Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет18/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Бақылау сұрақтары:

  1. Араб тілі мен жазуының кең өріс алуы.

  2. Араб тілінің оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда тарала бастауы.

  3. Араб әліпбиінің құрамы.

  4. Дауысыты дыбысты беруде қолданылатын дәйекше.

  5. Лигатура әдісі туралы.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Араб графикасының түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкес болмауы (конспекті жазу).

Қажетті әдебиеттер:

1. А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – А., 1996

2.М.Ескеева. Қазақ жазуының тарихи негіздері. – Астана, 2002

3.Ә.Қайдар., М.Оразов. Түркітануға кіріспе. – А., 2004


14 лекция. Тақырыбы: Араб графикасына негізделген қазақ алфавитінің даму кезеңдері. Орта түркі тілдері және олардың қазіргі түркі әдеби тілдеріне тигізетін әсері.

Жоспары:

  1. Араб-қазақ алфавитінің ескі және реформаланған жаңа түрі.

  2. араб алфавитінің қазақ тіліне сай келмеуі

  3. Орта Азия, Шығыс Түркістанда кең тараған түркі жазба әдеби тілі.

Лекция мақсаты: Студенттерге араб графикасына негізделген қазақ алфавиті туралы, орта түркі тілдері және олардың қазіргі түркі әдеби тілдеріне тигізген әсері туралы теориялық мағлумат беру.

Лекция мәтіні: Барлық түркі жұрты сияқты қазақтар да араб жазуын кең қолданды. Ресми іс қағаздары да негізінен араб тілінде жүгізілді. Әсіресе, ХІХ ғ. бастап қазақ халқы арабша сауат ашуға жаппай ден қойды, барлық ауылдың бай адамдары арнайы молда ұстап балаларға араб әліпбиін үйретуді қолға алды. ХІХ ғ. соңында араб жазуымен «Түркістан уалаятының газеті» (1888-1902) сиқты басылымдар шығарылды. ХХ ғ. басында араб жазуымен «Қазақ» газеті (1911-1915) т.б. газет-журналдар шығарылып, көпшілікке тарай бастады.

Классикалық араб жазуы (қадим) шығарылған басылымдардың беттерінде жарияланған материалдарды оқуда қиындықтар боды. Себебі, араб тілінің дәстүрімен жасалған әліпби қазақ тілінің табиғатын толық ашып көрсете алмады, жазба тіл мен ауызекі тіл арасында үлкен алшақтық қалыптасып, қазақ сөздері бұрмаланып жазылды, үндестік заңына нұқсан келді. Мысалы, «Дала уалаяты» газетінде п әрпі тек араб-парсы, орыс тілдерінен енген сөздерде ғана жазылған (пайда, падша, переуад, парта т.б.). Ал қазақ сөздерінде мағынаға нұқсан келмейтін жердің бәрінде п орнына б әрпін жазу орын алған. Мысалы, көб (көп), жазыб (жазып), табтық (таптық) т.б. Сондай-ақ в дыбысы бірде у, бірде б, бірде ф таңбасымен белгіленген.

«Қадим» жазуының ең үлкен кемшілігі дауысты дыбысты таңбалауда болды. Араб жазуында жакртылай дауыстыларды белгілейтін үш-ақ әріп болғандықтан, қазақ тіліндегі барлық тоғыз дауысты осы үш әріппен ғана белгіленеді ( «алиф» таңбасы а, ә, е дыбыстары, «уау» таңбасымен о, ө, ұ, ү, у дыбыстары, «йяй» таңбасымен и, і, й, е дыбыстары). Дәстүрлі араб әліпбиінің қазақ тілінің дыбыстық құрамын дәл бере алмауынан туындаған қолайсыздықтар ана тілінде сауат ашуда да байқалады. Сондықтан қазақ тілінің ерекшеліктерін толық көрсету мақсатында аталмыш әліпбиге өзгерістер енгізу мәселесі қазақ зиялылары арасында ХХ ғ. басында сөз бола бастады.

1912 жылға дейін қолданылып келген консонанттық жүйе араб жазуына өзгерістер енгізіп, қазақ тілінің табиғатына негізделген «жадид» (төте жазу) жазуы жасалынды. Оның негізін салушы ғұлама ғалым, ағарту ісінің көрнекті қайраткері – А.Байтұрсынұлы. «Жаңа емледе» 26 әріп болды: 9 дауысты, 17 (18) дауыссыз. Дыбыстарды толық белгілеу қағидасы сақталды. «Жаңа емле» жұртшылық тарапынан қолдау тауып, 1912 жылдан бастап өмірдің барлық саласында кеңінен қолданыла бастады. Оқыту жүйесі ана тілінің ерекшеліктері негізінде жүргізілуі сауат ашуда көп жеңілдіктер туғызды. 1913 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы әліпбиі мұсылман медресесінде, қазақ-орыс мектептерінде қолданыла бастады. 1915 жылдың өзінде осы емлемен 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты. 1924 жылы 12 маусымда Қырғыз (қазақ ) білімпаздарының Орынбор қаласында өткізілген тұңғыш съезінде А.Байтұрсынұлының «Жаңа емлесі» ресми түрде талқыланып, ғалым баяндама жасайды. Бұл кезде араб әліпбиінің күрделілігі , қиындықтары айтылып, латын әліпбиінің тиімділігі жайлы Н.Төреқұлов баяндама жасайды. А.Байтұрсынұлы қарсы пікір білдіріп, өз тұжырымын қорғап шығады.

А.Байтұрсынұлы жасаған қазақ әліпбиі ең озық жүйелеріне жатады. Басқа түркі халықтары да қызығушылықпен қарап, а.Байтұрсынұлының тәжірибесіне сүйне отырып, өз жазуларына реформалар жасай бастайды ( өзбек, татар халықтары ). А.Байтұрсынұлының ұзақ жылдардағы ізденістерінің нәтижесі – араб жазуынан реформаланған «қазақ әліпбиі» республика көлемінде ресми жазу ретінде 17 жыл ғана қызмет етті. Сол кездегі халқымыздың ғылыми, әдеби мұралары осы жазумен жазылды. Кеңес Одағы құрамындағы түркі халықтарының латын жазуына өту үрдісіне орай 1929 ж. қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негізделген тұңғыш алфавит латын әліпбиіне ауыстырылды. Латын жазуы енгізілгеннен кейін де «Байтұрсынұлы әліпбиі» ел арасында қолданылып жүрді. Бұл әліпбиді қазіргі таңда да шетел қазақтары ( ҚХР, Ауғанстан, Иран) қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет