Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет61/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70
 
 


102 
 
1. 
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап 
айрықша ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің 
шешуін  асығыстыққа  салмай,   уақыттың  талабына,  қазақстандық  жолдың  ерекшелігіне 
үйлестіре,  жан-жақты  мүдделердің  түйісу  нүктесін  таба  біліп  шешудегі   даралығымен 
бірден әлем назарын аударды. 
Нұрсұлтан  Назарбаев  тәуелсіздіктің  бетбұрысты  кезеңдерінде  Мемлекет  басшысы 
ретінде  әсіресе  экономикалық  және  саяси  дамудың  үлгілерін  талдау  мәселесіндегі 
біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға 
бермейтін,  бірақ  өміршең  маңызы  бар  шешімдерді  батыл  қабылдап  жатты. Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  жаңа  астананы  тұрғызу  бастамасы  мен  оны  ақиқатқа  айналдыруы 
Елбасының  модернизациялық  жобасының  басты  табысының  символына  айналды. 
Қазақстанның жаңа астанасы шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы бола алды. 1994 жылы 
Н. Назарбаев астананы көшіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі 
ұдай  пікір  туғызған  болатын.  Дүние  тарихында  өз  тәуелсіз  мемлекеттіліктерін 
қалыптастыру  кезеңінде  бір  де  бір  мемлекет  басшысы   мұндай  түбегейлі  батыл  қадамға 
барған да емес. 
 Жаңа астананың салынуы және  көшірілуі рекордтық аса қысқа мерзімде өтті. Бұл 
қадам  дағдарыс  кезеңінде  қазақстандықтардың  әлеуметтік  оптимизміне  қолдау  жасау 
үшін  өте  маңызды  еді.  Астана  елдің  өткенінен  болашаққа,  жаңа  дәуірге  ауысуының 
нышандық оқиғасына айналды. Жас елдің мүмкіндіктері әлемге паш етілді. Астана саяси 
және  экономикалық  қана  емес,  сонымен  бірге  Назарбаевтың  жеке,  адами  жобасына  да, 
ұлттық тарихтың жаңа келбетіне де айналды. 
 Мемлекеттің,  оның  басшылығының  қандай  саясат  жүргізуіне,  қандай  бағыт  және 
жол таңдағанына  сәйкес саяси құрылым, саяси жүйе, саяси билік түрі орнайды. Аталған 
саяси  жүйе  мен  билік  түрі  және  елдің  саяси  бағыты  жаңадан  тәуелсіздік  алған  елдердің 
таңдаған  даму  үрдісіне  және  сол  елдің  басшылығының  жүргізген  саясатына  байланысты 
да қалыптасады. Сол сияқты тәуелсіздік алғанына жиырма бір жыл толған Қазақстанның 
да  жаңа  мемлекеттілікті  қалыптастырудан  бастап  өзіндік  мемлекеттік  құрылыстағы, 
әлеуметтік-экономикалық  дамудағы,  елдің  қоғамдық  өмірінің  кезең-кезеңімен 
демократияландыру бағытындағы қазақстандық жолы қалыптасты. 
«Назарбаевтың нұсқасы» деп аталған бұл стратегия шетелдік саясаттанушылар мен 
қайраткерлердің  оң  бағасына  ие  болуымен  қатар  қазақстандықтардың  да  басым 
көпшілігінің  қолдауына  ие  болды.  Бұл  қолдаудың  дәйектілігі  мен  шынайылығы  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  елдің  Тұңғыш  Президенті  ретінде  де,  тәуелсіз  елімізді  өтпелі 
кезеңнің ауыр қиыншылығынан алып шығуда және оның бұл бағыттағы жүргізіп отырған 
саясатымен байланысты болған Парламент және Президент сайлауларында айқын жеңіске 
жетуінен де көрініс тауып келді. 
 Елбасы  Н.  Назарбаевтың  Қазақстанның  өзіндік  даму  жолын  таңдауы  туралы 
бастамасы алғаш рет 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде 
қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» жария етілді. 
Тәуелсіз еліміздің бағытын айқындауда, оқиғаны болжап білуде, түпкі мақсатқа қол 
жеткізуге  сенімді  болуға  мүмкіндік  беретін  Қазақстан  қоғамы  дамуының  айқын  және 
нақты стратегиясының қажеттігін баса көрсеткен Елбасы Н. Назарбаев аталған еңбегінде 
мемлекет  алдында  қойылып  отырған  нақты  стратегиялық  мақсаттарды  белгілеп  берді. 
Мемлекет басшысы еліміздің саясат саласындағы басым бағыты жас егеменді мемлекеттің 
күшті  президенттік  республика  құру  бағытына  тікелей  байланысты  болу  қажеттілігіне 
назар аудартты. 
 Ел  тәуелсіздігінің  баянды  болуы  мен  болашақтың  кемелділігін  қамтамасыз  ету 
жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүк те ауыр болды. Артылған жүкті абыроймен 
көтеру,  халық  сенімін  ақтау,  тәуелсіздікті  тұғырлы  ету,  әлемдік  қауымдастыққа  терезесі 
тең  елдер  қатарында  болуды  жүзеге  асыру  одан  да  қиынырақ  істерді  атқаруды,  батыл 
шешімдер  қабылдауды  қажет  етті.  Осы  аталған  аса  маңызды  мақсат,  міндеттерді  шешу 


103 
 
тұрғысында  Елбасы  Н.  Назарбаев  бірден-бір  дұрыс  қадам  жасай  алды.  Бұл  қадам  – 
тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен қалана бастаған Қазақстанның өзіндік даму жолы еді.   
 Бұл  жол  тек  экономикалық  үлгіні  таңдауға,  жалпы  конституциялық  ережелерді 
қабылдауға,  президенттік  күшті  билікті  орнықтыруды  ғана  емес,  сонымен  бірге  саяси 
режимді,  инфрақұрылымды  және  конфессионалдық  қатынастарды  қамтудың  да  саяси 
үлгісі  болатын.  Қазіргі  уақытта  бұл  үлгі  дүниежүзінде,  беделді  халықаралық  ұйымдарда 
және  республикамыздың  өзінде  де  аса  жоғары  бағаланып  отыр.  Қазақстанда  жиырма 
жылға  таяу  уақыт  бойы  этникалық  және  діни  өзара  түсіністіктің  сақталуы  көп  жағдайда 
қазақстандық жолдың  мәртебесін арттыра түседі. Бұл  жолдың оңтайлы шешілуінің және 
тиімділігінің  Қазақстан  Президентінің  атымен  байланыстырылуы  да  қазақстандық 
қоғамның  Ұлт  Көшбасшысының  төңірегіне  одан  әрі  топтаса  түсу  қажеттілігін 
айқындайды.       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет