Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Минералдық тұздардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет55/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Минералдық тұздардың алмасуы
Астың құрамына қарай организмге түсетін түздардың мөлшері түрліше болады. Егер организмге 
түздар қажетті мөлшерден артық түссе, түрлі органдарда қорға жиналады. Мысалы, тамақтың құрамында 
хлорлы натрий көп болса, оның тері астындағы клетчаткада мөлшері көбейеді. Қерісінше, егер құрамында 
хлорлы натрийі аз тамақ ішсе немесе организм ашықса, ол тұздың тері астында жатқан клетчаткадағы 
мөлшері азаяды. Олай болса, тері астындағы клетчатка натрий мен хлор үшін депо болып есептеледі. Денеде 
басқа да минералдық элементтердің қорға жиналатын органдары бар. Мысалы, темір - бауырда, кальций, 
фосфор - сүйекте, калий - етте қорға жинала алады т. б. 
Қәдімгі аралас тамақ ішкенде, организмнің минералдық элементтерге деген қажеттілігі қамтамасыз 
етіледі. Тек қолдан әдейілеи хлорлы натрий тұзы қосылады. Бір тәулікте адам тамақпен бірге 4—6 г 
натрий, 6—10 г хлор қабылдауы керек. Өсімдіктерден жасалған тамақтың тұзы өте аз болады. Сондықтан 
оған көп тұз қосады. Ал ет жеген кезде организмнің ас тұзына қажеттілігі темен болады.
Н а т р и й — негізінен дене сұйықтықтарында кездеседі де қан мен лимфаның осмос қысымын 
реттеуде үлкен роль атқарады. Қанның буферлік системасының құрамына кіре отырып, оның актйвті 
реакциясының тұрақты болуына көмектеседі. Натрийдің біраз мөлшері органикалық қышқылдармен және 
белоктармен байланысады. Натрий тканьдегі қозу роцесінің тууына себепкер. Сыртқа шығарылатын 
натрийдің 45 проценті бүйрек арқылы шығады. Тер арқылы көп шықпайды. Бұл мөлшер сыртқы орта 
температурасы жоғарылағанда ғана едәуір шамаға жетеді. Егер сыртқы ортаның температурасы
жоғарылағанда, адам NаСІ-дың гипертониялық ерітіндісін қабылдаса, тер бөліну азаяды, олай болса, 
судың шығыны төмендейді. Хлор организмде негізінен натрий мен калийдің қосылыстары түрінде 
кездеседі, қарындағы асты қорытуда үлкен маңызы бар тұз қышқылының түзілуіне қатысады. Яғни хлор 
жетіспегенде қарын бездерінің тұз қышқылын жасау қызметі бұзылады.
Аралас тамақ ішкенде денеге бір тәулікте 2—3 г калий түсуі қажет. Калий жетіспесе, жүрек қызметі
бұзылады т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет