2. Абай шығармашылығына ауыз әдебиетiнiң әсерi. Абай бала кезінен ауыз әдебиетіне қанығып өсті. Елге келген соң бұрын тек тыңдап қоятын ұшқыр сөз, мақал-мәтел, өлең, жыр, ақындар айтысы енді Абайды өзіне тартты. Бұл Абай үшін ең керекті іс болып танылады. Оқыған әдебиетіндегі ұлы адамгершілік идеяны таныған сайын, ақынның халықтық беті айқындала береді. Енді билік айтса, адалдықпен халық мақсатын айтып, ел билеріне, әке тобына өзінің наразылығын білдіріп отырады. Көбіне үйде отырып кітап оқып, өз ойларын жазып, оқығандарынан халық арасында әңгімелер айтып, өз қалауымен жүріп, іздене түседі. Абай да қазақтың бай фольклорына ерекше зейін қояды. Өз халқының ақындық мұрасын жетік білген ол бұл қазынаны жаңа творчестволық жолмен байытты.
Абай тек отыз жастан асқан соң ғана өз көңіл қалауымен қызмет етеді. Сонымен қаатр шығармашылық қызметпен де айналысты. Бұған дейін, Абай көбінесе ізденіп, оқып, үйреніп келді. Кейде жеңіл әзіл-оспақ ретінде, қуларды әлеке етіп қоятын, кейде сұрампаз, жағымпаз ақынсымақтарды, шешенсінген билерді сөзбен шалып, олардың орынсыз сөздерін бетіне басатын. Әуелгі кезде оқушы жолдастарына арнап, кейбір молдаларға қаратып, ұшқыр сөз, өткір өлең шығарып айтып та жүрген. Кейде Низами, Науаи, Фердауси сөздерін қосып, өлең айтып жүрген.
Ал, ер жетіп, ақыл тоқтатқан кезден бастап Абай жат тіл қоданып, жеңіл сөз айтудан аулақтай береді. Өз халқының тіл байлығын сарқа пайдалану мақсатын көздейді.
Абайдың тез өзгеріп, жетіле түсуіне өзі іздеп тапқан рухани азығы—батыс әдебиеті мен сыны мықты әсер етті. Абайдың творчестволық жаңа жолына үлгі болған орыстың классик жазушылары –Пушкин, Лермонтов, Крылов, т.б. еді. Классиктердің идеялы, реалистік еңбектері Абайға жаңа күш берді. Оның творчествосының жаңа қарқынмен дамуына жәрдемдесті.
2. Шығармашылығына шығыс мәдениетiнiң, әдебиетiнiң батыс, орыс мәдениетiнiң әсерi.
Абай орыс әдебиетінің сатириктері Н.А.Некрасов, М.А.Салтыков-Щедриндер өз творчестволарында халықты қанаушы таптардың, помещиктік құрылыстың барлық саяси және қоғамдық тәртібін өткір сынады. М.Е.Салтыков-Щедриннің «Бір қаланың тарихы» мен «Головлев мырзалары», Н.А.Некрасовтың көптеген өлеңдері дәл осындай шығармалар еді. Олардың реалистік сипатын Абай меңгере отырып, «Мәз болады болысың», «Күлембайға», «Сегіз аяқ», «Ойға түстім, толғандым», т.б. өлеңдерін жазды. Бұл Абай поэзиясының идеялық жаңа кезеңі болды. «Күлембайға» деген өлеңінде ақын атаққұмар жағымпаз болысты өлтіре әжуалап, ел алдында мазақ етеді. Мұнда Абай кейіпкерді өзін-өзіне әшкерелететін Некрасов тәсілін шебер қолданған.
Абайдың көптеген шығармалары М.Лермонтов творчествосындағы азаматтық әуенмен үндес. Мұндай шағырмалары: «Жүрегім нені сезесің», «Менсінбеуші ем наданды», «Сегіз аяқ», «Не іздейсің көңілім, не іздейсің?», «Жүрегім менің қырық жамау» т.б. өлеңдері. Абай аудармасы арқылы Лермонтовтың «Тұтқындағы батыр», «Ой», «Альбомға», «Қанжар», «Шайтан», «Дұға», «Терекітң сыйы», «Асау той тентек жиын, опыр-топыр», «Вадим», «Бородино» және басқа өлеңдері қазақ арасында тұңғыш тарады.
И.А.Крыловьың «Піл мен қанден», «Қарға мен түлкі», «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Емен мен шілік» және басқаларын аударып таратты.
Абай халық санасын өзгертерлік жаңа әдіс тапты. Сол арқылы тапқан ойларын тынымсыздықпен үгіттеп отырды. Абай қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек алдыңғы қатарлы мәдениет ғана деп білді. Сондықтан да ол қазақты мәдениеті ілгері елге жақындату амалын, халықтардың мәдени бірлестігі жолдарын қарастырды. Осы мақсатта ойларын шығармаларының өзегі етті.
4. Абайдың лирикасы, тақырыптары. Ән өлеңдерi. Өлеңдерiндегi саяси-әлеуметтiк сарын.
Абай әдебиеттің маңызын, оның қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді. Ол өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін,-
деп өзінің ақындық мақсатын терең түсінеді.
Абай ақынды өмір оқытушысы, үгітші, үлгі берер азамат жыршысы болуы керек деп білді. Өзі «көкірегі сезімді, тілі орамды» жастрға үлгі болдуы көздеді. «өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы», оның тілі жеңіл, жүрекке жылы тиерлік, құрылысы шебер, айналасы теп-тегіс, аз сөзді, терең мағыналы келуі керек деп білді.
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол—ақының білімсіз бейшарасы» деп көрсетті.
Абай өз кезіндегі әдебиетке батыл сын айтты. Абай - реалист жазушы. Қазақ болыстарының іс-әрекеттерін, мақсат-мүдделерін, мінез-құлықтарын айқын сипаттап, типтік образдарын жасай білді, әшкереледі.
Ол дін иелерін де: Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қажы парыз-деп өткір сынайды.
Абай өзін («Болыс болдым мінекей», «Мәз болады болысың», «Бойы бұлғаң», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» т.б.) өткір сыншы-сатирик жазушы есебінде де көрсетті. Абайдың бұл сындары өзінің өткірлігімен орыс әдебиетіндегі сатирик жазушылар сынына үндесіп жатты. Ол өзінің көптеген шығармаларын сыншыл реализм сатысына жеткізді.
Қазақ жеріндегі теңсіздікті, тағы басқа қайшылықтарды түсіне білді. Оны өзінің бойындағы ақындық шабыттың бар күшімен жырлады. («Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»)
Абай өлеңдеріндегі негізгі елеулі, әлеуметтік мәселелердің бірі—қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.
Ол қазақ қыздарының сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді. Өзі бұған, наразылық білдіріп, аянышты сезімге толы өлеңдерін шығарды. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде осы ескі салт бойынша жас өмірін қор еткен қазақ қызының трагедиясын суреттейді.
Абай достық пен махаббатқа бөленген тең, тату-тәтті, ерлі-зайыпты өмірді мақұлдап, жүрек епке де, малға да, күшке де көнбейді, күні өткен кәрі мен уылжып тұрған жас келісті өмір сүре алмайды деп, қалыңмал салтына батыл наразылық бідіреді.
Абай өзінің шығрамаларында әйелді біреуге ана, біреуге қарындас, қыз; біреудің қорғаны, ақылшысы, жанашыр қымбаты, сүйген жары деп дұрыс түсіндіреді. Өзінің «Масғұт» поэмасының бір жерінде Абай:
Еркектің еркек адам болса қасы,
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы,
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы.
Осы поэманың басты кейіпкрі Масғұттың алдына таңдау ұсынғанда дүниедегі ең байлық пен ақыл даналығын алғызбай, Абай оған әйел жұртшылығымен достықты қалауды ұсынады.
Масғұт: еңбексіз малды болам деп, біреуді жеп, не қайыршы болып тіленіп нем бар? Ақылым артық дана болсам, мені кім ұғар, кім сыйлар? Көп ақылсыз ішінде бір ақылдының өзі-ақ ақымақ танылар деген оймен, асқан дәулет пен байлықты да, даналықты да қаламай, әйел жұртын сүюді ұйғарады. Бұл автордың да таңдауы. Сондықтан да әйелді адам ретінде жоғары бағалауы—ақынның озат ойының жемісі.
Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда мақтан—бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұщымас,- деген Абайдың достық туралы пікірлері оның адамгершілік, гуманизм идеяларымен тығыз байланысты.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және «Хақ, жолы осы» деп ғаділетті...
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!
Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып - оның ағартушылық идеясы. Абай--өнер-білім, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл аударған, ұлы ағартушы ақын. Дәулеттің ең маңыздысы, асылы—білім деп білген.
Абай—оқыған білімді жастардың мақсаты айқын болу керек, ол халқы үшін еңбек етерлік азамат болсын деген талап қояды. Ол өзінің жас кезінде көп оқи алмай, көп нәрсені өткізіп алғанын айтып өкінеді, Өзінің ұлдары мен қызы Гүлбаданды да орыс мектебінде оқытады. Абай өлеңдері — еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.
Қазақты көрші елдермен салыстырып, сол елдердің бәрі де қазақтан мәдениетті, ілгері жатқанын өкінішпен бідіреді.