Лекция Жоспары: Солтүстік Қазақстандағы әскери линиялардың салынуы және Ресейдің экспансиялық саясатының күшеюі


Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі409,46 Kb.
#133581
түріЛекция
1   2   3
2. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.

Қазақ-орыс қатынастарының ушығуының жаңа шыңы XVIII ғ. 70 жж келді. Қазақтардың антиколониялық шайқасының ушығуы орасан зор аудандарды – Волга маңы, Орал мен Сібірдің бөлігін қамтыған Е.Пугачевтің соғысымен тұспа-тұс келді. Халықтың көп бөлігін өз жағына тарту үшін Пугачев қайтыс болған ІІІ Петр болып аталады. Осы территорияларда өмір сүріп жатқан халықтың әр түрлі топтарының ІІ Екатеринаның билігіне наразылығын пайдаланып, Пугачев мынандай ұран тастайды: «... мәңгілік еркіндік, помещиктерден босау, оларды жою, жердің шаруаларға қайтарылуы және салықтан 10 жылға босатылу».
Абылайдың күйеу баласы, Кіші жүз ханы Батырдың ұлы, өзіне бағынышты сары жетім және шақшақ ру ауылдарымен бірге далалық Тобыл маңында көшіп қонған Құдайменді сұлтан, арғындардан Дәуітбай тархан, қыпшақтардан Төртқара мен Ізбасты, керейлерден Ақжігіт, Қосдәулет және Балбек, уақтардан Сарғалдақ старшиналары әскери іс-әрекеттерге белсенді қатысады.
1774 жылдың жазында қазақтардың Уй және Новоишим желілеріне шабуылдары күшейеді. Бұл кезеңде Пугачевтің көтерілісшілері Троицк бекінісін алғаннан кейін Еділ маңына қарай кетіп, қазақ қоныстарынан алыстайды, алайда сібір желілерінде Пугачевтің қазақ даласында әлі де жүргендігі туралы сыбыстар жүреді.
Осылайша, 1774 жылдың маусым айында Азов полкінің драгуны Мезенцев «Пугачев Башқұртстанда барлық әскерден қашып, желіден өтіп, қырғыз (қазақ) даласында, Звериноголовский бекінісіне қарама-қарсы 50 шақырымда, Абуче (Обаған) өзені бойымен жоғары жерде орналасқан», яғни қазіргі Ұзынкөл ауданының территориясында болған деп жазған. Желі бойындағы толқулар Е.Пугачевтің өлімі туралы хабар-дан кейін де жалғасып жатқан, көшпелілердің отрядтары бекіністерге, редуттар мен казак разъездеріне шабуылдаған.
Алайда, олардың Ресейдің әскери экспаниясына қарсы тұратындай шынайы күші болмады, сондықтан олар әлсін-әлсін колониалды билікке жоғалтқан жайылымдарда шекаралық орыс әкімшілігінің айтқан шарттарында көшіп-қонуды сұрап, жағдайға көнуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет