Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет6/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бақылау сұрақтары:

  1. Гуманистік психологияның экзистенциализмнен алған басты концепсиясы не?

  2. Гуманистік психологияның А.Маслоу тағайындаған фундаментальді тезистері жайында не айта аласыңдар?



6-тақырып. Проблемалық жағдаяттардың негізгі типтері

Сабақтың мақсаты: Консультант пен клиент арасындағы тұлғааралық қатынасты реттеу
Сабақтың жоспары:

  1. А.А. Бодалаев, В.В.Столин(1987), Ю. Е. Алншина (1994,2000) аса мәнді алты этикалық принциптері.

  2. Н.Н. Обозовтың (2000) принципі.


Лекцияның қысқаша мазмұны.

  1. Клиентпен тілектестік көңілмен және бағасыз қатынас жасау принципі. Консультанттың кәсіби мінез-құлқы, сұхбат барысындағы әрекеттері клиенттің өзін комфортты сезінуіне және сабырлылық сақтауына бағытталынуы керек.

  2. Клиенттің нормалары мен құндылықтарын бағдарға алу принципі. Психологиялық консультайия барысында консультант клиеттің өз өмірінде ұстанатын принциптері мен ұмтылатын идеалдарын аңғарып ескеруі қажет болады.

  3. Кеңес, ақыл беруден аулақ болу принципі.Клиенттерге кеңес беруге, ақыл айтуға болмайды. Оның әртүрлі себептері бар. Психологтың өмірлік және кәсіби тәжірбиесі қаншама мол болса да, басқаға берген кеңесі клиенттің мәселесін шешуге кепілдік болмайды, әркім өзінше өмір сүреді, әркімнің ешкімдікіне ұқсамайтын өз тағдыры, өмір сүру жағдайы бар. Сонымен қатар, консултант кеңес беру арқылы клиент мәселесі бойынша барлық жауапкершілікті өзіне артып алады.

  4. Құпиялылықты сақтау (Конфеденциалдылықты қамтамасыз ету)принціпі. Құпия сақтау психологиялық консультацияның басты шарты болып табылады. Клиент келісімінсіз, оның психологқа баяндаған кез-келген әңгімесі, берген қандай да бір мәліметі ешбір қоғамдық немесе мемлекеттік мекемелерге, басқа адамдарға, туысқандарына, достарына жеткізілмеуі керек.

  5. Жеке тұлғалық және кәсіби қатынастардың шекарасын сақтау принципі. Клиенттерге психологиялық көмек беруге бағытталған кәсіби қатынастан олармен толық достық қатынас жасауға ауысып кететін немесе өзінің жақын туыстарына, араласатын достарына кәсіби көмек көрсетуге даяр тұратын психологтар да болады.

  6. Клиенттің консультация үрдісінде белсенді болуы принципі. Консультация үрдісі тиімді болуы үшін, клиент консультанпен кездесу кезінде әңгімеге барынша тартылуы, консультанатпен талқыланатын барлық мәселелерді айшықты және эмоционалды сезінуі керек.

Аталған принциптермен қатар Н.Н. Обозовтың (2000) клиенттің жеке реалды координаттарын ескерту принципін келтіреді. Психолгиялық консультация барысында, зерттеушінің көзқарасы бойынша, клиенттің дене құрылымы, сыртқы бет-әлпетіндегі ерекшеліктері, темперементі, жыныстық айырмашылықтары, жас ерекшеліктері ескерілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет