1-тақырып.Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері
Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру, психологиялық көмек көрсетудің мәндері және оның жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың жоспары: Әлеуметтік-педагогикалық консультацияның және әлеуметтік-педагогикалық түзету жұмысының тарихы
әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық консультация
Лекцияның қысқаша мазмұны.
Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі бір түрі психологиялық консультация болып табылады. Психологиялық консультация ресми емес формада – достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда – емшінің, мұғалімнің т.б. ақылы, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауы, жетекшілік жасауы сияқты әрекеттер арқылы адам өмірінде ежелден-ақ орын алады.
Эберстің (б.з.д. XVIғ.) мыңға жуық пайдалы емдік жазбалары бар медициналық папирусында дәрі-дәрмектік дауалығына, сенімді арттыратын дұғалар келтірілген екен. Ертедегі патшалардың, хандардың арнайы кеңесшілері болғандығын тарихта айтылады. Ежелгі грек данасы, дәрігер Гиппократ(б.э.д VIғ) жаны, тәні ауырған адамға сөз (ерекшелеп көрсетуші автор), шөп және пышақ шипа болады деген екен. Психологиялық консультацияның одан кейінгі қадамдары австриялық дәрігер А. Ф. Месмер (1734- 1815) ілімінің негізінде пайда болған гипноз жайлы ғылыми түсініктерімен байланысты. Психологиялық консультацияның дамуы мен психиканың мотивациялық, энергетикалық жақтарын түсінуге З. Фрейд (1856-1939) еңбектері ықпалын тигізді. XIX ғасырдың ақырында-ақ З. Фрейд жеке адамның психикалық денсаулығына қатысты жаңа концепция ұсынды.
Алғашқыда психологиялық консультацияны психотерапиялық іс-әрекет ретінде дәрігерлер қолданып дамытты. Ал XX ғасырдың бастапқы жылдарынан-ақ әлеуметтік салалардың қызметкерлері де психологиялық консультацияға қамтыла бастады. Осыдан барып 1951жылы АҚШ-ғы Солтүстік-батыс конференциясының нұсқауы бойынша «консультативті психология» атауымен фундаментальды және қолданбалы аспектілері бар ғылыми сала бөлініп шықты. Консультативті психология психологиялық көмек көрсету үрдісін жүйелеп сипаттаумен анықталады.
Консультативті психологияның кең таралып дамуы нәтижесінде 1952жылы Американдық Психологиялық Ассоциация консультация жүргізетін психологтың позицияларын тағайындады.