Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет18/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Аллаћты дара, тек деп біліңіз, Аллаћ ұлы. Ол тумаған және туалмаған. Ешбір нәрсе оған тең және деңгейлес емес болмақ емес. (Ихлас)
Егер жер мен көкте Аллаћтан басқа тәңірі болған болса, жер мен көк сөзсіз бұзылып кеткен болар еді. Демек, әлемнің тәңірі болған Аллаћ Тағала олар теңеген нәрселерден құлан таза. (Әнбия-22)
Бұл аяттар Аллаћтың болғандығын, теңі, ортағы болмағандығын көрсететін сенімді және мойындататын дәлел. Бүкіл дүниеде барлық нәрсенің орын-орнында тұруы, тәртіпсіздіктің тумауы, жаратушы мен басқарушының біреу екендігін, ортағы жоқ екендігін көрсетеді.
Аллаћқа басқаны теңегендер ең ауыр күнә істеген болып табылады. Егер сол сенімдерінен қайтып, тәубе етпейінше, яғни Аллаћқа ортақ қосу райынан қайтпайынша Аллаћ Тағала оны кешірмейді. Осыған орай Құран Кәрімде былай дейді:
«Аллаћ өзіне ортақ теңегендерді әрине кешірмейді. Аллаћ адамның бұдан басқа барлық істеріне тәубе етсе кешіреді. Аллаћқа басқаны теңегендер ауыр күнә істеп, жала жапқан болып саналады. (Ниса-48)
Ғибадат та тек Аллаћқа ғана жасалынады. Себебі адамзатты жаратқан, өмір берген және өнер-қасиетке бөлеген Аллаћ қана.

  1. Намысты әйелге жала жабу. Жала жабу – үлкен күнә. Жала дегеніміз бір

адамның істемеген ісін істеді деу, айтпаған сөзін айтты деп қарау болып табылады. Жала жабу – көпшіліктің тыныштығын бұзатын қоғамдық дерт. Құран Кәрімде былай дейді: «¤зің білмеген істің соңына түспе. ¤йткені құлақ, көз және көңіл бұлардың барлығы істеген істеріне жауапты болады. (Исра-36)
Жоғарыдағы қасиетті аяттан өзіміз қанып білмеген әрқандай бір тақырыпта пікір айту дұрыс емес екендігін, бұлардың адамға жауапкершілік жүктейтіндігін түсіндіреді.
Жала жабудың толып жатқан түрлері бар. Ең сұрқиясы да ар-ұятқа қатысты болғандары.
Ар-ұяты бар намысты бір әйелге жала жабылса, оның тірлігі қараяды. ¤йткені әйелдің ең құнды байлығы – ар-намысы. Жабылған жала оның жанын жегідей жейді. ¤ле-өлгенше күнәсіз азап шегуіне себеп болады.
Ардақты пайғамбарымыз намасты әйелге жала жабуды адамды құртып жоғалтатын күнәлар қатарына қоя отырып, былай дейді: «Адамзатты құртатын жеті нәрседен аулақ болыңдар. –Бұл жеті нәрсе не ? –деп сұрағандарға пайғамбарымыз: Аллаћқа ортақ қосу, көз бояушылық істеу, Аллаћтың адам өлтіру харам дегеніне қарамай, бір адамды орынсыз жерде өлтіру, жетімнің малын жеу, өсім алу дұшпанға шабуыл жасайтын кезде соғыстан қашу, ар-намысты намысты мұсылман әйелдерге зина жасады деп жала жабу», – деп түсіндірген.

  1. ¤тірік және жалған жерде куә болу. Туралық адамның ең тамаша

қасиеті. ¤йткені Аллаћ өзіне сөзі тура болған адамдарды ұнатады. Туралық – пайғамбарларда болуы тиіс ерекшеліктердің бірі. Аллаћ Тағала да Құран Кәрімде пайғамбарларды әділет қасиетіне ие болғаны үшін мақтаған.
Дініміз өтірік айтуды шектейді және оны үлкен күнәлардың бірі деп тапқан. ¤тірік адамдар үшін ең нашар мінез болып саналатын ыдыраушылықтың белгісі. ¤тірік айтқан адам ғибадаттарын орындаса да ыдыраушылық мінезінен құтылған саналмайды. Пайғамбарымыз мынаны әмір еткен: «бөлшектенушіліктің үш түрлі белгісі бар: өтірік айту, берген уәдесінде тұрмау, өзіне аманатқа тапсырылған затқа қиянат жасау (оны қорғамау)».
¤тірік айтудың барлық түрлері күнә болып есептелінеді.
Жақындарының көңілін қимай немесе пайда табу үшін сот алдында жалған куә болу – үлкен күнә. ¤йткені өтірікші куәгер ақиқатқа көлеңке түсіреді, шындықтың ашылмай қалуына, бейкүнә адамның азап шегуіне, шарасыз күйде қалуына себепкер болады. Осылайша жалған куәгер біреуді құтқарамын деп өз арын қарайтады, ахирет күнін ойрандап, Аллаћтың азабы мен қарғысына қалады. Қарсы жақтағы адамдардыңда өшпенділігіне ұшырайды. Куә болатын екі жақ арасында туыс-туған, дос-жарандары болса да куәлікті Аллаћ үшін істеуіміз және турасын айтуымыз керек.
Аллаћ Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Әй мұсылмандар ! әділеттен әсте ауытқысаңдар. ¤здеріңе, әке-шешелеріңе және туыстарыңа қарсы болса да Аллаћ үшін куә етенін адамдардан болыңдар. Куә болуға тиіс адамдарың бай болсын, кедей болсын Аллаћ оларға сендерден тіпті жақын. Сезімге беріліп кетіп, әділеттен әсте аутқымаңдар. Егер куәлікті кері қайтарғандар немесе куә болудан қашқандар соны біліңдер, Аллаћ басқан-тұрғандарыңның бәрінен хабардар. (Ниса-135)»
Пайғамбарымыз сахабаларына: «ауыр күнәлардың ең ауырын сендерге айтайын ба ? - дегенде жанындағылар : «айтыңыз Аллаћтың пайғамбары» - дегенде пайғамбарымыз: «Аллаћты басқаларға теңеу, әке-шешесін құрметтемеу – деді де, жантайған қалпынан тұрып отырып: «жақсылап тыңдаңдар, бұдан басқа жалған куә болу» – деді, әрі бұл сөзді тоқтаусыз қайталай берді. Жолдастары: «тоқтаса игі болар еді» десті.
11.¤сек айту. Дінімізде шектелген және үлкен күнәлардың қатарындағы жиіркенішті әрекеттің бірі де өсек айту. ¤сек тасу дегеніміз – араға іріткі салу үшін, біреудің айтқан сөзін біреуге жеткізу болып табылады. Мұндай нашар мінез мұсылман адамға жараспайды. Осындай тұрпайы қылық адамдарды қырқыстырып, аға-бауырды бір-біріне өштестіреді, отбасын ойрандайды және ауыр жанжалдарға себепкер болады.
Ибн Аббастың айтуынша пайғамбарымыз бір күні екі зираттың қасынан өтіп бара жатып: «мына зиратта жатқандар азап шегіп жатыр. ¤кініштісі сол бұлардың азап тартуына себеп болған болымсыз ғана істер еді – деп, сөзін жалғастырған: «Солай, бұлар бұл істі қаншалықты арзымас көргендерімен күнәлар ауыр. Біреуі дәретіне көңіл бөлмейтін, таза жүрмейтін еді. Екіншісі болса, өсек таситын еді.» – деген.
Пайғамбарымыз тағы да: «Араға іріткі салу үшін сөз тасып, өсек айтқан адам жұмаққа кіре алмайды.», «Адамдардың ең сүкімсізі екі жүзділер екені шүбәсіз. Олар біреуге олай көрінсе, енді біреуге бұлай көрініп, дағдыланған.»
Құран Кәрімде адамдардың мінін іздеген және өсек тасыған адамдарды елеп, ескермеу, әрі істеген қылықтарынан тәлім алмау насихатталған: «тырнақ астынан кір іздеген және өсек айтып, сөз тасыған адамға әсте құлақ салмаңдар. (Қалам-11).
Пайғамбарымыз осы аяттағы ескертуді бізге қайталай отырып және маңайындағы жолдастары жайлы сөз тасуын ұнатпай: «Жолдастарымның ешбіреуі басқалары жайлы көңіліме жақпайтын сөздерді жеткізбесін. ¤йткені мен барлығыңызға ортақ, таза жүрекпен және сүйіспеншілікке толы көңілмен көрінгім келеді» - деп, сахабалардың өсекшіл болуына жол бермеген.

  1. Біреуді мазақ ету. Мұсылман мұсылманға туыс саналады. Оған

жамандық істемейді, оның мал-мүлкіне, ар-намысына қол сұқпайды, алдап-арбамайды
Мұсылман бауырласын мазақ ету, оның көңілін қалдыратын сөздер айту және жаман ат тағу күнә болып есептелінеді.
Құран Кәрімде былай делінген: «Әй иман еткендер ! бір топтағылар екінші топтағыларды мазақ етпесін. Мүмкін олар өздерінен жақсы адамдар шығар. Әйелдер басқа әйелдерді мінеп-сынамасыз, олар да сендерден көш ілгері болуы мүмкін. ¤з-өзіңді де кінәламаңыз. Бір-біріңізді жаман лақаптармен шақырмаңыз. Иманнан кейін жиіркенішті сөздер сөйлеу қандай жаман. Тәубе етпеген адамдар қандай жаман адамдар.(Хұжұрат-11).
Пайғамбарымыз былай деген: «бір-бірлеріңді қызғанбаңыздар. Сауда саттықта бір-бірлеріңізді алдамаңыздар. ¤зара күрең қабақ болып, сырт бермеңіздер. Біреуіңіздің біткелі тұрған саудасын біреуіңіз бұзбаңыз. Аллаћтың құлдары туысқан болыңыздар. Мұсылман мұсылманға туыс. Оларға зұлымдық көрсетпейді, жалғыз тастамайды, оны қор санамайды.» - дей келіп, үш рет кеудесіне қолын қойып: «діндарлық дегеніміз міне осында, бір адамның мұсылман бауырласын қорлауы, оның жаман адам екенін көрсетеді. Мұсылманның қаны, малы, ар-намысы мұсылманға харам», – деп әмір берген.
13. Парыз ғибадаттарды орындамау. Адамзатты жаратып, сансыз рызық берген Аллаћ Тағаланың құлдарына берген біршама әмірлері бар. Бұл әмірлер ғибадат болып табылады. Аллаћ Тағала құлдарының осы бұйрықтарын орындағандарын сый-құрметке бөлейді. Ал ғибадаттарды орындамағандар Аллаћтың сый-құрметінен махрұм қалады. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Әй Мұхаммед ! ғибадаттарыңды орындамасаңдар Аллаћ сіздерді қалай қадірлесін. –деп айт.»
Әрине ғибадат Аллаћ алдында адамды сыйлы көрсетеді. ¤йткені жаратылуымыздың мақсаты – Аллаћты тану және оған құлшылық жасау болып табылады. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық қылсын деп жараттым», - деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет