Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет55/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
 
3. 
БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінде  өткен  бітімгерлік  қызметті  реформалау 
жөніндегі  отырыста  Қазақстан  тарапы  БҰҰ-ның  бітімгершілік  операцияларындағы  өз 
үлесін  арттыруға  ниетті  екендігін  мәлімдеді.  Оған  қоса  БҰҰ-ның  бітімгерлік  жүйесін 
бағалаудың  инновациялық  тәсілдері  мен  жаңа  критерийлерін  қолдану  қажеттігі  туралы 
ұсыныс білдірді. Сонымен қатар біздің делегация қақтығыстарды болдырмау мен оларды 
шешуде  өңірлік  құрылымдар  арасындағы  ынтымақтастықтың  маңыздылығын  атап  өтіп, 
дауларды  болдырмау  мен  олардың  түбегейлі  себептерін  алдын  ала  ескеру  бойынша 
Қазақстан  ұсынған  үшжақты  стратегияны  еске  салды.  Халықаралық  саяси-әлеуметтік 
міндеттемелерін  жауапкершілікпен  орындайтын,  небір  күрмеуі  қиын  мәселелерге 
араласып, бітімгерлік, бейбітсүйгіштік қырынан көрінген біздің елімізге бұндай міндеттің 
жүктелуі  заңдылық  еді.  Қазақстан  БҰҰ  бітімгерлік  әскеріне  Орталық  Азиядан  әскер 
жіберуші жалғыз мемлекет.  
Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғамдастық алдында тың шешімдері, батыл қадамдары, 
әрбір  істегі  жауапкершілігі  арқылы  қай  істе  де  сенімді  серіктес  екендігін  дәлелдеп 
шықты.  


96 
 
Еліміз  халықаралық  деңгейдегі  дау-жанжалдардың,  шиеленістердің,  қарулы 
қайшылықтардың тігісін жатқызып, тараптарды татуластырып, ағайындарға араша болып 
әлемдік  қоғамдастықта  өз  орнын  айшықтап  алды.  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың араласуынан кейін бітіспес жауға айналған көршілер, ат құйрығын кесіскен 
мемлекеттер тоқтамға келіп, татуласып жатқан жағдайлар аз емес. Бұл, әлбетте еліміздің 
БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің  тұрақты  емес  мүшесі  ретінде  қызмет  етуіне  өзіндік  ықпалын 
тигізгені анық.  
Қазақстан  әскерін  бітімгерлік  миссияларында  тәжірибелі  жасақ  болды  деп  айтуға 
толық негіз бар. Тәжік-Ауған шекарасын күзеткен қазақстандық сарбаздардың есімдері ел 
жадынан шықпайды.   
Қазақ  сарбаздары  2003  жылдан  бастап  бес  жылдай  уақыт  Иракта  қақтығыстар 
өткен  аумақтарды  минадан  тазарту,  жергілікті  тұрғындарды  саперлік  жұмысқа  үйрету, 
халыққа медициналық қызмет көрсету арқылы жұртшылықтың ықыласына бөленді. Бұл іс 
жүзінде  абыройлы  миссия  болатын.  Міне  «ҚАЗБАТ»  атағының  дүркіреген  кезі  осы. 
Айтылған  уәж  дәйекті  болуы  үшін,  сандарды  сөйлетсек,  Ирактағы  миссия  барысында 
қазақстандық  сарбаздар  4  млн-нан  аса  жарылғыш  заттың  көзін  жойды,  6718  текше  метр 
суды  тазартып  шықты.  Ирак  әскери  академиясының  572  курсанты  жарылғыш  заттарды 
жоюға оқытылды. Бұған қоса лаңкестік әрекеттердің кесірінен жараланған 5 мыңнан аса 
азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Олардың көбі әйелдер мен бала-шаға болатын. 
Енді  берідегі  бітімгерлікке  тоқталсақ,  Иран  Ислам  Республикасының  ядролық 
бағдарламасына  шүйліккен  әлемдік  қоғамдастық  2013  жылы  іске  Қазақстан  Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуынан кейін кең тыныстай бастады. Сол жылы Алматыда 
бас  қосқан  Ресей,  АҚШ,  Қытай,  Ұлыбритания,  Франция,  Германия  мен  Иран  тараптары 
мәселені реттеуге келіскен-ді. Келіссөздердің нәтижелі болғандығын Еуропалық одақтың 
араға  екі  жыл  салып  Қазақстаннан  тағы  да  араағайындық  етуді  сұрағандығынан  да 
байқауға  болады.  Әрине  біздің  Президенттің  халықаралық  деңгейдегі  беделі  арқылы 
мүдделі тараптар  келісімге  келіп,  Иранды  көптеген жылдар бойы  бас  көтертпей отырған 
қысымдар  бәсеңдеді. Ресей  мен  Түркия  арасындағы  шиеленістерді  шешудегі  біздің 
мемлекеттің, Мемлекет басшысының рөлі аса маңызды болды.  
Жоғары  деңгейдегі  келіссөздер  өткізудің  зор  жауапкершілігін  арқалай  алатын 
Қазақстан кешегі Сирия дағдарысында да тараптардың басын қосып, күн-түнге созылған 
құжаттардың  қабылдану  сатысына  алаңдаған  әлемдік  қоғамдастық  ел  ордаға  көз  тігіп 
отырды.  
Жалпылай алғанда, БҰҰ 1948 жылдан бері 69 бітімгерлік миссия ұйымдастырған. 
Қазірдің  өзінде  жер  шарындағы  16  «қауіпті  нүктеде»  жүз  мыңнан  аса  бітімгер  қызмет 
етуде.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет