Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет10/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113
Қолданылған әдебиеттер
:
1.
Жарықбаев.Қ Психология негіздері, Алматы 2005ж, 293-302б.
Тәжібаев.Т Жалпы психология, Алматы, «Қазақ университеті», 
1993ж., 212-Намазбаева.Ж.М. Психология ,Алматы 2005ж., 227-
240б.
2.
Рувинский Л.И., С.И. Хохлов, Ерік пен мінез қалай тәрбиелеу 
керек, Алматы , «Мектеп» , 1989ж., 139-141б
3.
Крысько В.Г. Психология и педагогика схемы и комментарий, М., 
1989г. 
3 лекция 
Тақырыбы: 
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.
 
Сабақтың жоспары:
1.
 
Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік. 
2. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері:эмоцияларды қайта 
қарастыру және эмоцияларды басу. 
3. Эмоционалдық интеллект когнитивтіқабілет пен тұлғаның даралық 
сипаттамасы ретінде. 
 
1. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес 
келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің 
түрін 
эмоция 
мен 
сезім 
деп атаймыз. 
Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, 
көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану, мұң, 
үрей, қорқу, масаттану, өкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы 
басқалары.Мысалы: Шөлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады. 
Егер шөлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі 
тудыруы мүмкін. 
Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады. 


1) Ол 
реттегіштік 
қызмет атқарады. Ол көңіл-күй түрақтылығы мен мінез-
құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік механизмдері 
эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, қайғы адамның 
жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғана қоймай, 
жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану, 
бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті 
болады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жасы, бет, тыныс 
жолдары бұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы 
әлсірейді» 
2) Эмоция мен сезімнің 
қорғағыштық 
қызметі: адамда шынайы немесе 
жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. 
Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын 
адам - ақымақ» деп Б. Момышүлы бекер айтпаған. 
3) Эмоция 
мен 
сезімдердің
 
ынталандырушы 
қызметі. 
Адамның 
өз 
бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, 
кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады. 
4) Эмоцияның 
сигналдық 
қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды 
нысанға
 
ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сөйлеуі
айқайлауы, түртуі, басын изеуі, көзін қысуы. Мимика және пантомимика, 
дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б. 
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше 
сапалық ерекшеліктері
 
бар ол: 
Қарама-
қарсы, полярлық 
сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну-сүйсінбеу, 
шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі қарама-қарсы 
мағынада қолданылады. 
Екінші ерекшелігі олар 
актив (қажырлы) 
және 
пассив 
(солғын) 
болып 
бөлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көтерінкі сезімдер мен 
эмоцияларды 
стеникалық 
(қозуы күшті деген сөз), ал бұлардың баяу солғын 
түрлерін 
астеникалық 
деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, 
жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, көнілсіздік т.б. сезімдер 
жатады. 
Эмоциялардың 
үшінші 
бір 
ерекшелігі 
жігерлену 
және 
кернеуден 
босану 
немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан өтуі, спортпен 
айналысатын адамның мәреге жетуі, шешуші кезеңдері болып табылады. 
Мәреге тақағанда адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез өткен соң 
басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет