Табиғат лирикасы. «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Жаз», т.б. өлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ аулының өмір тіршілігіне қабыстыра суреттейді. Ақын табиғатқа жан бітіре, ерекше мейірлене жырлады. Табиғаттың көктемде оянуына, құлпыруына нағыз суреткерше қуана білген Абай көктем туралы өлеңдерінде жер—қалыңдық пен күн—күйеудің мифолгиялық образдарын жасады:
Күн—күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
«Күз» өлеңін оқығанда көңілін жадау тартып, жабырқайды. Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі—«Желсіз түнде жарық ай». Махаббаты жарасқан екі жастың тулаған жүректері мен жылы құшағын ұштастыра бейнелейді.
Мақсұтым—тіл ұстартып, өнер шашапақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ,
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
Ақынның халықтық, бұқарашылдық мәселелерді көтерді.
«Дүтбайға» өлеңінде тұрлаусыздықты, жылпостықты өте шебер бейнелейді. Жылпос байдың образын көз алдына елестетеді.
Бір көрмеге тәп-тәуір,
Қазаны мен қалбаңы.
Дөң айналмай ант атты,
Бүксіп бықсып ар жағы.
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін сыйлас көрініп,
Бүгін жалып, ертең шоқ, деп, қазақ болыстарының мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тән құбылыстарды айқын да шынайы суреттейді. Олардың бет пердесін жұлып тастап, шын тұлғасын танытады. («Бай сейілді», «Мәз болады болысың», «Күлембайға»)
Абай сындарының нысанасы жеке адамдар ғана адамдар емес, түгел қоғамдық топ, үстем қоғамның негізіне бағытталған, саяси бағыты айқын сын. Сондықтан Абай шығарамаларының озық үлгілерін жай ағартушылық реализм тұрғысында танудың өзі де дәл емес. Ол нағыз сыншыл реализм үлгісіндегі шығармалар ретінде танылуға тиіс дейді Х.Сүйіншәлиев.
Мінер атын, киімін ып-ықшам ғып,
Сымбаттанып, сымпиып, тамақ аңдып...
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста,
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста.
Қазақ арасындағы бұл сияқты жұғымсыздықтарды сынап қана қоймай, ақыл-кеңес айтып, жөн сілтейді.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек,
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай — терең ойдың ақыны. Оқыған сайын жаңа сыры ашыла түседі. «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»,- деген жолдар көп нәрсе аңғартады.
Абай шығармаларының мазмұны мен түр бірлігінің жігі білінбей қабысып, ұштасып жатады: «Сегіз аяқ» өлеңнің негігі идеясы — еңбекке, өнерге шақыру десек, осы ойын жеткізу үшін ұтымды түр таба білген.
Болмашы кекшіл.
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң,
Бола ма дәулет нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей,-
Тояды қарның тіленбей...
Бұл өлеңнің алдыңғы екі шумағы—үш жолдан тұратын кіші шумақтар. Ал алты жолдың төрт тармағынад ақын ой пікірлерін моральдық пайымдау ретінде бес буынды өлеңмен айтып береді де, ал соңғы екі жолында жеті буынды дәстүрлі мәтел өлеңмен ол ойларына қорытынды жасайды. Ал осы қорытынды ой нақыл сөздік сипат алады. Абай нақыл арқылы айтпақ ойын тыңдаушысына ұғымды, қарапайым сөзбен еркін жеткізеді. Сондықтан Абайдың әлеуметтік моральдық жаңа түсініктерді неғұрлым қысқа түрде білдіретін сөз өрнектері мақал-мәтелге айналады. Қазақтың байырғы өлең құрылысын, оның ішкі мүмкіншіліктерін жете зерттеп, пайдалана отырып, Абай көптеген жаңалықтар ашты.
Абай өлеңдері реалистігіне қоса өршіл романтизмге тән сипаттарымен де ерекшеленеді. Ақынның жүрек сезімін шеткен махаббат лирикалары мен қияға қанат қаққан көңіл күй лирикалары, негізінен алғанда, романтизм сарыныдағы шығармалар. Ондағы ақынның ой серпіні, қиял қанаты аспанға шырқап, өмір өрін кезеді, адамгершілік пен әділет үміті желдей есіп, оқушысының сезімін сырға бөлеп, өмірге, болашақа деген сенімін арттырады. «Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Кейде есер көңіл құрығырың», «Жүрегім, ойбай соқпа енді!», «Көңілдің күйі тағы да»- деп келетін өлеңдері –осындай романтизм сарыныдағы шығармалар. Онда ақынның ішкі жан дүниесі, сезімі, арманы, үстем тап қауымына наразылығы, өз басының қайғысы, жан сыры ашылады. «Жалын мен оттан жаралып», «Жүрегім, нені сезесің?», «жапырағы қураған ескі үмітпен», «ішім өлген сыртым сау», «Ем таба алмай», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Жүрегім менің қырық жамау» өлеңдерінен ақын романтизмі айқын көрінеді. Сәнсіз жастық шақ, сәтсіз махаббат, отсыз сезім, зары мен шері көп ел, дел-сал дала, сұрғылт аспан, мұнартқан өлке, құнарынан айрылып, қураған дала, құлазыған сүреңсіз өңір ақын өлеңдерінде кеңінен қамтылып, адам жанын жігерлі романтикаға бөлейді. Бұл шығармалар ақынның жаңа стильде жазылған өзге сападағы еңбектері, - деп көрсетеді Х.Сүйіншәлиев.
«Жарқ етпес, қара көңілім», «...есіңде ме жас күнің», «Асау топ тентек жиын», «Қапамын, мен қапамын», «Өлімнің ұйқысы емес іздегенім», «Асқа, тойға баратұғын», «Қол жетпеген некені», «Қараңғы түнде тау қалғып» сияқты өлеңдері мен өзіндік туындылары—ақын көңілі мен сезіміне толы қайғылы, мұңды, кейде тіпті, торығуға да әкеліп соғатын, нағыз романтизм сарыныдағы шығармалар. (Х.Сүйіншәлиев).
Абайдың бұл салалас еңбектері оның А.С.Пушкин мен М.Лермонтов рухындағы екінші бір қырын танытады. Бұған ақын не аудару, не еліктеп жазу, не өз ой толқуын шерту арқылы келеді. Сөйтсе де Абай құрғақ қиялға салынбайды, өмірден безіп, өксігін баса алмайтын кертартпа романтизм өкілдеріндей түңілушілікке бой алдрмайды. Өзінше жаңа өріс тауып, іші толған наразылық сырын ақтарып, қайғылы шындықтың ауыр күйінішін сездіреді. Оны ақын өз басының өкінішіндей бейнелейді. Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңығртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды.
Жөн таба алмай,
От жаландай,
Толды қайғы кеудеге,-деп ақынның өзі айтқандай, амалы құрыған кезде ғана кейбір тоырғу сезімдерін сыртқа шығарады.
Абайға түңілу емес, өршілдік тән. Абай өлеңдері—мазмұны мен түрі біріне-бірі сай, ең асыл сөзді поэзия. Ақын поэзиясы мазмұны жағынан қандай салмақты болса, түр жағынан да сондай көрікті. Абай өлеңінде артық сөз, орынсыз пікір кездеспейді. Бәрі де белгілі өлшемге сай, терең ойға құрылып, етек жеңі жинақы келеді.
Абай өлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып, поэзияның мазмұны мен түріне ерекше көңіл бөлген. Өлеңнің сыртқы формасы бұрын төрт жолды не көп жолды шумақтар ғана болса, екі, үш, төрт, алты, сегіз жолды бір шумақтар Абай поэзиясы негіздеген жаңалық болатын. Буын саны жағынан да Абай бұрынғы формаларды өңдеп, жетілдіре түсті.