Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет18/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   113
Қолданылған әдебиет:
 
1.Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998жыл VIII том 
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: 
Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
3.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 
2006. - 384 бет
5 лекция 
Тақырыбы: Тұлғаның жеке типологиялық сипаттамалары 
Сабақтың жоспары:
1.Танымдық процестер.Түйсік
2. Темперамент, мінез және қабілеттер. Темперамент негізі ретінде жүйке 
жүйесінің қасиеттері
3. Темперамент пен мінездің арақатынасы. Мінез-құлық анықтау
4. «Ұлттық мінез» ұғымы. Жеке тұлғаның бейімділіктері мен қабілеттері
.
 
Танымдық процестер.Түйсік.
Түйсiк дүние хақындағы бiздiң барша 
бiлiмдерiмiздiң бастау көзi. Сезiм мүшелерiне әсер етушi объектив заттар мен 
құбылыстар тiтiркендiргiштер деп аталады да, ал олардың әсерiнен сезiм 
мүшелерiнде туындайтын құбылыс тiтiркену деп қабылданған. Тiтiркенуден, 
өз кезегiнде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсiк жүйке 
жүйесiнiң қандай да тiтiркендiргiшке жауапты реакциясы ретiнде туындап, 
әрқандай психикалық құбылыс секiлдi рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсік түрлері
 


Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты 
көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс 
түйсiгi, 
терi 
түйсiгi, 
кинестетикалық, 
вибрациялық 
жəне 
органикалық
болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелденақ адам өзiнiң сыртқы 
бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс және дәм түйсiктерiн 
ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы және iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 
20дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А.Р.Лурияның пайымдауынша, 
түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелiгенетикалық 
(қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты. 
Түйсiктердiң ең iрi және маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: 
1.
Интероцептiк, 
2.
Проприоцептiк, 
3.
Экстероцептiк. 
Интероцептік түйсік 
Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, 
қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы 
тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда 
пайда болу жағынан ең ежелгiлерден әрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк 
түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, 
сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, 
осыдан бұлар адамның көңiлкүй (эмоциональ) қалпына жақындау келедi. 
Проприоцептік түйсік 
Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен 
қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк (афференттiк) негiзiн құрап, 
оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi (перифериялық) 
рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндерi 
формасында берiлген (тельца Паччини). Осы жүйкелiк тәндерде пайда 
болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде 
туындайтын түйсiктердi бейнелейдi. Аталған топқа, сонымен бiрге, ерекше 
қасиеттерге ие теңдестiк және тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың 
перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың (внутреннее ухо) шеңберлi 
сайларында жайласқан. 
Экстероцептiк түйсік 
Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң 
қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу және қоршаған 
ортамен үздiксiз байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы 
шартты түрде аралық (дистантные) және түйiсу (контактные) түйсiктерi деп 
аталған екi бөлiкке жiктеледi. 
Экстероцептік түйсiктер тобы 
1.
Түйiсу түйсiктерi әсерлердiң дене бетiне немесе сезу мүшелерiне 
тiкелей жанасуынан iске қосылады. Мұндай түйсiктердiң мысалы 
ретiнде терi сезуi мен дәм сезуiн келтiруге болады. 


2.
Аралық түйсiктерi тiтiркендiргiштердiң сезiмтал мүшелерге бiршама 
қашықтықтан әсер етуiнен туындайды. Бұл топқа жататындар: иiс сезу, 
есiту және көру түйсiктерi. 
Генетикалық жіктеу 
Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1) 
протопатикалық өте қарапайым, шарпулы (аффекттi), толық жiктелiп, 
мекенделмеген органикалық сезiмдер (ашығу, шөлдеу және т.б.); 2) 
эпикритикалық жоғарғы дәрежеде жiктеуге келетiн, себепсалдарлы және 
рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм 
мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет