Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Тұлғааралық қарым-қатынас, өзара әректтесу,тұлғааралық қабылдау



Pdf көрінісі
бет32/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113
 
Тұлғааралық қарым-қатынас, өзара әректтесу,тұлғааралық қабылдау 
туралы түсінік.
Қазіргі психологияда қарым-қатынас «өзара әрекеттесу» 
ұғымының синонимі ретінде қарастырылып, табиғи және әлеуметтік 
құбылыстардың әртүрлілігін сипаттауда қолданылуда. С.И.Ожеговтың 
сөздігінде өзара әрекеттестік - бұл екі жақты да қамтитын екі құбылыстың 
өзара байланысы деп түсіндірілген. Өзара әрекеттестік субьектілердің бір-
біріне жанама және тікеліндеей әсер етуінің нәтижесінде адамдардың бір-
біріне өзара қарым-қатынасын қалыптастырушы үрдіс. В.А.Петровскийдің 
тұжырымдауынша, «адам қандай да бір әрекетті жүзеге асыруда өзге 
адамдардың белгілі бір байланыс жүйесіне обьективті түрде енеді.» Сонымен 
кез-келген әрекеттестіктің мазмұны байланыс ауысын (ақпаратпен, 
заттармен, әрекетпен алмасу) және өзара әсер ету болып табылады. 
Өзара әрекеттесу аймағындағы қарым-қатынас ұғымының мәні қандай? 
Қарым-қатынас бұл адамдардың біріккен әрекетіндегі қажеттіліктен 
көрінетін адамдар арасындағы байланысты орнату және дамыту үрдісі. 
Қарым-қатынастың құрылымына мынадай компоненттер енеді: 

Субьектілер арасындағы, топтағы және ұйымдағы қызметкерлер арасындағы 
ақпаратпен алмасу; 

Қарым-қатынастың субьектілері енгізілген іс әрекеттің біріккен стратегиясын 
жасау; 

Жоспарланған міндеттерді шешудегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы, 
түсінуі; 
«Қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-
қатынас ұғымдарын ажырату қажеттілігі туындайды. Бұл ұғымдар өзара 
байланысты болғанымен, олардың жеке ерекшеліктері бар. 
Қарым-қатынас адамның әлеуметттік ортамен және топ ішіндегі тұлғаарлық 
қатынастары жүйесіндегі біріккен өмірлік әрекеттерін сипаттайды. 
Әлеуметтік қарым-қатынас - адамдардың тұлға ретінде емес әлеуметтік 
ортаның өкілі ретінде қарым-қатынасқа енуімен сипатталады. 
Тұлғааралық қарым-қатынас – бұл адамдардың әрекетіндіге және қарым-
қатынасындағы өзара байланыстың сипаты мен тәсілінен көрінетін 
субъективті байланыстар. Ол адамдардың іскери және эмоционалды 
бағалауларының негізінде адамның бірін-бірі танып, білуі арқылы 
қалыптасады. Сонымен адамдар арасындағы қарым-қатынас тұлғалардың 
ортақ әрекетте дамуын қамтамасыз ететін біріккен әрекет. 
Тұлғааралық 
әрекеттестік 
тұлғааралық 
қарым-қатынастың 
сипатын 
анықтайтын әрекеттесушілердің үйлесімділігін және сәйкестігін көрсетеді. 
Әрекеттесушілердің бірін - бірі қанағаттандыруын көрсетіп, үйлесімділік пен 


біріккен әрекетті жемісті орындауды сипаттайтын келісімділік шынайы 
тұлғаарлық 
байланыстың 
болуын 
дәлеледейді. 
Байланыс 
өзара 
әрекеттестіктің негізгі формасы болып есептеледі. Ол кейде қарым-қатынас 
аймағына өтуі де өтпеуі де мүмкін. 
Тұлғааралық қарым-қатынстың екі міндеті бар: 
Бақылаушы үшін-бұл адамдардың арасындағы болып жатқан жағдайларды 
түсіндіру болса, әрекеттесуші тұлғалар үшін өзіндік қарым - қатынысты 
қалыптастырып, мінез-құлықтың тәсілдерін таңдау мүмкіндігі болып 
табылады. 
Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеуге педагогика мен психологияда 
ерекше назар аударылды. Ең алғаш рет тұлғаның субъективті қарым – 
қатынас категориясын А.Ф.Лазурский жасаған болатын. Одан кейін қарым-
қатынастың түрлерін және формаларын терең зерттеп, теориялық негізде 
анықтама берген кеңес психологы Владимир Николаевич Мясищев тұлға 
қарым-қатынасының тұжырымдамасын жасады. Ол тұлғааралық қарым - 
қатынасты «адамның қарым-қатынасы оның түрлі әрекеттерінен, сыртқы 
әсерлерге жауап қайтаруынан және ұйымдастыруынан көрінетін объективті 
шындықтың түрлі жақтарымен психологиялық байланысына негізделген 
таңдаулы, саналы әрекетті сипаттайды» деп көрсетті. Қарым-қатынас ұғымы 
өте күрделі болып табылады. Оны «қарым-қатынас» терминінің 
саналуандығынан көруге болады. Көп жағдайда «қарым-қатынас» ұғымына 
синоним ретінде «тұлғааралық әрекеттестік», «тұлғааралық қарым-қатынас» 
ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. 
Бұл категориялардың негізгі мазмұны адамдар арасындағы қарым-қатынас 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет