Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет80/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113
№9 семинар 
Тақырыбы:
Жеке тұлғалар мен топтардың байланысы. 
Жоспар:
1.
Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамасы. 
2.
Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. 
3.
Ұлтаралық қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. 
1.Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамасы.
Тұлғааралық қарым-қатынас – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі 
күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің 
бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері 
мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі 
адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз 
байланысты. Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына 
байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады: Қоғамдық 
қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар (дәріс оқу, 
баяндама және т.б.) Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын 


байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында 
қалыптасатын қарым-қатынастар жатады); 
Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-
қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл 
қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық 
қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – 
тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас 
жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы 
болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз– 
оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, 
бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді 
шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ 
маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.Оқыту үдерісінде 
тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп 
жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз 
жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей 
байланысты. Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі 
моральдық нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-
қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, 
қайырымдылық пен мейірбандық таныту. 
Кәсіби маманның коммуникативтік құзіреттілігі сөйлеу қызметі арқылы 
қалыптасады. Коммуникативтік құзіреттілік - іс-әрекет барысында түрлі коммуникативтік 
міндеттерді шешу жағдайында сөйлеу әрекетін тиімді жүзеге асыруға даярлығы мен 
қабілетін көрсететін тұлғаның сипаттамасы. Оның негізін қарым-қатынас құралдары мен 
тәсілдері, іс-әрекет нормалары мен ережелері, әдептің ерекшеліктері, тұлғааралық 
байланыстарды орнату заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай 
комуникативтік құзіреттілікке педагогтарды ғана емес, студенттерді де дайындау қажет. 
Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде қабылдауы 
қажет, бұл оқытушының сөйлеу әдебін қаншалықты жетік меңгергеніне тікелей 
байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-әрекетін сипаттауда оның сөйлеу 
сазы, студенттермен қарым-қатынас жасауы, жауап беру мәнері, бағалаушы пікір айтуды 
орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың 
сипаты аса маңызды болып табылады.
Тұлғааралық қатынаc - практик психологтың психодиагностикалық жұмысының 
пәні ретінде. Практикалық психологтың тұлғааралық қатынас және қарым-қатынас 
мәселесін психодиагностикалау жұмысы - кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, 
тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден 
әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қамтиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, 
маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды. 
Ғылыми зерттеулерде ерекше бөліп қарастырылатын адамның өзге өмір жағдайы 
мен өзге ортаға түсуінің салдарынан туындайтын кері құбылыстар адам өмірінің өң 
бойында психологиялық көмек жүйесін құрастыру қажет екенін көрсетеді. 
Адами ресурстарды басқаруға көшу бір жағынан теориялық және қолданбалы 
әлеуметтану, екінші жағынан теориялық және қолданбалы психология, сонымен қоса 
әлеуметтік психология, еңбек психологиясы мен психодиагностикасы тағы басқа өзара 
байланысатын адам жағдайындағы ғылымдар жүйесіне негізделетін бөліп айтқан жөн. 


Адами ресурстармен басқаруда үш негізгі аспектіге ықпал етіледі:1)Индивидтер 
мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайы; 2) Әрекеттің әр саласындағы түлға аралық 
қатынасы; 3) Субъекттің өзін қоғам мүшесі, профессионал және толыққанды тұлға 
қалыптастырудағы даму үдерістері. Аталмыш аспектілер алуан түрлі ортада көрініс 
табады - білім алуда, еңбекте және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет