Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет57/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70
 
6.  
2003 
жылғы 
19 
қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері 
Біртұтас 
экономикалық  кеңістікті  құру  туралы  Келісімге  келіп,  оның  Тұжырымдамасына  қол 
қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары 
мен  тәсілдерін  қарастырудың  нәтижесінде  жүзеге  асырылды.  Осылайша Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы  ішкі өнімінің 90% үлесіне ие 
экономикалық  дамыған  4  ТМД  мемлекеті  интеграцияның  жаңа  сапалы  әрі  жоғары 
деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. 
Қол  қойылған  құжаттар  тек  экономикалық  сипатқа  ие.  Олар  инфрақұрылымдық 
жүктемені  төмендетуге  бағытталған.  Ал  бұл  өз  кезегінде  ортақ  кеңістікте  тауар 
өндірушілердің  өзара  қарым-қатынасын  жеңілдетіп,  бәсекелестік  қабілетін  көтереді. 
Біртұтас 
экономикалық 
кеңістікті 
қалыптастыру 
туралы 
келісімде 
және 
Тұжырымдамасына  енген  интеграциялық  үлгі  әлемдік  экономиканың  қазіргі  заманғы 
талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді. 
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі  – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 
2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы 
мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ). 
Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің 
және  жұмыс  күшінің  еркін  қозғалысын  қамтамасыз  етуге  және  экономиканың  әртүрлі 
саладағы  мемлекеттік  Заңнамаларын  үйлесімдендіруге  бағытталған,  құжаттарды, 
тетіктерді  және  институттарды  дайындау  кіреді.Осыған  орай  БЭК-ті  қалыптастыру 
жөніндегі  негізгі  шаралар  кешені  (құжаттар  22  бөлім  мен  116  шарадан  тұрады), 
техникалық  тапсырма,  сонымен  бірге  жұмыс  жоспары  дайындалып  бекітілген.Құжаттар 
өзара  қарым-қатынастың  негізгі  бағыттарын  -  кедендік-  тарифтік  реттеуден  жеке 
тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды. 
2004  жылы  24  мамырда  Ялтада  БЭК-ке  қатысушы  мемлекеттер  басшыларының 
саммиті болып өтті, онда «төрттік» басым бағыттағы келісімдерді дайындауға баса назар 
аударды.  Әр  тарап  ұлттық  экономикалық  мүдделерді  есепке  ала  отырып,  бұдан  әрі 
ынтымақтастық  туралы  пікірлерін  айтты.  Украина  әр  түрлі  салада  ортақ  жобаларды 
жүзеге  асыру  (көлік,  отын  -энергетикалық  кешендер)  және  ең  алдымен  еркін  сауда 
аймағын  құрайтын  құжаттарды  дайындауды  ұсынды.  Ресей,  өз  кезегінде,  ағымдағы 
күрделі  аспектілерді  екіжақты  түрде  шешу  және  қызмет  пен  капитал  нарығына  қол 
жеткізу  тәртібін  ырықтандыруды  ұсынды.  Қазақстан  кедендік  және  көлік  одақтарын 


100 
 
құруды  ұсынды.  Осыған  байланысты  президенттер  ЖДТ-қа  (жоғары  деңгейдегі  топ) 
бірінші кезектегі құжаттарды дайындауды тапсырды. 
2004  жылы  15  қыркүйекте  Астанада  «төрттіктің»  мемлекет  басшылары  БЭК  құру 
туралы  келісімді  одан  әрі  дамытуға  бағытталған  шешім  мен  мәлімдеме  қабылдады. 
Осылайша,  бірінші  кезекте  қол  қойылуға  тиісті  29  халықаралық-құқықтық  және  т.б 
құжаттардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарды 
өзара  сатуда  тағайындалған  ел  бойынша  қосымша  құн  салығын  салудың  ортақ 
принциптеріне  көшу  туралы  келісімге  қол  жеткізілді.  БЭК  мүше  мемлекеттің  ішкі 
шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысын жеңілдету мәселесі бойынша ЖДТ-ға 
(жоғары деңгейдегі топ) сәйкес келісімдерді дайындау тапсырылған. 
2005 жылғы 27 тамызда Қазанда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшылары жаңа 
мәлімдемеге  қол  қойды.  Онда  ЖДТ-ға  (жоғары  деңгейдегі  топ)  2005  жылдың  1 
желтоқсанына дейін 29 келісімнен тұратын құжаттардың 1-ші пакетін қол қоюға дайындау 
және  2006  жылдың  1  наурызына  дейін  интеграциялық  үрдістердің  тереңдеуіне 
бағытталған  15  құжаттан  тұратын  2-  пакеттің  дайындығы  туралы  баяндау  тапсырылды. 
Сонымен  бірге  украиналық  тарап  өзінің  ұйымға  қатысу  сатысын  ДСҰ  (Дүниежүзілік 
сауда  ұйымы)  нормалары  мен  ережелерін  есепке  ала  отырып,  әр  түрлі  деңгейлі  және  әр 
түрлі жылдамдықты интеграция принципіне сүйене отырып анықтайды делінген. 
2006 жылғы 18 мамырда Минск қаласында өткен Біртұтас экономикалық кеңістікті 
қалыптастыру  жөніндегі  Жоғары  деңгейдегі  тобының  кезекті  мәжілісі  барысында  2005 
жылдың 27 тамыздағы Қазан қаласындағы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының 
Мәлімдемесін іске асырудың мәселелері талқыланды. 
Қазіргі  уақытта  БЭК-ке  қатысушы  мемлекеттердің  шекаралары  арқылы 
азаматтардың  және  көлік  құралдарының  қозғалысын  бақылау  рәсімін  жеңілдету  тәртібі 
туралы  келісімнің  жобасы  Қазақстан  Республикасының  министрліктері  мен 
ведомстволарына мемлекетішілік келісуден өтуде. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң 
Келісім жобасы белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет