Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет27/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77
Қалқанша без 
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (§1апсіи1а йіугоісіеа) - біршама ірі 
без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) - 1,5-2 г. Қартайған шақта, 
басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа 
қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий 
жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) 
немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат 
фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. 
Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гормондар 
босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл 
комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына 
аминқышқылдар, тирозин және йод қажет. 
Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ға жуығы белоктармен байланысқан 
қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. 
Гормондар тек бос қалпында ғана әсер етеді, Трийодтирониниің белсеңділіғі тироксиннің белсенділігінен 6-
10 есе жоғары. 
Гормондардың күйрелуі біршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін). Артық гормондар бауырда 
ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді стромасында “ақшыл” жасуша немесе С-жасушалар 
деп аталатын ерекше түрі табылды, кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп те атайды. Бұлар 
кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатьш, құрамында йод жоқ - тирокальцитонин және өте 
белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады. 
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің 
өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі 
секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның 
жүйке қызметіңің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге 
асырылады. 
Фолликула эпителий тіндерінде йод бар тиреоиодты гормондардың түзілуі организмге бейорганикалық 
йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам және жануарлар оны йодты калий жөне йодты натрий түрінде 
тамақ пен су арқылы алады. Тамақтанудың тәуліктік мәзірінде оның орташа мөлшері 100-200 мг болады. 
Организмде 30-50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безінің құрамына енеді. Сөйтіп, адамның және жоғары 
сатыдағы омыртқалылардың қалқанша безі 4 түрлі гормон бөліп шығарады - тироксин (тетрайодтиронин), 
трийодтиронин және тирокальцитонин, катокальцин. Қалқанша безінің гормондары организм қызметтеріне 
кең түрде әсер етеді. 
Тәжірибелік зерттеулер кезінде де, ішкі сөлініс бездерінің қызметі бұзылған ауруларды бақылағанда, 
гормондардың жеткіліксіз немесе шамадан тыс көп бөлінуі бұлардың қаншалықты ерекше әсер ететіндігін 
айқын көрсетеді. Гиреондты гормондар әсерінің негізгі әсерлері бұлардың түрлі алмасу үрдістеріне, өсу 
және дамуға ықпал етуінен, сонымен қатар көптеген бейімделу әсерленістерге қатысуынан тұрады. 
Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізетін әсері, олардың “калоригендік” - 
жылу өндіру ықпалынан өте жақсы көрінеді. Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу үрдістерінің 
жылдамдығы төмендейді, ал көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қалыпты жағдайда да 2 
есе жоғарылауы мүмкін. Жылу өндіру нәтижесі жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмінің барлық 
жасушаларында, әсіресе бауыр, бұлшықет және жүйке жүйесі жасушаларында айқын байқалады. 
Гормондар зат алмасудың түрлі жақтарына, барлық ферменттерді белсендіру және тотығу үрдістерін 
күшейту арқылы әсер етеді, әсіресе белоктың синтезделуін және майлар мен көмірсулардың ыдырауын 
күшейтетін митохондриялық үрдістерді тездетеді Түрлі жануарлардың организмін зерттеу арқылы, оларда 
минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың мәні анық дәлелденген. 
Сөйтіп тироксин жасуша ішіндегі және сыртындағы орталардағы электролиттердің мөлшер 
айырмасының сақталып тұруына көмектеседі. Бұның биопотенциал генерациялану кезінде үлкен мәні бар. 
Т3 және Т4 әсері сонымен қатар тіндердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұрады; олар 
адреналин мен норадреналиннің гликогенолиздік және гипергликемиялық әсерін күшейтеді. Қалқанша 
безінің гормондары дененің өсуін реттейді, сондықтан олардың жетіспеушілігі өсудің баяулауына 
соқтырады. Тиреоидты гормондардың маңызы әсіресе төлдерден айқын көрінеді. Бұл гормондардың 
жетіспеушілігі салдарынан жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылып, даму және өсу баяулайды. Жас 
кездегі өсу үрдісінде гипотиреоздан балалардың ақыл-ойы, санасының дамуы бұзылады. Эмбриондық 
кезінде осы гормондар жетіспесе, ақыл-ойдың мешеулігінің ауыр түрі (кретинизм) байқалады. Тиреоидты 


гормондар метаморфоз (өзгеріс) үрдістеріне әсер етеді, бұны қосмекенділерден айқын көруге болады. 
Итбалықтарды құрамында йод жоқ суға салғанда, өзгеріс болмады, яғни итбалық бақа күйіне ауыспайды, 
сол суға йод немесе қалқанша без гормондарын қосқанда, ол бірден бақаға айналып өзгеріс пайда болды, 
екінші сөзбен айтқанда жануарлардың есейген түріне өтуі іске асты. Қарастырылып жатқан гормондардың 
кейбір жануарлардың түк қабаты мен түлеуге әсері дәлелденді. Қазақтың тәжірибелі аңшылары өздерінің 
аңшы кұстары тез түлеп, күш алуы, әрі құс көрікті болуы үшін жеміне қалқанша безінің кептірілген тінін 
қосқан. Қалқанша безінің гипоқызметы салдарынан жануарлардың түктері, құстардын қауырсындары 
көмескіленіп, түсіп қалады. Тері қатпарланып кетеді. 
Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық жүйке жүйесінің дамуына 
және қызметіне елеулі өсер етеді. 
Иттердің безін алып тастағаннан кейін, оларда шартгы рефлекстердің қалыптасуы өте қиын болады. 
Қалыптасқан шартгы рефлекс келесі күні жойылып кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал 
без қызметінің жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл - гипертиреоз 
кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без қызметінің бұзылуынан адам зейінінің 
бірқатар көрсеткіштері өзгереді. 
Қалқанша безінің үшінші гормоны - тирокальцитонин. Бұл гормон бездің фолликула жанындағы 
жасушаларынан бірден қан мен лимфаға фолликулалардан өтпей-ақ қеледі, ол тиреоидты коллоидтың 
құрамында да жоқ. 
Тирокальцитонинді денеде кальций сақтайтын гормон деп атайды. Ол қан плазмасында кальций және 
фосфор иондарының деңгейін төмендетеді. Бұл гормондар үшін бүйрек және сүйек тіндері жасушанысана 
болады. 
Сүйекте кальцитонин оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін бұзатын жасушалар - 
остеокластар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін жасушалар — остеобластар қызметін белсендіреді. Сол 
сияқты сүйек құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Тирокальцитонин несеп 
құрамымен кальций, натрий, фосфаттар шығарылуын күшейтеді. Бұл гормон фосфор-кальций алмасуына, 
қалқансерік безі гормоны - паратгормонға қарсы әсер етеді. Тирокальцитонинның бөлінуі қандағы кальций 
деңгейіне байланысты, аталған гормонның қанға түсуін гиперкальциемия (кальцийдің көп болуы) 
жоғарылатады, ал гипокальциемия (кальцийдің аз болуы) төмендетеді. 
Қалқанша безі гормондарыиың жасалуы және қанға шығарылуы сау организмде орталық жүйке 
жүйесінің көптеген бөліктерімен, гипоталамус-гипофизарлық жүйелерімен өте нәзік реттеледі. 
Гормональды гомеостаз ішкі сөлініс бездерінің басқа көптеген бездерінің арасындағы (әсіресе қалқанша, 
жыныс және қалқансерік т.б. бездер) өзара үйлесу тетіктері арқылы іске асады. 
Қалқанша безінің сөл бөлу қызметінің гипо- немесе гиперсөліңіс жағдайларында түрлі бұзылулар 
салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар туады. 
Гипертиреоз, әсіресе Базед ауруы немесе табиғаты басқаша тирео- токсикоз кезіндегі патологияның 
мынадай өзіне тән белгілері байқалады. Без көлемінің ұлғаюы (зоб), тахикардия (жүрек соғуы жиіленуі), 
көздің шарасынан шығуы (экзофтальм), зат алмасудың елеулі жоғарылауы және осымен байланысты 
организмнің көптеген вегетативтік қызметтерінің бұзылуы. Оргаңизмнің жүдеуі байқалады. Кретинизм 
(бала кезінде дамыса) және микседема (көбінесе операциядан кейінгі гипотиреоз кезінде, ол кейде үлкен 
адамдарда қалқанша безінің тінін көп мөлшерде алып тастауынан болады) гипотиреозды айқын көрсетеді. 
Кретинизм кезінде ақыл-ой және дененің дамуы күрт төмендеп, психикалық әсерленіс баяулайды. Ауру 
балалардың бойы кішкентай, тілі ұлғайған, беті ісік, тәбеті төмен, терісі құрғақ болады. Оларда сүйек тінінің 
дамуы баяу, оның салдарынан еңбегі қатпайды және тістерінің шығуы уақытынан көп кешігеді. 
Микседема кезінде, теріде және басқа тіндерде мукопротендтер жиналуының салдарынан жалқыаяқ ісік 
дамиды. Шамадан көп емес гипотиреоз кезінде зат алмасу, жылу жасалу деңгейінің төмендеуі бай- қалып, 
соның салдарынан суыққа сезгіштік жоғарылап, жалпы көңілсіздік (апатия), әлсіздік, тез шаршаушылық, 
зейіні мен психиканың бұзылуы пайда болады. Жер шарының әртүрлі жергілікті топырағында, суында, 
тамақ құрамында йод аз болған жағдайда, сол жердің бірқатар тұрғындарының қалқанша безінің сөліністік 
қызметі бұзылып, сөл бөліну мөлшері өзгеріп (дисқызмет), онда өз гормонының гипер- немесе 
гипосекрециясы пайда болуы мүмкін. Қалқанша безінің бұл патологиялық өзгерісін эндемиялық зоб деп 
атайды. Көбінесе ол таулы аймақтардың тұрғындарында кездеседі. 
Швейцария және Норвегияның таулы аймақтарындағы мектеп жа- сындағы балалардың жартысынан 
көбі эндемиялық зобпен бұрыннан ауыратыны анықталды. Зоб Кавказ, Орал, Карпат, Орта Азия және 
Қазақстанда, соның ішінде Алматы облысында кездеседі. 
Адамға тәуліктік йодтың қажет мөлшері 0,15-20 мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе 
тиреоидтық гормондардың түзілуі бұзылады. Зоб дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы 
аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша 
қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен 
кретинизмге жеткенге дейін дами береді. 
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эн- демиялық зобтан сақтандыру 
мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100 кг тұзға 2,5 г йодты калийді қосады). 
Қалқансерік бездер 
Қалқансерік бездер аса үлкен емес эпителилі құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50 мг. Әдетте, олар 
қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы 


тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және парасимпатикалық жүйке 
талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны паратгормон деп аталады. Паратиреоидэктомия - 
қалқансерік бездерін алып тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады. 
Бездерді алып тастағаннан кейін, алғашқы күндері тәбеті төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда болғанын 
байқауға болады. Операциядан кейін 1-3 күн өткен соң, әуелі кейбір жеке бұлшықеттер тартылып, одан соң 
жалпы дененің барлық бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады. Оны 
паратиреоидты тетания деп атайды. 
Арқа мен мойын еттері дененің алдыңғы жағындағы бұлшықеттерге қарағанда күштірек болғандықтан, 
жануарлар басын артқа қарай тартады (опистотонус). 
Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің қернеуі жоғарылап жиырылуы, тыныс алу 
бұлшықеттері, қарынның төменгі жағындағы 12-елі ішекпен жалғасқан бөліміндегі еттері (пилороспазм), 
жұтқыншақ (фарингоспазм) және басқа да бұлшықеттердің ұзақ уақыт күшті түйілуі пайда болады. Еттердің 
осындай ұзақ уақыт тартылып жиырылуы организмді өлімге әкелуі мүмкін. Қалқансерік бездерін алып 
тастағанда кальцийдің қандағы деңгейі төмендеуі еттердің ұзақ уақыт қатты тартылуының (судорога) 
тууына себеп болады. Кальцийдің деңгейі 9-12 мг%-тен (2,25-2,80 ммоль/л), 4-7 мг%-ке (1,25- 1,35 ммоль/л) 
төмендейді. Егерде тартылу басталған кезінде жануарлардың қанына хлорлы кальций ерітіндісін енгізсе, 
сіреспе өте тез тоқтайды. 
Қалқансерік бездерін алып тастағаннан кейін пайда болатын сіреспе қозғалыс орталықтарының - орта, 
сопақша ми және жұлынның қозуымен байланысты болады, бұл жағдай орталық жүйке жүйесін әртүрлі 
деңгейде кесу әдісімен дәлелденген. Бұл адамдарда да кездеседі, әдетте қалқансерік бездерінің ішкі сөлініс 
қызметінің тапшылығы кезінде пайда болады (гипопаратиреоз). Осы кезде адамның бет және қол 
бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады. Қол “акушер қолы” қалпына қеледі (шынтақ және білезіқ, 
басбармақ, сұқ саусақ және шынашақ буынынан бүгілген). Бет жүйкесін сәл басса, сол аймақтың 
бұлшықеттері тартыла бастайды. Бұл медицинада руссо симптомы деп аталады. Туа пайда болған 
қалқансеріқ бездері тапшылығынан балаларда қандағы қальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, тіс өсуі 
баяулайды, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш болады. Гиперпаратиреоз - қалқансерік бездері 
қызметінің шамадан көп болуы си- рек кездеседі. Бұл жағдайда қандағы кальцийдің мөлшері көбейіп, 
бейорганикалық фосфат мөлшері азаяды. Остеопороз (сүйек жұқаруы) дамиды, соның салдарынан 
организмде бұлшықеттер әлсіздігі, қол-аяқта ауыру сезімі пайда болады. Азот алмасуы өзгеріп, бауырдың 
мочевина жасау қызметі баяулап организмнің өздігінен улануы басталады. Бұл тұнғыш рет И.П. Павлов 
зертханасында анықталған. Жануарды органикалық азот қосындылары көп ет тағамдарымен 
тамақтандырғанда олардың қалыпты жағдайының төмендейтінін түсіндірді. Қалқансерік бездерін алып 
тастау ми қыртысының негізгі динамикалық үрдістері қозу мен тежелу сияқты шартты рефлекстік 
қызметінің бұзылуына әкелетіні анықталған. Атап айтқанда, жас адамдар, екіқабат және емізулі балалы 
әйелдер организмінің кальций және фосфорды қажетсінуі жоғарылайды. Кальций өте қажетті, өйткені ол кез 
келген тірі құрылымның құрамына кіретін негізгі қосылыс. Қальций қатыспайтын организмнің бірде-бір 
қызметі жоқ деуге болады. Ол организмнің тірегі - қаңқаның жасалуына және қорғаныс қызметін атқару 
үшін қажет. Кальций жасуша пішіндерінің тұрақтылығы және олардың қызметі үшін қажет. Са2+ қан ұюына 
қатысатын негізгі қомпоненттің бірі. Ол қозу мен жиырылу үрдістерін байланыстырады, көптеген 
ферменттердің белсенділігін реттеуде маңызды орын алады. 
Сондықтан оның қаңқа, жүрек еттерінің қызметінде, қан тамырла- рының кернеуін сактауда маңызы 
зор. Қалқансерік бездерінің гипоқызмет кезінде байқалатын тартылыс, әртүрлі спазмофилияның болуы, 
паратгормонның жетіспеуінен және соған байланысты рефлекстік доғаның барлық дерлік буындарының, 
әсіресе ет пен жүйке аппаратының қозуының күшеюінен туады. Соған байланысты әлсіз, тіпті 
табалдырықтан төменгі тітіркендіргіш күшінің әсерінен бұлшықеттердің анық әрі көпке созылатын 
тетаникалық жиырылуы пайда болады. Ионданған кальцийсіз синапстық құрылымдарда ацетилхолиннің 
және басқа медиаторлардың бөлінуі жүрмейтіні анықталды. Сондықтан бірқатар ғалымдар Са2+ барлық 
бөліну үрдістердің бәріне, соның ішінде гормондардың бөлінуіне де қатысты деп есептеді. 
Сондықтан Са2+ қызметтерді нейроэндокринді реттеудің негізгі қосылысы ретінде бағалануы керек. 
Кальцийдің жасуша ішіндегі көптеген алмасу үрдістеріне қатысуы тікелей Са2+ арқылы іске аспай, тек 
кальмодулиннің арнаулы белокпен қосылуынан кейін іске асады. Кальмодулин Са2+ қоспасы жасуша 
ішіндегі ферменттерді белсендіреді. Кальций әрі гомеостазды қамтамасыз етеді. Жас ерекшеліктеріне 
байланысты және басқа түрлі қажетсінуіне, тамақтады мөлшеріне, денеге сіңуіне қарамастан Са2+ алмасуын 
реттейтін өте қуатты және анық белгіленген тетіктердің бар екендігі дәлелденген. 
Кальцийді реттеуші гормондар - паратгормон, тирокальцитонин және катокальцин. Сонымен қатар 
витамин Д - гормондық түрінің маңызы да өте зор. Бұл түрткілер фосфордың алмасуына да әсер етеді. Басқа 
да гормондар - кортикостероидтер, глюкогон, соматропин, айырша без гормондары көмекші әсер етеді. 
Параттормон үшін нысана болатын ағзалар, сүйек тіні, бүйрек және ішектер. Осы ағзалар арқылы 
параттормонның қандағы кальцийдің қалыпты мөлшерінің сақталуы іске асады. Қандағы Са деңгейінің 
өзгеруі параттормонның жасалып бөлінуінің негізгі реттеушісі болады; гипокальциемия гормонның 
бөлінуіне әсерін тигізеді, ал гиперкальциемия оны тежейді. Паратгормонның әсер ету тетіктері әлі 
толығымен анықталмаған. 


Басқа пептидгі гормондар сияқты ол цитоплазмалық мембраналар- дың арнайы қабылдағыштармен 
әсерлеседі, оның жасушаға әсері оАМФ және Са2+ арқылы іске асырылады. Бірақ, бұл әсердің нәтижесі 
түрлі ағзалардың тін ерекшелігіне байланысты. 
Паратгормон сүйекте сақталған кальцийді қанға шығарады, сон- дықтан қанға осы гормонды қосымша 
енгізу немесе оның қалкансерік безінен шамадан артық бөлінуі гиперкальциемияға әкеледі. Соған сәйкес 
сүйектен кері сіңудің (резорбция) басқа өнімдері босатылады (магний, фосфат, цитрат т.б.). 
Паратгормонның аталған әсері негізінен (остеобласт) сүйек тінін бұзатын ферменттері бар, оның 
байланыстарынан кальцийді жұмылдыратын жасушаларды белсендіру қабілетіне байланысты. Осыған ұқсас 
өзгерістер (остеоцит) сүйекаралық матрикс талшықта, белок, тінаралық сұйықтықта органикалық және 
минералды қосылыстардың алмасуына белсенді қатысатын жасушалар. 
Параттормон остеобластар - құрылыс үрдістерін қамтамасыз ететін жасушалар қызметін тежейді. 
Паратгормонның бұл әсерлері бірігіп, кальций мен фосфордың сүйектен “шығуына”, тіпті ондады 
белокты құрамыстың қалыпты жағдайдан бұзылуына әкеледі. Гормон мөлшерден едәуір артық болса, 
сүйекте “бос кеңістік” пайда болады яғни остеопороз дамиды. 
Бүйректе паратгормон ұшқары түтікшелерде фосфаттардың кері сіңуін төмендетеді де, ал кальцийдің 
кері сіңуін (реабсорбция) жоға- рылатады. Паратгормонның бүйрек жасушаларына және сүйек тініне 
физиологиялық әсері аденилат циклаза - оАМФ жүйесі арқылы асатыны дәлелденген. Паратгормон несеп 
арқылы Nа+, Са2+ йондарының, фосфаттардың шығуына көмектесетіні анықталған. Бұл ретте осы 
гормонның тирокальцитониннің синергисті ретіндегі әсері көрінеді. 
Паратгормонның әсерін іске асыруда, кальцийдің ішек арқылы сіңуінің күшеюінің маңызы зор. 
Паратгормон бүйректе белсенділігі төмен витамин Д-дан гормондық белсенді түрі витамин жасалуына әсер 
етеді. 
Витамин Д3 нысана ағзаларға көбінесе паратгормонның синергисі ретінде әсер етеді, атап айтқанда 
ішекте тамақ құрамындағы кальцийдің қанға сіңуін күшейтіп, сүйектік деполардан кальций мен фосфатты 
шығарып, бүйректің бастапқы түтікшелерінен кальций, фосфат және натрийдің кері сіңуін тездетеді. 
Соңғы жылдары параттормонның басқа да бұрын нысанаға жатқы- зылмаған ағзаларға да әсер ететіні 
анықталды. Мысалы, айырша безі, сүйек майы, артерия қаны, қан тамырларының ет қабатына, қарын-ішек 
қабырғасындағы бездерге әсер етеді. Жақында паратгормонның рецепторлары жүйке тінінен де табылды. 
Жаңа туған және одан үлкен балаларда қалқансерік бездері қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан 
гипокальциемия табылды. Әсіресе мерзімінен бұрын туған балаларда гипокальциемия тереңірек әрі айқын 
көрінеді. Осыған байланысты кальций тұрақтылығының (гомеостаз) қалыпты жағдайы бұзылуынан туатын 
спазмофилия белгілері жиі байқалады. 
Айырша без 
Айырша без - тимус көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде, жүрек ұясының 
(ортаңғы қабырғаның) үстіңгі жағында орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы - перикардпен, артқы жағы 
ірі-ірі қан тамырлармен шектескен. Айырша безін көзбен көріп, қолмен ұстау қиын, сондықтан ол 
ойдағыдай зерттелмеген. 
Без екі - қабық және ми қабаттардан тұрады. Оңда екі түрлі жасуша бар - лимфоид жасуша (ұсақ 
микроциттер) негізінен қабық қабатта, торлы жасуша астыңғы қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға 
айналады, торда лимфоциттер орналасады. 
Бездің қандай қызмет атқаратыны тек соңғы уақытта зерттеле бас- тады. Көкірек хирургиясының жедел 
дамуы осы безді алып тастауға мүмкіндік берді. Бірақ арнайы әдіспен орнын ауыстырып салса, ол тез арада 
ыдырап, бойға сіңіп кетеді. 
Ғылыми деректерге қарағанда өсу (есею) барысында, атап айтқанда жеткіншек жасына келіп, жыныс 
жетіле бастаған кезенде без ұлғаяды (үлкейеді). Жыныс жетіліп болған соң ол кері дамиды (инволюция) - 
құрамында безді құрылымдар азаяды да, олардың орнын дәнекер тін басады. 
Тәжірибе жүзінде алынған деректерге жүгінсек, айырша без жыныс бездерінің дамуын тежейді. 
Айырша безі алып тасталған не шала жетілген жас малдың жынысы тез, мерзімінен бұрын жетіледі, ондай 
мал өспей қалады, немесе баяу өседі. Жас мал (торпақ, баспақ т. б.) піштірілсе, айырша безі, оның тіндері 
ұлғайып, дамып кетеді, ал безде кері даму үрдісі тежеледі. Айырша безі инволюцияға (кері дамуға) 
ұшырамаған адамның жіліктері ұзарып ұлғаяды, мұндай адам әдетте кестірілген (ендері алынып тасталған) 
адамдарға ұқсайды. 
Айырша без қызметі жыныс бездері қызметімен тығыз байланысты екені жоғарыда айтылды. Мұнымен 
қатар ол қызметі жағынан ұдайы басқа да бездермен байланыста болады. Мәселен, бүйрекүсті безді алып 
тастаған жағдайда айырша безде инволюция болмайды (ол кері дамымайды), ал жіті өтетін індет 
аурулардың, сондай-ақ кейбір төтенше себептердің (жарақаттану, ауырсыну, суға шектен тыс хлор қосу, 
улану) әсерінен инволюция жіті өтеді. Демек, айырша без бен бүйрекүсті без де қызметі жағынан тығыз 
байланысты, байланыс сипаты көбінесе қарама-қарсы. 
Айырша без денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады, жануар денесіне инемен айырша без 
сығындысы енгізілсе, сүйек тінінде көп мөлшерде кальций жинала бастайды, оның есесіне қанда кальций 
азая түседі. Айырша безді алып тастаса, кері әсер туады, яғни кальций сүйекте азаяды да қанда көбейеді. 
Айырша без денеде стероидтар, нуклеин қышқылдары, С витамині (аталған безде бұл витамин өте көп, 
бұл жағынан ол бүйрекүсті безден кейін екінші орын алады) алмасуын реттеуге қатысады. 


Соңғы он жыл ішінде іске асырылған түбегейлі зерттеулерге қарағанда, айырша без адам (жануар) 
денесінде жүріп жатқан иммундық, қорғаныс, бейімделу әсерленістеріне да қатысады. Мәселен, жаңа туған 
қозының (бұзаудың, торайдың т. б.) айырша безін альш тастаса (тимэктомия) ол өспейді және қатты 
арықтайды (рантинг не вастинг - синдром, ағыл. тілі: - бойдың өспеуі, арықтау, жүдеу). 
Жынысы жетілген ересек жануардың айырша безін алып тастаса, бұл оның өсуіне айтарлықтай ықпал 
жасамайды, тіршілік ету мерзімін қысқартпайды, бірақ қанда лимфоциттер саны азаяды, сөл бездері 
біршама семіп, иммундық әсерленіс нашарлайды. Айырша безде Т-лимфоциттер “пісіп” жетілетіні 
анықталған. 
Айырша безін алып тастаған жануар лимфоциттерінде иммунды дене түзілу қабілеті төмендеп кетеді, 
мұның салдарынан орны ауыстырып салынған не басқа жануардан алып салынған тері кесінділері денеге 
жабысып түспей қояды. Безді алып тастау нәтижесінде қанда гаммаглобулин азаяды. 
Кейбір колаңсыз себептердің (жұқпалы ауруға шалдығу, қатты тоңып шаршау, оттегі жетіспеуі т.б.) 
әсерінен айырша без қызметі нашарлап кетсе, әдетте қан құрамында лимфоциттер саны азаяды, уақытша сөл 
түйіндері мен бездің көлемдері кішірейеді. 
Айырша бездің адам (жануар) денесінде иммундық биологиялық әсерленіске қатысуы, қазіргі кездегі 
пайымдауларға жүгінсек, сол бездегі әсер етуші зат, гормон не гормондар тобы (әзірге олар табылған жоқ, 
тек без сығындысының әсері ғана зерттелуде); 
а) лейкоциттің бөгде зат қармау қабілетін күшейтеді; 
ә) лимфоциттің антитән бөліп шығаруын үдетеді; 
б) иммундық, әсіресе фагоциттік (қармау, жұту) қасиеті күшті лим- фоциттер, мәселен, Т-лимфоциттер 
түзілуіне септігін тигізеді. Дәлелденген деректерге жүгінсек, айырша безде Т-лимфоциттер “пісіп” жетіледі, 
мұндай лимфоциттер қатыспаса, денеде бір қатар аса маңызды иммундық әсерленістер жүрмей (өшей) 
қояды. Т-лимфоциттердің иммуңдық ақпаратты бір орыннан екінші орынға ауыстырып отыратыны, 
жасушада иммунитет қалыптасуын қамтамасыз ететіні анықталды. Олар - иммунологиялық жады, 
соңдықтан да жолында кездескен заттардың қайсысы “өзінікі” қайсысы “басқаныкі” екенін тез таниды. 
Ғылымда Т-лимфоциттер “киллер”, яғни жендеттер деп аталады. Олар бірден тап беретін және ұзақ 
жасайтын лейкоциттер. Белгілі бір ағзаны не оның бөлігін бір орыннан екінші орынға ауыстырып саларда 
тимустағы тап осы лейкоциттер гомо- (біртектес) және гетеро- (әр тектес) трансплантаттарды қабылдау 
әсерленісіне, сондай-ақ денеде бірқатар аллергендерге (антигендерге) қарсы аллергиялық әсерленістер 
қалыптасуына белсене қатысады. 
Айырша безден басқа лимфоидтық ағзаларда “пісіп” жетілетін В- лимфоциттердің көптеген антитәндер 
түзетін плазмалық жасушаларға ауысуы да осы Т-лимфоциттердің қатысуымен өтеді. 
Сонымен қорғаныс, бейімделу сияқты иммундық қасиеттер қалыптастыруда гипофиз, бүйрекүсті без 
жүйесімен қатар, айырша без де үлкен орын алады. 
Француз химиктері айырша безден бөліп алынған гормон (10 амин қышқылынан тұратын пептид) 
туралы нақты деректер жариялады. Бұл гормон денеге енгізілісімен адамға (жануарға) белгілі бір бағытта 
биологиялық әсер етеді екен. Клиницист ғалымдар мынапы байқады. Тіндері шектен тыс ұлғайып, айырша 
без тым үлкейіп кетсе, адам кейде ерекше дерт - миастенияға (бұлшықеттің әлсіздігінің үдеуіне байланысты 
адамның жүре алмай қалуы) душар болады. Бұл патология холинэстеразаның шектен тыс көп шығып, 
қозуды жүйке жүйесінен ет тініне откізетін ацстилхолиннің жедел ыдырауынан туатын қасірет. Осыған орай 
ет-жүйке түйіспелерінде деполяризация әдеттегіден едәуір ауытқиды. Status thymicolymphaticus кезінде 
болмашы сырқаттанған адамға наркоз беруге тура келсе, ол қабылдай сала кенеттен өліп кетуі мүмкін. 
Кобінесе бұл холинэстераза бслсенділігінің төмендеуіне байланысты ацетилхолиндік шок тууынан болады. 
Сонымен айырша без өсу үрдісіне қатысады, лимфоцит (Т-лимфоцит) түзілуін үдетіп, антитән 
қалыптасуын жеделдетеді. Демек, ол денеде иммундық биологиялық қорғаныс әсерленістерін тудыруда 
үлкен роль атқарады, Мұнымен қатар жыныс бездері қызметін тежейді, яғни адамның жынысын жетілдіру 
үрдісіне ықпал етеді. Айырша без сығындысы – тимозип: 
а) лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады; 
ә) гормон болініп шығуын үдетеді; 
б) иммундық қабілеті бар лимфоциттер (Т-лимфоциттер) түзілуіне септігін тигізеді. 
Қарынасты безі (үйқы безі) 
Қарынасты (ұйқы) безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс қызмет атқарады. 
Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру қызметі жатады. Ішкі сөлініс қызметін Лангерганс 
аралшықтары атқарады. Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен “үш” жағында және аздап басқа 
бөлімдерінде орналасқан ерекше тін. Аралшық жасушалардың өзектері болмайды. Ең алғаш аралшықты 
морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863 ж. Лангерганс ашты. Лангерганс аралшықтарында 2 түрлі 
жасушалар бар α және β (түйірлі жасуша). Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%. Аралшық тіндерінің 
салмағы аз болғанымен организмнің тірлігіне өте қажетті. Оның гипоқызметі қантты диабет ауруын 
тудырады. “Диабет” деген сөз грекше “тесіп өтемін” деген мағынада. Осы сөз бұл аурудың дәл негізін 
көрсетеді. Шынында, қант жасушалық тіндік кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде сыртқа шығады. 
Диабет ауруының клиникасы жақсы зерттелген. Бұл ауруда ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады. 
Организм жасушалары көмірсу- ларды пайдаланбай, бауыр еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп 
кетеді. Оның ыдырауы күшейеді. Соның нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері көбейеді, гипергликемия 
пайда болады. Оның мөлшері қалыптағы 3,5-5,5 ммоль/л-ден 8-12 ммоль/л, ал кейде одан да көп жоғары 


болуы мүмкін. Гипергликемияда қант несеппен сыртқа шығады, глюкозурия байқалады (қанттың несептегі 
мөлшері 3-5% көтеріледі). Несепте қанттың көбеюі бүйрек түтікшелерінде қанттың қанға кері (қайта) сіңіп 
үлгірмеуінен. Осмостық қысымның артуына байланысты тәуліктік несептің мөлшері көбейеді (8-10 литрге 
дейін), полиурия пайда болады. Организмнен судың көп шығуы шөлдеу сезімін яғни полидипсияны 
тудырады. Диабет ауруында майдың алмасуы да бұзылады. Бауырдағы гликогеннің азаюы деподағы май 
мен липоидтерді шығарып, олардың бауырға баруына әсерін тигізеді. Деподағы май бауырға қанмен 
тасылады, сондықтан қанда гиперлипемия пайда болады (1% орнына 5-10 кейде 20%-ға дейін). Бұл 
бауырдың майға айналуына әкеліп соғады. Осыған байланысты майдың кетонды ацетонды заттарға дейін 
күшті тотығуы (ацетон, β-оксимай қышқьшы, ацетосірке қышқылы) күшейеді. Қандағы кетондардың 
мөлшері артады. Кетонемия дамып, кейін ол кетонурияға айналады. Кетонемияда қандағы сілті-қышқыл 
қоры азаяды, ацидоз байқалады. Алғашында ол қалпына келуі мүмкін, бірақ кейіннен қанның рН-ы өзгереді. 
Сөйтіп, улану белгісі - диабеттік кома дамиды. 
Диабетте белоктың алмасуы да бұзылады. Тіндегі көмірсудың азаюына байланысты белокты көмірсу 
қоры ретінде пайдалану байқалады яғни глюконеогенез пайда болады. Мұндайда белоктың ыдырауы 
күшейгендіктен денеге оның қалдық өнімдері жиналады. Сондықтан азотемия - белок ыдырау өнімдері 
көбейеді. Барлық қоректік заттардың ыдырауы күшейгендіктен адамның араны ашылып тамақты өте көп 
ішеді (булемия). Емдемесе адам өліп кетеді. 
Көпке дейін диабет ауруы аралшық тіндерінің қызметіне байланы- сты екені белгісіз болып келген. 
Оны алғаш рет 1877 ж. Лангерганс тапқан. Ол ауруды патологиялық анатомиялық тексеру кезінде аралшық 
тіндерінің жойылып кеткенін тапқан. 1889 ж. Меринг пен Миньковский диабет ауруы ұйқы безін сылып 
алып тастағанда пайда болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Олар алғаш рет итте тәжірибелік диабет 
ауруын тудырған. Ұйқы безін кесіп алып тастағаннан кейін біраздан соң 300 мг% (яғни 15 ммоль/л) дейін 
гипергликемия дамыған. 4-5-і күндері ит өлерде гипергликемия кезінде қанттың мөлшері 10 есе көбейеді. 
Итте полиурия дамып несептегі қант мөлшері 5% болған. 1901 ж. орыс патофизиологы Мәскеу 
университетінің қызметкері А.В. Соболев Диабет ауруы Лангерганс аралшықтарын алып тастағанда пайда 
болатынын дәлелдеді. Панкреас безінің өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді 
де экскрециялық тіндер бұзылады, аралшықтар ұлғайып өседі. Мұндайда диабет пайда болмайды, ал 
аралшық жасушаларды алып тастаса диабет ауруы байқалады. А.В, Соболсв алғаш рст аралшық тіндері 
тұнбасын алып, оның диабетті емдеу қабілетін ашқан. Аралшық тіндерінің таза тунбасын без өзегін байлап, 
экскрециялық тіндерді жоймай алу мүмкін емес, себебі без тіндері белокты негізде болғандықтан асқорыту 
фермсіптерімен араласып, олардың әсерінен ыдырауға түседі. 
Оның үстіне А.В. Соболсв эмбриондық аралшық тіндері сөліністік (аципоз) жасушалардан бұрын 
дамитынын ашқан. Буаз жануарлардың ұйқы безін жүктіліктің екінші жартысында кесіп алып тастағанда 
диабет ауруы дамымайды. Себебі ұрықтың гормоны анасының организмін де қамтамасыз етеді. Бірақ бала 
туғаннан кейін анасында диабет пайда болады. 
Сонымен Л.В. Соболев алғаш рет аралшық тіндерінің тұнбасын алып, оның емдеу қабілетін көрсетіп, 
эмбрионнан таза тұнба алуға болатынын ашқан. Бірақ ол өзінің жаңалықтарын 1900 жылы аз оқылатын, 
ғалымдарға онша таныс емес анатомиялық журналға басып шығаруына байланысты, бұл жаңалық онша 
дәріптелмеген, тұнба диабет ауруын емдеуге пайдаланылмаған. 
20 жылдан кейін 1921 жылы канадалық дәрігерлер Бантинг пен Бест А.В. Соболев тәрізді тәжірибелер 
жасап бұзаулардың ұйқы безінің өзегін байлап тастау арқылы оның аралшық тіндерінің таза тұнбасын алған. 
Сосын оны диабет ауруымен ауырған адамдарды емдеуге қолданған. Тұнбаның белсенді негізі - ұйқы 
безінің гормонын инсуліт (инсула - аралшық) деп атаған. Ол жасушаларда өндіріледі. 
Инсулин гормонының физиологиялық маңызы: 
1. Бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады: 
сондықтан инсулинді “сараң сарбаз” деп атайды. 
2. Жасушалардың қантты пайдалануына әсер етеді. 
3. Көмірсулардың майға айналуына әсер етеді. 
4. Гликонеогснезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын тежейді. Инсулин, диабетпен 
ауырған адамның бұзылған зат алмасуын жөнге келтіреді. Бірақ тамақтың құрамына, қасиетіне, қандағы 
қанттың мөлшеріне қарай ауру оны күнделікті қабылдап отыру керек. Инсулинді тек қана тері астына 
жібереді, себебі оның негізі белок болғандықтан, ішкенде асқорыту ферменттері оны ыдыратып жібереді. 
Егер оны көп мөлшерде енгізсе жіті гипогликемия пайда болып, мидың қанмен коректенуі бұзылады, сіңірі 
тартады, есінен танады, гипогликемиялық шок пайда болып адам өліп кетуі мүмкін. Бірақ қанға глюкоза 
құю арқылы өлімнен алып қалуға да болады. 
Инсулиннің жасанды (синтез) түрі алынды. 
Организмдегі инсулин бауырда ферменттің әсерінен ыдырайды. 
Инсулиннің әсер ету тетіктері: 
Басқа да гормондар тәрізді инсулин организмге тікелей әсер етеді. Жеке кесіп алынған бауырдан 
инсулинді айдаса гликоген пайда болады. 
Инсулиннің әсерін реттеу: 
1. Инсулиннің әсерін кезеген жүйке күшейтеді. Жүйкені байлап тастаса инсулин бөлінуі азайып, 
тітіркендірсе көбейеді (симпатикалық жүйке тежейді). Инсулиннің бөлінуіне ми қыртысы да әсер етеді. 


2. Диабет ауруы көбінесе психикалық қатты күйзелістен кейін пайда болады: а) қандағы қант тікелей 
ұйқы безіне әсер етеді. Гипергликемиялы қанды ұйқы безінен өткізу арқылы инсулиннің бөлінуін күшейтуге 
болады; б) қандағы қант орталық жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. Егер иттің миынан гипергликемиялық 
қанды айдаса, ол оның денесін тек қана кезеген жүйке арқылы байланыстырса, гипогликемия байқалады. 
Бұл инсулиннің көп өне бастағанын байқатады. 
С.М. Лейтес жануарға аллоксан деген затты жібергенде аралшық тіндер ішінара бұзылып аллоксандық 
диабет (тәжірибелік аралшық диабеті) дамиды. Мұнда тек қана көмірсу алмасуы бұзылып, май алмасуы 
өзгермейтінін байқаған. Осыған байланысты диабет ауруында май алмасуының бұзылуы екінші гормон - 
липоканиннің кемшілігіне байланысты болар деп болжайды. Липокаин май еріткіш заттардан түзіледі. Олар 
ұйқы безінің ұсақ өзектерінің эпителий денешіктері жатады. Липокаин бауырда бейтарап майлардың 
жиналуына кедергі жасайды. 
Егер жануардың ұйқы безін алып тастап инсулинді енгізсе, диабет дамымайды, бірақ 1-1,5 сағаттан соң 
май алмасуының бұзылуына байланысты жануар өліп қалады. Липокаин фосфорилазаның белсенділігін 
күшейтіп, фосфатидтердің пайда болуын қамтамасыз етеді. 
С.М. Лейтес диабетті екіге бөледі: тотальдық (жаппай, жалпы) және аралшық диабет. Аралшық 
диабетте көмірсулардың алмасуы бұзылады (аллоксандық диабет тәрізді). Тотальдық диабетте көмірсу және 
майдың алмасуы бірдей бұзылады. Егер тек көмірсулар алмасуы бұзылса, сульфаниламид препараттарымен 
емдеуге болады. Олар бүйрек арқылы шығарылып қанда қант мөлшері азаяды. Соңғы кездерде бұл екі 
гормоннан басқа ұйқы безінде 3-ші гормон - глюкагон енетіні анықталды. Бұл гормон кристалл түрінде 
бөлініп алынды. 
Глюкагон қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, бауырда гликогеннің ыдырауын күшейтеді. Оның 
гипергликемиялық әсері адреналинге ұқсас, ал инсулинге қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық 
маңызы әлі онша анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі әсерге байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның 
да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді. 
Инсулиннің өнуіне гипофиздің соматотропты гормоны әсер етеді. Жас организмдерде ол инсулин 
өнімін күшейтіп аралшық аппаратты әлсіретеді. Мұндайда гипофизарлық диабет байқалады. 
Бүйрекүсті бездері 
Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олар- дың салмақтары 6-12 г. 
Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 
бөлігін алып жатыр. 
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қыз- меті жағынан әртүрлі. Олардың 
қанмен қамтамасыздануы ерекше. 
Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі безін де 
сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай жағдайда жануар еттері 
әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса 
береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері 
нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер 
пайда болады. Жеке бөліп алынған қыртысты және милы қабаттарға жасалған тәжірибелер арқылы аталған 
өзгерістердің көбі қыртысты қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты екені анықталды. Мысалы, бездің 
милы қабатын қалдырып, қыртысты қабатын сылып алып та- стаса, жануар өте тез өліп қалады. Ал милы 
қабатын алып тастап қыртысты қабатын қалдырса, жануар салыстырмалы ұзақ уақыт айтарлықтай өзгеріссіз 
өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффиндік жасушалар бүйрекүсті безінен басқа 
да ағзаларда кездеседі (ұйқы артериясының бифуркациясы (айырық) тұсында, омыртқа бағаны бойындағы 
симпатикалық шеткі торапта т.б.). Оған қоса симпатикалық жүйкелердің ұштары норадреналин бөліп 
шығарады. Ол милы қабаттың гормонындай әсер етеді. Сондықтан бүйрекүсті бездерінің ми қабатын алып 
тастағанда (демодулляциясы) оның гормондарының кемшіліктері хромаффиндік құрылымдар арқылы 
толықтырылады. 
Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам 
кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) жатады. Мұның 
ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі 
гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға 
өтпейді. 
Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикостероидтар 
(ГКС); 2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар (АКС); 
Глюкокортикостероидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бұл 
топқа кортизоп (өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон (белсенділігі төмендеу) жатады. 
Кортизон молекуласының СІ7 бөлігінде окситобы болғандықтан оларды 17-оксикортикостероидтар деп 
те атайды (әсіресе емханаларда жиі пайдаланылады). 
Глюкокортикостероидтардың физиологиялық әсері. 
ГКС зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболизмдік (диссимиляция) 
үрдістерді күшейтеді. Мұндай жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тіндерінің 
жа- сушалары нысана-жасуша ретінде болады. Тіндерде ГКС-дың әсерінен бірқатар ферменттердің 
(трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б.) белсенділігі күшейеді. 


ГКС-дың белоктың алмасуына әсері: а) барлық тіндерде, әсіресе ет тінінде (алдымен қаңқа 
бұлшықетінде) белоктың ыдырауы күшейеді. ГКС-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек 
еттері төзімді болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә) қандағы 
аминқышқылдар мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді (теріс болымсыз азот байқалады); б) бауырдың 
мочевина түзеу қызметі артады; в) аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу өзгеруінен 
организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді. 
ГКС-дың майдың алмасуына әсерінен тіндегі липолиз артады, яғни май ыдырап қышқылдары бауырға 
өтеді. 
ГКС көмірсулар алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глю- конеогенезді күшейтеді, сондықтан 
гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін, гликоген азаймайды. 
ГКС-дың әсерінен бауырдан басқа барлық ағзалардың мембрана- ларының глюкозаны өткізу қабілеті 
төмендейді. Ал бауырда глюкоза мен амин қышқылдарына жасушалардың өткізгіштігі аздап артады. 
ГКС-дың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы 
ерекше. Олардың мұндай қабілеттері мембрананың өткізгіштігін төмендетуіне, жасушалардан және басқа 
құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антитәндердің түзілуін төмендетуге, антиген мен антитән 
әсерленісін тежеуіне, дәнекер тіндерде коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына 
байланысты. 
Минералокортикоидтардың физиологиялық әсері. МКС бүйрекүсті безінің түйірлі зонасынан пайда 
болады. Бұл топқа альдостерон мен ІІ-дезоксикортикостерон (альдостероннан 20-30 есе белсенділігі төмен) 
жатады. 
МКС-дың негізгі физиологиялық әсеріне су мен тұздардың алма- суына ықпалы жатады. Бұл бүйрек 
тінінде, тер және сілекен бездеріне, асқорыту жолының шырышты қабатындағы жасушаларға әсер ету 
арқылы іске асады. Бүйректегі түтікшелердің аппаратының ұшқары бөлімінде натрийдің кері сіңуін 
альдостеронның арттыруы іс жүзінде дәлелденді. Мұндай әсерге байланысты Nа, С1 иондары организмде 
жиналып, оларға сай организмде судың осмос эквивалеиттік саны жиналады (кейде суды электролиттердің 
құлы деп те айтады). Бұған қоса альдостеронның әсерінен К+, сутек, аммоний организмнен шығарылады. 
Альдостерон кальций мен магнийдің сыртқа шығарылуын күшей- теді. Демек, альдостеронның 
натрийдің тасымалдануына әсерінің тетіктері әлі күнге дейін толық анықталмай жатыр. Кейбір болжамдарға 
қарағанда альдостерон “натрий тартқышының” энергиясын қамтамасыз етеді. Мұндай қабілет жасушаның 
ішінде АҮФ-тың пайда болуын күшейтуге байланысты болуы мүмкін деген болжамдар бар. 
Альдостеронның Na+ мен СІ иондары алмасуының әсеріне байла- нысты оның тағы да бір 
физиологиялық ықпалы анықталып отыр. Бұл Na+ мен СІ иондарының ықпалына байланысты пайда 
болатын түрлі сұйықтардағы осмостық қысымының әсерінен туатын тамырлардағы қан көлемі мен жасуша 
ішіндегі және жасушааралық сұйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері. 
Андрокортикостероидтардың физиологиялық әсері. Андростерон, эстрол және прогрестерон торлы 
зонаның жасушаларында түзіледі. Жыныс гормондарына қарағаңда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді. 
Дегенмен бұлар жыныс бездерінде түзілетін гормондар тәрізді әсер етеді. Бұлардың маңызы әсіресе 
балалық, кәрілік шақта зор болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтадан кезде бүйрекүсті 
бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады. 
Бүйрекүсті безінің милы қабаты. Бүйрекүсті безінің милы қабатыңда негізгі 2 гормон - адреналин (А) 
мен норадреналин (НА) түзіледі. А негізінен бүйрекүсті бездерінде ғана, ал НА басқа да ағзаларда пайда 
болады және адренсезгіштік түйіспелерде қозуды өткізетін медиатор ретінде де бөлінеді. А, НА және 
дофамин - биогендік катехоламиндерге жатады. Олар тирозиннің туындысы болып есептеледі (сондықтан да 
бұл гормондар тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды). 
Катехоламиндер организмдегі барлық тіндер мен жасушаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық 
үрдістерді тудырады және көптеген физиологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайды. 
Катехоламиндердің әсер ету тетіктері түрлі күрделі биохимиялық үрдістермен байланысты. Ол үрдістер 
катехоламиндердің мембраналық рецепторлармен яғни адренорецепторлармен арнайы байланысы кезінде 
пайда болып, адрелинциклазаның белсенділігі мен жасушадағы түрлі биохимиялық үрдістердің 
жылдамдығына байланысты өтеді. Организмде адренорецепторлар өте көп. Түрлі тін жасушаларындағы 
орнына, арнайы рецепторлардың нысана жасушалардың мембранасында орналасу тығыздығына, олардың 
түрлі химиялық заттарға тандамалы сезімталдығына (әсіресе катехоламиндердің өздеріне) және жауап 
түрлеріне байланысты а- және р-адренорецепторлар бар. 
Катехоламиидер (А, НА) химиялық ұқсастығына қарамастан физи- ологиялық әртүрлі әсер етуі, 
олардың таңдамалылығына түрлі цитоп- лазмалық мембраналардың адренорецепторларымен (а, р) қарым-
қаты- насына, ағзалардың құрылысына байланысты келеді. 
Ферменттік ыдырауына байланысты катехоламиндердің адреноре- цепторларға әсері өте қысқа 
мерзімде өтеді және ол пайда болған өзгерістерді қалпына келтіруге жүйке, рефлекстік және гуморалдық 
тетіктері қатысады. 
Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондарының физиологиялық әсері. 
Катехоламиндердің организмге әсері өте көп және жан-жақты. 
1. Адреналин жүрек-қантамырлар жүйесіне өте күшті әсер етеді 
а) жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын ұлғайтып, өткізгіш жүйесі 
бойынша серпініс өтуін жақсартады; 


ә) қан тамырларын тарылтады. Дененің әр жеріндегі тамырлардың адреналиңге сезімталдығы әртүрлі. 
Мысалы, ішкі ағзаларды (бауыр, ішек, қарын) қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының 
қабырғасын босаңсытады, ал оған байланысты қаңқа бұлшықеттеріне келетін қанның мөлшерін көбейтеді. 
Жүректің қан тамырларының көлденең қимасы адреналиннің әсерінен кеңейеді де, жүрек еттерін қанмен 
қамтамасыздандыру жақсарады; 
б) жүрек қызметі мен қан тамырларының кернеуін өзгерту арқылы адреналин қанның қысымына әсер 
етеді. Оның мұңдай әсері көбіне қысқа мерзімде байқалады. Қан қысымының артуы гормонның әсері 
басталғандағы жағдайға, адреналинді ыдырататын ферменттің белсенділігіне, мөлшеріне байланысты. 
2. Ішектің бірыңғай салалы еттеріне әсер етеді. Оның тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді. 
3. Бронхының бірыңғай салалы еттерін босаңсытады. 
4. Көздің қарашығың үлкейтеді. 
5. Жүкті әйелдің жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылу- ына әсер етеді. 
6. Тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтан адам- ның эмоция кезінде төбе “шашы тік 
тұрады”. 
7. Көмірсулардың алмасуына әсер етеді. 
8. Бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкозурияны тудырады; 
9. Майдың алмасуына әсер етеді. Ол липолизді күшейтіп липогенезді басады, майдың тотығуын 
күшейтеді. Мұның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық 
пайдалануға бағытталған. 
Кеннонің пікірінше, адреналин “авариялық гормон”, “эмоциялық гормон” болып есептеледі. 
Әсіресе қауырт жағдайларда (экстремалды) катехоламиндер: 
а) бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді; ә) рецепторлардың сезімталдығын, (әсіресе көру, есту), 
вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді. 
Бұл өзгерістер қауырт жағдайда организмнің қызметін сыртқы ор- таның өзгерген жағдайларына 
бейімдеуге бағытталған. 
Сонымен бүйрекүсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші 
(адаптациялық) гормон деп атаған дұрыс. 
Жыныс бездері 
Жыныс бездері - гонадалар аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік 
қызметі - жыныс жасушаларын (гаметоциттерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында 
сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек, 
жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе репро- дуктивтік кызметі. Сонымен қатар, бұдан 
кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан 
(диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс 
гормондарын шығарады. 
Организмнің көптеген ұрпақ жаңғырту (көбею) қызметі жан-жақты 23-тарауда қарастырылған. Бұл 
бөлімде тек қана еркек пен әйел жыныс бездерінің гормондарына жалпы және олардың арнайы әсерлеріне 
мәлімет беріледі. 
Аталық жыныс гормондары ұрық жолының интерстициалды тіндерінің ерекше - Лейдиг 
жасушаларыиан жасалады. Бұл гормондар андрогенді деп аталады. Нағыз еркек жыныс гормоны - 
тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондар бар - андростерон, 
эпитестостерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап аналық жыныс гормоны - 
эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады. 
Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы - фолликула (латынша folliculus - қапшықша, көпіршік), 
оның ішінде жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликула граафты көпіршік деп аталады. 
Ол жарылғаңда, одан жұмыртқа жасушасы шығады. Бұл - овуляция деп аталады. Жұмыртқа жасушасы 
жұмыртқа жолына - жатыр түтігіне, ұрықтанғаннан кейін жатырға түседі. Овуляциядан кейін фолликула 
жасушалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі. Ұрықтанғанда сары дене ұзақ уақыт 
болады, оны жүктіліктің сары денесі деп атайды. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де, кері 
дамуға түседі. Жыныс ағзалары жетілген әйелдерде овуляция ай сайын қайталануы мүмкін. Жыныстық 
оралым (цикл) 27-28 күнге созылады. Оны 4 кезеңге бөледі. 1) овуляцияға дейінгі; 2) овуляция кезіндегі; 3) 
овуляциядан кейінгі; 4) ты- ныштық кезеңі. Бұл кезендердің әрқайсысы жыныс жұмыртқаларындағы, 
жатырдың шырышты қабатындағы, қандағы, гормондар деңгейіндегі белгілі бір өзгерістермен және басқа да 
организмдегі жалпы өзгерістермен сипатталады. Жыныс циклінің әртүрлі кезеңдерінде жыныс 
жұмыртқаларында өзінің физиологиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі гормондар түзіледі (сиитезделеді). 
Жұмыртқа жасушасы пісіп жетілген қезенде фолликула - эстроген деп аталатын гормондарды жасап 
шығарады. Бұл гормондарға эстродиол және белсенділігі сәл төмен эстрон мен эстриол жатады. Сол жерде 
аздап тестостерон да (еркек жыныс гормоны) жасалады. Жыныс жұмыртқасының сары денесінде 
гестогендер жасалады. Сары дененің негізгі гормоны - прогестерон. 
Жыныс гормондарының әсері. 1. Денеде зат алмасуды, анаболизмдік (ассимиляция) үрдістерін 
күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде 
ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар 
тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады. 


Оң азот балансы пайда болады. Жас организмдердің бойының өсуін тездетеді. Кальций мен фосфордың 
сүйекте жиналуына байланысты сүйек тінінің минералдануы күшейеді. Ферменттер саны мен 
белсенділігінің артуы тотығу-тотықсыздануды, негізгі алмасуды күшейтіп, осыдан бөлініп шыкқан энергия 
түрлі жасалу үрдістерге жұмсалады. 
Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар тиісті жынысты сипаттайды - 
жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т.б. үрдістерді 
қамтамасыз етеді. 
Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді, ұрпақ жаңғырту жүйесінің барлық бөліктері 
қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Сексуальдық (кехик-жыныс), яғни жыныстық көңіл-күйдің 
дамуы негізінен жыныс гормондарының қандады денгейімен анықталады. Бойдың өсуі, дененің 
қалыптасуы, тәртіппен өзін-өзі ұстауы, екінші жыныс белгілерінің пайда болып дамуы жыныс бездеріне 
байланысты екені ескі заманнан белгілі. Әртүрлі мақсаттармен жыныс бездерін сылып алып тастағанда 
(кастрация) пайда болатын өзгерістер жан-жақты зерттелінген. Ауыл шаруашылығында майлы семіз ет, 
жұмысшы мал алу үшін кастрация жүргізіледі. 
Орта ғасырда кейде адамдарды да кастрациялаған. Мысалы, Шығыс елдерінде гаремді күзететін ер 
адамдар мен жасөспірім еркек балалардың жыныс бездерін алып тастаған. Өткен ғасырдың ортасына дейін 
Ватиканда және бірқатар Батыс Европа елдерінде шіркеудің ән айтатын хорларына жіңішке биік дауысты 
өлең айтатын 5 тобы жыныс бездерін алып тастаған еркек балалардан тұрған. Өйткені оларда жіңішке биік 
дауыс жыныс безін алып тастағаннан кейін ұзақ уақыт сақталады. Организмді “жасарту” мақсатымен және 
кәрілік ауруларын емдеу үшін, кейде тері астына жыныс бездерін тіккен немесе жыныс бездерінің сықпасын 
енгізген. Жыныс бездерінің қызметін зерттегенде көптеген бағалы, құнды мәліметтер, әртүрлі тәжірибелер 
әдісі арқылы алынды. Мысалы, М.М. Завадовский жыныс безін алып тастаған тауыққа әтештің ұрық жыныс 
бездерін тіккеп. Бұдан соң тауықта әтештің екінші белгілері дами бастады. Атап айтқанда, оның айдары, 
құйрық қауырсындары өсіп, әтештей шақыра бастады, сәйкес жыныс инстинкті пайда болды. Сөйтіп тауық 
әтешке өте ұқсас болып өзгерді. 
Жалпы физиологиялық әсерінен басқа жыныс гормондарының ар- найы әсері де бар. Ең алдымен бұл 
әйелдердің жыныс бездері гормонда- рымен тікелей байланысты, себебі олар әртүрлі жыныс кезендері 
уақытында да, жүктілік кезеңінде де кең түрде әсер етеді, жүктілікте жыныс бездері гормондары “ана-
плацента-ұрық” компоненттер жүйесінің өзара күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Ұрықтың іштегі 
даму кезеңінде оның жыныстық ажыратылуына, жүктіліктің қалыпты өтуіне әсер етеді. Содан кейін жыныс 
гормондары плаценталық гормондармен бірлесе отырып, баланың тууына, сүттің пайда болып шығуына, 
ұрпақты сақтаумен байланысты басқа да үрдістерге көмектеседі. Эстрогенді гормондар жұмыртқа жолының, 
жатырдың, олардың шырышты қабатының өсуін және қанмен жақсы қамтамасыз етеді, әрі оларды 
ұрықтанған жұмыртқа жасушасын қабылдауға дайындайды. Сонымен катар, бұл гормондар сүт бездерінің 
дамып, өсуіне әсерін тигізеді. Сары дене гормоны - прогестерон жатырдың шырышты қабатының одан әрі 
борпылдақ күйге келуіне әсер етіп, оның барлық құрылымдарын өсіреді, жатырдың түрлі 
тітіркендіргіштерге (әсіресе окситоцинге) қозуын төмендетеді. Прогестерон гипофиздің фоллитропин мен 
окситоцин бөлуін төмендетіп, лютропин жасалуын күшейтсді. Ол жұмыртқа жынысында овуляцияны тежеп, 
сүт безінің көлемін үлкейтеді. Пролактиннің түзілуін тежейді. Жануарларда жүктіліктің алғашқы кезеңінде 
сары денені алып тастаса, жүктілік үзіледі. Ал жүктіліктің екінші жартысында алып тастаса анық айта 
қаларлықтан әсері болмайды, жүктілік бір қалыпты өте береді. Бұл шаранада (плацента) бөлінетін, жыныс 
бездерінің негізгі гормондарына ұқсас, гормондардың әсеріне байланысты. 
Жыныс жұмыртқасының лютеин жасушаларында жүктілік кезеңінде релаксин деген гормон түзіледі, ол 
жатырдың, ал туар алдында жамбас сүйектерін байланыстыратын аппарат. Бұл гормон әйел организмін бала 
тууға дайындайды. 
Эпифиз 
(домалақ без) 
Эпифиз жеткіліксіз зерттелген безге жатады. Төменгі сатыдағы жануарларда (кесіртке, сүйекті 
амфибия, қосмекенділер) эпифиз бастың төбе аймағында орналасқан. Оның үстінде тек жұқа дәнекер тінмен 
жабылған тесік болады. Қабылдағыштық қызмет атқаруына байланысты оны төбе көзі деп атайды. 
Сүтқоректілердің эпифизі орта мидың жоталас (дорсалды) бөлімінде төрт төмпешіктің жоғарғы 
аралығындағы тереңдікте орналасқан, кей- біреулер оны мидың 3-ші қарыншасының қабырға өсіндісі деп те 
атады. Бездің салмағы 100-180 мг. Бұл бездің барын ертеден білгенімен оның қызметы осы кезге дейін 
белгісіз болып отыр. Көне және орта ғасырларда эпифизді “сана тізбегін” акыл-ойды бақылайтын қақпақ, 
интеллеқтінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның “жаны” орналасқан сауыт деп есептеген. 
Тәжірибе арқылы эпифиздің жыныс бездерінің қызметіне қатысы бар екені ғана дәлелденіп отыр. 
Айталық, бала эпифизінің ісігінде уақытынан бұрын жыныстық жетілу (мысалы, 15 айлық қызда эпифиздің 
ісігіне байланысты етеккір келген) байқалады. Эпифизэктомиядан кейін жануарлардың аденогипофизі өсіп 
ерте жыныстық жетілу басталады. Эпифиздің жыныс бездерінің қызметіне әсері, оның гормон бөлуімен 
байланысты. 
Эпифиз бірнеше биологиялық белсеңді заттар - мелатонин, серо- тонин, адреналин, гистамин т.б. 
бөлетіні анықталды. Олардың ішінде әсіресе мелатонин күшті әсер етеді (бұл зат көздің торлы қабатында да 
түзіледі). 
Мелатониннің физиологиялық әсері. 


1. Меланоцит жасушаларының қызметін тежеп, бақаның терісін түссіздендіреді. 
2. Гипофиз арқылы әсер етіп жыныс бездерінің қызметін тежейді, яғни бұл гормон сүтқоректілер 
организмінің репродукция қызметіне әсер етеді. Жас жануарлардың жыныстық жетілуін, ал ересек ұрғашы 
жануарлардың экстральдық күйлеу оралымын тежейді және жыныс безінің мөлшерін кішірейтеді. 
Эпифиздегі мелантонин мен серотониннің мөлшері жарыққа байланысты. Күшті жарық сәулелері бұл 
гормондар мен гипофиздің жыныс гормонының мөлшерін көбейтеді. Осыған байланысты жануарлар мен 
құстардың жыныстық белсенділігі маусым бойынша өзгереді, жазда және көктемде жедел күшейеді. 
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда эпифиз организмде био- логиялық “сағат” ролін атқарады, яғни 
биологиялық үрдістердің бел- сенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп тұрады. 
Мұны көптеген ми түйіспелерінің медиаторы болып есептелетін эпифиздегі серотонинге байланысты 
деп болжамдайды. Серотониннің түзілуі де күннің ең жарық мезгілінде көп болады. 
Эпифиз басқа ішкі сөлініс бездерге де әсер етеді. Югославия ғалымдары оның қалқанша, қалқансерік, 
бүйрекүсті, ұйқы бездеріне әсері туралы көптеген мәліметтер жинаған. Жануарларға эпифиздің сығындысын 
енгізгенде олардың психикасы да өзгеретіні өте қызықты ақпарат. Мысалы, тышқандар мысықтан 
қорықпайды, тіпті шабуылшыл болып кетеді. 
Эпифиз дене жылуын реттеуге (терморегуляция) қатысады деген де мәліметтер бар. Кейбір ғалымдар 
эпифизді жоғары дәрежедегі қыртысасты жылуды реттеуші орталыққа дененің қызғанын хабарлайтын 
“биологиялық термометр” деп қарайды. 
Эпифиз су мен тұздың, әсіресе калий тұзының алмасуына қаты- сатыны анықталды. 
Бірқатар ғалымдар эпифиз тінінен белсенді пинеалин деген затты бөліп алды. Ол белок алмасуына әсер 
етеді. Югославтық ғалымдар басқа ішкі сөлініс бездерімен бірге эпифиз организмнің сыртқы ортаның 
өзгермелі жадайына бейімделуіне қатысады деп есептейді. 
Гастроинтестинальдық және тіндік гормондар 
Организмдегі барлық қызметлардың бір-бірімен үйлесімін және қарым-қатынасын реттейтін алдымен 
жүйке жүйесі болса, мұнымен қатар көптеген нейромедиаторлар мен 100-ден аса гормондардың және басқа 
да физиологиялық белсенді заттардың қызметларға әсерін қамтамасыз ететін гуморальдық жүйе. 
Осы кезде белгілі ішкі сөлініс бездеріне жатпайтын тіндердің тіндік не арагормон деп аталатын 
көптеген гормон және гормон тәрізді заттарды бөлетіні айқын. Бұлардың ішінде гастроинтестинальды 
гормондар ГИГ бұрынырақ және жақсырақ зерттелген. 
XX ғасырдың басында У. Бейллис пен Э. Старлингтің зерттеулерінің нәтижесінде он екі елі ішектің 
шырыш бездерінде бөлінетін секретин затының гормондық қызметін ашқан. Ол зат ұйқы безінің сөл бөлуіне 
гуморальдық жолмен әсер ететін арнайы гормон екені анықталған. Соңғы жылдарда жүргізілғен зерттеулер 
арқасында ішек- қарын жолындағы барлық бездер инкрециялық қызмет атқаратыны толық анықталған, яғни 
олардың сөлінің құрамындағы гормондар және олар тәрізді заттар тек қана ас қорыту аппаратының 
жұмысын реттеп қана қоймай, сонымен қатар оның қызметіне байланысты емес басқа да толып жатқан 
үрдістерге әсер ететіндігі белгілі болды. 
Қазіргі кезде гистохимиялық және иммунологиялық зерттеу тәсілдері арқылы асқорыту жүйесінің 
бездік аппаратында гормондар жасап шығаратын түрлі арнайы жасушалар бар екені анықталды. 
Асқорыту аппаратының эндокриңдік жүйесін гастроинтестиналды гормондық жүйе немесе ДЭЖ 
(диффузды эндокринді жүйе) деп атайды. 
Қазіргі кезде бұл жүйенің 20-дан астам гормоны белгілі. Көптеген белгілерді ескере отырып, 1977 
жылы халықаралық симпозиумда оларды бірнеше топқа бөлді. 
Нағыз гормондар, бұлардың гормондық табиғаты барлық жалпыға мәлім тәсілдер арқылы дәлелденген, 
әрі синтезделген қолдан жасалған аналогтары бар. Бұл топқа секретин, ғастрин, холецистокинин, 
панкреозимин, ГИП, ВИП т.б. заттар кіреді. 
Химиялық құрамы анықталмаған, бірақ гормондық әсері көптеген тәжірибе, тәсілдермен соның ішінде 
иммунологиялық тәсілмен дәлелденген бомбезин, цирулеин, соматостатин, мотилин. 
Гормонға ұқсастар - бұлардың биологиялық әсері бірқатар тәсілдер арқылы анықталған (детерокинин, 
энтерогастрин, энтерогастрон, паротин, вилликинин). 
Бұл гормондардың көпвалентті әрі арнаулы әсері бар екендігі дәлел- денген. Бұлардың ішінде 
практикалық жағынан ең көп қызықтыратындары - паротин және 12-елі ішек жасап шығаратын гормондар. 
Паротиннің қандағы қальцийдің деңгейін төмендетіп, сүйек пен тістердің өсуіне және олардағы Са2+ 
мөлшерінің азаюына көмектесетіні дәлелденген. Эндокриндік жүйенің бұзылуынан парадонтоз ауруы 
туады, сонымен қатар, тірек-қимыл аппаратының кейбір зақымданулары да туады. 
Секретиннің әсері кең түрде зерттелген. Ұйқы безінің сөл бөлінуіне ететін әсерінен басқа, бұл 
гормонның асқазан бездерінің гастрин арқылы тұз қышқылын жасап шығаруын тежеп, қарында қорытпаған 
тамақтың ілгері қарай жылжуына бөгет келтіретіні дәлелденген. Секретиннің көп дозасы инсулин бөлінуін 
күшейтеді, майдың ыдырауына (липолиз), сонымен қатар бүйректің су және тұздарды шығаруына әсерін 
тигізеді. Секретин қан айналысының минуттық көлемін көбейтіп, ішек-қарын аймақтағы қан ағысын 
күшейтеді. 12 елі ішек басқа да бірқатар маңызды гормондарды бөліп шығарады, бұл көптеген 
зерттеулермен, әсіресе дуоденэктомия (12 елі ішекті алып тастау) тәсілімен анықталған. 
Көптеген тәжірибелер негізінде академик А.М. Уголев өзінің ғылы- ми қызметкерлерімен 
жануарлардың он екі елі ішегін алып тастағаннан соң, асқорытумен бірге зат алмасуы және энергиялық 
үрдістердің бұзылатынын, бауыр мен бүйрек ағзаларының қызметі нашарлайтынын анықтады. 


Дуоденэктомиядан кейін иттердің тамаққа тәбеті төмендейді, асқорыту мен сіңіру үрдістері бұзылады, 
жануардың салмағы және температурасы төмендейді. Операция жасалғаннан 1-1,5 ан өткен соң 
жануарлардың көбі өледі. Аталған өзгерістердің бәрі он екі елі ішекте бөлінетін секретин мен басқа да 
гормон тәрізді заттардың шығуының тоқтауына байланысты екені күмәнсіз. Гормондық заттардың ішінде 
диэнтерин энергия алмасуының күшейтетін, арэнтерин тәбетті реттейтін, тиротропин және гипоталамустың 
басқа гормон тәрізді заттары да бар. 
Осыған орай А.М. Уголев он екі елі ішекті ішкі ағзалардың гипо- таламус-гипофизарлық жүйесі деп 
санауға болады деді. Бұл зерттеулердің клиннкалық маңызы өте жоғары бағаланады, өйткені ішек-қарын 
жолдарының 80-нен астам ауруында дуоденит, яғни ішектің шырышты қабығының қабынуы байқалады. 
Осы кезде өкпе мен тыныс жолдарында ГИГ және жүйке жүйесінің нейропептицтері тәрізді арнайы 
тіндік гормондардың болатыны анықталды. Тыныс жүйесі құрылымдарында қан тамырларын кеңітетін 
(ВИП), нейротензин, Р(П)-заты, соматостатин, нейрокинин, бомбезин, кальцитонин, гастринрилизинг 
факторы түзілетіні дәлелденді. Бұлар өздерінің шығатын жеріне ғана әсер етіп қоймай, одан алыс жатқан 
ағзаларға да әсер етеді. 
Мұндай белсенді заттар қан тамырлары эндотелийлерінде де син- тезделетіні белгілі болды. 
Тамырлардың бірыңғай салалы еттерінің тонусын реттейтін заттар барлық тамырлар жүйесінің 
эндотелноциттерінде бөлінеді. Мысалы, эндотелноцитгер қан тамырын кеңітетін, тарылтатын заттар 
тромбосан-2, простоциклиңцер т.т. бірге қан ұюына әсер ететін ферменттер мен гормондарды белсендіретін 
немесе олардың әсерін тежейтін заттарды да шығарады. 
Бүйрек пен бауыр, тағы басқа ағзалар осындай ішкі сөлініс қызметін атқаратыны оқулықтың арнайы 
тарауларында айтылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет