Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет74/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Дәм сезу. Дәм сезу рецепторлары тілдің шырышты қабықшасының дәм сезу бүртіктерінде болады. Дәм 
сезу бүртіктері тілдің ұшында, жиегінде және артқы бөлігінде, жұтқыншақ қабырғасында және жұмсақ 
таңдайда көп болады. Дәм сезу бүртіктері төрт дәмді сезеді. Соған байланысты рецепторлардың төрт түрі 
кездеседі: біріншісі — тәттіні, екіншісі — ащыны, үшіншісі — қышқылды, төртіншісі — тұздың дәмін 
сезеді. 
Тілдің ұшында тәттіні сезетін рецепторлар көп кездеседі. Сондықтан тілдің ұшы тәттіні жақсы сезеді. 
Тілдің түп жағы — ащыны, бүйір бөліктері — қышқылды, үшы және бүйір бөліктері — түздың дәмін сезеді. 
Дәм сезу рецепторларында тітіркендіргіш туғызатын, суда еритін заттар болады. Рецепторларда туған козу 
рефлекторлық доға арқылы ми қыртысының дәм сезу аймағына жетеді.
Ауыз қуысында дәм сезу рецепторларынан басқа жылу сезу, заттың қаттылығын сезетін 
механорецепторлар бар. Бүлар ауызға түскен тағамның жылылығын, суықтығын, қатты немесе жұмсақ 
екенін сезуге көмектеседі. Үнемі өте суық немесе өте ыстық тағам ішуден рецепторлардың қызметі 
нашарлайды. Сезім мүшесі тағамның сапасын ажырата алуға, ас қорыту мүшесінің қызметіне әсер етеді. 
Дәм сезімі тек еріген заттардан ғана білінеді. Құрғақ тағамдарды сілекей ерітеді. Мысалы, қант түйірінің
тәтті дәмі ауызға түсісімен білінбейді, ол сілекейге ерігеннен кейін ғана пайда болады. Тағамның 
температурасы 37°С-тан 50°С-ка дейін ыстық болса, оның дәмдік тітіркендіргіштігі арта түседі. 
лекция 14 
Такырыбы: Төменгі және жоғарғы жүйкелік іс-әрекеті. 
Жоспары: 
1. Төменгі және жоғарғы жүйкелік іс-әрекеттің мәні.
2. Шартсыз және шартты рефлекстердің сипаты, классификациясы. Шартты рефлекстердің пайда болу 
шарттары, механизмдері, уақытша байланыс.
3. Динамикалық стереотип. Шартты рефлекстердің тежелуі: шартты және шартсыз. 
4. . Адам ЖЖӘ ерекшеліктері, сигналдық жүйелер 
5. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер. 
Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлар қыртысы және оған таяу құрылымдары орталық жүйке 
жүйесінің жоғары бөлімі болып саналады. Бұл жетекші бөлімнің қызметі - жоғары жүйке ісәрекетінің 
негізін құрайтын, яғни мінезді бейімдейтін күрделі биологиялық әсерленісті жүзеге асыру. 
Жоғары жүйке ісәрекеті туралы мәдилік ғылым төрт қағидаға: рефлекс, доминанта, бейнелеу және 
мидың жүйелілік қызметіне не- гізделген. 
Рефлекс ұғымы XVII ғасырды алғашқы Рене Декарт (1596-1650) ұсынған әлемнің механикалық көрінісі 
туралы ілімінде пайда болды. Ол рефлексті мидан бұлшықеттерге тойтарылып келетін “жануарлық рух” деп 


есептеді. Сөйтіп тітіркендірістің себептестік (детерминизм) мәнін ашты. Сондықтан оны себептестік 
психофизиологияның негізін қалаушы деп санауға болады. 
Жүйке-психикалық себептестік ілімі чех физиологы Йржи Прохаз- каның (1749-1820) еңбектерінде 
ерекше орын алды. Ол рефлекс терминін бірінші қолданып, оның биологиялық маңызын көрсетті. 
Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И.М. Сеченов жануар- лардың, адамның мінез-құлығы, оның 
санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері, мидың рефлекстік қызметімен байланысы туралы батыл 
болжам ұсынды. Оның “Ми рефлекстері” (1863) деген еңбегі жарық көргенше, оқымыстылар психикалық 
құбылыстарға салалы физиологиялық талдау жасай алмады. Ол анықтаған рефлекс құбылысының негізгі 
белгілері: 
1. Рефлекс организмнің сыртқы ортамен қарым- қатынасының ерекше және әржақты қасиеті. 
2. Физиологиялық әрекеттерді қозумен бірге тежелу үрдістері ұйымдастырады. 
3. Алдыңғы қатарда мидың жоғарғы орталықтарының үйлесімді арақатынысы орын алады. Ең алдымен 
соларда физиологиялық талдамыс өтеді. 
4. Ми орталықтарының қызметі биологиялық беімделіс ретінде қаралады. 
5. Бұлшықет сезімталдығы мінез-құлықты себептестік тұрғыда тал- дауға қатысады. 
6. Рефлекс әрі физиологиялық, әрі психикалык (ойлау, сана) әре- кеттердің негізін қалайды. 
И.М. Сеченовтың ойларын И.П. Павлов ерекше дамытты және нақтылы тәжірибе жүзінде дәлелдеді. 
Ол, шартты рефлекстер әдісін енгізіп, жоғары жүйке ісәрекеті туралы осы заманғы ілімнің ірге тасын 
қалады. Оның зерттеулері рефлекстік ілімнің негізгі: себептестік, анализ және синтез, құрылымдық 
қағидаларын жасады. 
П.К. Анохиннің айтуынша, Павловтың ілімі: 
1. Адам мен жануарлардың бейімделу ісәрекетін тексерудің шартты рефлекстік әдісін ұсынды. 
2. Біртұтас организм үшін шартты рефлекстің икемделу және эво- люциялық мәнін ашты. 
3. Жүйке үрдістерінің байланысы ми қыртысы деңгейінде тұйық- талатынын көрсетті. 
4. Ми қыртысында, жүйке орталықтарындағыдай, тежелу үрдістерінің бірнеше түрі болатындығын 
ашып, Сеченовтың ойларын дәлелдеді. 
5. Талдағыштар туралы ілімнің негізін қалады, оның шеткі қабыл- дағыш, өткізгіш жолдарын, мидағы 
орталық бөлімдерін анықтады. 
6. Шартты бейнеліс қалыптасуы кезінде қозу мен тежелу үрдістерінің нейродинамикалық өрнектері 
болатынын талдады. 
7. Мінез-құлықтың жылжымалы стереотиптік ісәрекетін қалыптас- тырудағы мидың жүйелілік 
қағидасын жасады. 
И.П. Павловтың көрсетуі бойынша, ОЖЖ-нің төменгі бөлімінде - қыртысасты, ми бағанында, жұлында 
пайда болатын рефлекстік әсер- леністер туа біткен және тұқым қуалайтын тұрақты жүйке жолдарымен 
орындалады. Ал үлкен ми қыртысында оның көптеген өзара байланысы адам мен жануарлардың жеке 
тіршілігінде сансыз тітіркенулер әсерін ұштастыру арқасында жаңадан қалыптасады. 
Жоғары жүйке ісәрекеті организм мен сыртқы ортаның күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, 
оның мінездік негізін құрады. Бұл әуелі шартсыз және шартты рефлекстерден тұрады. 
Шартсыз рефлекс - жүйке жүйесінің туа біткен түрлік әсерленісі. Организм іс-әрекетінің осы көрінісіне 
сәйкес, ол барабар тітіркену әсеріне жауап ретінде тұрақты рефлекстік жолдар ішінде пайда болады. 
Шартты рефлекс - жеке тіршілік кезінде жүйке жүйесінің иемденген даралық әсерленісі. Ол лайықты 
қабылдағыш аппараты арқылы, кез келген сигналдық тітіркенудің әсеріне жауап ретінде, тұрақсыз және 
өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады. 
Сонымен, жоғары жүйке ісәрекеті орталық жүйке жүйесінің адам мен жануарлардың мінездік 
әсерленістерін қамтамасыз ететін жүйке үрдістерінің жиынтығы. Бұл үрдістер дене құрылысы күрделі 
жануарлар мен адам мінезінің сыртқы ортадағы үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын 
жасайды. Олар икемделудің туа біткен және жүре пайда болған түрлерінен тұрады. 
Жоғары жүйке іс-әрекетін зерттеу әдістері 
Жоғары жүйке ісәрекеттерін тексеру мінез-құлықты және мидың қызметін зерттеу әдістерінен 
құралады. 
1. Шартты рефлекстер әдісі - мінез-құлықты тексерудің негізгі әдісі. И.П.Павлов шартты рефлексті 
қалыптастыру жөніндегі тәжірибелерді иттерге сілекен бөлудің шартсыз түрі негізіңде жүргізіп, оның 
бірнеше ережелерің анықтады: 
а) шартты және шартсыз тітіркендірулердің әсері бір мезгілде ұштасуы керек; 
ә) шартты тітіркендіргіштің әсері бұрын берілуі қажет; 
б) шартты тітіркендіу тек бағдарлау рефлексін шығаратын күйде әлсіз және талғаусыз болуға тніс; 
в) орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімінің әрекеті қалыпты жағдайда болуы керек. Өйткені аурулы 
жағдайда, организмнің жұмыс- керлігі төмендесе немесе жүйке жүйесінің ісәрекеті нашарласа, шартты 
рефлекс қалыптаспайды; 
г) тәжірибе кезінде бөтен тітіркендіргіштер әсер етпеуге тиіс. 
Сондықтан пайдаланатын нысандар (адам немесе жануар) іс жүзінде керексіз бөгде әсерден және 
тәжірибешіден арнайы бөлмеге оңашалануы қажет. Тәжірибеші камераның сыртында отырып, қашықтан 
жануарлардың немесе адамның мінездік өзгерістерін тексереді. 


2. Қорғаныш рефлексі - мінез-құлықты зерттеудің келесі нақтылы үлгісі. Ол ауыртатын тітіркендіргіш 
қолданғанда туатын шартсыз қорғаныс әсерленіс негізінде қалыптасады. Мұнда шартты сигнал теріге электр 
тогымен әсер еткен кезімен ұштастырылса қимыл-қорғаныш шартты рефлексі тұйықталады. 
Этология әдісі - бостандықта жүрген жануарлардың ерікті мінез-құлығын табиғи ортада бақылау, кино-
, видеотаспаларға түсіру арқылы байқау, этограммалар құрастыру, мінездің әртүрлі жағдайларын 
тәжірибелерде қайта жасап тексеру түрі. Оның бір тартымды саласы мерзімі ұзартылган әсерленіс әдісі. И.С. 
Бернташвили бойынша, шартты сигналға жануарлардың еркін қимылының белгілі мерзімде кідірісінен 
кейін, олардың қалыптасқан дағдысының мүлтіксіз сақталуы тексеріледі. Бұл әдіс жануарлар ми 
қыртысында шартты бейнелістер пайда болатын уақытша байланыстың тиянақтылығын, яғни зердені 
тексеруге мүмкіндік береді. Зердені тексеру үшін будан басқа ауыртатын тітіркендіргішті, бір рет 
қолданғаннан кейін жануарлардың амалсыз қашатын сақтаныс рефлексін қалыптастыру әдісін пайдалануға 
болады. 
Экстраполяциялық әдістер - жануарлардың туа біткен үстіртін байымды мінез-құлығын тексеретін 
тәсіл. Экстраполяциялық рефлексте жануарлар өзінің сезімтал мүшелерінен ғайып болған, жылжитын таспа 
бойымен астаушадағы тағамның кеткен бағытын болжап табады (Д.В. Крушинский). 
Амалдау (оперант) әдісі - жануарлардың біркелкі фигуралармен амалдау қабілетін тексереді. Оларға 
тандап алу үшін, тағамды жасыруға болатын, сыйымдылығы екі түрлі: көлемді немесе жайпақ ыдыстар 
береді. Бұл қабілеттер маймыллар мен дельфиндерде толық жетілген. 
Адамның жоғары жүйке қызметін зерттеудің өз ерекшеліктері бар. Оларда белгілі шартсыз рефлекстің 
негізінде бірнеше шартты бейнелістер қалыптасады. Бұлар көбінесе тіл және сана арқылы 
ұйымдастырылады. 
Мидың қызметін зерттеу тәсіддері жалпы түрде морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық 
болып бөлінеді. 
Морфологиялық әдістер - қазіргі кезде нейроморфология саласында кеңінен тараған әртүрлі 
микроскопиялық, гистохимиялық тәсілдерден тұрады. 
Клиникалық әдіс - медицинада, физиологияда жиі қолданып жүрген тәсілдердің бірі. Бұл науқастарда 
байқалған аурудың сипаттамаларына талдау жасап, қайтыс болған адамдардың миындағы өзгерістермен са- 
лыстыру жолы. Ал оны жануардарда тәжірибе жүзінде жоғары жүйке жүйесінде әрекеттік бұзылыстан 
(невроз жасап) бақылайды. 
Физиологиялық әдістер - бірнеше тәжірибелерден қүралады: 
Алып тастау (экстирпация) әдісі - хирургиялық жолмен немесе мидың белгілі аумақтарын бүлдірмей 
істен шығару. Ол үшін стереотаксис құралы арқылы микроэлектродтарды енгізу пандаланылады. 
Тітіркендіру әдісі (электро-, термо-, хемостимуляция) - мінездік әсерленісті немесе ойлағыштық 
қабілетті (адамда) жүзеге асыруда бүтін мидың әртүрлі құрылымының әрекетін тексеруге мүмкіндік 
туғызады. Мұнда да миға енгізілген микроэлектродтар қолдануға болады. Мәселен, жануар мен адам 
миының лимбиялық жүйесіне енгізілген электрод арқылы өзін-өзі тітіркендіру қабілеті тексерілді (Дж. 
Олдз). Әсіресе гипоталамустың “ләззәт табу” орталығы. 
Электрофизиологиялық әдіс — адамның мінездік әсерленісі мен шартты рефлекстер қалыптасқанда ми 
нейрондарында пайда болатын электр құбылыстарын анықтайды. 
Қазіргі кезде, шартты рефлекстердің қалыптасу тетігін зерттегенде, мидың әртүрлі құрылымында 
тітіркендіру әсерінен туатын электр құбы- лыстарын тіркеудің (нейрография, электроэнцефалография) 
маңызы өте зор. Электр белсенділігін тіркеу үшін үлкен ми қыртысының әртүрлі аймақтарына және 
қабаттарына алдын-ала енгізілген электродтар қолданылады. Оларды таламустың арнамалы және 
бейарнамалы нейрондарына, торлы құрылымға, гипокамп және мидың басқа бөлімдеріне жасауға болады. 
Биохимиялық әдіс — көбінесе мидағы уақытша байланыстың қалыптасуы мен нығаюы кезінде 
түзілетін әртүрлі макромолекулалар мен физиологиялық белсенді заттар мөлшерін талдайды. 
Кибернетикалық әдіс - организмдегі меңгерумен байланысты жалпы зандылықтарға (ақпаратты 
қабылдау, өткізу, өңдеу, кері байланыс т.б.) негізделген. 
Жоғары жүйке ісәрекетін тексеретін кибернетикалық әдістің бір түрі моделдеу, ол үшін жануар мен 
адамның кейбір мінездік әсерленісіне еліктеу үлгісін жасайды. Моделдеу әдісі жоғары жүйке ісәрекетіне 
физиологиялық талдау жасай алмайды, дегенмен осы үрдістерді тексеруге қосымша және келешегі мол әдіс 
болып есептеледі. 
Сонымен мидың ісәрекетін шартты рефлекс арқылы зерттеумен қатар бірнеше тәсілдер (ангиография, 
реография, томография т.б.) қолданылса дұрыс нәтиже шығады. 
Шартты рефлекстің қасиеттері. Шартсыз және шартты рефлекс- тердің бірнеше айырмашьшықтары 
болады: 
1) Шартсыз рефлекстер - организмнің туа біткен жеке тұқым қуалайтын әсерленісі. Шартты рефлекстер 
- организмнің жеке дамуы кезеңінде “өмір тәжірибесі” негізінде пайда болған қасиеті. 
2) Шартсыз рефлекстің салыстырмалы тұрақтылығы бар. Шартты рефлекс тұрақсыз, өзгергіш келеді. 
Ол белгілі бір жағдайларға байланысты құралады, сақталады немесе жойылып отырады. 
3) Шартсыз рефлекстер нақтылы қабылдағышқа арналған тітіркен- діргішіке жауап ретінде пайда 
болады. Шартты түрлері организм қабылдайтын кез келген тітіркендіруге әсерленеді. 


4) Шартты бейнеліс көбінесе үлкен ми сыңарлары қыртысында тұйықталады. Шартсызы — жұлын 
және ми бағаны деңгейінде жасалады. Олар филогенездік даму кезінде қалыптасады, сөйтіп тұқым 
қуалайтын рефлекстік әсерленістің қорына кіреді. 
5) Шартты рефлекстер тек шартсыздың негізінде, олармен бірнеше рет бір мезгілде ұштастырылу 
нәтижесінде пайда болады. 
6) Шартты рефлексті қалыптастыратын түрткі - шартты тітірікендіру деп аталады. 
7) Шартты рефлекстің бәрі сигналдық ескерту ретінде қызмет атқ- арады. 
Шартты рефлекстің жіктелуі. 1. Қабылдау белгісіне қарай шартты рефлекстер экстрарецептивтік — 
сыртқы қабылдағыштық және ин- терорецептивтік - ішкі қабылдағыштық болып екі үлкен топқа бөлінеді. 
Экстрарецептивтік шартты рефлекстерге сезім өзгешелігіне сәйкес көру, есту, иіс, дәм, түйсіну жане 
температуралық болады. Олар организм мен қоршаған ортаның арақатынасында маңызды орын алады. 
Интерорецептивтік шартты рефлекстер ағзалар қабылдағыштарын шартсыз тітіркенумен 
ұштастырғанда қалыптасады. Бұл ағзаларды ме- ханикалық тітіркендіргенде, оларда қысым көбейгенде, 
қанның химиялық құрамы, осмостық қысымы, ішкі ортаның температурасы өзгергенде пайда болады. 
Интерорецептивтік рефлекстер баяу қалыптасады және жануарлардың шартты рефлекстік әсерленісі 
шашыраңқы, жалпылама келеді. 
2. Тиімділігіне қарай шартты рефлекстер вегетативтік және аспаптық (инструменталдық) болып екі 
топқа бөлінеді. 
Вегетативтік шартты, рефлекстер қатарына тамақтану, жүрек-тамыр, тынысалу, жыныс рефлекстері 
кіреді. Жоғары дәрежелі жануарларда шартты рефлекстер организмде жүзеге асырылатын барлық зат 
алмасу үрдістеріне қалыптасады. 
Аспаптық шартты рефлекстер бұлшықеттердің шартсыз қимыл әсеріленісі негізінде ұйымдастырылады 
(мәселен, цирктегі жануарлар көрсететін ойындар). Аспаптық ісәрекеттің мәнісі - организм мен қоршаған 
ортаның қарым-қатынасының өзгеруінде. Ол не дене жағдайының кеңістіктегі ауытқуы (қимылдық әрекет), 
не организмнің басқа денелерге әсері (амалдық әрекет). 
Шартты түрткінің тиімділігі қоршаған ортадағы әсерлердің жиынтығы мен жағдайына байланысты. 
Сонымен қатар, бұл үшін белгілі мотивация мен зерденің және тағы басқа заттардың қатысуы қажет. 
Жануарлардың аспаптық әрекеті жүзеге асырылуы үшін, мидың- маңдай бөлігінің қалыпты қызметі 
сақталуы керек. Егер мидың маңдай бөлігі екі жағынан да бұзылса, мұндай күрделі рефлекстер пайда 
болмайды. Сөйтіп олар жануарлардың аспаптық ісәрекетіне “байымды” әсер етеді. 
Шартты рефлекстер тітіркендіру түріне қарай табиғи және жасанды болып жіктеледі. Табиғи шартты 
рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің шын белгілеріне қалыптасады. Мәселен, тағамның иісіне немесе 
түріне сілекей бөлінеді. Ал әртүрлі талғаусыз тітіркендіргіштерге тұйықталатын шартты рефлекстер 
жасанды болады. 
Жануарлардың жаратылысында табиғи шартты рефлекстер ұрпақтан ұрпаққа, олардың тіршілік 
тәсілдеріне сәйкес қалыптасады. Табиғи жағдайда шартты рефлекстер ортаның бірнеше тітіркендіргіштеріне 
ұйымдастырылады. Сондықтан оларды қарапайым және күрделі деп бөледі. Күрделі шартты рефлексті: 
бірмезгілді және бірізді деп тағы жіктейді. Мұнымен бірге тізбекті шартты рефлекстер байқалады. 
Шартты, шартсыз тітіркендірулердің қарым-қатынасына және ұштастырылған мерзіміне сәйкес 
шартты рефлекстер нақтылы және ілеспелі болып бөлінеді. 
Нақтылы рефлекстер шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің дәлме-дәл ұштастыру жағдайларында 
қалыптасады. Егер шартсыз нықталу шартты тітіркендіру әсеріне 1-3 с мерзімде қосылса, бұл дәлденген 
шартты рефлекс болады, ал нықталу 5-30 с арасында кешіктіріліп берілсе, бұл жыл- жытылган немесе 
кідіретін шартты рефлекс. 
Кідіретін рефлекстің құрамында жігерлі (әрекетті) және енжар (әрекетсіз) екі кезі болады. Мұнда әуелі 
жүйке жасушаларында шартты тітіркендіруден тежелу үрдісі басталады. Содан кейін оның жекеленген әсері 
соңғы шартсыз тітіркендірумен дәл келген кезде барып шартты бейнеліс жасайды. 
Нақтылы рефлекстің қарапайым және күрделі түрлері кездеседі. Оның бірмезгілді, бірізді және тізбекті 
түрлері де болады. 
Ілеспелі рефлекстер нықтаушы тітіркендіргіш шартты сигналдың әсері аяқталғанда қосылса пайда 
болады. Сондықтан шартты тітіркендіргіш ретінде нақты сигналдың өзі емес, оның белгілі бір іздері 
жүйкеге әсер етеді. Мысалы, сілекей бөлінетін рефлекс шартты сигналдың әсері аяқталған соң, 2-4 минуттан 
кейін ғана құрылады. 
Сөйтіп, ілеспелі шартты рефлекстер мидың қозу және тежелу үрдістерінің қарым-қатынасының 
арқасында туады. Бұл рефлекстің тағы бір түрі белгілі бір уақыт мерзіміне құрылатын-уақыттық шартты 
рефлекс. 
Уақыттың шартты рефлекстер әртүрлі уақыт аралықтарында (бірнеше секунд, сағат, тәулік арасында) 
қалыптасады. Оны бағдарлайтын организмдегі көптеген ырғақты өтетін құбылыстар (тынысалу, жүректің 
соғуы, қимыл, асқорытудағы сөл бөліну үрдістері т.б.). Тірі организмде мұндай биологиялық ырғақтардың 
бірнеше толық жиынтығы болады. 
Жоғары ретті шартты рефлекстер. Шартты сигналды шартсыз тітіркендірумен ұштастырғанда 
қалыптасатын рефлекстер бірінші ретті деп аталады. Ал екінші реттісі сыртқы әсерді бұрын жасалған 
бірінші шартты рефлексті қоздыратын шартты сигналмен ұштастырғанда қалыптасады. 


Одан кейін талғаусыз (индиференттік) тітіркендіргішті екінші ретті шартты тітіркендірумен ұштастыру 
жолымен иттерде үшінші ретті шартты рефлекстер жасауға болады. Ол иттердің аяғын электрмен 
тітіркендіретін тәжірибеде пайда болатын қорғаныш рефлексі арқылы байқалады. Төртінші ретті шартты 
рефлекстер иттерде қалыптаспайды. Балаларда алтыншы дәрежелі рефлекстер жасауға болатындығы 
анықталды. 
Сөйтіп жануарлардың эволюциялық даму кезінде бір шартты реф- лекстің негізінде келесі тізбектелген 
бейнелістерді жасауға мүмкіндік туды. 
Жануарлардың даралық бейімделу әсерленістері тек осы нақтылы шартты рефлекстер 
қалыптастырумен шектелемейді. Барлық жануарлардың жеке өкілдері және түрлері қоршаған ортаның 
құбылмалы жағдайына толық бейімделу үшін еліктеу (имитациялык) рефлекстері өте маңызды орын 
атқарады. Кейбір үйірімен жүретін жануарларда ілесу рефлексі жақсы дамыған. Ол балапан өрігізетін 
құстарда алғашқы онтогенезде өте жегілген. Оны ғалымдар имиритинг деп атайды. Имиритинг - тектік 
бағдарламаға сәйкес, сыртқы ортаның түрткілері әсерінен іске қосылатын мінез - құлықтың туа біткен түрі. 
Адамның жоғары жүйке ісәрекеті жас кезіндерінде, әсіресе сөйлеу қабілеті қалыптасарда, еліктеу 
рефлексінің мәні өте бағалы болады. Тіл дамыған сайын еліктеудің мәні төмендейді. 
Балалардың “көзсіз” еліктеуі кейін адамның “азаматтық жақсы өне- геден тәлім алу” қабілетіне 
ауысады (Л.А. Орбели). 
Шартты рефлекстің түзілу заңдылығы. Организм тіршілігіне оны қоршаған орта әсерлері үнемі 
тосыннан жайсыз жағдайлар жасап отырады. Сондықтан организм де эволюциялық даму кезінде оларды 
белсенді түрде жеңіп шығу үшін ерекше жетілген бейімделу амалдары қалыптасады. Сөйтіп организмнің туа 
біткен икемделу бағдарламасына негізделген және тіршілік тәжірибесіне сәйкес әрбір адамға және 
жануарларға тән үйреншікті мінездің жаңа түрлері қосылады. Мінез-құлықтың даралама бейімделу 
негіздеріне шартты рефлекстік әсерленіс жатады. 
Адам мен жануарлардың тіршіліктік ісәрекетінде пайда болған әсер- леністері үнемі ауысып отырады. 
Кейбір шартты рефлекстер анықталады, басқалары жойылады, ал біразы бірін-бірі алмастырып тұрады. 
Организмнің әртүрлі тіршілік жағдайларына жекелей бейімделу нәтижесі, оның шартты рефлекстік 
ісәрекетінің нейродинамикасы, мидың негізгі қоздырушы және тежеуші әсерінің арақатынасына 
байланысты болады. Мидың қарама-қарсы тұрған қозу және тежелу үрдісінің мызғымас бірлігі барлық 
шартты рефлекстік әрекеттің түбегейлі тетігін жасайды. Бұл екі жүйке үрдістері бір-бірімен өзара 
әрекеттесіп шартты рефлексті қалыптастырады.
Жүйкедегі қозудың өрістеуі туралы деректер физиологтар мен клиницистерге ертеден белгілі. Мұны 
оның жайылысы (иррадиация) деп атайды. В.Е. Введенскийдің көрсетуі бойынша, бұл жүйке үрдісінің 
негізгі қасиеті, ол бір орында пайда болып, басқа жүйке орталықтарына өрістей алады. Мәселен, қояншық 
(эпилепсия) ұстаданда мидың бір бөлігінен шыққан қозу біртіндеп ми қытысының қозғалтқыш аймағына 
тегіс жайылады. Сол сияқты клиникада ауырсынудың жайылуы да байқалады. 
Жүйке үрдістерінің жайылуына қарама-қарсы құбылыс оның бір жерге жиналуын шоғырланыс 
(концентрация) дейді. 
Шартты рефлекс шоғырлануының қысқа мерзімді кезінен кейін қозудың жалпылай өрістейтін 
жалпыланыс (генерализация) сатысы басталады. Оның сезімдік және әсерлік түрлері болады. 
Сезімдік жалпыланыс құбылысында шарты рефлекс тек белгілі бір ғана сигналға емес, оған ұқсас 
түрлеріне де жауап ретінде пайда болады. Мысалы, жануар метраномының белгілі соғу жиілігімен қатар 
басқа жиілікті (қоңырауды т.б. дыбыстарды) сезеді. 
Әсерлік жалпыланыс құбылысы бойынша, қозғатқыш шартты реф- лексін жасағанда бір тітіркендіргіш 
жалғыз қимыл-әрекет емес, көптеген қозғалыс әсерленісін туғызады. Мысалы, адам мамандық дағдылары 
қалыптасқанша ширақ бір қимылдың орнына, қажетсіз көп қозғалыс жасайды. 
4. Сонымен шартты рефлексті белгілі бір тітіркендіргішке қалып- тастыру кезінде, ол түрткі біртіндеп 
арнайы бола бастайды. Демек, бір мезгілден бастап шартты рефлекстік әсерленіс жасайды. Ал қозғалтқыш 
шарты рефлексін жасағанда тек бір айқын қимыл шартты рефлексі болады. Бұл шартты рефлекстің 
мамандалыс (специализация) сатысы. 
Жүйке үрдістерінің қозғалысы олардың күшінен тәуелді келеді. Күші әлсіз қозу және нығайтылмаған 
уақытша байланыстар өрістегіш келеді. Қозу үрдістерінің күші жеткілікті болса, олар шоғырланады, ал тым 
жоғары болса, тағы өрістей бастайды. 
Нақтылы шартты рефлекс қалыптасар кезде осы үш негізгі сатыдан өтеді, уақытша байланыс жасаудың 
ең алғашқы кезіңде, мидың әртүрлі аймақтарының электрлік шамалары өте көп өзгеріске душар болады. 
Алайда, бұл кезеңде шартты мінез әсерленісі білінбейді. Бұнда қозу шоғырланысының ашық көрсетілген 
сипаты кездеседі. Әсіресе, ол ми қыртысындағы шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің жоқ баланыс 
аймақтарында жинақталады. Қозу шоғырланысының осы қысқа мерзімді кезінен кейін шартты рефлекстің 
жалпыланыс сатысы басталады. Мұның негізінде қозудың “шашыраңқы” өрістеуі жатыр. Жалпыланыс 
сатысы кезінде шартты әсерленіс ишаралық тітіркендіргішке және басқа түрткілерге жауап ретінде пайда 
болады. Ал ұсынылған шартты түрткілер арасында сигналдық әсерленіс туады. Әртүрлі биоэлектрлік 
өзгерістер (альфа-ырғағын тойтару, десинхронизация-лайықсыздық тудыру, тета-ырғақ және туынды 
потенциал) ми қыртысы мен оның астыңғы құрылымына кеңінен тарайды. 
Кейін шартты түрткі ұштастырылған сайын, сигналаралық әсерленіс бәсеңдейді. Сөйтіп шартты жауап 
тек сигналдық тітіркеңдіргішке беріледі (мамандану сатысы). Уақытша байланыстың осы кезі биотоктың 


өзгеруіне біршама кедергі жасайды, шартты тітіркеңдіргіштің, әсеріне ұштастырылады. Бұл үрдіс шартты 
рефлекстік 
жаддының 
мамандануның, 
тітіркендірістің 
айқын 
анықталуын, 
ажырытылысын 
(дифференциация) қамтамасыз етеді. Ажыратылу үрдісі жүйке орталығында қозу және тежелу 
құбылыстарының шоғырланысы арқылы болады. Оның негізін жүйке үрдістерінің өзара индукциясы 
(кезелісі) қалайды. 
Индукция дегеніміз ми қыртысындағы қоздырылған немесе тежелген ошақтарында қарама-қарсы 
үрдістің пайда болуы не күшеюі (бірмерзімді немесе кеңістіктегі индукция). Ал егер соңғы құбылыстар қозу 
немесе тежелу аяқталғанда шықса, онда бірізді, не уақыттық индукция туады. Тежелу ошақтары ықпалынан 
қозудың күшеюі немесе пайда болуы оң индукция, ал қозудың салдарынан тежелу үрдісінің тууын теріс 
индуқция деп атайды. Индукция құбылысын жүйке нейрондарындады электротоңдық өзгерістермен 
түсіндіреді.
Индукция - уақытша құбылыс. 
Сөйтіп, қозу және тежелу құбылыстарының көрінісі, олардың өзара күрделі әрекетгері шартты 
рефлекстің қалыптасуын және солар арқылы организмнің қоршаған орта ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз 
етеді. 
Мидың электрлік белсенділігінің жылжымалы өзгерістері М.Н.Ливановтың еңбектерінде жете 
тексерілді. Мұнда адамның қозғалтқыш әсерленісі мен ойлау әрекеті орындалғанда, мидың 
биопотенциалдар үйлесімді қатынаста және әрекеттік байланыста болатындығы анықталды. 
И.П.Павловтың айтуынша, шартты рефлекстер қалыптасарда, ми қыртысында “әрекеттік өрнек" 
(мозаика) байқалады. Өйткені мидың белсенді әрекеттегі аймақтары жарасымды кескін үйлесімін өзгертіп 
отырады. Мұндай қозу ошақтарының әрекеттік өрнегін көп каналды электрографиялық құралдар, ЭЕМ, 
телевизорлар арқылы анықтауға болады. 
Шартты рефлекстің қалыптасуы. Шарты рефлекстің физиологиялық негізін уақытша байланыстың 
тұйықталу қасиеті құрады. 
Уақытша байланыс дегеніміз – шартты және шартсыз тітіркенулерді ұштастырғанда пайда болатын, 
әртүрлі 
ми 
құрылымдары 
арасындағы 
белгілі 
қарым-қатынасын 
қалыптастыратын 
мидың 
нейрофизиологиялық, биохимиялық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Зерденің де тетіктері осы 
қарым-қатынасты белгілейді. Олардың жадыда сақтауын және еске түсіруін қамтамасыз етеді.
Уақытша байланыс ми қыртысы шегінде сигналдық тітіркенудің орталығы мен шартсыз түрткінің ми 
қыртысындағы өкілдік нейрондары арасында тұйықталады. Уақытша байланыстар ми қыртысы деңгейінде 
қалыптасады 
И.П.Павловтың тәжірибелерінде, мидың әртүрлі құрылымдарын алып тастау арқылы, уақытша 
байланыстар ми қыртысында қалыптасатыны дәлелденді. Өйткені, организмнің сыртқы және ішқі 
ортасының өзгерістеріне икемді және дәл бейімделетін қабілеті бар жоғары сатыдағы жануарларда ми 
қыртысы жақсы жетілген. Сонымен қатар ол ми қыртысы алынған жануарларда уақытша байланыстың 
қыртыс-асты құрылымда тұйықталатынын теріске шығарған жоқ. Аланда ол ми қыртысынсыз жануардың 
арнайы тетіктер салдарынан шартты рефлексті ажырата алмайтын қасиетін көрсетті. 
Уақытша байланыстың тұйықталуы. Осы кезге дейін, орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінде, 
шартты рефлекстің уақытша байланысының тұйықталу тетіктері туралы бірыңғай көзқарас әлі қалыптасқан 
жоқ. 
И.П.Павловтың айтуы бойынша, уақытша байланыс ми қыртысының шартты және шартсыз тітіркенуін 
қабылдайтыи орталықтарының арасында тапталым жолдар пайда болу салдарынан қалыптасады. Бұл 
үрдістердің негізі жүйке орталықтарында кездесетін доминанта құбылысының физиологиялық тетіктеріне 
ұқсас келеді (А. А.Ухтомский). 
Донинанта - жүйке орталығы жұмысын керекті бағытқа сілтеп, организмде уақытша үстемдік ететін 
бейнелістік жүйе. 
Доминанта мен шартты рефлекс мақсатгы және бейімделу мінез-құлықтың негізгі желісі ретінде 
қаралады. Өйткені тіршіліктік мұқтаждықты өтейтін үстемдік өрнектердің құрамы доминанта мен шартты 
рефлекс заңдылықтары арқылы қалыптасады. Бұл бірнеше сатыдан өтеді: а) әртүрлі сыртқы 
тітіркендіргіштерді кірістіру арқылы нақты доминантаның артықшылығын нығайту; ә) доминанта үшін 
барабар тітіркеністі іріктеу; б) жаңа мәңді тітіркеністі тандап алу. Сөйтіп өткен доминантаның 
бірлестірілген бейнесі жасалады. Бірлестірілген бейне-болған доминантаның ерекше ескерткіші. 
Биологиялық жүйелерде бейнелеу мидың рефлекстік қағидаларының әржақты және күрделі түрі. 
Бейнелену-салдар, нәтиже, оның себептері тәуелсіз, тыс орналасады. 
Организмнің тұрақта құрылымдық және жылжымалы психикалық бейнеленуін жіктейді. Психикалық 
бейнеленудің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді икемделу түрлері болады. 
Бейнелеңудің дәлдігі ақиқат болмысты тануды қамтамасыз етеді. В.И.Лениннің айтуынша, “Таным-
адамның табиғатты дерексіз бейнелеуі”. Сезімдік бейнеленудің негізі бейне және белгі арқылы атқарылады. 
Бейне-заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы келетін құрылымы және қасиеттерінің 
жалпыланған көрінісі. 
Белгі-болмыстың нышан түріндегі шартты кескіні, ол әртүрлі амалдау және әрекеттер арқылы 
нысандардың бейнесін қалыптастырады. Осыған орай мақсатқа сәйкес организмнің әсерленіс түрін, 
әрекетін, мінезін “озық бейнелену” нәтижесінде ұйымдастырады. (П.К.Анохин). 


Уақытша байланыстың қалыптасуы іс жүзінде ми құрамындағы (ми қыртысы, торлы құрылым және 
лимбия, жолақ дене, гипоталамус) нейрондардың ыңғайлы өзгерістерімен қабаттаса жүреді. 
Ми қыртысы-қыртысты бірлестіргіш жүйе-бұл мидың көптеген бөлімдерінің уақытша байланыс жасау 
үшін бірігетін ерекше дәрежелі құрылым ұйымы. Оларды меңгеретін түрлі заңдылықтары бар әрекеттік 
және кеңістіктік одақтары болады. 
Олардың ішінде таламус париеталды және таламус фронталды ұласқан бірлестіруші жүйелері маңызды 
орын алады. Мидың төбе аймақтары шектеуші (дискриминациялық) бірлестіргіш құрамына кіреді. Олар 
зақымданғанда шартты рефлекстік тірліктің іріктеуші зейін, ағымдағы әрекеттерді бағыттау, танылған 
сигналдарға бағдарлы қимылдарды қалыптастыру үрдістері бұзылады. Ал ұластырушы маңдай аймақтары 
мидың басқа екі әрекеттік жүйелерімен тығыз бай- ланыста болады: а) төбе-самай жүйесі - көптеген әртүрлі 
райлы ақпаратты өңдеуге және бірлестіруге, ә) телеэнцефалимбиялық жүйе ортаңғы, аралық мн 
құрылымдары арқылы оның сезімдік және қимыл тетіктеріне қатысады. 
Бұл жүйелер шамасы жинақы мінез әрекетінің ең жоғары құрылымына енеді. Алайда онда өзінің едәуір 
дербестігін сақтайды, әрі жеке қызметін атқарады. Шартты рефлекстер жасағанда ми қыртысы мен қыртыс 
асты құрылымдардың электр көрсеткіштсрін тексеріп, уақытша байланыстың алғашқы тұйықталу белгілері 
ең алдымен торлы құрылымда пайда болатындығы анықталды. 
Торлы құрылым-ми бағанасы деңғейіндегі бірлестіруші жүйе шартты рефлекстердің құрылуына және 
атқарылуына жалпы белсендіргіш ықпал жасаумен қатар сол рефлекстердің қалыптасуына тікелей 
қатысады. Сөйтіп кемеліне жеткен бейімделу әсерленісінің негізін қалайды. 
Сонымен бірге лимбия жүйесі құрамындағы глюкамп- шартты рефлекстер мен зерденің қалыптасуына 
өте маңызды. Морфологиялық және физиологиялық зерттеулердің нәтижесі ескі айналма жүйенің 
(гипоками-гипоталамусторлы құрылым) бар екендігі туралы жорамал туғызды. Бұл жүйе тура және кері 
байланыстармен бірігеді. Солар арқылы ми қыртысы өздігінен реттелуді және организмнің барлық әрекетін 
реттеуді жүзегс асырады. 
Гипоталамус-дененің барлық вегетативтік әрекетін реттеуші орталық. Ол көптеген мотивацияның және 
мінездің негіздерін құрады. 
Организмнің шартты рефлекстік іс әрскеттеріндс қыртыс астындағы алдыңғы түйіндердің маңызы өте 
зор. Мидың жолақ дене бөлімдері қозғалыс әрекеттерін ұйымдастырады. Түпкі тораптар деңгейіндс ми 
қыртысы мен мидың басқа бөліктерінен келетін мәліметтср түйіседі және бірлеседі. 
Сонымен мінездің қалпы ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдарының әртүрлі өзара әрекеті арқылы 
анықталады. 
Шартты рефлекстің өте күрделі жылжымалы құрылымы болады, онда мидың әрбір шегінде орналасқан 
көптеген құрамалар орын алады. 
Қазіргі кезде уақытша байланыстың тұйықталу тетіктері туралы көптеген болжамдар кездеседі. 1. 
Олардың алғашқысы - үйірілістік (реверберациялық) болжам. Үлкен ми сыңарлары қыртысыныц 
гистологиялық құрылымы мен физиологиялық қасиеттерін зерттеу негізінде, серпін толқындары үйіріліп 
нейрондардың тұйықталған шеңберінде айналыс қозғалыста болатындығы анықталды (Р.Лоренто де Но). 
Демек, серпіністің қайталаған айналысы нейрон тізбектерінен өткен сайын үнемі олардың козғыштық күйін 
жаңғыртып отырады. 
Келесі әрекеттік (функциялық) болжам бойынша, уақытша байланыс қалыптасқанда нейрондардың 
ыңғайланған өзгерістері туады, олар белгілі бір синапстың тиімділігін арттырады (Дж.Экклз). Мәселен, 
тетанустық жиырылудан кейінгі синапстың пәрмендік нәтижесі салдарынан қозуды жылдам өткізгіш қасиеті 
жеңілденеді. 
Шартты рефлекстік ісәрекеттің ұйымдастырылуы жөніндегі нейроглияның қатысы туралы болжам 
туды. Бүгіндері нейроглиялық тіндердің тіректік және нәрлендіру әрекетінен басқа қызметін дәлелдейтін 
көптеген деректер табылды. Берік уақытша байланыс жасайтын нейроглия жүйке талшығының синапсқа 
дейінгі “жалаң” ұштарын миелин қабығымен орап, оларға серпін өткізуге мүмкіндік туғызады. 
Сонымен қатар уақытша байланыстың тұйықтау себебін синапс құрылымының өзгерістерімсн 
байланыстыратын болжам да бар. Ми қыртысы нейрондарының түйіспе өсінділері немесе “тікенек бүрлері” 
сияқты арнайы ерекшеліктері болады. Олардың ұлғаюы немесе кішіреюі қозу және тежеуді жүзеге асыруға 
әсерін тигізеді (С.А.Саркисов). Мәліметті түсіріп алу және сақтау үрдістері синапс құрылымында 
мембраналардың түр-сипатын, олардағы белоктардың кескін үйлесімін өзгертеді. 
Көптеген зерттеушілер жетекші түрткі ретінде белок құрамының өзгерісін есептейді. Расында, оны 
шартты рефлекс жасағанда бірлесіп қозатын көптеген нейрондарда тітіркеніс сигналын кодпен белгілейтін 
рибонуклеин қышқылы (РНҚ) құрылымы бейнелеп көрсетеді. Кейбір тексерулерде зерде іздерінің ұзақ 
сақталуы дезоксинрибонукленн қышқылы (ДНҚ) молекуаласында бекітілетіндігі табылды. ДНҚ және РНҚ 
қасиеттерінің өзгеруі белок түзілуінің мөлшерлік және сапалық өзгерістері арқылы жүзеге асырылады. 
Шартты рефлекстің уақытша байланысы мидың арнайы белок заттары мен полипептид кешені арқылы 
анықталатындығы анықталды. 
Басқа болжамдар бойынша уақытша байланыстың қалыптасуы туралы түсініктерде-фермент жүйелері 
және олардың тежегіш заттары ерекше орын алады. 
Соңғы жылдары уақытша байланысты нейронаралық қатынастың кеңістік-уақыттық ұйымы, 
нейрохимиялық дәлелдер арқылы нейрондар механизмінің әрекеттік топтарға одақтасуы және нейроглия 
белсенділігінің іріктелуі деген қорытынды жасалды. 


Жалпы айтқанда, уақытша байланыстың қалыптасуы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде - үйіріліскен 
серпін тасқындары түйісіп, бірнеше синапс алаңы белсендіреді. Сөйтіп нейрондарда зат алмасуын реттеуші 
жүйенің ісәрекетін өзгертеді. Ми құрылымдарында қозудың өрістеуін жеңілдететін нейрондар 
белсенділігінің белгілі әрекеттері пайда болады. Екінші кезеңде - нуклеотидтер қатынасып, жасушаларда 
нәрлендіргіш нейронның қозатын аппаратын қайта құрады. Үшінші кезеңде-синапс аландарыньщ жаңа 
құрылымдары пайда болады. Олар шартты сигналдың кеңістік-уақыттық сипаттамасын көрсетеді. 
Сөйтіп организм сыртқы ықпалдарды қабылдау, сақтау, олардан қалыптасқан әрекетгік және 
құрылымдық өзгерістерді қажетті кезеңде еске түсіру биологиялық зерденің мәнін құрайды (И.П. Ашмарин, 
1975). 
Шартты рефлекстің тежелуі 
Жүйкедегі бірыңғай құбылыстардың екі жағы құрайтын, қозу мен тежелудің тепе-теңдіқ арақатынасы 
жануарлар мен адамның сыртқы ортаның өзгермелі түрткілеріне бейімделу ісәрекетінің нәтижесін 
анықтайды. 
Орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді ашқан орыстың атақты ғалымы И.М.Сеченов (1962). Ол орталық 
тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің белсенділігі деп қарады. 
Ч.Шеррингтон (1906) қарсылас бұлшықеттердің үйлесімді әрекеттері индукциялық (кезеліс) тежелуден 
болатындығын көрсетті. 
А.А.Ухтомский (1923) жүйке орталықтарында доминанта қалыптасуы кезінде жегілген тежелу 
туатындығын аныктады. 
И.П.Павлов мәні зор тәжірибелер жасап, шарты рефлекстің тежелу түрлерінің негізгі тетіктерін 
дәлелдеді. Тежелудің сыртқы (шартсыз) және ішкі (шартты) түрлері болады. 
Шартсыз тежелу - жүйке жүйесінің туа біткен қасиеті. Ол - сыртқы бөтен түрткілердің теріс индукция 
әсерінен мінез әрекетінің кенеттен әлсіреуі немесе басылып қалуы. Мұның себебі әртүрлі жаңа 
тітіркендіргіш бағдарлау рефлексін туғызады, Егер осы тітіркендіру бірнеше рет қайталанса, бағдарлы 
әсерленіс бәсеңдейді және оның шартты рефлексті тежеу әрекеті әлсірейді. Мұндай бөтен тітіркендіргішті 
И.П. Павлов “өшетін тежеу” деп атады. Мәселен, қатты ауыртатын тітіркендіргіш шартты рефлексті шұғыл 
тежейді. Осы сияқты ішкі ағзалардан шығатын тітіркендірісте әсер етеді. Кейбір мүшелердің қабынуы, 
қуықтың зәрге аса толуы, құсу, жыныстық қозу шартты адамдық рефлексті басып тастайды. 
Мұндай тежеулердің бәрінің жалпы қасиеті олар осы шартты рефлекске бөтен сыртқы тітіркену 
ықпалынан пайда болады. Сондықтан бұл сыртқы тежелу деп аталады. 
Шартты рефлекстің шамасы тітіркендіргіш қарқынынан (“күш заңы”) тікелей тәуелді келеді. Шартты 
тітіркендіру күші шектен аса өссе, қарама-қарсы нәтижеге, яғни шартты рефлексте: әлсіреуіне, тежелуіне 
әкеліп соғады. Мұндай тежелуді шектен тыс тежелу деп атайды. Бұл тежелудің сақшылық маңызы бар. 
Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Күшті 
әсерден мелшиіп қатып қалу (ступор) медицинада жиі кездеседі. Бұл тежелу жүйкені уақытша жұмыстан 
босатады және оның қалыпты қоз- ғыштығы мен жұмыскерлігін қайта орнына келтіруге жағдай жасайды. 
Жүйкесі нашарланған жануарларда шектен тыс тежелу тежегіші біршама әлсіз шартты тітіркендірудің 
әсерінен де пайда болады. 
Сыртқы және шектен тыс тежеулер жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне байланысты болғандықтан 
оларды шартсыз тежелу қатарына жатқызады. 
Шартты тежелу - жүйкенің жүре иемденген қасиеті. Ол шартты рефлекс сияқты құрылады. Шартты 
тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады. 
Ол тітіркендірулер нығайтылған жағдайда қалыптасады. 
Оны жаттықтыруға болады, яғни қайталаған жағдайда, әсіресе жас кездерде, рефлексті жасау 
жеңілдейді. 
Шартты тежелудің көріністері жүйке жүйесінің даралама қасиетіне байланысты. Қызба кісілерде, 
байсалды адамдарға қарағанда, шартты тежелу қиын және баяу қалыптасады. 
Шартты тежелу шарттсыз рефлекстің нығайту күшінен тәуелді келеді. 
Шартты тежелу бұрын қалыптастырылған рефлекстің беріктігіне байланысты болады. Мызғымайтын 
тұрақты шартты рефлекстер тежелуге, жаңа үйренгендерге қарағанда қиын көнеді. 
Тежелулер өзара әрекеттесіп бірін-бірі күшейтеді. 
Шартты тежелуді өшіретін, ажырататын, шартты тежейтін және кешіктіретін деп 4 түрге бөледі. 
Өшіретін тежелу. Егер шартты тітіркендірудің шартсыз тітіркендіргішпен ұштасуы тоқталса, бұрынғы 
қалыптасқан тұрақты шартты рефлекс әлсірейді, кейін қолданған сигнал бірнеше рет анықталмаса ол тіпті 
жойылады. 
Өшіретін тежелудің жасалу дәрежесі мен жылдамдығы: 1) шартты рефлекстің беріктігіне (берік 
бейнелістер баяу өшеді); 2) нығайтушы рефлекстің күшіне (аштық күйінде тағамдық шартты рефлекс 
өшпейді); 3) нығайтылмау жиілігіне (жедел түрінде бірнеше минут және сағат созылмалы түрінде 
нығайтылмаса-өшіретін тежелу бірнеше күнде қалыптаспайды байланысты болады. 
Тадамдық шартты рефлекстер сақтаныс түріне қарағанда, жылдам өшеді. Өшіретін тежелуді 
машықтану арқылы тез қалыптастыруға болады. Ол мидың типтік даралық ерекшеліктерінен тәуелді келеді. 
Кейін шартты тітіркеңдіргіш тағы да қолданылса, өшкен шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді. Бұл 
құбылысты тежелуден босау деп атайды. Өшуден тежелу нығайтылса, өшкен рефлекспен бірге біркелкі, 
оған ұқсас шартты рефлекстер жойылады. Мұны екінші қайтара өшу деп атайды. Өшуден тежелудің маңызы 


- бейімділігі жойылған қажетсіз шартты рефлексті өшіру. Сөйтіп, организм тіршілігінің жаңа жағдайларына 
басқаша икемделу әсерленісі қалыптасады. 
Ажырататын тежелу. Жаңа қалыптасқан шартты рефлекстің алғашқыда жалпылама өзгешелігі болады. 
Өйткені ол үйренген шартты тітіркендіргіштен басқа, оған ұқсас немесе көптеген бірқайлы 
тітіркендірулерге де жауап ретінде пайда болады (шартты рефлекстің жалпылама сатысы). Алайда, егер тек 
шартты тітіркендіргіш ғана бекітіліп, басқалары елеусіз қалса, біраз уақыттан кейін ұқсас 
тітіркендіргіштерге әсерленіс өшеді (шартты рефлекстің, мамандалас сатысы). Бұл заттар мен 
құбылыстардың қасиеттерін, ұқсастығын жете ажыратуға мүмкіндік береді. 
Шартты рефлекстің мамандалуын қамтамасыз ететін үрдіс, яғни тітіркендіргіштерді сұрыптау 
ажырататын тежелу деп аталады. Бұл үрдіс ми қыртысында өтетін шартты тежелуден туады. 
Ажырататын тежелудің қасиеттері: 1) тітіркендірулердің белгілері өте ұқсас болса, оны қалыптастыру 
қиынға соғады; 2) тежелу дәрежесі нығайтушы тітіркендірістің күшінен тәуелді келеді; 3) бұл тежелудің 
түрін қалыптастыру толқын тәрізді болады; 4) тежелуді жаттықтыруға болады, бұл ортаның сезімдік 
түрткілерін жіті айырып танудың негізін құрады. 
Шартты тежегіш. Егер небір қосымша әсермен ұштастырылған тітіркендіру нығайтылмаса, ал жеке 
қолданған шартты сигнал әрдайым анықталса, жүйке орталықтарында шартты тежелу пайда болады. Көп 
кешікпей қосымша әсермен қиыстырылған үйренген тітіркендіргіш іштей тежелу салдарынан шарты 
әсерленіс шығаруды тоқтатады. Сол шартты сигналдың әсерінен өтіп жатқан әрекетті тежеуге қабілеті бар 
қосымша тітіркендіргіш шартты тежегіш деп аталады (мәселен, мектепте соғылатын қоңырау). 
Шартты тежегіштердің негізгі қасиеттері: 1) ол әлсіз тітіркендіргешке (мысалы, жарыққа) қосымша 
күшті тітіркендіру (қоңырау) қосылса оңай қалыптасады; 2) бұрынғы қолданылған күшті тітіркендірудің 
іздері қосымша түрткі ретінде әсер ете алады; 3) егер қосымша тітіркендіріс әлсіз болса, ол екінші ретті 
рефлекстің түрткісі бола алады; 4) егер қосымша тітіркендіргіш шартты тежегіш мәнін иемденсе, ол басқа да 
ұқсас шартты бейнелістерді тежейді; 5) қосымша тітіркендіргіш бірінші рет жағымды сигналмен бірге 
берілгенде, ол бағдарлау рефлексін тудырады. 
Қосымша тітіркендіргіш күшті болған санын, шартты тежегіш тез қалыптасады. Организм мен сыртқы 
ортаның өзара қатынасында шартты тежегіштің биологиялық маңызы зор. 
Кешіктіретін тежелу. Кешіктіретін шартты рефлекстер бірден құрылмайды, тек нығайтудың басталуы 
біртіндеп ұзартылғанда барып жасалады. Осы шартты тітіркендіргіштің жекеленген әсерімен бастапқы кезде 
жүйке нейрондарының әрекеті тежеледі. Кешіктіретін тежелу шартсыз рефлекстің күшінен тәуелді, егер ол 
күшті болса, бұл тежелудің пайда болуы қиынға соғады. Бұл тежелу арқылы әр уақытта шартты рефлекстік 
әсерленіс дер кезінде іске қосылады. 
Кешіктіретін тежелудің негізгі қасиеттері: 1) шартты тітірксндіргіш неғұрлым күшті болса, бұл тежелу 
соғұрлым қиын жасалады; 2) нығайтушы түрткі күшті болса, шартты рефлексті кешіктіру қиынға соғады; 3) 
тәжірбиелерді қайталау кезінде оқшауланған шартты тітіркендіру біртіндеп баялап ұзартылса, кешіктіру 
оңай болады. Тітіркендірулердің арасы 2-3 минут болған жағдайда кешіктіретін тежелу қалыптаспайды; 4) 
шартты рефлекстің бірге берілуі көбірек нығайтылса немесе қысқа уақытқа кешіктірілсе тежелуді ұзартуға 
кедергі жасайды. Шартты тежелу, уақыттық түрткінің кірісуіне байланысты басқа түрлерінен ерекше 
болады. 
Шартты тежелудің тағы бір ерекше, “нығайтылса да өшетін ” түрі болады. Ол жағымды шартты стимул 
ұзағынан бір ырғақты немесс бір сарынды нығайтқышпен қоса әсер еткен жағдайда пайда болады. 
И.П.Павлов ішкі тежелудің түрлерін әрекетіне және қалыптастыру тәсілдеріне қарай жіктеумен бірге, 
тежелу қасиеттерінің айырмашылығы олардың күшіне байланысты болатындығын атап көрсетті. Ол шартты 
тежелудің жергілікті және ми құрылымында жалпыпама түрде кездесетініне ерекше көңіл аударды. 
Сөйтіп шартты тежелу организмнің бейімделу әрекетін реттеп отырады. Егер шартты тежелу 
қалыптаспаса, организмде табиғи қажетсіз, қолайсыз әсерленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нәзік 
төзімсіз келеді. Әртүрлі аурулар, қажу, зорлану бұл тежелуді әлсіретеді. 
Шартты тежелу тетіктері. Адамның сыртқы ортаға жете бейімделуі, оның әсерлесінің сыртқы 
жағдайларға өте сәйкес келуі тежелуге байланысты болады. Негізгі жүйке үрдістері - қозу мен тежелудің 
көрсеткіштері. Олардың өзара әсері организмге көптеген тітіркендіруді талдап, жауап түзіп, өзін әртүрлі 
жағдайда бағдарлауына мүмкіндік туғызады 
И.П. Павловтың көзқарасы бойынша, шартты тежелу тек миқыртысында болатын құбылыс. Қалай 
болғанда да, тежелудің ми қыртысындағы орналасуы үш түрлі болуы мүмкін. Біріншіден, шартты 
сигналдың ми қыртысы жобаланысында, екіншіден, шартсыз рефлекстің мидағы өкілетті нейрондарында
үшіншіден, уақытша байланыстың өз құрылымында қалыптасады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, 
шартты тежелу әуелі мидың қыртыстың құрылымдарында немесе олардың белсенді қатысуымен пайда 
болып, ми қыртысына жоғары көтеріледі деп санайды. 
Шартты тежелудің шығу жағдайы, көптеген деректерге сәйкес арнайы тежегіш құрылымдарға 
байланысты болады. Бұларға тежегіш түйіндер, тежегіш интернейрондар жатады. Демек, олардың белсеңді 
әсерленісі арнайы тежегіш шартты рефлексін жасайды. Сөйтіп, ми қыртысындағы тежелу міндетті түрде 
арнайы тежегіш жүйесін құрайтын мамандандырылған тежегіш нейрондар арқылы жүзеге асырылады. 
Көптеген нейрофизиологтардың ойынша, жоғары жүйке ісәрекетінің тежелу құбылыстарында әртүрлі 
қыртысасты құрылымдар өте маңызды орын алады. М.Н.Ливановтың жүргізілген тәжірибелері ішкі 
тежелудің гиперполяризациялық (әсіресесүйектеліс) болжамын дәлелдеді. Ішкі тежелу қалыптасқанда, 


гиперполяризациялық құбылыстардың біршама өсетіндігі анықталды. Оған нейрондардың сатылық және 
бедерсіз белсенділігінің, қоздырылған потенциал мен биік шайқалатын баяу тербеліс шамасының күшеюі 
сәйкес келеді. 
Шартты тежелу және оның әрбір түрлері мидағы дәнекерші заттар (нейромедиаторлар) арқылы іске 
қосылады. Олар организмнің сыртқы және ішкі ортасының өзгерістерінің тежегіш маңызын есте ұзақ 
сақталуын қамтамасыз етеді. Соның ішінде холинергиялық жүйелер шартты рефлекстің құрылуын және 
сақталуын, бағдарлы-зерттеу әсерленістің жойылмауын, кешіктірілген және мезгілдік рефлекстердің 
қалыптасуын қадағалап отырады. 
Мұнымен бірге адренергиялық құрылымдар катехоламиндерді (норадреналин, дофамин) түзу және 
бөліп шығаруда өте маңызды іс атқарады. Соңғы уақыттағы зерттеулер катехоламиндердің мотивациялық 
мінез әсерленістеріне қатысатындығын анықтады. 
Ішкі тежелудің қасиетінде серотонинергиялық құрылымдардың да маңызы зор. Олар үстемді 
ісәрекетінің жүзеге асуы ойлауынша ықпал жасаумен қатф, дәл осы кезде пайда болатын бөтен әрекеттерді 
тежеп жояды. 
Ми құрылымдарында бұлармен бірге, кейбір амин қышқылдары, соның ішіңде гамма-аминмай 
қышқылы (ГАМҚ) жетекші орын алады. Ол организмнің іс-қимылың сезімдік мінезін реттеуге, мидың 
жоғары бірлестіргіш әрекетінің жүргізілуіне қатысады. Ал мидың ГАМҚ сезгіш құрылымдарының ішкі 
тежелу қасиетінің мәні - оның қимыл және тамақтану орталықтарындағы қозу өрісін тоқтататын ықпалы. 
Сонымен ішкі тежелу ми қыртысы деңгейінде орталық қозу ретінде пайда болып, рефлекстік жауапты 
жүзеге асыратын қыртысасты тетіктердің бағынышты (субординация) тежелуін белгілейді. Әсіресе мінездің 
ұйымдастырылу және реттелу істерінде мидың маңдай алаңы маңызды іс атқарады. Ол қыртысасты 
бөліктері арқылы ми бағананың белсендіргіш жүйесіне тікелей немесе жанама түрде ықпал жасайды. 
Сөйтіп, мұндағы тежелу құбылыстары бейімдендіру мәніне қарай, мидың медиаторлық жүйесін іріктеп 
еліктіру арқасында жүзеге асырылады. 
Тежегіш үрдістер дамыған кезде әуелі жеке нейрондар, одан кейін әрекеттік жүйенің құрылымына 
енетін нейронның топтары тежеледі. Бұл біртіндеп атқарушы түйіндерді, вегетативтік әсерленісті, тіпті 
кейін миаралық белсендіргіш жүйелерді істен шығарады. Сондықтан ішкі тежелу екі жақты болады: 
атқарушы түйіннің тежелуі мидың талдаушы және белсендіруші жүйелерімен қатар кездеседі. Ал ішкі 
тежелудің өзі, шартты рефлекстік әсерленіс сияқты, қыртыс-қыртысасты арақатынастан туады. 
Жоғары жүйке жүйесінің типтері 
Біз күнделікті өмірде адамдардың, бірдей жағдайда, өздерін әртүрлі ұстайтындығын бақылаймыз. 
Өйткені адамның психикасы мен мінез-құлығының ерекше кескінін олардың табиғи темпераменті мен 
бойындағы мінезі жасайды. Адам мінезін бірнеше негізгі түрге бөлуге болады. 
Адам темпераментінің осы күнге дейін маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш грек ғалымы Гиппократ 
жасады. 
Сангвиник (ширақ) — мінезі жайдарлы, қадылез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек 
адам. Ол өз мақсатына жетуде жігерлілік, қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін-өзі ұстай біледі. Өзінің 
тіршілік дағдысының өзгерістеріне төзімді. Сыртқы әсерлерге тез бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз 
жағдайларды оңай жеңеді. 
Флегматик (салғырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды 
келеді. Мұндай адамдар зор жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшін табандылық 
көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа кісілермен қиын ұласады, күнделікті дағдыларының 
өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Оларға тән белгілі кертартпалық қыңырлық байқалады. Әдеттері қатаң, 
дәстүрлі түсініктері бар, олардың сезімдері және көңіл-күйі тұрақты келеді. 
Холерик (ұстамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Оның мінезі қызба, өте белсенді, 
қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз 
жұмыс істей алады. Бірақ тіпті шамалы бөтен тітіркендіргіштер оларда жиі алау, ыза тудырады. Кейде 
едәуір аяқталып қалған ісі зая кетеді, ақырында ол оған өкінеді. 
Меланхолик (саудайы) - жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, 
жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады. Меланхоликтер өмірінің 
өзгерістеріне қиын бейімделеді. Күйік-қасіретке бейім, күйрек, сәздік және сезімділік белсенділігі төмен, 
тұйық мінезді қеледі. 
Темпераменттің төрт түрін салыстырса, мінез ерекшеліктеріне қарай, олар өте қиын жағдайларда 
өздерін қалай ұстайтындығын болжауға болады. 
Сонымен темперамент - бұл ресми мінездің нейродинамиқалық сипаттамасы. Алайда, кісі мінезінің 
маңызды жақтарын (дүние тану, көзқарас, тілек, сенім) ол ажыратпайды. Темперамент адамның әлеуметтік 
мәнділігін белгілемейді, өйткені оның мінез-құлығын санасы басқарып отырады. 
Психологтардың айтуы бойынша, барлық кісілерді экстраверт, интроверт және невротиктерге 
жатқызуға болады (К.Юнг, Г.Айзинк). Экстраверт - әр алуан сыртқы әсерлерге ашық. Интроверт, керісінше 
тұйық мінезді. Ал невротиктерде көптеген тіршілік жағдайларында әртүрлі жабығу күні пайда болады. 
Қазақтың көрнекті ғалымы Ж.Аймауытов өзінің “Психология және өнер тандау”, “Психология” атты 
ғылыми еңбектерінде Гейманс ұсынған жан сипаттарына талдау жасады. Ол мінезді күйгелек аяныш жанды, 
ыстық қанды, салқын қанды, қызбалы, құмартпалы, ұйытқымалы, сары уайымшыл деп жіктеді. 


И.П.Павловтың айтуынша, түрліше темпераменттер қозу және тежелу үрдісінің даралық айнамалы 
күші, олардың ширақтығы мен тендесуі іспетті қасиеттерінен тұрады. Осындай ең басты типологиялық 
белгілердің арақатынасына сәйкес ол жануарлардың жоғары жүйке қызметінің негізгі төрт түрін бөлді. 
Кейін осы үш типологиялық (күш, ширақтық, теңдесу) жүйке үрдістерінен басқа төртінші - 
динамикалық қасиеті табылды. Ол жағымды және тежегіш уақытша байланыстардың қалыптасу 
жылдамдығын көрсетеді. 
Жүйке жүйесінің типі туа пайда болады, өмір бойы өзгермейді. Жас кезеңдеріңде темперамент 
қырларының ерекшеленісі (акцентуация) байқалады. Алайда, тәжірибе жүзінде темпераменттің кейбір 
қасиеттеріне машықтандыру арқылы әсер етуге болатындығы дәлелденді. 
Жүйке жүйесінің жалпы типі білім меңгеруге ықпалын аз тигізеді. Дегенмен, темперамент адам 
дағдыларының қалыптасуына зор әсер етеді. Адамда жүйке жүйесі түрінің қайсысы болса да, мәдениет 
шыңына жетіп, қоғамның толық мүшесі бола алады. Адам үшін жоғары жүйке ісәрекетінің оларға тән 
арнайы типтері өте маңызды орын етеді. 
И.П.Павловтың зерттеулері және клиникалық байқаулар бойынша, адамдарда жүйке қызметінің кәдімгі 
төрт түрінен басқа жеке адамға тән көркемпаз, ойшыл және аралық типтері болады. 
Көркемпаз типті адамда, екінші сигналдық жүйеге қарағанда, бірінші сигналдық жүйе біршама 
үстемділігімен сипатталады. Бұндай адамдар ойлау үрдісінде ақиқат болмыстың сезімділік бейнелерін 
кеңінен пайдаланады, олар болмысты бөлшектеместен тұтас қабылдайды. 
Ойшыл типті адам екінші сигналдық жүйесі біріншіден басымдылығы, көрнекті талдау-синтездеу 
әрекетке негізделген, болмыстан тыс дерексіз ойлау қабілетгерімен білінеді. 
Аралық тип - болмыстың екі сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен сипатталады. Дарынды тип - 
екі сигналдық жүйелердің бірдей басымдылығымен танылады. 
Адамның типологиялық қасиеттері генотип пен фенотипке байланысты болады. Генотип (тектітүр) 
жоғары жүйке ісәрекетінің туа біткен қасиеттерінен қалыптасады. Ал фенотип (белгітүр) тумыстан және 
тіршілік жағдайларының ықпалынан иемденген белгілі қасиеттердің өзара әрекетінен құралады. 
Егіз туған балаларды тексергенде, жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттерінің (күші, ширақтығы, 
сигналдық жүйенің біреуінің басым болуы) тектік (геңетикалық) себептестігі, уақытша байланыстар 
қалыптасуының әртүрлі жылдамдығы, зерденің даралама ерекшеліктері байқалды. 
Көру, есту және сипап сезу талдағыштары үшін, қысқамерзімді сезімдік-бейнелік зерденің, даралама 
ерекшеліктерінің көбінесе тектік тәуелділігі болады. Керісінше, қисынды-мағыналық зерде едәуір сыртқы 
ортаның түрткілері ықпалына байланысты болады. Әрбір адамда мүмкіндігі шексіз ақыл-ой қабілетінің 
негізі салынған. Алайда ол оны толық жұмылдыруға үйренбеген. Сондықтан олардың орасан қөпшілігі 
өзінің аса күрделі мүмкіндігін кеңінен пайдаланбайды. 
Шын мәнісінде, әрбір дені сау адамның басқаға қарағанда, бір қасиеті басым келеді. Сондықтан 
адамның дарындығы көріну үшін алдын-ала биологиялық өте тиімді жағдай жасалғанымен шешуші 
маңызды орынды әлеуметтік жағдай атқарады. 
Жоғары жүйке ісәрекетінің бұзылуы 
Тәжірибелік невроздар, жоғары жүйке қызметі мен негізгі үрдістерінің қалыпты қасиеттерінің әрекеттік 
ауытқулары көптеген жүйке ауруларына әкеліп соғады. Бұл бұзылудың мәні қозу мен тежелу үрдістерінің 
шамадан тыс күшеюі немесе олардың соқтығысуы арқасында пайда болатын тәжірибелік невроздар арқылы 
анықталды. 
Қозу толқынының шамадан тыс күшеюі И.П.Павловтың зертханасында 1924 жылы Ленинградта болған 
су тасқынынан кейін иттерде қалыптасқан шартты рефлекстердің жойылуынан байқалды. Ол жануарлар, 
шартты рефлекс қалыптасқан күнде де, өте күшті, әсіресе бастан кешкен жүйке күйзелісіне ұқсас 
тітіркендіргіштерді қалыпты күйде сезіне алмады. 
Дәрігерлер практикада ауыр күйзелістен кейін, әсіресе жүйкесі қажу немесе ауру салдарынан 
әлсірегенде туатын невроздың көптеген түрлерін кездестіреді. Мұндай жағдайларда тіпті әдеттегі 
тітіркендіргіштер өте күшті әсер етіп невроз туғызады. 
Тежелу толқынының шамадан тыс күшеюі өте жуық тітіркендулерді табандылықпен ажыратқанда, 
тежегіш тітіркендіргіштердің әсерін созғанда, шартсыз анықталудың мерзімін ұзаққа қалдырғанда пайда 
болады. Адамда осындай невроздық жағдай қиын мәселелерді шешкенде, үздіксіз тыйым салумен 
ұшырасқанда, мүлдем үңілгенде және үміттері аяқталмағандарда жиі байқалады. 
Ширақтықтың шамадан тыс күшеюі — жағымды және жағымсыз шартты тітіркендіргіштердің 
сигналдық мәнін өте жиі және тез қайта ауыстырудан немесе олардың қалыптасқан стереотипін кенеттен 
өзгертуден шығады. Сондықтан невроздық күйді адамның көзқарасын немесе тұрмыс қалпын өзгертуге 
мәжбүр ететін көптеген оқиғалар (әсіресе жас ұлғайған шақта) жиі тудырады. 
Қозу мен тежелудің қайшы келіп қалуы немесе жүйке құбылыстарының “қақтығысы”, қарама-қарсы 
сигналдық мәні бар тітіркендірулерді бір-бірімен өте тез алмастырғанда немесе бір мезгілде әсер еткенде 
білінеді. Алғашқы тәжірибелік невроздар осы жолмен жасалған еді. Ол үшін қорғаныс әсерленісін 
тудыратын, ауыртатын тітіркендіргіш сигналы тағамдық шартты рефлекс жасағанда қолданылды. Сөйтіп, 
бір тітіркендіргіштің сигналдық мәнін шатастырудан, жүйке орталығында қозу мен тежелудің “қақтығысы” 
пайда болады. Осындай тіршілік “қақтығысы” салдарынан невроз ауруына душар болған науқастар көп 
кездеседі. 


Жоғары жүйке қызметінің невроздық ауытқулары бірнеше түрде білінеді. Бұлардың ішінде созылмалы 
келетін ретсіз шартты рефлекстер немесе олардың деңгейінің оралымды алмасуы, теңестірушілік және 
парадоксалды күйлердің пайда болуы, долдану және жүйкенің ауытқулы салғырттығы байқалады. 
Жүйкесі әлсіз немесе ұшқалақ типтерде невроздық олқылық оңай туады және біріншісінде қозу, 
екіншісінде тежелу үрдістері зиян шегеді. Сонымен қатар жоғары жүйке ісәрекетінің типологиялық 
ерекшеліктері бар адамдарда болатын невроздық олқылық көріністер де осы тұрғыдан түсініктеме алады. 
Сонымен невроз - жоғары жүйке қызметінің созылмалы әрекеттік бұзылуы. Оған себепші -ми 
құрылымдарының өзара қатысының келісімсіз жағдайлары, әртүрлі әрекеттік оның ішінде вегетативтік жүйе 
қызметінің бұзылуы. 
Адамдарда невроздың көп түрі болады, оның ішінде жиі кездесетіні неврастения, мезі қьшатын күйдің 
неврозы, истерия және психастения. И.П.Павловтың айтуынша, истерия-көркемпаз типті адамға, ал 
психастения - ойшыл адамға тән келеді. 
Невроз вегетативтік әрекеттердің бұзылуымен қатар жүреді. Бұдан ми қыртысы мен ағзалардың 
арақатынасының өзгергендігі байқалады. Вегетативтік өзгерістер - невроздың ерте білінетін белгісінің бірі. 
Олар шартты рефлекстер бұзылмастан бұрын байқалады және ұзаққа созылады. 
Қазіргі кезде жүйке-психикалық ауытқуларынан туатын вегетативтік аурулардың көбеюіне 
байланысты, олар көп көңіл аударуды талап етеді. Мәселен, сезімдік зардап, стресс, ышқыну, қан 
құрамының, жүрек-тамыр, асқорыту жүйелерінің өзгерістерімен қоса кездеседі. Мұның дерттену 
(патогенездік) негізін К.М.Быковтың медицинада енгізген миқыртысы-ағзасы теориясы анықтайды. Осыған 
байланысты асқазанға жара шығу, гипертония ауруы, ерте қартаюдың этнологиясы мен патогенезінің 
көптеген сауалдары шешіледі. 
Жоғары жүйке ісәрекетін невроздан кейін қалпына келтіру үшін, кейде ұзақ тынығу, жағдайды өзгерту, 
ұйқыны жақсарту жеткілікті болады. Қозғыштық және тежегіш үрдістеріне таңдап әсер ететін 
фармакологиялық дәрілер (кофеин, бром) орталық жүйке жүйесіне және невроз түріне қарай қолданылады. 
И.П.Павловтың жоғары жүйке ісәрекеті туралы ілімді адам мінез- құлығы мен психикасы 
ауытқуларының көптеген мағынасын ашуға мүмкіндік жасады. Ең бастысы бұл ілім психикалық 
құбылыстар жөнінде идеалистік түсініктерге тойтарыс жасап, материалистік (мәдилік) психологияның, 
педагогиканың және бейнелеу теориясының ғылыми негізін қалады. Әсіресе, оның жоғары жүйке және 
психика ісәрекетінің түбегейлі қасиетін жасайтын екі сигналдық жүйе туралы ілімі маңызды орын алады. 
Бірінші және екінші сигналдық жүйелер 
Адам мен жануарларға ортақ жалпы қасиет - олардың қоршаған әлемнің құбылыстары мен заттарының 
тікелей нақтылы сигналдарына талдау және синтез жасау қабілеттері. Бұл - организмнің көру, есту және 
басқа қабылдағышарында қалыптасатын бірінші сигналдық жүйесі. Алайда, адамдарда еңбек ету және 
әлеуметтік даму кезінде тілмен байланысты - екінші сигналдық жүйе пайда болады. Бұл жүйе - естілген, 
айтылған және жазылған сөздерді түсіну. 
Адамның сөйлеу қабілетінің пайда болуы үлкен ми сыңарлары ісәрекетінің жаңа негіздерін қалады. Тіл 
- адамның қоршаған әлемді және өзін-өзі бағалауда өте маңызды құралы. Алайда адамның сөйлеу қабілеті, 
қалыптасуы жалпы жоғары жүйке қызметінің онтогенездік дамуымен байланысты. 
Екінші сигналдық жүйе - болмысты жалпы талдауға және дерексіз бейнелеуге мүмкіндік беретін, өте 
күрделі, ерекше уақытша байланыстар жүйесі. Сөйтіп, ол адам мінезінің ең жоғары реттеушісі және жеке 
кісінің дерексіз ойлауынын, арнайы негізін құрайды. Сондықтан бұл жүйе адамның санасы мен парасаттық 
мінезінің іргесін қалайды. 
Бірінші және екінші сигналдық жүйелер бір-бірінен ажырамайды. Адамның барлық түйсіктері, ұғыну, 
елестету қабілеттері, көптеген сезімдері сөз арқылы атқарылады. Сөз тұрақты шартты рефлекс жасай алатын 
күшті нығайту тітіркендіргіші болып саналады. 
Екінші сигналдық жүйе дерексіз ұғым жолымен, ойлау қабілеті арқылы төңіректегі дүниені жалпылама-
дерексіз бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Әрине бұл қарапайым психикасы бар жануарларға қарағанда, 
адамға таным мәселесінде және табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалануда маңызды орын алады. 
Адам мінез-құлығының физиологиялық тетіктеріне талдау жасағанда, ол екі сигналдық жүйенің, 
қыртысасты құрылымдардың бірлескен ісәрекеті екендігі көрінеді. 
Екінші сигналдық жүйе адам тірлігінің жоғары реттегіші ретінде біріншіден басым келеді және оны 
бірсыпыра тежейді. Дегенмен бірінші сигналдық жүйе, белгілі бір шамада екіншісінің ісәрекетін белгілейді. 
Үлкен ми сыңары қыртысының қызметін айқындайтын екі сигналдық жүйенің күйі қыртысасты 
орталықтарымеи тығыз байланысты. Адам өз еркімен, өзінің шартты әсерленісін тоқтата алады. Ырықсыз 
сезім мен эмоцияның көптеген көріністерін, қорғаныс, тағамдық, жыныс рефлекстерін тияды. Сонымен 
бірге ми қыртысының қалыпты тонусын ұйымдастыратын серпіністер көзі-ми бағаны мен торлы құрылым. 
Сөйлеумен байланысты, сөздің мағынасын түсіну, оларды айту, заттарды ұғынып тану және мақсатты 
ісәрекет пен оның нәтижесін болжау сияқты күрделі әрекеттер жылжымалы жүйке құрылымдарының 
қалыптасуын талап етеді. Мидың қосылып жұмыс істейтін көптеген нейрондары мен олардың тізбектері 
әрекеттік жүйені ұйымдастырады. 
Барлық сезімдік жолдар миға жеткізетін сигналдардың бір-бірімен келісіп әрекеттесуі арқылы қоршаған 
әлемді, оның құрама жиынтығын ұғынуды, дәл түйсінуді қамтамасыз етеді. 
Адам дүниені, алынған ақпаратты талдағыштар жүйесі жиынтығында, әсіресе ми қыртысында, өндеп 
таниды, қабылдаған ақпараттың дұрыстығын ісәрекеті, тәжірибесі арқылы тексеріп отырады. 


Сондықтан практикалық бақылау (адамда - қоғамдық істерде) сезу мен түйсіктің дұрыстығын 
қамтамасыз етеді. Сезу мен түйсіктің ақиқаттығын қамтамасыз ету үшін, әрбір талдағыштың көрсетуін 
басқалармен салыстырудың маңызы өте зор. Мәселен, заттардың көлемін көру, сипап сезу және 
проприорецептордан миға бір мезгілде жететін сигналдардан анықтауға болады. Сәби жас кезінен түрліше 
ақпаратты біртұтас байланыстырады, оның дұрыстығын өз әрекетімен тексереді. 
Адамзаттың танымдағы және табиғатты, қоғамды зерттеудегі жетістіктері, ғылыми-техникалық 
табыстары сезім мүшелері мен үлкен ми сыңарлары арқылы қабылдайтын және талданатын мәліметтердің 
шындыққа сәйкестігін, дәлдігін, дұрыстығын растап дәлелдейді. 
Адамның жоғары жүйке ісәрекеті көптеген жоғары дәрежелі жануарлардағы сияқты, ұқсас 
зандылықтармен бейімделеді. Алайда олардың екінші сигналдық жүйесі болғандықтан, адамға тән 
ерекшеліктері кездеседі. 
Сондықтан адамның шартты рефлексін зерттеу үшін, тіл арқылы алдын ала нұсқаулар беріп, ауызша 
жауап алу әдістері жиі қолданылады. 
Адамдарда жай аспаптық және вегетативтік тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер тез қалыптасады. 
Балаларда шартты рефлекс тез жасалғанымен, ол ұзақ уақыт тұрақсыз болады және дағдылы әрекетке қиын 
ауысады. 
Балалардың қимыл-әрекеті шашыраңқы келеді, олар баяу басталады, ұзаққа созылады және өте ақырын 
жойылады. Әртүрлі жастағы балалардың “еркін” қимылы түрліше болады. Жасы кіші балаларда қозғалтқыш 
әсерленістің сергулі тонустық түрі, ал ересек балаларда ширақтүрі кездеседі. 
Адамда нақтылы және сөздік тітіркендіргіштерге қимылдатқыш шартты рефлекстері өте тез және 
тікелей маманданған түрінде жасалады. Тандау қозғалтқыш шартты рефлекстері көзсіз іздеу, сынама және 
жаңылысу әдістері арқылы қалыптасады. Әдетте есепті шешкеннен соң, адам өзінің сәтсіз әрексттеріне 
қайтып оралмайды. Үйрету ісінің мәні мақсатқа жетудің жалпы негізінің жүйкелік өнегесін қалыптастыруға 
саяды. 
Барлық тәжірибелік мәліметтер адамдарда шартты рефлекстердің арнамалы қалыптасатынын екі 
сигналдық жүйенің бірлесуінен, екіншісінің жетекшілігімен атқарылатынын дәлелдейді. Адамда құрама 
тітіркендірулерге шартты рефлекстер қалыптасқанда, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің 
арақатынасы одан да күрделі болатындығы байқалады. Бір мезгілде әсер ететін құрама тітіркендіргіштерге 
шартты рефлекстер бір жағынан жалпылай, екіншіден маманданып қалыптасады. Адамдар өз істерінің 
негізгі шын себептерін немесе нәти- желерін ажыратпастан, басқа бір көзге түсетін жалғас құбылыстарымен 
байланыстырады. Кейде адам сыртқы ықпалға әдеттегідей жауап қайтарып, өз назарын қызықты іске 
аударады, бірақ ол ықпалды, өзінің әрекетін аңғармайды. 
Адамның шартты рефлекстері, жануарлардағы сияқты бөтен тітіркендіргіштің ықпалынан теріс 
индукция арқылы сыртқы тежелуге душар болады. Адам есейген сайын сыртқы тежелу аз байқалады. 
Ал адамның күнделікті тіршілігінде нейрондары қажитындықтан шамадан тыс тежелу өте жиі 
кездеседі. Бұл жоғары жүйке қызметінде белгілі өзгерістер туғызуын, адамның жалпы шаршауына, жұмыс 
қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. 
Адамдағы ішкі тежелу, жануарлардағы сияқты жіктеледі. Алайда адамның тежегіш үрдістерінде, екінші 
сигналдық жүйеге байланысты небір ерекшеліктері болады. Мәселен, өшуден және шартты тежелу екі 
сатылы болады. Әуелі қозғыштық күшейеді, кейін тежелу туады. Ажырататын тежелу екінші сигналдық 
жүйенің арқасыңда тез қалыптасады. Сондықтан ол белгілі бір жастан кейін жетекші іс атқарады. Тек адам 
үшін кешігетін тежелу қиын қалыптасады. 
Адамның екінші сигналдық жүйесі оның әлеумеутік өмірімен тығыз байланысты. Ол әр адамның 
қоғамдық ортамен өзара қатынасының нәтижесі. Ауызша ишарат, тіл адамдардың қатынас құралдары, олар 
ұжымдық еңбекте дамиды. Сондықтан екінші сигналдық жүйе, әлеуметтік себептерден қалыптасып, 
қоғамнан тыс дамымайды. 
Жоғары жүйке ісәрекетінің қалыптасу ерекшеліктері дәрігерлер үшін өте маңызды. Мұның мәні 
медицина саласында техникалық құрал-жабдықтарды, аспаптық әдістерді кеңінен қолданғандықтан тіпті 
артып отыр. Өйткені лабораториялық және аспаппен тексеру нәтижесі аурудың жеке басын дәрігер 
санасынан алшақтатады. Ал ауруды дұрыс емдеу үшін, бұдан басқа саналы шарттар-аурудың дәрігерге 
сенімі, оның санасына әсер ететін ептілік қажет. Өзара қатынаста адам өз мінезін бағдарлап, әрекеттерін 
басқалармен салыстырып, олардың пікірі, сезімі, талаптарымен сәйкестендіріп отырады. Ең ақырында 
адамның істері тек өзі үшін емес, басқа адамдармен бірге, солар үшін атқырылады. 
Адамның мақсатын, ынтасын, өзгешелігін жасайтын, отбасында, жұмыс орнында да мінезін 
бағдарлайтын, оның маңайындағылармен қарым-қатынасы. Оларды анықтап, керекті жаққа бағыттау 
тәрбиешілер мен дәрігерлердің міндеті. 
Тәрбиелеу, аурудың алдын алу, оны емдеу істерін саналы меңгеру үшін, мінездің және көңіл-күйдің 
байымсыз қалыптасатын түрлерінің әрекетін анық ойластыру керек. Әсіресе, жеке адамды толық түсіну 
үшін, оны бөлек алып қарамай, барлық бағалау жүйесіне көңіл аударып, әлеуметтік бағалаушы топтардың 
қатынасы арқылы ұғыну керек. Басқаша айтқанда, жеке адамның қоғамдық мәнін естен шығармау керек. 
Өйткені әлеуметтік байланыссыз, қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Осы жағдай әртүрлі типті топтарда 
болатын адамның өзара қатыңасын терең тексерудің қажеттілігің дәлелдейді. 


Ұжымдағы адамдар қатынасының маңызды ерекшелігі сол, жеке адам өзін эмоция арқылы ортаның 
жағдайына бейімдейді. Әлеуметтік қоғамның ұжымына тән бірге қайғыру, сезімдік (жылыжайлылық, 
есіркеушілік), әркімнің табысына ортақ қуаныш пен мақтаныш сияқты қасиеттері бар. 
Өндірісте, мектепте, басқа ұжымда істейтін дәрігерлер тиімді кісіаралық қатынас қалыптастырудан 
тысқары қала алмайды. Ол ұжымда имандылық, рухани бірлік, салауатты тірлік салтын тәрбиелеу үшін бар 
күш-жігерін, білімін аямауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет