Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Қарым-қатынастың перцептивті тетіктері: эмпатия, толеранттылық



Pdf көрінісі
бет35/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
Қарым-қатынастың перцептивті тетіктері: эмпатия, толеранттылық, 
рефлексия және кері байланыс
. Эмлатияны, басқа адамды сезіну, оның 
тебіреністеріне бой үсына білу деп анықтауға болады, оның эмоциялық жағы 
басым, егер идентификацияда басқаның “проблемасы” “ойланылса”, 
эмпатияда “сезініледі”. Екеуінде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ 
бастапқысында өзін партнермен теңестіру механизмі, ал соңғысында 
басқамен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның 
проблемасын сезіну іске асырылады. 
Эмпатия — басқаның куаныш ~ сүйшіштерш дүрыс сезіне білу қасиеті. 
Қарым-қатынас жасаудағы эмпатшшың болуы психолог, педагог, өлеуметтік 
қызметкердің көсіби маңызды қасиеттерінің бірі. 
Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші 
жағдайдағы, партнердің “мені” түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда бір-
бірін 
түсіну 
рефлексия. 
қүбылысымен 
күрделенеді. 
Әлеуметтік 
психологияда, рефлексйя -қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай 
қабылданайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен тусінуі ғана емес, басқа 


“мені” қалай түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни “мен” 
басқаларға қалай көрінемін. 
Әлеуметтік психологияда зерттегендер: Дж. Холмс,Г.Гибш пен М.Форберг, 
негізінен диадалық (екі адамдық) өрекетгесу түрғысынан қарастырады. 
Топтың рефлексиялық қүрылымын зерттегенде диадалық өрекетгесумен 
қатар, топтың ортақ әрекеті жөне соған байланысты жеке адамаралық 
қатьшастарда пайда болатын рефлексияларда күрделене түседі.
Мен және басқалар. МЕН
– адамның шығармашылық қабілетін тереңнен 
қозғап, мәнін айқындайтын философиялық категория. “Мен” субьектінің 
таным процесіндегі белсенділігін көрсетеді. Сондықтан оны сезіммен, 
қоршаған ортаны қабылдап танумен байланыстыра анықтау батыс 
психология теорияларында басты орын алады. 
Шындығында “Мен” – тек “өзін-өзі тану” деген ұғыммен ғана шектелмей, 
сыртқы қатынастардан өзін бөліп, сол арқылы өзіне өзгелердің көзімен қарай 
білуді білдіреді. Адамның іс-әрекеттік байланыстары әркімнің психикасында, 
ең алдымен, субъективті рефлексияға айналады. Осы рефлексияның 
субъективтік бейнесі “Мен” болып табылады. Жаңа дәуірдегі тарихында 
“Мен” туралы мәселе айрықша орын алып, рационалистік философияның 
негізгі ұстанымына айналды. 
Оған алғаш мән берген 
француз
философы еді. Оның пікірі бойынша, 
танымды іске асыратын – жеке адам – яғни “Мен”. Әрбір “Мен” үшін ешбір 
шүбә туғызбайтын қағида: “Мен ойлаймын, ендеше мен бармын” (
Р.Декарт
). 
Ол ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін Декарттан кейін “Мен” ұғымын күрделі 
құбылыс 
ретінде 
ашып 
көрсеткен 
неміс
классикалық 
философиясы. транценденталды 
субъект 
ұғымын 
“Мен” 
ұғымымен 
ұштастырады. “Мен” – танымның (ғылымның) шеңберіндегі абсолютті 
бастау, өйткені білімнің болу мүмкіндігінің өзі “Меннің белсенді, өзін-өзі 
жасау қызметіне негізделеді” деді. “Меннің” ұдайы әрекеттік болмысынан 
“Мен емес” дүниесі туындайды. Фихте абсолют “Меннің” өзіне-өзі тең, 
сәйкес келетінін дәлелдеп, өзіндік ішкі дамуы бар екенін айқындады. 
Абсолют “Меннің” келесі даму кезеңі, яғни “Меннің” “Менге” және “Мен 
емеске” тең дейтін принципі таным процесінің негізгі мәнін жан-жақты, 
толығырақ ашты. Өйткені екі принциптің бірі екіншісі тәжірибелік танымды 
көрсетсе, үшінші принцип олардың өзара байланысын диалектті негізде 
ашты, сондай-ақ адамдардың тәжірибелік қызметін айқындауға мүмкіндік 
берді. 
Неміс
классикалық философиясында осы ойды жалғастырып, әрі қарай 
дамытқан Философия тарихында “Мен” және “Мен еместің” мәнін ашу үлкен 
шығармалық мәнге ие болды. Осы принцип арқылы Шеллинг табиғаттың 
диалектті мәнін ашса, Гегель қоғамның пайда болуы мен дамуын терең 
зерттей отырып, теория ойлау процесінің мәнін ашты. Гегель “Мен” және 
“Мен еместің” диалектті мәніне сүйеніп, таным теориясын дамытумен ғана 
шектелген жоқ. Ол адамның теория және тәжірибелік даму процесі сананы, 


өзіндік сананы жетілдіретінін, ал олардың тарихи, қоғамдық даму процесі 
рухқа әкелетіндігін терең филосия оймен көрсетті. 
Дәстүрлі дүниетанымында “Мен” ұғымы рухани-танымдық мәнге ие 
маңызды филосиялық категория. Мәселен, орта ғасыр жәдігері ” оның өзін-
өзі тануы, яғни өз “Меннін” тануы алғашқы хикметтерінен-ақ көзге түседі. 

Шəкірттерге дүр мен гауһар шаштым мен
”, “
Дəптер сəни сөзін аштым 
мен
”, сияқты жыр жолдарында ғұлама әр сөйлемдегі негізгі ойларын шумақ 
соңында қайталанып келетін “мен” есімдігімен түйіндеп отырады. Ғұлама 
“Мен” деген жеке сөзге, бір ұғымға ғана зор ақпараттық ауқым беріп, терең 
мән сыйғызған. ” “Мен” ақиқатқа жетудің мәні, тылсым сыры ретінде үнемі 
қайталанып келіп, бірде шәкірттің “Менін” білдірсе, бірде ұстаздың Менін 
білдіреді. Ақын хикметтерін оқыған әрбір оқырман Иасауидің үнемі бірінші 
жақтан айтылған жаратушыға арналған мінажат, ғибадатын оған ілесе бірге 
қайталайды. Осылайша сопының Құдай алдындағы өзін күпірмін, 
шүкірсізбін, лайықсызбын деп сезінген қаупін және фазыл кеңшілігінен 
күткен үмітін, Хаққа махаббатын өз жанымен сезінеді. “
Мен ұлы ғаламның 
бөлшегімін, мен – мұхиттың тамшысымын. Ұлы ғалам ақиқатына өзімнің 
мөлтек ғаламымды тану арқылы жетемін
” (Макрокосм – микрокосм) деген 
ғұлама “Мені” хикметтердің негізгі өзегі болып, жаңа сапалық өзгерістермен 
әр деңгейде көрініс береді. Ғұлама “Өзін білгені – хақты білгені, Құдайдан 
қорқып ынсапқа келгені” деген жыр жолдарында адамның өз “Менін” 
тануының маңызын нақты айтады. Осы өзіңді өзің тану арқылы хақты тануға 
нұсқайтын қағида “Өзін өзі білген ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты” 
деген халық даналығында да көрініс тапқан. Осылайша өз “Менін” тану адам 
бақытының кілті деген ұғым халық санасында ғасырлардан бері өмір сүріп, 
тамырын тереңнен тартып, зор рухани-танымдық мәнге ие болған. Абай 
дүниетанымында адамның рухы мәңгілік. Адам өлімі оның жоқ болуы емес, 
тән мен жанның айырылуы ғана: “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, Мені мен 
“менікінің” айырылғанын “өлді деп ат қойыпты өңкей білмес”. 
“Мен” деп адам рухын оның негізгі мәнін атап, ақыл мен жанды рухтың 
сипаттары ретінде таниды. Яғни, “Ақыл мен жан мен өзім, тән менікі, “Мені” 
мен менікінің мағынасы екі, “Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан “Менікі” 
өлсе өлсін оған бекі” дегенде “Менді” менікінен ажырата қарап, жан қажетін 
табуға “менікінің”, яғни тән мен нәпсінің жетегінде кетуден сақтандырады. 
Өткінші, алдамшы қызықтарға алданбай, баянды, мәңгі құндылықтарға 
ұмтылуға үндейді. “Менікі” “Менге” қарама-қарсы ұғым ретінде 
айқындалып, ол адам жаратылысының рухани бастауына қарсы нәпсілік 
табиғатына меңзейді. “Адам ғапыл дүниені дер менікі, Менікі деп жүргеннің 
бәрі Оныкі, Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла болады не 
сенікі?” Адамның өзінің шын “Менін” танып, менікінің тұтқынынан 
құтылып, рухани кемелдікке ұмтылуын басты мақсат-мұрат деп белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет