. Педагог қызметі өзінің сипаты жағынан ғалым еңбегіне ұқсас. Педагог шәкіртін тиімді оқытып үйрету, сауықтыру және тәрбиелеу үшін, оның жеке өзін және рухани қалыптасу процесін үнемі зерттейді. Практикалық педагогикада ең бастысы - тәрбие ықпалының нәтижесінде балада нендей өзгеріс болғанын, оқытушы жұмысының қандай тәсілдері мен амалдары оқушының, спортшының белсенділігіне ықпал еткені, білім мен практикалық тәжірибені терең де, тиянақты меңгертудің төте жолы қайда екендігін әрқашан көре, сезе білуде.
Көптеген ұстаздар өзі оқытатын ғылымнан байыпты зерттеулер жүргізеді. Журналдар мен жинақтарда ғылыми мақалалар жазатын, оқу құралдары мен монографиялар шығаратын талай ұстаздар есімі белгілі. Оқытушылар тартымды педагогикалық диссертациялар жазуды. Зерттеуші оқытушынардың шығармашылықпен әрі нәтижелі жұмыс істейтіндігі байқалады.
Ғылыми еңбек белгілі бір қабілеттілікті қажет етеді, ал оның өзі көз келген студентте болады. Әрине, оны белгілі бір бағытта, әрі ұдайы дамытып отыру қажет. Зерттеушілік қабілет - бұл ақыл-ойдың белгілі бір қасиеті, бірінші кезекте көкейкесті мәселені көре білушілік. Шығармашылық ақыл-ой қарапайым нәрседен кереметті, өзгелер байқамаған сұрақты көре білуі тиіс. Ғылым шығармашылық білімді қажет етеді. Алайда, мәселе оның көлемінде ғана емес, білімнің жүйелілігінде және әсерлілігінде. Білім ақыл-ой "сөзімділігі" емес, ақыл-ой бұлшық еті болуы тиіс. Көп білген ғалым емес, бәрінен көп оқытатын ғалым.
Талапты ақыл-ой байқағыштығымен де ерекшеленеді. Әдетте адамдар байқағанын емес, қорытыңдысын жазуға әуес, ал ғалымдар болса шын болған істі-ғылым аясы екенін біледі. Шығармашылық ақыл-ой жинақталған тәжірибе арқылы ұқыпты, әрі үнемді жұмсалады. Зерттеуші жаңа жұмысты бастағанда өз білімі мен жұмысы амалдарын барыыша пайдаланады. Зерттеушінің құбылысты топтастыра білетін, дәл анықтамасын беретін, жинақтайтын болжамы мен қиялын ойластыратын да ерекшелігін атап көрсеткен жөн. Бірақ еңбексіз ешбір қабілет дамымайды. Зерттеуші әрдайым еңбекқор.
Ғылыми-техникалық алға жылжуды жеделдету мақсатыңда жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулердің рөлі арта түсуде. Педагогика мен оқу орындары кекейкесті мәселелеріне жоғары оқу орындары ғалымдарымен қоса, студенттер де белсене араласуы тиіс. Ол үшін ең алдымен ғылыми таным тәсілін меңгеру қажет. Мәңгі өлмейтін және сарқылмайтын таным көзі педагогикалық тәжірибе, оқу орындары мен оқытушының ойдағыдай жұмыс істеуі болып саналады. Педагогикалық қызметті бақылау, ондағы жаңалық пен қызғылықты нәрсені аңғару, сөйтіп жетістікке жететін жағдайларды ойластыру қажет. Алайда нақты мөселе бойынша ғылымда не істелгенін білмей тұрып зерттеуді бастауға болмайды. Жарияланған материалдар тасқынына "батып" кетпес үшін ең құнды түпнұсқаларды мұқият таңдай білу қажет. Мақалалар мен монографияларды жай ғана оқып қоймай оның мәтініңің мазмұнына терең үңілу қажет.
Байқау мен тәжірибе іздеген нәрсені айқын болғанда және іздестіру нәтижесінде не күтуге болатынын білгенде ғана ұйымдастырылады. Зерттеудің бұл тәсілі мұқият жоспарланады және ерекше танынды, әрі ғылыми жетекшімен толық кеңес алуды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет